Білім беру бағдарламасы: «6В01703 Қазақ тілі мен әдебиеті»


Аңшылық жырлары. Саятшылық дәстүр



бет12/43
Дата18.11.2022
өлшемі430,76 Kb.
#158794
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43
Байланысты:
Дәрістер кешені ҰДФ (копия)

Аңшылық жырлары. Саятшылық дәстүр.
Қазақ халқы ерте заманда тек төрт түлік малды өсіріп, соны тіршілік тірегі етіп қойған жоқ. Ол мұнымен қатар аң аулауды да кәсіп өткен. Аңның етін, жүнін, терісін тұрмысындағы керегіне жаратқан.
Аңшылықты тұрмысқа қажетті кәсіп деп түсінген халық, бұл тақырыпта кесек шығармалар да тудырған. Негізгі идеясы ел қорғау жайын баяндайтын «Қамбар батыр» жырының бірсыпыра әңгімелері аңшылықты суреттейді. Жырдың алғашқы бөлімінде алпыс үйлі арғынды, тоқсан үйлі тобырды аңның, құстың етімен асыраған Қамбар жайы сурет-теледі. Қамбар аң аулауды құмарлық, көңіл көтеру үшін жасаған батыр емес. Ол мұны кәсіп еткен еңбек адамы. Қамбардың:
Құс етін беріп бағамын,
Үйдегі екі кәрімді.
Оған да назар саламын,
Қабатыма аламын —
Тоқсан үйлі тобырмен
Алпыс үйлі арғынды,— дейтіні осыдан.
Қазақ арасына кең жайылған әңгіме-жырдың бірі — «Көкжендет». Мұнда Көкжендет жайы - саятшының сөзімен баяндалды. Жыр былай басталады:
Көкжендет, тұғырың алтын, жібек баулы,
Бар ма екен Көкжендеттей қыран шаулы?
Күніне отыз үйрек, қырық қаз іліп,
Кеш болса отырушы ең тояттаулы.
Көкжендет әңгімесі бұдан әрі қарай да дами берді.
«Көкжендет» — ел арасында ертеден айтылып келе жатқан әдемі жыр. Мұнда аңшылықпен кәсіп еткен саятшының сүйініші, ой-сезімі, көп жыл жолдас болған құсына мақтанышы тартымды суреттеледі.
Халық әдебиеті жағымды батырлар образын жасағанда, олардың мықты, күшті екендігін, сырт келбетін айтқанда «арыстандай», «жолбарыстай» немесе «арыстандай айбатты», «жолбарыстай жүректі» деп отырды. Бертін келе, ақындар айтысында, айтысқа түскен әрбір ақын өзін алғыр қыран құсқа, ақиық бүркітке теңейді. Мұның бәрі ауыз әдебиетінде образ жасау, жақсы теңеу табу, салыстыру жасау үшін қолданылған.
Наурыз туралы өлеңдер. Айтылатын тілектер.
Қазақ халқының тұрмыс-тіршілік өмірінде, әдет, салтында елеулі орын алған және ерте кезден мерекелеп өткізетін күннің бірі — Наурыз. Бұл күн жыл сайын наурыз айының 22-де (ескіше тоғызыншы наурызда) мерекеленетін болған және оның жаңа жылдың алғашқы күні деп есептеген. Мұны қазақтар «Ұлыс күні» деп те атайды. Олай атау себебі — ертеде «Ұлыс күні» жаңа жылдың бірінші күн: болып есептелген. Наурыздың 22-де күн мен түн теңеледі де, содан кеін күн ұзара бастайды.
Наурыз — көктем айының басы. Бұл кезде күн жылынып, қар ери бастайды, көктем лебі еседі. Қыс бойы қысымшылық жағдайда болған адамдар күн шуағын, көктем лебін жадыраған жайдарылықпен қарсы алады, жаңа жыл басталды деп қуанысады. Бұл қуанышын күн мен түннің теңеліп, күн ұзара бастаған мерзімде мерекелеп өткізеді. Ол күнді жаңа жылдың басталған күні, яғни «Ұлыстың ұлы күні» деп той жасайды. Содан былай бұл күн қазақтардың тұрмыс-тіршілігінде зор мәні бар мерекеге айналып кетеді.
Ұлыс күнін қуанышпен мерекесіне айналдырған халық үлкен ойын-той, сауық жасайды. Осы тұста әркім өзінің көңіліндегі арман-мүддесін білдіреді. Бұларды олар бір-бірімен көріскенде айтатын болады, бір-біріне жақсы тілек тілейді. Қыстың қысымынан аман шыққанына қуаныса отырып, жаңа жылдан не күтетінін, нені тілейтінін аңғартады. Мұны олар өлең, тақпақ арқылы айтады. Мәселен:
Амансыз ба,
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барса, жол болсын!
Ұлыс бақытты болсын,
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Ұлыс күні шаруа адамдарының еңбек мерекесі болғандықтан, оны ойын-сауық, думанды қызық тоғай айналдырған. Жастар жағы бұл күнгі халықтың ой-сезімін, шаттық қуанышын білдіре өлең айтқан, ән шырқаған. Олар өздерінің өлең-әндерінде жаңа жылға деген тілектерін айтумен кабат, көңіл-күйлерін, жастық шақтың сыр-сезімін қозғаған.

Әдебиеттер:



  1. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Алматы: Санат, 1996.

  2. Кәкішұлы Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Алматы: Білім, 2003.

  3. Қанафияұлы Н. Шоқан - әдебиетші, публицист. Зерттеу. Алматы: Қазақстан, 1998..

5 дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет