Коммуникативті орта (орыс. коммуникативная среда) – тұрақты жəне əрдайым ішкі коммуникативтік байланыстарымен белгілі бір аумақтық ерекшеліктерменсипатталатын тарихи қалыптасқан этноəлеуметтік тілдік бірлік.
Тұлғалық əлеуметтік лингвистика (орыс. Социолингвистикаличности) – нақтылы субьектінің əлеуметтену нəтижесіндегі тілдің əлеуметтік саралануерекшелігін, тілдік қабілетін, тілдік құзіретін, ана тілін, код ауыстыруын т.б. зерттейтінəлеуметтік лингвистиканың салаларының бірі.
Қандай бір ғылымныңобъективті шындықты сипаттайтын өзіндік ұғымдар жиынтығы болады, бұл оның пəнідеп аталады. Мысалы, тіл білімі тілдің дыбыстық жүйесін, сөздік қоры мен грамматикалық құрылысын қарастырады. Тілдің осы жүйелерін фонетика, лексикология жəне грамматика салаларында қарастырылып, өз ішінде алуан түрлі ұғым-түсініктермен, оларға қатысты терминдермен түсіндірілетіні мектеп қабырғасынан белгілі.
Ал əлеуметтік лингвистиканың пəні не, ол тілді қалай зерттейді? Қарапайым тілмен айтқанда, адамның тіліне, оның күнделікті сөйлеу дағдысына əлеуметтік ортаның көптеген əсерлері болады. Міне, осыны əлеуметтік лингвистикақарастырады. Егер мұны бізге жете таныс «дəстүрлі» лингвистикамен салыстыратынболсақ, ол тілдік таңбаны (дыбыс, сөз, морфема, аффикс, сөз тіркесі, сөйлем) айтылым, жазылым түрлеріне, мағынасына, бір-бірімен қатынасына, олардың уақыт бойында өзгеруіне талдау жасаса, əлеуметтік лингвистика сол тілдік таңбаларды адамдар жасына, жынысына, əлеуметтік жағдайына, ортасына, білім деңгейіне, мəдени ұстанымына т.с.с. байланысты қалай пайдаланады: бəрі бірдей ме, əлде əр түрлі қолдана ма дегенге баса назар аударады.
Осы айтылғандардан көріп отырғанымыздай əлеуметтік лингвистика өз назарынтілге, тілдің ішкі құрылысына емес, оның қоғамда қалай қолданылатынына назар аударады. Осыған байланысты оған əсер ететін факторлар, сөйлеушілердің əр алуансипттамаларынан бастап (жасы, жынысы, білім, кəсібі т.б.) нақтылы сөйлеу ерекшелігіне дейін есепке алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |