Коммуникативті процесстердің міндеттері:
1.Жеке бір индивидтерді әлеуметтік топтарға және ортақтыққа біріктіреді, сол әлеуметтік топтар қоғамның бірыңғай тұтас жүйесін интеграциялайды.
2.Топтардан, жалпы бірліктерден, әлеуметтік ұйымдар мен институттардан тұратын қоғамның ішкі дифференциациясын жасайды.
3.Қарым-қатынас және өзара әрекет процесінде қоғам мен олардың жалпы бірліктегі ортақтық әртүрлі топтарды бір бірінен бөледі және жекелендіреді.
4.Басқару шешімдерін қабылдау мен жүзеге асыру үшін, дайындау үшін алғышарттары мен негізгі компоненттерін жасайды.
Міндетті түрде зейін қоятын бір нәрсе бар ол вербалды және вербалды емес коммуникациялардың айырмашылығына мән беріледі. Мәселен, вербалды коммуникация бірнеше сипаттамаларға ие, оларға жататындар:
1. абстрактілік - хабараламаны жеткізуге коммуникатор қатыспайды (мысалы, кайтадан айтып беру, хат жазу) сіз эмоциясын толық түсіне алмауыңыз мүмкін, кейбір сөз тіркестері екі мағыналы болуы мүмкін; 2.нақтылық коммуникацияда міндетті түрде коммуникатор қатысады, онда абстрактілік ұғымдарды тікелей қолдана алмайсыз;
3.дискреттілік (бөлінген): әріптер, сөздер бір бірінен бөлініп кеткен, түсіну қиындайды;
4.континуалдылық (үзілмеу, үздіксіздік) вербалды емес хабарламаны бір жеке бірліктерге бөлу қиындайды;
5.анықтылық: вербалды хабарлама жеңіл қабылданады;
6.ықтималдылық: вербалды емес хабарламаны кодтан алып тастау қиындайды.
Психологияда қарым-қатынасты психологиялық феномен ретінде қарас-тыратын бірнеше көзқарастар және соған сәйкес берілген анықтамалар да бар. В.Н.Мясищев бойынша қарым-қатынас - таза сыртқы өзара әрекеттестік болып табылмайды, бірақ қатысушылар арасындағы жеке қатынаспен бірге анықталы-нады,яғни оның параметрі қарым-қатынасқа түсуші субъекттілердің қатысуына тәуелді. В.Н.Мясищев қарым-қатынастың үш каласын бөліп көрсетеді: әлемге деген, басқа адамдарға деген,өзіне деген қатынас.
Субъекттік қарым-қатынастың ерекшеліктері жөніндегі терең ойлар Б.Ф.Ломовтың еңбектерінен орын алған. Қарым-қатынас - бұл мәліметтік және заттық өзара әрекет. Осы процесс барысында тұлғааралық қатынас пайда бо-лып, құрылады және іске асады. Қарым-қатынас тек мәліметтік және заттық өзара әрекеттестік қана емес,ол сонымен қатар эмоционалдық күйді алмасты-румен қатар жүреді. Б.Ф.Ломов «Қарым-қатынастың басқа өзара әрекеттестік түрлерінен ерекшелігі сол,ол қарым-қатынас кезінде адамдардың психологиялық қасиеттері ашылады және және адамдарды субъект ретінде сипаттайтын қасиеттер көрінеді.»дейді.
Тұлғаның қарым-қатынасындағы танымдық іс-әрекетінің даму деңгейін анықтауға арналған эксперименттік әдістемелерді статистикалық өңдеу нәтижесі бойынша алынған көрсеткіштер негізінде қарым-қатынас процесінің тиімділігін арттыруда сыналушылардың түсінікті ойлауын бағалау, түсініктерді салыстыру, ұғыну қабілетін, ойлау деңгейін, жалпылау арқылы қиялын дамыту маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |