Білім беру бағдарламасы 2020-2021 оқу жылы Күзгі семестр «Психология»


-дәріс. Тұлға құрылымындағы темперамент, мінез және қабілет



бет5/24
Дата17.12.2021
өлшемі65,77 Kb.
#102260
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
крат курс лекции Психология 1 курс ффип 2020-2021 (5)

5-дәріс. Тұлға құрылымындағы темперамент, мінез және қабілет
Темперамент жөнінде түсінік.

Темперамент – 25 ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні – адамдар бойында болатын дара өзгешеліктер.Әр адамның,баланың жан дүниесі өз алдына бір болмыс.Оның қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында.

Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы,тұрақтылығы, ауыспалы – қозғалғыштығы – бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. Дегенмен, осы күнге дейін темперамент мәселесінің шешілмеген, талас – тартысты қырлары баршылық. Бірақ проблемаға байланысты көзқарастардың көпшілігіне қарамай, ғалымдардың бәрінің мойындайтыны:темперамент – жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи ірге тасы.

Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекет – қылығының ұдайы қозғалыстағы сипатын белгілейді. Сондықтан, темпераменттік қасиеттер басқа психикалық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгеріске келе бермейді. Назар аударарлықтай ерекшелік, темпераменттің әрқилы қасиеттері бір – бірімен кездейсоқ қосылмай, заңдылықтар негізінде түрлі темпераменттің белгілі құрылымын түзеді. Сонымен, темперамент – адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы.бұл психикалық ерекшеліктер адамның барша іс - әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және себеп – салдарына тәуелсіз бір қалыпты көрінеді. Есейген шақта да, өзгеріске түспей, өзара байланыста темперамент кейпін өрнектейді.

Темперамент түрінің жақсы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысы өзінің ұнамды тараптарына ие, сондықтан басты назар темпераментті реттеп, түзетүге қаратылмай, нақты іс - әрекетте оның тиімді жақтарын саналы әрі өз орнымен пайдаланудың жолдарын табуға бағытталғаны жөн. Адам ежелден – ақ әрқилы тұлғалардың психикалық бітістерін айыра танумен, олардың барлығын жалпыланған аз санды саналық бейнелер бірігін психология тарихында алғашқыдан темперамент типтері деп аталады. Темпераменттің бұл бірігімдік жүйесі өмірлік іс- әрекет Тұрғысынан өте тиімді, себебі оны пайдалана отырып, нақты тұрмыстық жағдайларда белгілі темперамент типіне жататын адамның болашақ әрекет – қылығын күні ілгері пайымдауға болады.

Сонымен, адамның қай мазмұнда болмасын өз іс - әрекетін жүзеге келтіруі тікелей темпераментке байланысты. Темперамент психикалық процестердің желісінде көріне отырып, еске түсіру, қабылдағанды бекіту жылдамдығына ықпалын тигізеді, ой жүйріктігі мен зейін тұрақтылығын және оның ауыспалығын айқындап береді. Темперементтерді тәрбиелеуде баланың ерік – жігерін, мінез бітістерін, сезім эмоцияларын тәрбиелеумен ұштастыруға жүргізілген дұрыс. Адамның өзін - өзі ұстай алу қабілетінің дамуы темперамент тәрбиесіне жақсы жәрдем береді.



Мінез - адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік.Мінез дегеніміз - адамның белгілі жағдайларда жасайтын тәсілдік әрекеттерін сипаттайтын тұрақты даралық ерекшеліктердің бірлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет