Білім беру бағдарламасы: «6В01502 Математика-Информатика» үшін



Pdf көрінісі
бет28/29
Дата01.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#130413
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
лекция

Әдебиеттер:

 [1-8].


 

 

Тақырып  №8.  Қуатты  педагогикалық  құралдар:  әңгімелесу    және 

диалогтік оқыту. 

Сұрақтар: 

1.

 



Диалог ұғымын қалай түсінесіздер?  

2.

 



Диалогтік оқытудың тиімді жақтары 

3.

 



Сабақ барысында қандай кедергілер кездеседі 

 

Сұрақ  қою,  оны  түсіну  дәрежесін  бағалау  және  оқушылардың  жауабына 



қарай әрекет ету мұғалімнің кәсіби шеберлігін қажет етеді. Осы орайда Врагг 

Э.К.  және  Браун  Г.  (2001ж.).  өздерінің  зерттеулерінде  мұғалімдердің 

оқушыларға  сұрақ  қоюда  жіберетін  келесі  қателіктерді  анықтаған 



(

www.cpm.kz

): 

Мұғалім 


-

 

бірден көп сұрақ қояды; 



-

 

сұрақтар қояды және оларға өзбетінше жауап береді; 



-

 

оқушыларға ойлануға уақыт бермейді; 



-

 

сұрақты ең ақылды және өздері жақсы көретін оқушыларға қояды; 



-

 

тек  ер  балалардан/қыз  балалардан  немесе  нақты  бір  оқушылардан 



сұрайды (тым ерте күрделі сұрақты қояды); 

-

 



дұрыс  емес  жүйеліліктер,  мысалы,  балалар  өз  жауаптарын  құру  үшін 

жеткілікті ақпарат алғанға дейін ерте сатыдағы өте қиын сұрақтарды қояды; 

-

 

орынсыз сұрақтар (тақырыпқа қатысы жоқ сұрақтарды) қояды; 



-

 

бір  және  сол  типтегі  сұрақтарды  қою,  мысалы,  балаларды  тек  еске 



түсіруге  ниеттендіретін  сұрақтар  (олардың  білетіндері)  –  бір  үлгідегі 

сұрақтарды  жиі қояды; 

-

 

ойлауды  дамыту  үшін  мәселелік,  ой  туындататын  сұрақтарды 



пайдаланбайды; 

-

 



оқушылардың  жауап  беру  ниетін  басатын  немесе  дәлелденбейтін 

қауіпті  сұрақтарды қояды (сұрақтарды қорқыту түрінде қояды); 

-

 

сұрақтарға  көңіл  аудармайды  (мысалы,  қарқын/екпіннің  өзгеру 



есебінен); 

-

 



дұрыс 

жауаптарды 

анықтау 

тізбегін 

құруда 

қателіктерге/жолсыздықтарға назар салмайды; 

-

 

сұрақ үлгісіндегі өзгерістерді атамайды; 



-

 

мәнін тексеру үшін жауаптарды пайдаланбайды; 



-

 

жауаптардың салдарын көрсетпейді; 



-

 

жауаптардың  жетілуін қадағаламайды; 



-

 

жауаптардың түзетулерін жасамайды; 



-

 

дұрыс жауап беру әрекеті кезінде жауаптарда сөз астарын көрмейді.



 

Мұғалімдердің  аталған  қателіктерді  жібермей,  төменгі  деңдейдегі 

сұрақтарды  емес,  Блум  таксономиясы  бойынша  жоғары  деңгейдегі  ойлауды 

қажет  ететін  бағалы  ашық  сұрақтарды  көбірек  қою  арқылы  оқушыларды 

белсенді  әңгімеге  тартып,  сыни  ойлауын  дамытуы  табысты  сабақты 

қамтамасыз етеді. 

Айғақтар  мен  заңдарды,  тарихи  даталар  мен  оқиғаларды  білу  маңызды 

бола  тұра,  ақпаратты  ақылмен  түсініп  қабылдау  және  саналы  түрде  өңдей 

білу,  ондағы  айтылған  негізгі  идеяларды  және  олардың  өзара  байланысын 

көре білу, қажеттісін таңдап, дұрыс еместерінің қателерін көрсетіп дәлелдеу, 

яғни,  талдау  және  бағалау  өте  маңызды.  Қазіргі  ғарыштап  дамып  жатқан 

өзгермелі  әлемде  балаларды  тек  осындай  әрекеттер  ғана  өмірге  бейімдей 

алады. 

Орыс  психологы  В.М.  Снетков  «



Жақсы  сұрақ 

–  кең  ауқымды  ойланып, 

барлық  мүмкін  жауаптарын  іздестіруге  бағыттайтын  ойландыратын  сұрақ» 

деген  тұжырым  жасайды  және  сұрақтардың  төмендегідей  қызметтерін  атап 

көрсетеді: 



-

 

сұрақ арқылы жаңа ақпарат алуға болады; 



-

 

сұрақты дұрыс қою арқылы білгендерін нақтылай түсуге болады; 



-

 

сұрақ қою арқылы талқылау бағытын өзгертуге болады; 



-

 

сұрақ арқылы өзінің көзқарасын білдіруге болады; 



-

 

дұрыс қойылған сұрақ жауабын табуға бастама болады. 



Педагогтер  оқушылардың  танымдық  ойлау  деңгейлерін  олардың  сұрақ 

қою қабілеттерінен де байқайды. Сабақта оқушылардың тақырыпқа қатысты 

жақсы сұрақтар қоя білуі олардың сыни ойлай білгенін көрсетеді. 

Сабақта  оқушылардың  сыни  ойлауын  дамыту  олардың  ашық  сұрақ  қоя 

білуі,  ақпаратты  терең  талдау  жасай  алуы,  өз  ой-пікірін  жәй  айтып  қана 

қоймай,  оны  дәлелдеп,  сыныптастарының  көзқарасын  өзгертуге  деген 

әрекеттері екенін де ескеру керек. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет