Әр кімнің көзі жетіп сенген күні.
Теңдестік, адамшылық, құрдастықтың
Алдына мойын сұнып келген күні…
Бастандық өмір сүріп, өшсін құлдық,
Деп жұрттың мойын созып, төнген күні.
Ә, құдай! Ұзағынан жаза көр деп,
Іркіліп көзге жастың келген күні!
Сәбит 1917 жылы, май айында Семей қаласына келеді. Сондағы мұғалемдер дайындайтын үш айлық курсқа түсіп, оқиды; екінші жағынан «Сарыарқа» редакциясында экспедитор болып қызмет істейді.
Мұғалімдер курсы Сәбиттің оқу, білім дәрежесінің көтерілуіне, мәдениетінің өсуіне едәуір себеп болды Сәбит осы курста жүргенде аз да болса орыс тілін үйреніп, орыс әдебиетімен таныса бастайды. Осы кезде Сәбит біраз өлендер жазады. «Сарыарқа», «Абай» газет, журналдарына қатынасады.
1919 жылы Сәбит өз еліне- Аксу болысына қайтады.Сонда барып, халық ағарту жұмысымен шұғылданады; әкесінің шаруашылығына қарасады; үйленіп өз семьясын құрады.1920 жылы Сібірде, сонымен бірге Семей Павладар жағында Колчак, алашорда үкіметтері құлап, оның орнына Кеңес өкіметі орнаған кезде Сәбит Павладар қаласына барады: уездік төңкерісшіл комитеттің тапсыруы бойынша аудандық сот болып қызмет істейді. Бұл кезде Сәбит өлең жазуды қойып кетеді.
Тек сот ағасы ретінде елдегі ескілікке, тап жауларына қарсы күреседі.
Сәбит 1924 жылы Семей 0аласына келеді, сондағы губерниялық қазақ газеті басқармасында- «Қазақ тілі» газетіне қызметке тұрады. Осы кезден бастап Сәбит тағы да өлең жазуды қолға алады, газетте өлеңдері, фельетондары, мақалалары үнемі басылып тұрады.
Семейде бұрыннан келе жатқан Қазақстанды зерттеу қоғамы болды, 1929 жылы қазақтың пролетариат, шаруа жазушылары ұйымының губерниялық бөлімі ашылады. Сәбит екінші жағынан осы ұйымдарға мүше болады.
Сәбит газет қызметкері ретінде де, жазушы ретінде де жұмысты өте жақсы істейді.Сол үшін газеттің он жылдық мерекесінде ол сыйлық алады. Бірақ бұл жылдары аурулы болып, өзінің және әйелінің денсаулығы нашарлаған соң, 1930 жылы Сәбит газет қызметінен шығып, өз еліне қайта оралады. Онда тағы да мұғалім болып істейді. Біраз уақыт, Павладарға барып, сондағы газетте қызмет істейді. 1931 жылы Семейге қайта келіп, «Қазақ тілі»-«Жаңа ауыл» газетіне қызметке кіреді.
Бұл жылдары Сәбит творчестволық жұмысқа аса құштарлықпен ұмтылады. Қайтыс боларына аз уақыт бұрын Алматыға келіп қайтқан бір сапарында ол: «енді ширатын кез келді. Денсаулықты біраз оңдап алып, өндіріске жуық, сонымен қатысы бар жерде тұрып, белсене жұмыс істесем деген ойым бар.Жазушылар съезіне қатынасып, баяғы хатамды түзеп, жаңа, күрделі шығармалар берсем деймін» деген ойға келеді.
Бірақ ол бұл үлкен мақсатына жете алмайды. Жасы да кемеліне келіп, шығармашылық ойы да толысып әдебиетімізді жасасу жолында ат салысқан шағында Сәбит безгек ауруына шалдығып, сонан 1933 жылы 23 мамыр күні 39 жасында мезгілсіз қазаға душар болды.
С. Дөнентаевтың өлеңдері газет, журнал беттерінде жарияланғанын айтпағанда, төңкеріске дейін де, төңкерістен кейін де әр кезде жинақ болып басылып келеді. Оның ертеректегі өлеңдері 1915 жылы «Уақ-түйек» атты алғашқы жинағына топтастырылды. Ал, кеңес тұсында ақынның өлеңдері өз алдына жеке-жеке жинақталып, 1935,1950,1956 жылдары басылып шықты.
Сәбит -өлеңмен қатар бірсыпыра мақалалар, фельетондар, көркем әңгімелер де жазған жазушы. Оның бұл еңбектері, кейбір әңгіме очерктері Сәбит шығармаларының соңғы жинағына кірген.
Сәбит Дөнентаевтың жазушылық сапарынан екі кезеің бар. Біз оның өлеңдерін ақынның сол жазушылық сапарының кезендеріне бөліп тексеріп, талдаймыз.Сәбиттің жазушылық сапарының кезеңдері: 1) 1913-1917 жылдар арасы. Ақынның ағартушы демократ бағытта өлең, мақала жазып жүрген дәуірі. 2) 1917-1933 жылдар арасы. Ақынның Кеңес өкіметіне, кеңестік идеяға келген дәуірі.
Сәбиттің төңкерістен бұрын, 1913-1917 жылдар арасында жазған өлеңдерінің мейлі тақырыбы жағынан болсын, мейлі көлемі жағынан болсын ең көрнектілері: «Заман кімдікі?», «Менің халім», «Замандастар», «Қазақтың білгендеріне», «Боз торғай», «Жер», «Қожа», «Ауырған арыстан», «У жеген қасқырға», «Қиялым», «Балалықты сағыну», «Үміт», «Талап», «Жұмыскердің өкініші», «Жарық ағаш», «Сұңқар мен қарғалар», «Жамила қыз», «Өгей ұл», «Екібаста», «Бұлбұлға», тағы басқалар.
Сәбит төнкерістен бұрын, 1913-1917 жылдар арасында жазған өлеңдерінде мынадай негізгі, манызды тақырыптарды сөз етеді,
Сәбит бұл өлеңдерінің біразында қазақ еңбекші бұқарасының сол кездегі екі бірдей қанаудан-қазақтың байлары, бай-феодалдары қанауынан, патша үкіметінің отаршылық қанауы мен капиталистік қанаудан көріп отырған ауыр азабын, мейлі саяси –шаруашылық жағынан болсын, мейлі мәдени-ағарту, құқық жағынан болсын түрткі, теңсіздік қысым көріп отырғанын тендік , бостандық, бақыт жөніндегі ойын, арманын суреттейді.
Мысалы, Сәбит «Менің халім» деген өлеңінде:
Кез келіп арыстанның арбауына,
Тап болдым қу түлкінің алдауына,
Бірі ойнап, бірі шындап, итермелеп,
Тықсырды жердің биік жарлауына.
Бірі айдап, бірі тартып түсіргенде,
Болар ма менің сынып қалмауыма?
Кетуге су тұбіне тұрмын таяу,
Қолымның қай тал жақын қармауына?-
Деп ақын екі жақты арбау мен қанауға түсіп қыспаққа қысылған халықтың ауыр да аянышты тұрмысын, еріксіз езілген намысын, жүрер жол, түзеу дос, жолдастар жарық іздеп ұмтылған қарбаласып, үмітші тілегін, жорыққа, еркіндікке қарай қол созған қанатты арманын айтса, сондай-ақ сол қысылған көптің, қиналған жұртың бірі боп өмірден жол-жоба, іздеп қате-қайшылыққа да ұрынып, жорыққа, бостандыққа бастар ұлы жолды дәл түсініп тап баспағанына қиналып күйінер өз сезімін де қоса айтып отырғандай. Ол «Заман кімдікі?» деген өлеңінде сол ескі заманның әлеуметтік сырын, қоғамдағы теңсіздікті, езілген еңбекші қалың бұқара мен ел билеген әкімдерін заман иесі байлардың арасындағы әлеуметтік алшақтықты, теңсіздікті, атқамінер әкімдер мен байлардың еңбек адамына істеп отырған әділетсіз іс- әрекеттерін, олардың ел талап, халықты зарлатқан қиянатшылдығын басып көрсетеді.
Бұл заман байқағанға күштінікі,
Азулы, тырнақты мен тістінікі.
Дүниенің патшалығы, батырлығы,
Тыпырлап тыныш жатпаған істінікі,-
дейді ақын.
Сәбит бұл кездегі өлендерінің бірсыпырасында халықты, жастарды оқуға, мәдинетке, өнер-білімге, техника үйренуге, ұлы орыс халықының оқуын, мәдинетін үйренуге, сонан үлгі алуға үндейді. Мысалы: ол «Замандастар» деген өлеңінде ізденіп қажетті өнердің, білім мен ғылымның еңбек етумен, талаппен ғана келер табылар бақыт екендігін айтып, халықты аса өнер- білім жолында аянбай етуге шақырады.
Сәбит әлі аталған өлеңдерінең бірсыпырасында қазақ арасындағы ру- аталық, бектік-феодалдық қоғам қалдықтарын, ескі ғұрып-әдеттерді, дінді, қожа- молдаларды, би-болыстарды жалқаулық дәукестік, сараңдық, ашқарақтық сияқты жаман мінез-құлықты мінеп, шенейді, күлкі, сықақ етеді.
Сәбит бұл өлеңдерінің тағы біразында әйелдердің теңсіздігін, әсіресе қазақ қыздарының қарғыс атқан қалың мал салтымен сүймегеніне еріксіз барып, тіпті кеде екі-үш әйегдің сыңары болып, азап шегіп бар өмірі қасірет-қайғымен өтетіндігі, қысқасы ескілік құрбаны болып отырғанын, олардың келер күннен күтер үміт, арманын суреттейді. Атақты «Жәмила қыз» атты шығармасына ақын:
Қатыны өліп Бекіштің
«Қызы бар деп Төкіштің»
Іздеп келді алыстан,
Бұрыннан да емес жат,
Қдай- андалы қат-қабат,
Талай сүйек алысқан
Сақалының ағы бар,
Мандайының бағы бар,
Берден дейтін шал келді.
Оның аты Берден ғой,
Құдай оған берген ғой,
Жасы қырық- отыз арасы,
Бар жирма-отыз қарасы,
«Қыз бермеймін кәрі»деп,
«Қатыны өлген әрі»деп ,
Беттетпейді Төкішбай…
Жәмилаға дәл келді…
«Болса алыңыз қыз керек,
Маған жалғыз сіз керек»
Деп Төкішбай жалпылдап,
Алпыстағы жасына,
Боз қыраулы басына,
Қарамасан қарқылдап,
Уәде қылды, қол соқты…
Ал жәмила зарлап жүр,
Шайтан алсын, шал алсын,
Текең байғұс мал алсың,-
Деп қызын еріксіз малға сатқан Төкештей дүниеқоңыз атаны, тек бір ғана Төкішті емес сол заман ескілігіне бауыр басқан қалың малшы байлалдын адам еркіндігін еріксіз байлаған топастығын әшкерелей, өткір сынайды.
Сәбит Дөнентаев өзінең ақындық өнер жолында Абайдан, Тоқайдан мол үйреніп, солардың ықпал-әсерімен көп жазған. Абай, Тоқай арқылы орыс халқының классикалық әдебиетінен, Пушкин, Лермонтовтын, Крыров, Салтыков-Щедриннен оқып үйреніп, олардан да үлгі, өнеге алады. Олардың жаңашыл дәстүрін бойына сіңіреді.
Ақын қазақ еңбекшілірінің тұрмыс – тіршілігін, қазақ бұқарасы әлеуметтік өмірінің көкейтесті мәселерінің еңбекші халықтың ізгі қиял-арманын жыр етті. Халық тұрмысын заман жайын жырлауда ақын қазақ әдебиетіндегі Шоқан, Ыбырай, Абай бастаған халық ағартушылылық-демократиялық бағыты басты нысана, басшы құрал етті.
Сәбит надандықты, ескі ғұрып-әдетті, дінді, дін бастықтарын, би, болыстарды, жалқаулық, мансапқорлық, партиягершілік сияқты жаман мінездерді қатты сынады: соларды сынау арқылы патша үкіметінің отаршылдық саясатын әшкерелді. Сонымен бірге, ақын оқу, білімді, өнер, ғылымды, еңбекті ұлы орыс халықының мәдениетін, жаңаны, жақсыны дәріптеді; халықты ескіліктен арылып, ілгері өркендеуге шақырады; ерікті, бақытты мәдениетті өмірді арман етті.
Сәбит Дөнентаев төңкерістер кезінде, 1917-1920 жылдары «Адаспасбыз», «Сарыарқа анамызға», «Айналдырған құдайым-ай!» деген өлеңдер жазды. Өзінің сол кезде ұлтшылдар ықпалында жүргенін байқатты,
Жоғарыда Сәбит Дөнентаев өз өлеңдерінің алғашқы жинағын «Уақ- түйек» деп атады дедік. Осы ат Сәбит өлеңдерінің бәріне сай келеді, лайық деуге болады; яғни Сәбит кілең ұсақ-түйек, қысқа шағын өлеңдер жазды, көлемді, күрделі, кесек шығарма бере алмады.
Сәбит өлеңдері саяси, азаматтық лирика болып келеді. Онда табиғат, махаббат, көңіл, лирикасы жоқ дерлік. Табиғат, махаббат, көңіл күйі лирикасы ақынның тек революциядан бұрынғы өлеңдері арасында ғана бірді- екілі кездеседі. Мысалы «Жүрекке», «Қаламға», «Жаз», «Ақыл», «Ой» деген өлеңдері.
Сәбиттің төңкерілістен бұрынғы өлеңдері ішінде мысал-өлең көп. «Ыблыс пен шайтан», «Бозторғай», «(ры мен баласы», «Ауыр5ан арыстан», «Көзі тоймайтын ит», «Екі теке», «У жеген қасқырға» тағы басқалары.
Ақын мысалдарының кейбіреулерін татар халықының классик ақыны Ғабдулла Тоқайдан аударған, біразын татар, орыс тілдеріндегі мысал, әңгіме, аңыздар ізімен өзінше өлеңмен қиыстырған, енді біразын қазақ тұрмысынан алып, өзі жазған.
Сәбит мысалдары көңілге қонымды, әрі терең мағыналы, күлдіргілі болып келеді. Мұны оның «Бозторғай» деген мысалының сюжеті мен мазмұнынан көруге болады.
Бозторғай тұрымтайдан әбден зорлық, қорлық көреді. Соны қырғиға шақпақшы болады. Қырғиды ол бір бөденені жеп қойып, тағы бір бөденені аңдып отырған жерінде кездестіреді. Қырғи бозторғайдың шағымына құлақ қоймады. Қазір қолым бос емес, күт, төз, жанын шақпайды деп ұрсады.
Бозторғай мұны енді қаршығаға айтпақшы болып, соны іздейді, Оны іздеп келе жатып, қырылып жатқан үйректерді көреді; олорды қырған қаршыға екенін біледі. Сонан ол қарашыға мен сияқты зәбір көргеннің мұнын тындамайды екен, бұл да момынға зәбір көрсетуші екен деп түйеді.
Деді де бір түкіріп, ұшты аспанға,
«Қайткенде айла табам шыбын жанға?
Бұлардың бәрінен де бекзат еді,
Барайын деп ойлады лашын ханға».
Көп іздеп, неше түрлі бейнет көріп,
Оны да біз мезгілде тапты келіп.
Түбінде бір теректің «бекзадасы»
Жеп отыр қаздың етін көкірек керіп.
«Жаным-ау» мынау біздің төреміз бе?…
Шынымен ақтық көрмей өлеміз бе?
Кемтарға бұлар қайтып кек әпермек?
Құдірет «көн» деген соң көнеміз бе?
Дағдарды осыны айтып торғай соры,
Жеріне барам деген барып болды.
Бүркітке, құс патшасы, жолығуға
Кезіпті жер-жиханды, онды-солды.
Тапқанын бүкітті іздеп, таппағанын,
Шаққанын ішкі мұнын шақпағанын,
Білмеймін, әлі күнге естігем жоқ
Жатқанын жаны тыныш, жатпағанын!…
Ақын мұнда патша үкіметінің әкімдерін келістіріп сынаған. Оның басқа мысалдарды да осылай болып келеді. Сәбит мысал жанырына шебер ақын деуге болады.
Сәбиттің төңкерілістін кейінгі өлеңдерінде фельетон көп: «Портфель», «Әй, жалған-ай!», «Құсайынның арманы», «Бір атбекеттің мінезінен», «Ақжорға шығыпты», «Жекен молда», «Нағиманың өкпесі», «Болкенің зары», тағы басқалар. Мысалы, Сәбиттің «Ақжорға шығыпты» деген өлең-фельетоны былай болып келеді:
Бүгін Жұман мекемеге,
Онда келді кешігіп,
Сонда дағы бір демеге
Асыққандай ентігіп.
Амандығы екпіндірек
Күндегіден сөзі де,
Бүгін беті көкшілдірек,
Қызарынқы көзі де
Оны өзгелер аңғармады,
Хами сезіп, қырағы-
Бір жұма еді ақша алғаны
Соққан екен сыраны.
Дей бергенде сөзін бөліп,
«Жоқ!», «жоқ!», деді Жұма екен,
«Бүгін үйге қонақ келіп,
Жұтылып ед жорға екен…
Сол жақ жорға жуырда ғана
Кен дүниеге шығыпты.»
Сонан жұтып біраз ғана
Аған бүгін шынықты.
Сәбит бұған надандықты, ескі әдетті, ғұрып, жайсыз мінездерді, патшалық әкімдерді, отаршылдық саясатын бүркемелеп, ишаралап айтпаса, ол заманда ашық, тура айта алмас еді. Осыдан ол кезде әдейі-ақ көбінше мысал өлеңдер жазды.
Ал, төнкерістен кейін ескінің қалдықтарын, кеңестік тұрмыстың, партия мен үкіметтің жауларын жәрия әшкерелеу, аты-жөнін, түс-түрін, мекен-тұрағын көрсетіп сынау қажыт болды. Бұл кезде Сәбит мысал жанрынан фельетон жанрына ауысты; көбінше фельетон өлеңдер жазды.
Жиннақтап айтқанда Сәбит өлеңдерінде сықақ, мысқыл, әзіл күшті. Бұл жөнде ол Салтыков-Щедриннен, Абайдан көп үлгі алған. Өз тұрсында солардың дәстүрін таратушы, дамытушы үлкен сықақшы-сатирик ақын деуге болады Сәбитті.
Сәбит өзінің өлеңдерін әуел бастан-ақ қазақ тілінде көпшілікке түсіндіріп жазды.Бірді-екілі ғана болмаса, ол татарша, ескі кітапша сөздерді тіпті қолданбайды. Бұл жөнде Сәбитке Абай, Сұлтанмахмұт шығармалары, өз тұсындағы қазақ баспа сөздері жәрдем етті деп білуіміз керек,
Сәбит өлеңдерінің тілі жатық, ормды, өткір келеді. Ақын сықақ, мысқыл, әзіл өлеңдерінде сол жанрдың өзіне лайық сықақ сөздерді, шет сөздерді орынды кірістіреді. Ол әсіресе, революциядан кейінгі фельетон- өлеңдерінде орысша сөздерді батыл, орынды, жарасымды қолданады. Мысалы, оның «Нағиманы өкпесі» деген өлең-фельетонында:
Кем шығар Нағимадай келбетті әйел,
Оңай ма таласуға даладағы ел!
Ол түгіл қалада да теңелмейтін
Нешелер келте шашты құмырсқа бел.
Ол емес өзгелердей киім құмар,
Орысша он-ақ түрлі көйлегі бар.
Оны да молда қуып алғызған жоқ,
Біреуі кең боп кеткен, біреуі тар.
Жаққанмен опа-далап жөнін білген,
Жері жоқ баттастырып бет бұлдірген.
Сөзінде, жүрісінде жоқ-ақ шығар,
«Қазақстан қатыны» боп сыр білдірген.
Бәтенке үш-ақ түрлі, шәлі бесеу,
Үш пальто, бір перчатка, ішік екеу.
Ол онша ынсабы жоқ әйел болса,
Шарыпты алдырмаспа ед әлденеше?
Отыр ғой қанағат қып үш шарыпке
Иісті су айға үш-ақ сом со да көп пе?
Жоқ жерден жеті сомға қараулық қып,
Нағышта болатұғын бір-ақ сырға,
Алғаны оның өзің екі жылда.
Онысы ескі мода, кішілеу боп,
Жаңаны тапсырып ед бір қатынға .
Бағасы қымбат емес, жеті-ақ тенге,
Нағима үш сырғалы Қайдан кем бе?
Кісідей сыйламайтын әпермеген.
Халқым-ау, Қасымдікі айтшы жөн бе?
Мұны өте құнды да көркем жазылған сықақ, әзіл өлең деуге болады.
Сәбит Дөнентаев өлеңінің құрылысы (өлшемі, шумағы, ұйқасы) жөнінде де Абайдан көп үлгі алғаны көрінеді. Ол он бір, он-екі буын өлеңін Абай үлгілерімен жазған. Мысалы, оның «Жүрекке», «Өгей ұл», «Бір жыл өтті», «Елшілге», «Жәмила қыз», тағы басқа өлеңдері Абайдың «Сегіз аяғының» үлгісімен жөзылған. «Бір жыл өттіде»:
Өлді деп ер,
Қайғы мен шер.
Қаптады кеп көкіректі.
Еңбекші ел,
Көз жасы сел,
Болғанына жыл өтті.
Аз ойламас,
Аз төкпес жас,
Сорлы толған жұмыр жер.
Талай топтар,
Өксіп жоқтар
Биыл да сол жетімдер.
Бір жыл емес,
Биыл емес,
Өткен сайын жылдан жыл.
Еске еретін
Ескеретін
Көп табылар күн мен құл.
Ленин, Ленин-
Қайран ерім,
Деп еңбекші сағынар.
Сағынса өзін,
Сақтап сөзін
Тамыр қылып тағынар.
Сәбит екі өлеңді өзінше құраған. Олары: «Ой», «Күздің сыры». Мысалы, «Ой» шумағы жағынан Абайдың жеті тармақты өлеңдеріне, әсіресе «Сен мені не етесің?» деген өлеңіне ұқсайды. Ал, өлшемі, ұйқасы жағынан онан басқа, өзгеше.
Мысалы:
Қаза берсе, түбі жоқ,
Қазбағанда, суы жоқ,
Ой деген бір шыңырау.
Талаптаға жеткізбей.
Жынды қылған құрғыр-ау,
Сені қуған кісі әуре.
Қумағанның ісі әуре.
Сәбиттің «Күздің сыры» денге өлеңі шумағы, өлшемі жағынан Сұлтанмахмұттың бес тариақты өлеңіне- «Мейрімсіз ажал» деген өлеңіне ұқсайды. Бірақ ұйқасы онан басқа,- аа-а болып келеді.
Ызындаған, шулаған,
Қыбырлаған, дулаған,
Таңнан іңір басқаша-
Минут тыныс қылмаған,
Ұсақ жанды жағалап,-
Сәбиттің бұлардан басқа үш өлеңінің ұйқасы айнымалы, әр жерде әр түрлі болып келеді. Ондай өлеңдері: «Замандастарға», «Бақ құсына» (баспасөзге), «Бочканың зары».
Сөйтіп, Сәібит өлеңдерінің шумағы, тармағы, өлшемі, ұйқасы әр алуан; біраз ретте Абай өлеңдеріне ұқсайды, солардың үлгісінше келеді. Бірақ, Сәбиттің бірқатар өлеңдерінің ұйқасы Абай өлеңдерінің ұйқасында әрі мағыналы, әрі көрікті болып келе бермейді. Сәбит кейде мағынаға көңіл бөлмей, жалаң ұйқас сөз қуып кетеді.
Сәбит Дөнентаев өлеңдерінің біразы, әсіресе революциядан кейінгі өлең-фельетондары құрылысы, тілі, стилі жағынан көбінше әңгімелеу, диалог болып келеді. Ақын өлеңді жай әңгіме, кеңес сияқты етіп құрады.
Мысалы, «Біздің колхоз бәйге алды» деген өлеңінде:
Мустафа аға:
-Даяр ма шай?-
деді Әлима жеңгейге.
-Не бітірдің?
Қайда жүрдің?-
Деп жатыр-ау жеңгей де.
Етік, тонын
Тастап, қолын
Жуып жатыр Мұста екен:
-Биылғы егіс,
Жүрсе тегіс
Пайдасы-дейт күшті.
Бригат кеп:
-Доклад деп,Собрания шақырды.
-Көлік, сайман,
Тұқым жәйдан-
Айтты-ау нелер ақылды.
Нелер қулық
Нелер сұмдық
Айтылды да ашылды,
Болмайтынның,
Оңбайтынның
Көбін сотқа тапсырды.
-Егінге деп,
-Екпінді деп,
Бригада сайлады.
Сайман, көлік,
Санап беріп,
Ие қылды, байлады.
Жинап, баптап
Сорттавайттап,
Дәрілетпек тұқымды.
Соқа жамап,
Көлік санап,
Мойнына алды күтуді.
Соқадай қып,
Бәрін сай қып,
Біраз күннің ішінде.
Тегіс егіс сап,
Бәйге алуы ақ
Бұл екпінді пішенде.
Ақын мұны өмір шындығын кен қамту, күделікті, жай, қарапайым өмірді дәл беру, ойын еркін айту мақсатынмен істеді. Онысы келісті де болып шығады.
Сонымен Сәбит Дөнентаев өзінің төңкерістен бұрынғы өлеңдерін орыстын классикалық әдебиетінің, Абай мен Ыбырайдың жасқсы дәстүрінде- сыншыл реализм дәстүрінде жазды, соны джаңа жағдайға, өз заманына сай дамытты. Надандықты, жалқаулықты, ескі кертартпа әдет-ғұрыпты, әділетсіздікті ел басқарған патшашыл, ескішіл дәстүрді сынады, сықақ етті; халықты оқуға, еңбекке, ерікті, бақытты тұрмыс орнату жолында әрекет етуге шақырды.
Қазан төңкерісінен кейінгі шығармаларында қазақ халықының жаңа тұрмысын, қажырлы еңбегін бейнеледі.
Сәбит Дөнентаев өлеңдерінің негізгі бір қасиеті- жалынды, әлеуметтік сықақ-сатира. Сәбит бұрын мысал, мысқыл өлеңдерді көп жазған болса, кейін фельетон өлеңдер мен публицистік өлеңдерді көп жазды. Соллар арқылы қашан да болсын ескіні, кертартпаны сынап, әжуалап, жаңаны, өршілді дәріптеп отырды.
Ақын Сәбит өзінің өлеңдерін көбінше Абай өлеңдерінің үлгісімен жазды; соның ізімен өзі де өлеңнің жаңа үлгілерін шығарды
Достарыңызбен бөлісу: |