Тілдік бөгет (орыс. языковой барьер) – толық қарым-қатынас жасауда жекеадамның тілді (тілдерді) білмеуінен (жете білмеуінен) болатын бөгет; көпэтностымемлекет аумағындағы екі жəне одан да көп тілдің қызмет етуі; əлемдегі тіл əралуандығы.
Тілдік жанжал(орыс. языковой конфликт) – тілдік қарым-қатынасжағдаятындағы ерекше өткір өзара əсер етушілігі. Т.ж. негізінде этнодемографиялық,əлеуметтік, идеологиялық, саяси жəне экономикалық себептер жатады, сондықтан Т.ж.көбінесе тілдердің түрлі мəртебелері бар жəне қоғамдық қызметі теңестірілмегенгетрегенді этносты елдерде пайда болады.
Тілдік жағдаят– белгілі бір географиялық немесе саяси-əкімшілікқұрылымдағы бір тілдің немесе бірнеше тілдердің жергілікті-əлеуметтік жəне қызметтікқатынасына байланысты өмір сүруі.