Білім беру бағдарламасы-«5В011700» «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет3/5
Дата07.02.2022
өлшемі69,12 Kb.
#82970
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
Тіл біліміне кіріспе

4.Пәнге сипаттама

Тіл біліміне кіріспе курсының бағдарламасы бұдан бұрын филология ғылымдарының докторы, профессор С. Аманжоловтың құрастыруымен 1982 жылы жарық көрген еді. Қазақстан Республикасының қазіргі жаңа даму кезеңінде қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алуына байланысты университеттердің қазақ филология факултетінде бірнеше мамандықтар бойынша түрлі бөлімдер ашылып жатыр. Тіл біліміне кіріспе курсының жаңа бағдарламасы осындай ерекшеліктерді ескере отырып, құрлымдық жүйелік жағынан түрлі өзгерістермен қайта жасалып отыр. Бұл пәннен лекция тыңдайтындар арнайы лингвистикалық дайындығы жоқ бірінші курстың студенттері екендігі ескерілуі тиіс. Сондықтан Тіл біліміне кіріспе курсының басты мақсаты – тіл білімінің негізгі ұғымдар жүйесімен және тілдік терминдермен таныстыру тілдің құрлымдық, жүйелік, танымдық болмысы, мәні жайлы түсікті қалыптастыру және де студенттердің тілдік талдау дағдысымен қаруландыру болып табылады.
Бұл курс теориялық және практикалық екі бағытта жүргізіледі.Курстың теориялық бөлімінде тіл білімінің ғылым ретінде танылуы, тіл білімінің ғылымдар арсында алатын орны, басқа ғылым салаларымен байланысы, тіл білімінің зерттеу әдістері жайлы мәлімет беріледі, тілдің мәні мен қызметі жайлы, тілдің шығуы мен дамуы жайында, тілдің лексика, грамматика, фонетика салалары жайлы түсінік беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет