Тарихи поэтика. Фольклорды зерттеудегі тарихилық (историзм) принципі. Фольклордың пайда болуы туралы пікірлер.
Фольклор - халық даналығы тудырған сөз өнері болса, оның табиғаты мен тарихын зерттейтін ғылымды фольклористика дейміз. Оның зерттейтін объектісі – фольклор шығармалары қашан және қалай туды, сюжеті нақты өмірмен қабаттасып жата ма, әлде адам санасындағы түрлі ұғымдардан алына ма? Фольклор өмір шындығын қалайша көрсеткен, оның тарихилығы, жасалу жолдары мен көркемдік ерекшеліктері қай дәрежеде? Фольклор мен әдебиет арасындағы сабақтастық пен айырмашылық, яки жалғастық неде? Фольклорды жаратушылар кімдер? – дейтін мәселелер.
Халқымыздың бай фольклорлық мұрасын зерттеу әлемдік фольклортану ғылымына (әсіресе орыс фольклористикасы) ортақ теориялық-методологиялық зерттеу әдіс-тәсілдеріне, ондағы жетістіктерге сүйенеді. Фольклортану – өзіндік даму заңдылықтары бар дербес ғылым. Халық шығармашылығын зерттеуде қойылатын талаптар жазба әдебиетін зерттеу принциптерінен өзгеше келеді. Бірақ, әдебиеттану мен фольклортану ғылымдары теориялық-методологиялық зерттеу саласындағы жетістіктерді қажетті кезеңдерде алма-кезек пайдаланып отырады (категориялық, терминдік, теориялық т.б). Әлемдік фольклортану ғылымының тарихында түрлі теориялық бағыттар мен мектептер қалыптасты (мифологиялық мектеп, антропологиялық-этнографиялық, көшпелі сюжет теориясы, ауысып алу теориясы, салыстырмалы-тарихи, құрылыстық-типологиялық, жүйелі-талдау, комплекстік-тұтастық зерттеу әдіс-тәсілдері т.б). Алайда қазақ фольклортану ғылымы аталған ғылыми-теориялық мектептердің принциптерін (теория теория үшін) сол қалпында қабылдап қайталамады. Ортақ заңдылықтар, методологиялық жетістіктерді бағдар етумен қатар, тұжырым пайымдау зерттеу объектісінің (қазақ фольклоры) өзіндік ерекшелігіне негізделіп жасалады. Бұның өзі қазақ фольклортану ғылымының жетіліп, тұлғаланғанын байқатады.
Фольклор шығармалары өзінің тарихилығы жағынан авторлық сипаты бар кез келген туындыдан анағұрлым шыншыл, әсерлі де көркем. Сол жырларға қарап, елдің әдет-ғұрпын, ой-санасы мен түрлі сезімдерін дәл танып білуге болады. Қазақ фольклорының тарихилығының басты бір көрінісі осында.
Әдебиеттер
Айтыс. 2 том. Алматы, Жазушы, 1988.
Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, Ана тілі, 1991.
Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Алматы, Санат, 1996.
Қазіргі айтыс. 3 том. Астана, Күлтегін, 2006.
№3 дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |