Пысықтау сұрақтар:
1. Демократиялық бағыттағы қазақ зиялыларымен қызметтес болуы
2. Табиғатты, әлеуметтік көңіл күйін, жастық пен махаббаты жырлаудағы шеберлігі
3. Сұлтанмахмұттың поэзиядағы көркемдік жаңалықтары
Әдебиеттер:
1.ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – Алматы: Ғылым, 1994
2.Қазақ әдеби сынының тарихы. Кәкішев Т.- Алматы.: Санат, 1994
3.Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. – Алматы;Санат, 1994ж.
Дәріс-9.
Тақырыбы: Мұхаметжан Сералыұлы (1871-1929)
Мақсаты:
1. Шығармашылық өмірбаяны
2. Аударма жанрындағы еңбегі
3. Сюжетті поэмалар жазғандығы
Қаралатын мәселелер;
Шығармашылық өмірбаяны.
Аударма жанрындағы еңбегі
Поэзиясы.
Қазақ халқының XX ғасыр басындағы белгілі қоғам қайраткері, ақын, журналисі Мұхаметжан Сералин 1871 жылы қазіргі Қостанай облысы, Қарабалық ау-даны, «Өрнек» колхозы жерінде туған. Руы — қыпшақ, қыпшақ ішінде тама-бұға, тама-бұға ішінде қожа деп аталады.
- Мұхаметжанның әкесі Сералы, атасы Тұрсынбай. Сералы әке-шешесінен жастай жетім қалады; кедейшілікпен күні өтеді; пысық,шешен, өлең шығаратын жанекен.
I Бір жылы қожа еліне атақты Орынбай ақын келеді; Сералы сонымен айтысады. Осыдан былай оның елге ақын атағы жайылады. Ол енді, кейде, ауыл қыдырып, 1 серілік құрып, өлең айтып, түрлі ақындармен айтысып
жүреді.
Сералының өлеңдері ауыздан- ауызға, елден-елге тарайды. Оның осындай ел аузында сақталған екі өлеңі 1915 жылы «Айқап» журналында жарияланған. Ол өлеңдерінде Сералы өзінің жастай жетім қалғанын, кедей болғанын, сауықтық өлең шығарғанын баяндайды:
Құдайым сәби шақта жетім етті,
Жетімдік, жарлықпенен қатты дертті.
Ата-анамды жақсы көрген арқасында
Көрген жан баршасы да құрмет етті.
Мен келдім сол қүрметпен отыз жасқа,
«Әй, кәпір» атанбадым қарындасқа.
Алдағы келетүғын өмірімде
Әртүрлі істер түсті біздіқ басқа...
Жақсылар қоршап келгенде,
Бөгежектеп таймадым.
Сералы сөйле дегенде,
Сауықтап айтып, сайрадым.
Қайран халқым, бекзаттар,
Жаннан артық сыйладың.
Жоқшылық түсіп жүргенде,
Әзір жатқан алтынды
Алайық дей қоймадым.
Қысқа жіп келмей күрмеуге
Ғазиз жаным қинадым.
Қүрбыньщ жықпай ажарын,
Көз жасымды тыймадым і,—
дейді. .
Сералының, екі әйелі болады: үлкен әйелі қазақ, кі-ші әйелі татар екен. Қазақ әйелінен екі ұлы, бір қызы, татар әйелінен — Мұхаметжан, Фазылжан, Хакімжан есімді — үш ұлы болады. Сералы қайтыс болғанда Мұхаметжан үш-төрт жаста екен.
Мұхаметжанның, шешесі, күйеуі өлген соң, жас үш баласы мен Троицкі қаласына келеді. Өзінің соңдағы туысқандарының қолына барып тұрады. Бір байдың жүн жуатын кәсіпорнына («мойкаға») кіріп жұмыс істейді. Жұмыстан қолы бос кезінде әл-ауқатты адамдардың кірлерін жуады, үйлерін ақтайды. Осылай көп жыл балаларын асырап күнелтеді.
Мұхаметжан 8 жасында медресеге оқуға түседі. Медреседе оқып жүріп, шыны сауыттарды жамауды үйренеді. Сынған, жарылған кесе, табақ, шәйнек сияқ-ты ыдыстарды жамап, ақша тауып күн көру жөнінде шешесіне көмектеседі.
Мұхаметжан медреседе алты-жеті жыл оқиды. Мұсылманша орта дәрежелі білім алады. Сонан кейін 1887 жылы, 16 жасында Бестөбе болысындағы Арыстан деген бай жездесінін, қолына барып тұрады. Онда Мұ-хаметжан жазды күні Арыстанның, үй шаруашылығы жұмыстарын істейді; қысты күні соның балаларына басымшылық етіп бірге Қостанайға барып, орысша оқып жүреді. Осылай ол 1891 жылы Қостанайдағы екі класты орыс-қазақ мектебін өте жақсы бітіріп шығады. Сол 1891 жылы Арыстан өзінің бір баласы мен Мұхаметжанды Орынборға алып барады. Екеуін сондағы оқытушылар әзірлейтін училищеге оқуға түсірмек болады. Мұхаметжан емтиханды жақсы өткізіп, оқуға алынатын болады да, Арыстанның баласы емтихан өткізе алмайды, училищеге түсе алмайды. Баласы оқуға қабылданбаған соң, Арыстан Мұхаметжанды оқуда қалдырмай, еліне алып қайтады.
1891—1900 жылдар арасында Мұхаметжан біраз уақыт ауылда жүреді; біраз уақыт ауылнайдың хатшсы болып істейді; біраз уақыт Арал теңізі жағына барып учитель болып тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |