Білім беру бағдарламасы: 6В01503 -«Биология»


Мультимедиялық қамтамасыз ету және электрондық ресурстар



бет4/5
Дата01.06.2022
өлшемі81,45 Kb.
#145684
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәрілік өсімдіктер

4.3 Мультимедиялық қамтамасыз ету және электрондық ресурстар
1. http://ngko.b2b.ivest.kz/
2. https://www.spr.kz/shimkent/respublikanskaya-nauchno-tehnicheskaya-biblioteka-392781.html
5. Қысқаша ұйымдастыру-әдістемелік сипаттама
5.1 Оқыту әдістері
Лекциялар: интерактивті әдіс, ақпараттық, шолу, презентация. Зертханалық: зерттеу, зертханалық жұмысы-эксперимент.
ОББӨЖ,БӨЖ: әңгімелесу,пікір-талас,кластер,салыстырмалы талдау жасау.
5.2 Оқу нәтижелерін бақылау
Оқу нәтижелерін бақылаудың түрлері: үлгерімді ағымдық бақылау (оның ішінде межелік бақылау) мен аралық аттестаттау (емтихан сессиясы). Бағалау академиялық адалдық қағидаларына негізделеді.
Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау әрбір оқу пәні бойынша жүргізіледі және аудиториялық, аудиториядан тыс сабақтарда білімді бақылауды қамтиды: дәрістердегі ауызша немесе жазбаша сұрау, практикалық/семинар сабақтардағы сұрақтарға жауаптар, үй тапсырмаларын орындау, есептеу-графикалық, практикалық немесе зертханалық жұмыстарды бағалау, өз бетінше орындалатын тапсырмаларды бағалау және т. Б. Үлгерімді ағымдағы бақылау кезінде студенттердің оқу жетістіктері әрбір орындалған тапсырма үшін 100 балдық (%) шкала бойынша бағаланады, кейіннен «Платонус» ААЖ-ға баға қойылады.
Білім алушылардың үлгерімін межелік бақылау 7-ші және 15-ші апталарда тестілеу, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, жеке немесе топтық жобаларды қорғау және т. Б. Түрінде жүргізіледі.
Әрбір оқыту пәні бойынша емтиханды өткізу түрі мен тәртібі академиялық кезеңнің басында бір ай ішінде университеттің Ғылыми Кеңесімен бекітіледі.


5.3 Оқытушы талаптары



  1. Білім алушы семестр бойы оқытушы ұсынатын тапсырмаларды орындауы керек, оның тізімін оқытушы белгілейді, ал тапсырмалар саны пән бойынша кредит көлемімен анықталады.

      1. Тапсырмаларды тапсыру мерзімдері төмендегі «Тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі» бөлімінде көрсетілген.

      2. Ағымдағы аптада тапсырмалар уақтылы орындалмаған жағдайда бағалау 20% - ға төмендетілуі мүмкін.

      3. Білім алушы академиялық адалдық ережелерін, университеттің ішкі тәртіп ережелерін, студенттің ар-намыс кодексін сақтауы тиіс (сабаққа кешікпеу, сабақ үстінде сөйлеспеу, ұялы телефонды сөндіру, университетке іскерлік киім үлгісімен келу, курстастары және оқытушымен қарым-қатынаста ашық, сабырлы, мейірімді болу, университет ішінде әдеп сақтау, университет ғимараттарында тазалықты сақтау).

      4. Онлайн-сабақтарда міндетті түрде дресс-кодты және сөйлеу этикетін сақтау.

      5. Білім алушы сабақтан себепсіз қалмауы керек, науқастанған жағдайда анықтама ұсынуы керек.

      6. Қатыспаған сабақтар бойынша қарызды өтеу профессор-оқытушы құрамның кафедрада болу кестесіне сәйкес немесе ОББӨЖ кестесі бойынша тапсырылады.






    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет