зерттеу ісіндегі шеберлігін ашу;
7) аппараттық құралдар, бағдарламалық жүйелер, сондай-ақ, заманауи
технологиялық шешімдер негізінде жүзеге асатын және ақпараттық
сұраныстармен қамтамасыз етуге арналған мазмұндық толықтырулар,
оқушылардың қызметіне байланысты және де оларға қажет оперативті
қарым-қатынас үшін ақпараттық ағындарды ұйымдастыру ретінде біртұтас
ақпараттық орта құру;
Жоғары компьютерлік технологиялар ғасыры заманауи мұғалімдерге
жаңа талаптар қояды. Білім беру жүйесі, заман талаптарын ескере отырып,
жастарды қазіргі қоғамға даярлаудағы өзіндік тәсілдерін оперативті түрде
өзгертіп отыруы тиіс. Түпкі мақсаты технологияларды пайдалану емес,
оқушыларды оқытуда ойлау мен дербестікті қолдау және ынталандыру
мақсатында сынып пен мектеп мәдениетін өзгерту. Сынып мәдениеті
өзгерместен тұрып қалмай заман талабына бейімделіп дамуына,
мұғалімдердің үнемі ізденісте болып кәсіби біліктілігін арттырып дамуына
қол жеткізу керек.
Мұғалім ақпаратпен жұмыс жасаудың ұтымды тәсілдерін меңгеруі қажет.
Сабақтарда қолданылатын АКТ-ға негізделген оқу стратегиялары
оқушыларға икемді болуды және инновациялық ойлауды үйретуде, тиімді
бірлескен жұмыс жасауда, оңтайлы, құнды пайымдаулар жасау шеберлігіне
көмек көрсетуі тиіс. Компьютерлік технологияларды меңгеру мұғалімнің
кәсіби мәдениетінің элементіне айналуы тиіс.
Мұғалімге өз пәнінің оқыту әдістемесін жетілдіру үшін АКТ-ны
қолдануды үйрену маңызды.
Мұғалім АКТ-ны (интерактивті тақта, электронды оқулықтар мен
құралдар, электрондық энциклопедиялар мен анықтамалықтар, жаттығулар
және тестілеу бағдарламалары, Интернет желісінің білім беру ресурстары,
бейне және аудиотехника, интерактивті сабақтар, конференциялар мен
сайыстар, қашықтықтан оқыту) пайдалану оқушыларды белсенді жұмысқа
тартуға мүмкіндік беріп, ақпаратты қабылдауын, зейінін жетілдіріп,
материалды түсіну мен есте сақтауын жақсартатынын, орындалған
әрекеттердің нәтижесінің көрінісін көрсетіп, қызықты зерттеу жұмыстарын,
жобаларды жасауға мүмкіндік беретінін білуі тиіс.
АКТ пайдаланып өтетін сабаққа дайындық кезінде мұғалім сабақ
жоспарын оның мақсаттарын негізге ала отырып құрауы қажет екенін
ұмытпауы тиіс, оқу материалын іріктеу кезінде негізгі дидактикалық
принциптерді сақтау керек: жүйелілік пен бірізділік, қолжетімділік, саралау
тәсілі, ғылымилық және т. б. Компьютер мұғалімді алмастырмайды, тек
қосымша қызмет атқаратыны да түсінікті.
Осындай сабаққа тән белгілер:
1. Бейімделу принципі: компьютерді баланың жеке ерекшеліктеріне қарай
бейімдеу қажет.
2. Басқару: кез келген уақытта мұғалім оқыту үдерісіне түзетулер енгізуі
мүмкін.
3. Интерактивтілік және оқытудың диалогтік сипаты. АКТ-ның оқушы
мен мұғалімнің әрекетіне жауап беру, олармен диалогқа «түсу» қабілеті бар,
бұлар компьютерлік оқыту әдістемелерінің басты ерекшелігін құрайды.
4. Жеке және топтық жұмыстың ұтымды үйлесімі.
5. Оқушының компьютермен қатынасы кезінде психологиялық
жайлылықпен қамтамасыз ету.
6. Шектелмеген оқыту: білім мазмұны, оның интерпретациясы және оны
қолдану көлемі өте үлкен.
АКТ-ның негізгі функцияларының арасынан келесі белгілерді ерекшелеп
атап көрсетуге болады (1-кесте).
1-кесте
АКТ құралдарын әдістемелік мазмұны бойынша жіктеу.
Достарыңызбен бөлісу: