Білім беру бағдарламасы: «6B05102-Биотехнология»


Пайдалану түріне байланысты талшықтық өсімдіктердің жіктелуі



бет10/35
Дата08.12.2023
өлшемі0,61 Mb.
#195523
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35
Байланысты:
«Фармакогнозия» пәні бойынша

Пайдалану түріне байланысты талшықтық өсімдіктердің жіктелуі.

  1. Тоқыма шарушылығында пайдаланылатын өсімдіктер, бұлардың талшықтарынан фабрикаға қажетті жіптер мен барлық жіп-арқан өнімдерін дайындалады.

  2. Плетень

  3. Щетка, сыпыртқы алынатын өсімдіктер;

  4. Қағаз-целлюлозалық өсімдіктер (қағаз бен картон алынады)

Бұл топтар бір-бірімен тығыз байланысты және олардың өзіндік ерекшеліктері де бар.
Негізгі талшықтық өсімдіктерге сипаттама.
Зығыр. (). Зығыр- ??? тұқымдасына жатады. Ерте кезден бастап адамзат өте нәзік, жел болғанда жерге жерге дейін майысып қайтадан қалпына келетін осы өсімдікке назар аударған. Оны жұлып алу оңай болғанымен, сабағын бөліп ашу өте қиын.
Қабығының жасыл тін қабаты жөкенікі сияқты өте мықты болып келеді. Оның сабағын бойлап жіңішке тін талшықтары орналасады. Бұл өсімдік өте ертеден белгілі, славян жазбаларында зығырдан алынатын жіптер мен одан тоқылған маталар жайлы жазылған.
Ертеден бері бір жылдық зығыр мәдени түрге айналдырылған да, қазір жабайы түрде кездеспейді. Осы бір жылдық зығыр көпжылдық жіңішке жапырақты зығырдан шыққан деген жорамал бар. СССР-дың Европа бөлігінде ???, оның
Талшығы ақшыл түсті жылтыр, ол маталарды өңдеуге қослады. ??? тың көптеген сорттары бар, олардың ішіндегі ең жақсысы псков зығыры. Бұйра зығыр Закавказьеде, Қазақстанда және Орта Азияда ауа райы аптап ыстық және қысқа күнді жағдайда таралған.
Тұқымында 40 % май болғандықтан, май алу мақсатында өсіріледі. Қайнатылған зығыр майы тез кебетіндіктен, майлы бояуларды дайындауға пайдаланады. Жіптерді дайындау үшін тоқыма материалы ретінде сабағының қабық бөлігінде орналасқан тін талшығының шоқтары алынады.
Сабағындағы шоқтардың саны 25-50, әрқайсысы 10-30 ұзын қалың қабырғалы, жіп тәрізді, ұшы үшкір клеткалардан тұрады. Олардың ұзындығы 20-30 мм, ені 20-25 мкр. Емдік мақсатта кәдімгі зығырдың тұқымы пайдаланылады. Тұқымын қайнатқанда кілегейлі ерітінді пайда болады, оның ауруды басатын, қабынуға қарсы және аздап іш жүргізетін әсері бар.
Халық медицинасында зығырдың тұқымының қайнатпасын (отвар) бронхит, ас қорыту және зәр шығару мүшелері қабынғанда ішеді. Зығыр майынан атеросклероз ауруының алдын алатын және осы ауруда пайдаланатын, сонымен қатар термикалық және сәулелі күйікте қолданатын линетол препаратын алады.
Қарасора. Тұттар тұқымдасына жататын қос үйлі өсімдік. Шығу тегі – Батыс Азия (Қазақстан, Иран), бұл жерлерде қазірге дейін жабайы және жартылай жабайы түрде кездеседі. Оның тін талшықтары сабақтың қабық бөлімінде жекелеген топтар түрінде кездесіп, тіннің шеткі бөлігін құрайды.
Талшықтың ұзындығы 5-50 мм, тез сынғыш және қатқыл болып келеді. Қатқыл маталарды: қамшы т.б., ал сорттық талшығы жіптер, шпагат дайындауға пайдаланылады. Қарасораның тұқымы мен өркенінің ұшы халық медицинасында ауруды басатын, жөтелге қарсы және жеңіл ұйықтатуға қолданылады. Сонымен қатар, қуықтың және зәр шығару жолдарының қабынуын басады.
Мақта. Құлқайырлар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Биіктігі ірі бұтатектес ретінде 5-6 м-ге дейін, ал кейде африкандық саяхатшы Генри Стеклидің айтуынша 20 м-ге дейін жетеді. Мәдени жағдайда бір жыл, сирек екі жыл өскен өсімдіктер пайдаланылады.
Бұрын Азия мен Орталық Америкада өсіріліп, пайдаланылған. Қазіргі таңда мақтаның 4 түрі мәдени түрге айналдырылған. Олар: Шөптесін мақта, Ағаш тәрізді мақта. Бұлардың шығу тегі афроазиаттық болып табылады. Ал, Кәдімгі мақта мен барбадос мақтасының шығу тегі американдық болып табылады.
Индияда мақта өте ертеден (4000 жыл) өсіріліп келеді. Америкаға 1620 жылы әкелінген. ТМД-да Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Қазақстан, Азербайжан, Армения елдерінде өсіріледі. Мақта негізі жарық, жылу, ылғал сүйгіш өсімдіктер қатарына жатады. Мақтаның жабайы түрі Пәкістанда, Цейлон аралдарында өседі.
Мақтадан 50 %-ке жуық талшық алынады. Оның талшығы ұзын және өте мықты болып келеді. Бұдан мақта алынады да, одан әртүрлі бағалы маталар дайындайды. Мақтаның талшықтарының көп мөлшері американдық упланд сортынан алынады.
Талшығының саны бойынша екінші орын, сапасы бойынша бірінші орынды Оңтүстік америкадан шыққан теңіздік немесе египет мақтасы алады. Мақтаның си-айленд сорты Египетте көп өсірілгендіктен, оны «египеттік»деп атап кеткен.
Талшығы сапалы Африкадан шыққан мақта азия мақтасы немесе гулуза Азияда мәдени түрде кең таралған. Оның тұқымында құнды май бар. Оның мөлшері 20 %-ті құрайды.
Мақта киім, аяқ киім жібек, кілем, киіз, жіп, арқан, көрпе, қағаз, отын дайындау үшін, май алу үшін, сабын дайындауда, маргарин өндірісінде және тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Оның 1 тонна тұқымынан 147 кг. май, 20 кг сабын алынады. Ал мақтаның қалдығынан жасанды әйнек, картон, целлофан, спирт, сірке қышқылы, илік заттар, автомобиль, мотоцикл, велосипед шиналары жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет