6-Модуль.Тұлғалық дамудағы құндылықтар жүйесінің психологиялық ерекшеліктері
6-дәріс. Тұлға дамуындағыдағы құндылықтар және құндылықтарға бағдарлану
Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген ережелер мен мағыналар қызметін өзіне бағындыра отырып, оны реттейді. Адамның еркін таңдауына байланысты құндылық адами қажеттіліктердің қанағаттануын да білдіреді. Бірақ қанағаттану құндылықтардың табиғатын бұрмалап қабылудауға алып келуі-де мүмкін. «Мақсатыңа жету үшін құралдың бәрі жақсы» деген ұстаным адамды құндылық емес, мақсаттың құралы ретінде қарастыруға жол ашады.
Адам өз мінез-құлқын, әрекетін басқа адамдардың қылықтарымен салыстыра отырып, өзінің кім екенін түсінеді, өзін-өзі тану қабілетіне жетеді.
Тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеалдар құндылықтар деп қарастырылады. Оларға: шындық, қайырымдылық, тұлға, бостандық, махаббат, шығармашылық және тағы басқалар жатады.
Құндылықтар идеалдарды қабылдау немесе қабылдамау сезімі арқылы айқындалып, ақыл-ой, сана арқылы қабылданады, құрметтеу, қошаметтеу, қабылдау тәрізді ұмтылысты білдіреді. Бұл сезім мен ақыл-ойдың ұштасуын және сол арқылы адамның іс-әрекетін белгілейді. Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, сана арқылы түсінуге болады.
Соның нәтижесінде тұлға құндылықты игеріп, іс-әрекет етеді. Жалпы адамгершілік құндылықтардың мәні мен мазмұндары көне заманнан бүгінге дейін философия, әлеуметтану, мәдениеттану, этика, эстетика, психология, педагогика ғылымдарында кеңінен қарастырылып, қоғам ерекшеліктері мен сұраныстарына орай талданып, жүйеленіп келеді.
Құндылық бағдары дегеніміз –адамның әлеуметтік ортада мінез-құлқы мен әлеуметтік іс-әрекетін психологиялық реттеуді қамтамасыз ететін тұлғадағы қасиет. Бұл мәселе бойынша зерттеу жұргізген ғалымдар: өткен ғасырдың 60-70 жылдары философиялық әдебиеттерде В.П. Тугаринов, О.Г. Дробницкий және басқалар; шетел әдебиеттерінде құндылық бағдар ұғымы "аттитюд" ұғымымен де түсіндіріледі: З. Фрейд, Э. Фромм, В. Франкл, К. Роджерс және басқалар; кеңестік кезеңде: С.Л. Рубинштейн, В.Д. Ермоленко, Л.И. Божович, Г.М. Андреева, Д.А. Леонтьев, Б.Г. Ананьев, А.И. Донцов, С.С. Бубнов және басқалар болды.
Достарыңызбен бөлісу: |