4.Мүшелік ерекшелігі. Топқа мүше болу кейде автоматты түрде, яғни туа салысымен болуы не белгілі бір топтық ынтымаққа жеткенге дейін ерікті түрде, яғни жеке адам саналы түрде топты таңдап мүше болуы мүмкін.
5.Топтың ынтымақ типі. Əлеуметтік топ мүшелері арасында ортақ мүддегебайланысты белгілі бір қатынас типі белгіленеді. Мұнда туыстық, этникалық, сяси, кəсіби,топтық жəне тілдік ынтымақ болып бөлінеді (Қараңыз: Карлинский А.Е. Основы теории взаимодействия языков. Алматы: Гылым)., 1990. 33-б.).
Жоғарыда санамаланып көрсетілген белгілер негізінде алғашқы (первичный) тілдік
қауымдастықты формалді, ұзақ мерзімді, автоматты мүшелікті жəне ынтымақта болатын
үлкен əлеуметтік топ деп анықтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |