Білім беру бағдарламасы 6В01713 Қазақ тілі мен әдебиеті


«...Қазақ даласында, Арал теңізі жағасындағы Те



бет16/40
Дата08.02.2022
өлшемі1,62 Mb.
#122214
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   40
Байланысты:
umkd 20 gas r bas ndag kazak adebieti.

«...Қазақ даласында, Арал теңізі жағасындағы Теліп деген жерде, № 4 ауылда Жасағанберген Пірманс деген қазақтың үйінде алғашқы ауыл мектебі ашылды. Мектеп ашыларда келген қазақтар бұрын өздері көрмеген мектеп құралдарына таңырқай қарады. Дегенмен мектепте аса зор илтифат білдіріп, бірінші сабақ басталарда класта 18 бала отырды.
Бұл мектепте оқытушылыққа Қостанай педагогикалық класын бітірген Сералин мырза деген қазақ тағайындалған. Қазақтардың орыс мектебіне зор сеніммен қарауына, сірә, бұл жағдай да себеп болады білем»,— деп жазған «Новости» деген газет, 1898 жылғы бір санында '.
1900 жылы Мұхаметжан Сералин Троицкі қаласына барады. Сондағы миллионер татар Яушевке қызметке тұрады. Әуелі, бір-екі жыл, оның тері-жүн сатып алатын дүкенінде жүн сорттаушы сортировщик болып істейді; кейін, бірнеше жыл, оның магазиндерінің бірінде сатушы болып істейді; ақырында, миллионерге инабаты артып, 1909—1910 жылдары Яушевтің сенімді өкілі — доверенный адамы болып істейді. Яғни, ел аралап, Яушевтің әркімге қарызға, несиеге берген тауарларының ақшасын жинайды.
Бұл соңғы жұмысы, әрі Мұхаметжанның өзіне өте ұнайды, әрі оның ой-әрісінің кеңеюіне зор әсер етеді. Өйткені ол, осының арқасында, халықпен араласады, оның тұрмысымен танысады: дала жайы мен қала жайын, қазақ ахуалы мен қала халықтарының ахуалын салыстырады; өз халқының саясат, шаруашылық, мәдениет жөнінен мүлде артта қалғандығын айқын аңғарады.
Тегі, Троицкіге барып Яушевке қызметке тұрғаннан бастап, Мұхаметжанның шаруашылық жағдайы, тұрмыс күйі оңдалады. Осыдан ол енді орысша, татарша газет, журналдар алып оқып, жұмыстан қолы босағанда кітапханаға барып, түрлі кітаптар оқып, білімін, мәдениетін көтереді; әбден шығармашылық және саяси-әлеуметтік қызметке әзірленеді: орыс халқы классик әдебиетін, көне шығыс әдебиетін шұғылданып оқиды; қазақтың тарихын, бұрынды-соңғы әдебиетін зерттейді.
Осының бәрінің нәтижесінде Мұхаметжан Сералин бірсыпыра мысал өлеңдер жазды; 1900 жылы «Топжарған», 1903 жылы «Гулкашима» деген поэмалар жазып, 'бастырып шығарады. Оның бұл поэмалары өз заманында жаңалық, зор еңбек болады.


«Қазақ әдебиеті», № 10, 9 наурыз, 1956 жыл. , 3—840


Мұхаметжан Сералин большевик социал-демократтардың Қостанай, Троицқідегі ұйымының И. Ф Голованов, С. С. Ужгин сияқты біраз адамдарымен таныс-біліс болады; солардық саяси жолына іш тартады, жұмыстарына көмектеседі. Әсіресе 1905—1907 жылдардағы төңкеріс кезінде, онан кейін де большевиктердің үндеулерін, листовкаларын қазақ тіліне, аударысады, қазақ арасына таратысады.
С. С. Ужгин: болыневиктердің құпия тобы қазақ оқығандарынан Мұхаметжан Сералин мен Спандияр Көбеевті өздеріне тілектестер ретінде тартты. Қазақ арасында көбінше солар арқылы жұмыс жүргізді, қазақ кедейлерінің жағдайды түсінулеріне көмектесті. { М. Сералин оқығаны, көргені көп, шешен сөйлейтін, мінезі байсалды адам еді дегенді айтады .
1906 жылы мемлекеттік бірінші Думаға депутаттар | сайлау жүреді. Торғай облысына екі орын беріледі. Оның бірі қазақ арасынан, екіншісі орыстар арасынан сайлануға тиісті болады. Содан большевиктер қазақ арасынан Мұхаметжан Сералин сайлансын деп ұсыныс жасайды.
Бірақ большевктердің бұл ұсынысы өтпейді. Қазақтың би-болыстары, бай-феодалдары және бірқатар оқығандары Мұхаметжан Сералинге қарсы болады: ол діннен безген, қазақты христиан болуға үгіттеп жүрген адам деген сияқты жалалар жабады.
Яушевте доверенныйы болып істеп жүріп, елдің саяси, шаруашылық, мәдени тұрмысымен танысуы арқасында, Мұхаметжан Сералин қазақ тілінде журнал, шығару қажет екен деген ойға келеді. Өзінің, елдегі, қаладағы кеңіл жақын адамдарымен сөйлесіп, сол журналды шығаруға әрекет жасайды: қаржы жинайды, өкіметтен рұқсат сұрайды, баспахана қарастырады.
Мұхаметжанның қазақ тілінде журнал шығару жөніндегі ізгі ойы 1911 жылы жүзеге асты; сол жылы қаңтар айынан Троицкі қаласында «Айқап» журналы шыға бастады. Оның шығарушысы да, редакторы да Мұхаметжан Сералиннің өзі болды.
М. Сералин «Айқап» журналын шығарумен бірге, Троицкідегі қазақ оқушылары арасында тәлім тәрбие жұмыстарын да жүргізеді. Бұл кезде Троицкіде «Уазифа» медресесі, ер балалар, қыз балалар гимназиялары бар еді. Оларда қазақтан бірсыпыра жастар оқушы еді. Мүхаметжан оқта-текте сол оқушы жастар-дың басын қосып, оларға қазақ халқының тарихы, сол кездегі хал-жайы, болашағы туралы баяндамалар жасап, лекциялар оқып жүреді.
«Революция 1905-—1907 годов в Казахстане», стр 63—65, из АН Каз ССР, Алма-Ата, 1949 г.
«Айқап» журналы 1915 жылы, қыркүйек айында жабылды. Журнал жабылған соң, Мұхаметжан біраз уақыт сол Троицкіде орыс тілінде шығып тұратын «Степь» газетінің редакциясында қызмет істейді. 1916 жылы өз аулына көшіп кетеді. 1919 жылдың басына дейін сонда тұрады.
Мұхаметжан Сералин «Айқап» журналында халықты отырықшы болуға, егін шаруашылығымен айналысуға көп насихаттаған еді. Еліне келген соң ол өзінің осы насихатын жүзеге асыруға әрекет істейді: өз ауылын, өзінің тілін алған ауылдарды жинастырып, Ақсор деген өңірден жер кестіріп алып, белгілі жоспар бойынша поселке салдырады; оған Сералы поселкесі деп ат қояды.
Поселкенің көшелеріне ағаштар отырғызады; ортасынан мектеп, медресе, кітапхана, монша, диірмен салғызады. Кітапханаға өз кітаптарынан біраз кітаптар береді; Москва, Петербург, Ташкент, Орынбор, Уфа, Қазан қалаларында шығып тұратын бірқатар газет, журналдар жаздырады; кітаптар алдырады. Мектеп, медресеге оқытушыларды Уфа, Қазан, Орынбор, Троицкі сияқты қалалардан алдырады.
Поселкенің жанындағы Ақсай деп аталатын бір сайды кептің күшімен бөгетіп, су қоймасын жасайды; жұртқа бау-бақша, огород, ағаш егудің пайдасын түсіндіреді; әр үйге бау-бақша, огород, ағаш еккізеді.
Сералы поселкесінен үлгі алып, Шұбар болысының басқа жерлерінде де халық отырықшы болып, поселке сала бастайды. Мысалы, Жарсор деген алқапқа поселке салынады. Онда да әлгідей шаруашылық, мәдени орындар болады.
Мұхаметжанның Оспан деген ағасының баласы Ақыш ақсақал әңгімелескенімізде Мұхаметжан Сералиннің. өз елінде болған жылдары істеген әлгі жұмыстарынан басқа тағы мынадай жайларды айтты 1917 жылы, көктемде бір күні көршіміздегі орыс поселкесіне бардым.1955 жылы іздеп барып, сөйлестік. Ақыш 1882 жылы туған. Қазақша, орысша хат таниды. Челябі облысының Полтав ауданында, Полтавка поселкесінде тұрады. Пенсионер Б. К.
Сондағы Тимофей Комлов деген таныс орыс байына жолықтым. Ол сонан бір күн бұрын Троицкіге барып келген екен. Нендей жаңалық бар деп сұрағанымда, ол маған: жаңалық — кеше, 12 наурыз күні Николай тақтан түсіп, оныд орнына Қеренский деген сайланыпты. Осылай деп Троицкіге телеграмма келіпті,— деді.
Мен осы хабарды Мүхаметжанға айтып келдім. Айтқанда осындай өтірік астідім деп айттым, Ол кісі: «жоқ,бүл өтірік емес, шын. Осы оқиға 1905 жылы бола жаз-дап, болмай қалып еді. Бірақ жуық жылдарда болуға тиісті еді. Биыл болған екен» деп, қуаныш білдірді.
Осыдан кейін Мүхаметжан Троицкіге жиі-жиі барып келіп жүрді. 1918 жылдың күзінде бір барып келгенінде, оған Газизов деген бір татар ілесе келді. Ол халықты жинап, сөз сөйледі, ішкі, сыртқы жағдайды тү-сіндірді. Жиналғандардан талапкерлер болса, оларды партияға алатынын білдірді.
Сонда Мүхаметжан, менің інім Зәкір екеуі партияға жазылды. Қазақтың бәрін тойшы болма, бірің— тойшы, бірің қойшы бол деген нақылы бар еді. Сен екеуің тойшы болыңдар, мен қойшы болайын деп, мен партияға жазылмадым»,— деді.
1919 жылдың басында Мұхаметжан Сералин Орынбор қаласына барады; алғашқы рет кеңес өкіметінін, кызметіне кіреді: губерниялық жер-су бөлімінде істейді. Сонымен бірге, Орынбордағы қазақ өлкесін басқаратын соғыс-төңкеріс комитетінін, қазақ тілінде тұңғыш рет шыққан «Ұшқын» газеті редакциясының алқа мүшесі болып істейді.
1920 жылдың аяқ кезі мен 1921 жылдың, бас кезі шамасында Мұхаметжан өз еліне қайтады. Онда болыстық атқару комитетінің төрағасы болып қызмет істей-ді. Сонымен бірге болыстық атқару комитеті жанындағы партия үясының хатшысы болып сайланады.
Бұл кезде халықтан салық азық-түліктей алынатын еді. Осы салықты жинау үстінде Мұхаметжан байлар мен кулактарға қарсы батыл күрес жүргізіп, өкіметкс астық және басқа азық-түлік жөнінен күрделі көмек көрсетеді.
Болыстық атқару комитетінің төрағасы болып түрғанда Мұхаметжан халық арасындағы мәдениағарту жұмыстарын өркендетуге көп күш салды.Болыс орталығынан клуб театр, болыстың әр жерінен мектептерашады.
1922 жылы Қостанай өз алдына губерния болып құрылды. Осы кезде Мұхаметжан Сералин губерниялық қызметке шақырылады. Онда, әуелі, губерниялық жер бөлімінің бастығы, әрі губерниялық атқару комитеті президиумының мүшесі болып істейді.
Сол жылы, қыркүйек айында Кеңестердің Қостанай губерниялық 3-съезі болады. Съезде Мұхаметжан Сералин әрі губерниялық жер бөлімінің бастығы, әрі губерниялық атқару комитеті төрағасының орынбасары болып сайланады.
1922 жылы бүкіл елімізде партия қатарын жат, масыл, босаң, тұрлаусыз адамдардан тазарту жүрді ғой. Осы партия тазалауы кезінде толтырған бір анкетасында Мұхаметжан: «Считается ли совместимым верить в бога и быть коммунистом и в чем выражается ваша вера, если верите?»—деген сұрауға: «Считал, верю в существование бога, в вечности бытия, возмездия. Но отрицаю всякую церковность»,— деп жауап берген.
Осы үшін комиссия М. Сералинді партия қатарынан мүлде шығармақшы болады. Кейін кандидаттыққа түсіреді: «Оставить кандидатом для усвоения марксисти-ческих учения»,— деп қорытқан. Бұл Қостанай губерниялық партия комитеті бюросының 1921 жылғы 18 қазандағы мәжілісінде бекітіледі.
Мұхаметжан Сералин әлгі анкетасында 1919 жылы 3 қаңтардан бері партия мүшесімін деп жазыпты. Сонда ол 1918 жылы, өз ауылында кандидаттыққа алынған болады да, 1919 жылы, Орынборда қызмет істеп жүрген кезінде мүшелікке өткен болуға тиісті.

  1. жылғы қысты күні Кеңестердің бүкіл Қазақстандық бірінші съезі өтеді. Мұхаметжан соған делегат болып барады. Қазақстан Орталық Атқару комитетінемүшелікке көрсетіліп тұрып, сайланбай қалады. Бұл тегі. әлгі, кандидаттыққа түсірілуінен болуға тиісті.

  2. жылы, қыркүйек айында, Қостанайда губерниялық партия, кеңес комитеттерінің тілі болып «Ауыл»газеті шығады. Соның бірінші нөміріндегі «Ардақты окушыларға,'» деген бас мақаласында мынадай жағдайлар түсіндірілген:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет