Білім беру бағдарламасы: «6В01703 Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет17/43
Дата18.11.2022
өлшемі430,76 Kb.
#158794
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   43
Байланысты:
Дәрістер кешені ҰДФ (копия)

Шешендік сөздер
Жанрдың табиғаты. Қызметі, қоғамдық мәні.
Қазақ фольклорында жасалып, сөйлеу тілінде көбірек қолданылатын мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш түрінде айтылатын ғибратқа толы нақыл үлгілерін шешендік сөздер деп атаймыз. Мұндай сөздер образдап ойлау мен логикалық ойға бірдей ортақ тілдің күрделенген фразалық материалы болып саналады.
Шешендік сөздер заңдық, нақылдық, философиялық, сатиралық болып жіктеледі. Шығыс елдерінде ол Қожанасыр әңгімелері түрінде сақталған. Қазақ халқының арасында туған шешендік сөздердің табиғаты одан басқалау. Қазақ шешендік сөздерді Асанқайғы мен Жиреншеден бастайды.Үшінші бір өкілі – Аязби.
Шешендік сөз қоғам қажеттілігінен туындайды. Ол адамды тәрбиелеп қана қоймайды, көпшіліктің дүниетанымын кеңейтеді, қоғамды ілгерілетуге қозғаушы күш болады, сөйлеу өнерін үйренуге жетелейді, адамдар арасындағы қарым-қатынасты жақсартады, кісінің өзіне өзінің сенімділігін арттырады.
Қазақ шешендік өнерінің дамуында Аристотель анықтаған үш элемент – мерзімдік жағдаят, авторлық шабыт, парасатты сөздің шешуші роль атқарғанын көреміз. Қазақ шешендік өнерінің тарихы сөйлеу әрекетінің қоғамдағы мәні жоғары болғандығын дәлелдейді.
Дауыстың:
1)жоғарлылығы яки биіктігі;
2) ұзақтығы;
3) бояуы немесе тембрі;
4) күш тәрізді қасиеттері болады. Осынау қасиет – белгілерді құбылтып қолдану – шешеннің өнерпаздық дарынына, тәжірибесіне, көркемдік танымына, көңіл-күйіне, табиғи-рухани болмысына байланысты.
Шешен сөздің өзіне тән ерекшелік-сипаттары мынадай:
Алдымен, шешен сөз тұп-тура топтың, жиналған әлеументтің алдында айтылады. Шешен қауымның жүзбе-жүз, бетпе-бет кездесіп сұхбаттасады. Ол бұлардың әлеуметтік құрамы мен білім дәрежесін жазбай таниды.
Екіншіден, аудиторияның қалай қабылдап отырғанын көзбе-көз таниды.
Үшіншіден, шешен әртүрлі таңбалар жүйесін комплексті пайдаланады. Олар:

  1. лингвистикалық

  2. интонациялық

  3. кинетикалық

болып сараланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет