Білім беру бағдарламасы: «6В01703 Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет18/43
Дата18.11.2022
өлшемі430,76 Kb.
#158794
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43
Байланысты:
Дәрістер кешені ҰДФ (копия)

Жиналу, зерттелу тарихы.
Ерте заманда шешендік өнер Мысыр, Вавилон, Ассирия, Қытай, Үндістан елдерінде өркендеп дамыған. Алайда, осынау өнердің үзілмес тарихы Көне Грециядан басталады. Өйткені, шешендік өнер қоғамдық қажеттіліктерден туды, құлиеленушілік қоғамда әлеуметтік даму өрістеп, демократияның жандануына жойқын қозғаушы күш ретінде тарих сахнасына шықты. Көне дәуірде шешендік өнерінің көркейіп гүлденуінің екі кезеңі болған:

  1. б.з.д. V – VІ ғасырлар, Афина елінде сөзі күннің күркірі мен жалт еткен найзағайдай Перикллден бастап даңқты шешен Демосфенге дейінгі аралық.

  2. б.з.д. І ғасыр немесе Цицерон заманы.

Шешендік біліктілік пен білімнен, қуатты түйсік пен терең сезімнен, санадағы саңлақтық пен ұшқыр қиялдан, тер төгу мен ой тербелісінен туады. Шешендік өнердің теориясының дамуына Дәуірлеу дәуірінің кемеңгерлері Кампанелла мен Томас Мор, Петрарка мен Данте, Рабле мен Шекспир, Сервантес пен Лопе де Вега өнерпаздығы зор әсер етті.
ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында Америка мен Европадан П.Лафарг, В.Либкнехт, Ж.Жопес, Э.Джонс, В.Вольф сияқты жалынды шешендер шыққан.
«Риторика» - тыңдаушының ынта-зейінін аудара білу, иландырып сендіре білу өнері. Риторика ғылымының іргетасын грек софисі Протагор қалаған. Риторика ғылымы Кембридж, Оксфорд университетінде, Америкада ХVІІ ғасырдың І жартысында Гарвард университетінің оқу жоспарларында болған.
ХVІІ ғасыр басында Ресейде шешендік өнердің теориясы қалыптасып өркендей бастаған. Епископ Макарияның «Риторика» оқулығын (1717-1719) және М.И.Усачевтың 1699 жылы жарияланған «Риторика» оқулығын еске алу орынды.
Шешендік өнер ғылымының тарихы, әлбетте,«Шығыстың Аристотелі» атанған отырарлық оқымысты Әбу Насыр Әл – Фарабиден басталады. Ол «Риторика» атты күрделі трактатында ғылыми-теориялық топшылауларын алдымен кәдімгі тәжірибелік іс-мақсаттан, қолдану аясынан туындатады.
Бүгінгі қазақ шешендік өнернің дамуында маңызды деп саналатын Гүлбану Қосымованың «Қазақ шешендік өнерінің негіздері» атты оқулығы Алматыда 2003 жылы, Серік Негимовтың «Шешендік өнер» атты оқулығы Алматыда 1997 жылы, Бөлтірік Әменұлының «Шешендік сөздер» атты оқулығы Алматыда 1993 жылы, Б.Адамбаевтың «Қазақ шешендік өнері» атты оқулығы Алматыда 1984 жылы жарық көрген. Осы оқулықтарда шешендік өнер туралы толық қарастырылып жазылған көп зерттеулер енгізілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет