Білім беру бағдарламасы: «6В01703 Қазақ тілі мен әдебиеті»


Батырлар жыры. Жанрлық белгілері, жиналу, жариялану, зерттелу тарихы



бет29/43
Дата31.08.2023
өлшемі268,81 Kb.
#180041
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   43
Байланысты:
Білім беру бағдарламасы «6В01703 Қазақ тілі мен әдебиеті»-emirsaba.org

Батырлар жыры. Жанрлық белгілері, жиналу, жариялану, зерттелу тарихы.
Ауыз әдебиетінің ерте дәуірден бері ескірмей, ұрпақтан–ұрпаққа ауысып отырған күрделі де мол бір саласы, көлемді поэзиялық туындылар — батырлар жыры (Эпос – баяндау деген мағынада), яғни оқиғаны баяндап жеткізуге негізделген. Бұл жырларды жыршы–жыраулар ғасырлар бойы қобызға немесе домбыраға қосып, белгілі бір әуенмен орындап, ауыздан-ауызға таратып келген. Қазақ батырлар жырындағы басты қаһарман - елін сүйген батыр, оның басты мақсат-мұраты — халқын, Отанын басқыншы жаудан қорғау. Батырлар жырының барлығында халықтың түбегейлі мұң-мүддесі, арман-тілектері көкселеді. Батырдың халыққа қамқоршы болу арманы, сол жолдағы іс-әрекеті жырлануы негізінде оның өз-үй ішіне, өз руына деген сүйіспеншілігі де айқындалады. Батырлар жырларынан ерте замандағы баласы жоқ қарттың, бастаушысы жоқ елдің басқадан жәбір-жапа көретіні де танылады. Басқыншылардан қорғайтын батыр жайлы жырлар ел қиялында осындай зарығу,аңсау, торығу тұсында туады.
Батырлар жырын зерттеу ісі кеңестік дәуірде қолға алынды. Батырлар жыры жайында газет, журналдық мақалалардан бастап, кандидаттық, докторлық диссертацияларға дейін еңбектер жазылды, орта мектепке арналған оқу құралдары көлемінде зерттелді. Қазақтың батырлар жырын зерттеуде С.Сейфуллин (Қазақ әдебиеті, 1932ж.) М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаев, А.С.Орлов, Н.С.Смирнова, Т.Сыдықов секілді әдебиетші-ғалымдар бірсыпыра жұмыстар жүргізді. Бұлардың еңбектері ірілі-ұсақты кемшіліктері бола тұрса да, батырлар жырын ғылыми тұрғыдан зерттеудің алғашқы бастамасы еді.
1939 жылы проф. М.Әуезов пен жазушы Л.Соболевтің «Эпос и фольклор казахского народа» атты салмақты мақаласында қазақ эпосының шығу төркіні, иделық-тақырыптық мазмұны, стилі, эпостың негізгі айырмашылық белгілері және оның жиналу жайы сөз болады. Сан ғасырдың жемісі, бірнеше ұрпақтың творчествосы көрініп, сан жағынан да көп екендігі, тарихи оқиғалармен тығыз байланысына да назар аударған. Профессор Ә.Марғұлан болса, 1949 жылғы «О характере и исторической обусловленности казахского эпоса» мақаласында қазақ эпосының шығу төркіні жөніндегі және оның тарихпен байланысына себепші болған мәселелерге көңіл аударады. Ертеде күнгей далада, ел арасында туған эпоста бір кезде жұрт басынан өткізген тарихи оқиғалар жырланып, отбасылық салт, рулық қарым-қатынас көрсетілетінін автор дұрыс айтқан.
Атақты орыс ғалымдары, түркітанушылар В. В. Радлов, Г. Н. Потанин, т.б. қазақ фольклорын жоғары бағалады. Академик В.В. Радлов құрастырған «Образцы устной литературы тюркских племен» деп аталатын он томдық жинақтың үшінші томында қазақ, бесінші томында қырғыз, жетінші томында ноғайлы дәуірінен кейін ғана қонысы бөлектенген ноғай, қырым татарлары сияқты халықтардың фольклоры мен ауыз әдебиеті үлгілерін жариялайды.
Ш.Уәлиханов, В.Радлов, Ы.Алтынсарин, Ә.Диваев, Г.Потанин, И.Березин, И.Мелиоранский, Н.Ильминский, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, М.Әуезов, С.Мұқанов, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров еңбектерінен бастау алып, кейінгі кезеңдерде де осы үрдіс әдебиеттану ғылымының басқа да белгілі өкілдерінің еңбектерінде жалғасын тапты.
Бұл еңбектерде енді халық ауыз әдебиетінің, оның ішінде батырлық жырларымыздың тарихи негіздеріне, осы жырлар өмірге келген кезеңнің әлеуметтік-қоғамдық сипатына да тереңірек талдау жасала бастады.
М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, М.Сильченко, Н.Смирнова, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, М.Ғабдуллин, Р.Бердібаев, С.Садырбаев, С.Қасқабасов т.б. көрнекті қазақ әдебиеттанушы-ғалымдардың 60-70-жылдардағы ғылыми-зерттеу еңбектері, оқулықтары мен оқу құралдары да аса бай халық мұрасының әр алуан көркемдік қырларын талдауға арналды.Осы орайда әсіресе эпостық жырларымыздың танымдық-тағылымдық маңызы, ондағы көркемдік тұрғыдан жинақталған бас кейіпкерлердің образдық тұтастығы, тарихи оқиғалар мен жырларда суреттелетін сюжеттік арналардың арасындағы сабақтастық, поэтикалық құндылықтар - тарихи-салыстырмалы негізде сөз болады. Осынау көркемдік құндылығы аса жоғары халықтық мұраларымыздың ел арасынан, әр түрлі дерек көздерінен жиналып, тұтастырылып, өңделіп, ғылыми тұрғыдан зерттелуі Қ.Жұмалиевтің “Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері”, М.Ғабдуллиннің “Қазақ халқының ауыз әдебиеті”, Ә.Марғұланның “Ежелгі жыр, аңыздар”, Ә.Қоңыратбаевтың “Эпос және оның айтушылары”, “Қазақ эпосы және түркология”, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғалымдары дайындаған “Қазақ әдебиетінің тарихы”, “Фольклор шындығы”, “Қазақ фольклорының тарихилығы” т.б. іргелі ғылыми-зерттеу еңбектер әдебиеттану ғылымының эпостану мәселелерін кең ауқымда қарастыруға жол ашты. Кейінгі жылдары жарық көрген Р.Бердібайдың “Эпос - ел қазынасы”, “Қазақ эпосы”, “Кәусар бұлақ”, С.Садырбаевтың “Фольклор және эстетика”, “Халық әдебиетінің тарихи негіздері”, О.Нұрмағанбетованың “Казахский героический эпос “Кобланды батыр”, Қ.Сыдиқовтың “Ақын жыраулар”, Е.Тұрсыновтың “Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері”, С.Қасқабасовтың “Ертек пен эпостың сюжеттік типологиясы” (“Қазақ фольклорының типологиясы” жинағында), Ш.Ыбыраевтың “Эпос әлемі. Қазақтың батырлық жырларының поэтикасы” т.б. еңбектер эпостық жырларымыздың тарихи, көркемдік құндылығын жаңа ғылыми ізденістер арқылы биіктете түсті.
Қазақ ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан күрделі саласының бірі – батырлар жыры. Бұл жырлардың көпшілігі халықтың отанды сүю, басқыншы жаудан ел қорғау, халық үшін ерлік еңбек ету идеясынан туған. Басқыншы жаудың шабуылдарына қарсы аттанған, одан ел жұртын қорғап қалған батырларды, олардың ерлік істерін ардақтап халық аңыз-әңгіме, жырларына қосқан. Сондай-ақ, халық адал еңбекті, еңбек адамдарының көпшілік үшін жасаған істерін де жырлаған, оған да ерлік сипат берген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет