Миноритарлық тіл – қызмет ауқымы шектеулі тіл. Соның əсерінен оның ішкіқұрылымында, айталық лексикасындағы бүтіндей қабаты қалыптаспайды немесеқолданудан шығып қалады. Кейін келе мұндай тіл өз сөйлеушілерінің тастанды тілінеайналуы мүмкін. Оның əлеуметтік-психологиялық айғағын шетелдік лингвистер тілденбезу (языковая отчуждение) деп көрсетеді.
Тілден безу бастапқыда адамның өз ана тілін толық мəнде қолдану мүмкіндігіжоқтығынан пайда болады. Өз ана тілін қолдану жарамсыздығы мен можаритарлықтілді толық меңгермеушілік адамның қарым-қатынас құралынсыз қалуына əкеледі де,қоғамныңбелсенді мүшесі болуына кедергі жасайды. Сондықтан миноритарлық тілдесөйлеушілер арасында можаритарлық тілге толығынан ауысу құлшынысы артады.
2.Тілдердің құқықтық (заңды) мəртебелері. Адамзаттың барлық əлеуметтік-мəденитарихы сияқты тілдердің де қарым-қатынастық иерархиясы басым көпішілінде арнайыұйымдастырылмаған түрде (стихиялы) қалыптасқан. Ал тілдердің заңдылық рангілерінадамдар өздері береді. Сондықтан да бұл тілдердің субьектілік жəне жасанды мінездемесіболып табылады. Алайда тілдердің əлеуметтік лингвистикалықтипологиясында бұл белгіөте маңызды, тіл саясатының актісі ретінде өте қызық.
Достарыңызбен бөлісу: |