5.Курстың мақсаты:
|
Курсты оқытудағы мақсат – студенттерді стилистика ғылымының теориялық негіздерімен таныстыру, қазақ әдеби тілінің стилистикалық құралдары, стильдік тармақтары туралы мағлұмат беріп, оларды ажыратудың жолдарын кӛрсету, студенттерге стилистикалық норманы меңгеру, сӛздердің, басқа да тілдік тұлғалардың қолданылуына қарай туындайтын мағыналық реңктерін,стильдік қырларын ажырата білуге үйрету.
|
8. Оқудан күтілетін нәтиже:
|
Оқудың қорытындысы бойынша бакалавр келесі құзыреттерді меңгеруі тиіс:
жалпы мәдени құзыреттілік (ЖҚ): болашақ мамандықтарының әлеуметтік маңыздылығын түсіну, кәсіби құқықтық сананың жеткілікті деңгейі болуы қажет; этикалық қағидаттарын сақтауға, кәсіби міндеттерін адал орындауға қабілеті болуы; ойлау мәдениетіне ие, ақпарат жинау, талдау, қабылдау, мақсаттар қою және оған қол жеткізу жолдарын таңдау; ауызша және жазбаша сөйлеуді логикалық түрде дұрыс, ақылға қонымды және анық түрде жасай алатын; кәсіби біліктілігін модернизациялау мен үздіксіз өзін-өзі жетілдіру қабілеттілігін көрсете білуі керек; бағдарлама құруда қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдана білуі тиіс; мәліметтер қорымен жұмыс істеуге арналған бағдарламалар, сайттар құрып жұмыс істей білуі қажет;
- кәсіби құзыреттілік (КҚ): мемлекеттік тілде таратылатын мол ақпараттар толқынынан өзіне, өз мамандығына қажеттісін таңдап алып, оны өмірде қолдана білуі керек; кез келген жағдайда өз бетінше шешім қабылдай білуі қажет; проблеманы танып, оны шешудің жолдарын айқындап, мемлекеттік тілде жеткізе білуі тиіс; мемлекеттік тілде өзіндік көзқарасын жеткізіп, оны дәлелдеп, қорғай білуі тиіс; мемлекеттік тілде шешен сөйлеуге дағдылануы тиіс; өзінің алған білімі мен білік-дағдыларын, қазақ тіліндегі сөздік қорын үнемі дамытып отыруға тиіс.
Бұл пәнді оқыған студенттер
Білуі керек
- Тіл біліміне кіріспе пәнінің теориясында қолданылатын кең тараған ұғымдар, термин сөздер;
- Тіл біліміне кіріспе пәнінің теориясы әлеуметтік мәні;
- Тіл біліміне кіріспе пәнінің қалыптастыру және дамыту тарихы;
- Тіл біліміне кіріспе пәнінің әлемдік құбылыс ретінде танудың әдістемесі мен әдісі.
Меңгеруі керек
- дағды мен білім студенттерге берілетін ақпаратты меңгеру, салыстыру, ойлау, шешім жасау, тұжырымдау;
- пән бойынша зерттелген материалдарды іздеу, салыстыру;
- теориялық білімді практикалық тәжірибесінде қолдана білуі тиіс;
- Тіл біліміне кіріспе пәнінің рухани жаңғыру эволюциясын тану;
- Тіл біліміне кіріспе пәнінің әлемдік лингвистикадағы орнын зерделеу;
- Тіл біліміне кіріспе пәнінің теориясы мен эстетикалық табиғатын анықтай отырып өмірлік практикада қолдану.
|
Достарыңызбен бөлісу: |