Коммуникативті орта (орыс. коммуникативная среда) – тұрақты жəнеəрдайым ішкі коммуникативтік байланыстарымен белгілі бір аумақтық ерекшеліктермен сипатталатын тарихи қалыптасқан этноəлеуметтік тілдік бірлік
Коммуникативтік акт (орыс. коммуникативный акт; ағылш. communication act) - белгілі бір коммуникативтік жағдаят шегіндегі қарым-қатынастың бірнеше рет жүзеге асуы (қар.: Коммуникативтік орта).
Коммуникация(лат. communicatiо
Конституциялық тіл (орыс. конституционный язык) – елдіңконституциясында көрсетілген ерекше тіл мəртебесі.
Тілдік жағдаят – белгілі бір географиялық немесе саяси-əкімшілікқұрылымдағы бір тілдің немесе бірнеше тілдердің жергілікті-əлеуметтік жəне қызметтікқатынасына байланысты өмір сүруі.
Жекелік (даралық, өзіндік) мəртебеге талпынатын кез келген ғылым сияқтыəлеуметтік лингвистика да өзіне тəн бірнеше арнаулы ұғымдарға (соған байланысты терминдерге) ие: тілдік қауымдастық, тілдік жағдаят, əлеуметтік-коммуникативтік
жүйе, тілдік əлеуметтену, қарым-қатынас құзіреті, тілдік код, код ауыстыру,билингвизм (қостілділік), диглоссия, тіл саясаты т.б.
Сондай-ақ кейбір ұғымдар тіл білімінің өзге салаларынан енген: тілдік норма,сөйлеу қатынасы, сөйлеу, сөйлеу актісі, тілдік контакт, тілдердің араласуы, аралықтіл т.б. Сонымен бірге əлеуметтанудан, əлеуметтік психологиядан: қоғамныңəлеуметтік құрылысы, əлеуметтік мəртебе, əлеуметтік рөл, əлеуметтік фактор т.б.
Осы ұғымдардың барлығына анықтама керек. Осы тарауда жоғарыда көрсетілгенұғымдардың көпшілігіне анықтама береміз. Олардан шығатын проблемалардықарастырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |