Білім беру бағдарламасы 2020-2021 оқу жылы Күзгі семестр «Психология»



бет3/24
Дата17.12.2021
өлшемі65,77 Kb.
#102260
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
крат курс лекции Психология 1 курс ффип 2020-2021 (5)

Мотивация теориялары

Мотивацияның мазмұндық теориялары бірінші кезекте адамдарды әрекетке итермелейтін қажеттіліктерді анықтауға бағытталған. Мотивацияның қазіргі заманғы тұжырымдамаларының ең негізін қалаушылардың ішінен үш адамды атап айтуға болады. Олар: Абрахам Маслоу, Фредерик Герцберг және Дэвид МакКлелланд.


3-Модуль. Эмоция психологиясының теориялық-практикалық аспектілері

3-дәріс. Тұлға дамуындағы эмоциялар және эмоциялық интеллектінің маңыздылығы
Эмоция және сезім - бұл адамның айналадығы өмір шындығына және өз басына деген өзіндік қарым – қатынасы.

Сезімдер мен эмоциялар бейнеленетін заттарды ң ерекшеліктеріне тәуелді.

Сезімдер мен эмоциялар адамның таным және іс – әрекетінен тыс болмайды. Олар іс – әрекет барысында пайда болады және оның жүзге асуына әсер етіп отырады.

Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келдуі – келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің түріе, сезім деп атайды.

Сезімдер өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым - қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи әлеуметтік сипатта болады.

Сезімдерден эмоцияны дұрыс айыра білу қажет.

Біздің сезімдеріміз екі - реттеуші және сигналдық қызмет атқарады.

Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамдар көбінесе қолайсыз эмоциялар туғызады. Адамның осылайша шамадан тыс зарлауын психологияда стресс (стресс – ағ. сөзі шамадан тыс зарлану деген мағынаны береді) деген терминмен белгіленеді.

2. Сезімдер өздерінің мазмұны және мәні жағынан әртүрлі және сан қырлы болады.

Психологияда сезімді – моральдық (адамгершілік), интелектуальды (танымдық) эстетикалық сезімдер болып бөлінеді.

Моральдық сезімдер. Моральдық сезімдер дегеніміз – жеке адамның адамдардың өзінің мінез құлқын деген эмоциялық қатынасы. Өршіл сезімдер арасынан моральдық сезім ерекше орын алады. Интелектуальды сезімдер. Ақыл ой әрекеті процесінде пайда болатын тебіреністерді интелектуалды сезім деп атабйды.

Эстетикалық сезімдер – адамның әсемдікті қабылдауы және қолдан жасауы барысында туады және сұлулықты қабылдай отырып, адам көз қызықтырып, сүйсіне тамашалап, қарау ынтасын тудыратын, өзіне тартқан үстіне тарта түсетін эстетикалық әсемдік сезімін бастан кешіреді.

Жеке адам өмірінде эмоциялық күйлердің үлкен мәні бар. Эмоциялық күйлер өтіп жатқан психикалық әрекет сипатына ғана тәуелді болып қана қоймай, оған өзі де орасан зор әсе етеді. Эмоциялыцқ күйлердің бәрі де өткінші сипатта болады.

Көңіл – күй бұл адамның барлық толғаныс тебіреністері мен әрекетіне өң беретін біршама ұзақ эмоциялық күй.

Аффект – бұл қысқа мерзімді, бұрқ етпе өте күшті эмоциялық реакция. Аффекті күй эмоцияның бірте – бірте күшеюінен көрінеді. Аффект жағдайда сана таралады, ол көңіл күймен байланысты қабылдайтын заттар мен түсініктердің шағын шоғырына бағытталады.

Фрустрация. Тұрақты жағымсыз эмоціиялық күйге душар ететін, шектен асқан қанағаттанбаушылық фрустрациясының, яғни сана мен әрекеттің бұзылуының негізі болады. Фрустрация кезінде адам өте күшті жүйкелік - психикалық күйзеліске түседі. Фрустрадцдияның өту ерекшелігі шиеленіскен жағдайдың шашілуіне байланысты болады.

Фрустрация әлсіреуі, тыным табуды немесе күшеюі мүмкін. Егер шиеленіс шешімін таппаса, онда фрустрация басқа кереғар жағдайда басталады.

Ғылымға «эмоциялық интеллект» терминін американдық екі психолог Питер Сэловей мен Джон Мэйер 1990 жылдары енгізген болатын. Олар алғашқы болып эмоциялық интеллектінің бірінші үлгісін ұсынды. Аталған авторлар эмоциялық интеллект деп «өзінің жəне өзгенің сезімдері мен эмоцияларын байқай білу, оларды ажырату жəне осы ақпаратты ойлау мен іс-əрекетте қолдану» деп түсіндірді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет