Тіл саясаты, тіл дамытудағы орны мен мəні. Тіл саясаты – жер жүзіндекеңінен етек алған жəне ғұмыры ғасырлармен есептелетін көне саясат. Ол əлемдегі күллімемлекеттерде ресми жариялануы да, кейбір реттерде ел-елде бейресми түрде көрінісіберуі де мүмкін.Тіл саясаты деген – қоғамның тілге саналы түрде əсер етуіне байланысты туындағанжəне үздіксіз даму үстіндегі категория. Тіл саясаты - əлеуметтік топтардың бəріне тəн,соның ішінде көбінесе тікелей мемлекетке қатысты ұғым.Мемлекет халқы мейлі бір ұлттан, мейлі көп ұлттан құралған болсын, бəрібір тілпроблемаларынсыз болмайды. Бір ұлтты мемлекеттегі тіл мəселесі тіл мəдениетінарттыру, əдеби тіл жүйесін жетілдіру (нормаландыру) бағытында таза лингвистикалықсипат алса, көп ұлтты мемлекетте қайшылық көбіне-көп тілдер арасындағы өзарақатынастан туындап, саяси лингвистикалық реңкке ие болады. Сондықтан тіл мəселесісаясатқа тіреледі.
Тіл мен саясат өзара тығыз байланысты категориялар. Тіл – саясаттың əрі нысанасы(обьектісі), əрі құралы. Ал саясат – тіл тағдырын шешетін мемлекеттің өзіндік ұстанғанбағыты, шаралар жүйесі. Демек, қандай да бір мемлекеттегі тілдердің қоғамдық қызметауқымын саналы түрде арнайы дамытуға болатыны, не болмайтындығы туралымəселенің басын ашып алу қажет.
Жалпы əлемдік тəжірибеге назар аударсақ, тіл екі түрлі жолмен дамиды да, құридыда: оның бірі - өзінен-өзі, арнайы ұйымдастырылмаған (стихиялы) түрде дамиды, неқолданыстан шығып құриды; екіншісі – қоғам, мемлекет тарапынан керекті бағыттыжоспарлы түрде арнайы дамыту, не құрту. Ендеше қоғамдағы не белгілі бірмемлекеттегі тіл мəселелерін шешу мақсатында белгіленген шаралар мен идеологиялықпринциптер жиынтығы тіл саясатын құрайды (Қараңыз: Дешериев Ю.Д. Языковаяполитика // лингвистический энциклопедический словарь. М.: Советская энциклопедия,1990. 616-б.).
Сонда тіл саясаты дегеніміз – мемлекет, қоғамдықұйымдар тарапынан жүзегеасырылатын қоғамдағы тілдік жағдаятты (языковая ситуация) өзгертуге немесетұрақтандыруға бағытталған саяси, əлеуметтік жəне лингвистикалық шараларжүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: |