Білім беру бағдарламасы 6В01713 Қазақ тілі мен әдебиеті



бет20/40
Дата08.02.2022
өлшемі1,62 Mb.
#122214
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   40
Байланысты:
umkd 20 gas r bas ndag kazak adebieti.
Документ, Документ, реферат презинтация
Пысықтау сұрақтар:
1. Айқап арқылы ұлт мәдениетіне қосқан үлесі
2. Пэомасындағы аладақты, адам сезімінің пәктігін паш етуі
3. Гүлкашима дастанындағы махаббат тақырыбы
Әдебиеттер:

  1. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – Алматы: Ғылым, 1994

  2. Қазақ әдеби сынының тарихы. Кәкішев Т.- Алматы.: Санат, 1994

  3. Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. – Алматы;Санат, 1994



Дәріс-10.
Тақырыбы: Спандияр Көбейұлы (1878-1956)
Мақсаты: Спандияр Көбеевтың өмірбаяны мен шығармашылығымен студенттерге таныстыру, оларды талдау.
Қаралатын мәселелер:
1.Шығармашылық өмірбаяны.
2.Аударма саласындағы еңбегі
3.«Қалың мал» романы
4. «Орындалған арман»- мемуарлық шығарма.
1. Ұлы революция алдындағы әдебиетімізде аты белгілі демократ жазушы әрі көрнекті педагог Спандияр Көбеевтің ХХ ғасыр басындағы әдебиетіміздің тарихында алатын орны өзгеше. Спандияр Көбеев 1878 жылы 14 қазан күні қазіргі Қостанай облысы, Мендіқара ауданында кедей шаруаның отбасында туған. Ұлы Октябрь социалистік революциясынан бұрынғы заманда оқуға талаптанған қазақ баласының қолы жететіні- ауылдағы молда, пуылдық мектеп болатын. Сапндияр да оқуға талаптанып, алты-жеті жасында ауылдағы мектепке оқуға түседі, онда екі-үш жыл оқиды.
Бірақ өзі ауылдық, өзі тек діни сабақтар оқытатын, мағынасы да, рухы да мүлде жат араб, фарсы кітаптарын оқытып, жатататын мектеп зор талапты, алғыр ойлы Спандиярды қанағаттандармағаны былай тұрсын, тіпті ондай ескілікті оқуына ол жиренішпен қарайды. Жаңалық аңсап, келер заманнан зор үміт күткен талапты шәкірт енді орысша оқуды арман етеді. 1887 жылы, тоғыз жасында ауылдағы орыс мектебіне түседі. Осы орыс мектебіне түсіп, аңсаған арманының алғашқы босағасынан аттауына қазақ ұлы педагогы, аса көрнекті демократ-ағартушысы, ақын-жазушысы Ыбырай Алтынсариннің тікелей көмегі, арнайы қамқорлығы себеп болады. Спандиярдың қашанда өзін Ыбырайдың шәкіртімін деп есептеуі де ұлы педагог-ағартушысының осындай қамқорлығынан болса керек. Артынша облыстық орысша мектепке түсіп, оны 1895 жылы бітіріп шығады. Мұнан кейін Спандяир қалалық жердегі орысша оқуға ауысады. 1897 жылы Қостанай қаласына барып, сондағы екі жылдық мектепте оқиды. Оны бітірген соң екі жылдық педагогикалық курсқа түсіп оқиды. 1900 жылы аталған курсты бітіріп шығады да, бастауыш мектептің оқытушысы болып қызмет істеуге құқық алады.
Жігерлі жас оқытушы Сапндияр өзінің алған білімін, ұлы орыс халқының озат мәдениетін мәдениеттен кенжелеп қалған, өнер-білімді аңсап күткен туған халқына таратуға аса бір ықыласпен шұғыл кіріседі. Ол 1901 жылы Кішіқұм деген жердегі ауылдық орысша мектепте оқытушы болып юарады. Мұнда екі-үш жыл мұғалім болып істегеннен кейін Сапандияр болыстық мектепке ауысады. 1903 жылы Петропавл қаласының маңында, Нілді деген жердегі болыстық мектепке оқытушы болып тағындалады. Онда екі-үш жыл қызмет істеді.
Спандияр 1905 жылы Омск қаласында бастауыш мектеп оқытушыларына арналып ашылған бір айлық ауыл шаруашылық курсына білімін толықтыру үшін жіберіледі. Курсты бітіріп қайтқан соң Спандияр Петропавл қаласындағы екі жылдық орыс-қазақ мектебіне оқытушы болып тағайындалады. Бұдан былай Спандияр Көбеев Петропавл, Қостанай облыстарында оқытушы болып істеді.
Спандияр Көбеев өзінің оқытушылық қызметін бастағанда-ақ ауылда әрі оқытушы, әрі мәдениет жаршысы, әрі қоғамдық, адамгершілік мәселелердің насихатшысы болуға бар ынтасын салады; қолынан келгенше халыққа адал қызмет етуді, өз бойындағы бар білім қорын халық ісі жолында аямай жұмсайды басты мақсат деп түсінеді. өзінің ізгі ниетіне жету үшін Спандияр Кішіқұмда оқытушы болып жүріп, бос уақытында ауыл адамдарын жинап алып, оларға табиғат, география, тарих тағы басқа ғылымдардан түсінік, хабар беріп отыратын болған; қазақтың ауыз әдебиетінен, орыс әдебиетінен әңгімелер айтып беріп отырған; әсіресе И. Крылов мысалдарын еркін аударып, ауыл адамдарын таратып жұртшылық арасында зор әсер туғызады. Сөйтіп, Спандияр оқытушылық қызметі үстіне орыс әдебиеті мен мәдениетінің белгілі насихатшысы болады.
«Мен Пушкин, Лермонтов сияқты ақын, жазушылар шығармаларының мазмұнын айтып түсіндірдім; әсіресе Крыловтың мысалдарын көьірек оқып, аударып беріп жүрдім», - дейді Спандияр.
Спандияр Петропавлдағы орыс-қазақ мектебінде істеп жүрген кезінде өзінің И. А. Крыловтан аударып көпшілікке ауызша айтып жүрген мысалдарын жинап, түзеп, толықтырып баспаға жібереді. Онысы 1910 жылы «Үлгілі тәржәме» деген атпен Қазанда басылып шығады. Енді Спандияр, өзінің құрметті ұстаздары Ыбырай Алтынсарин мен орыс халқының атақты педагогы К.Д. Ушинскийдің үлгілері бойынша, өзі оқытып жүрген балаларға арнап оқу кітабын жазуға кіріседі. 1912 жылы Қазан қаласында Спандиярдың «Үлгілі бала» деген оқу кітабы басылып шығады.
«Надандыққа, феодалдық ескішіл сорақы салтқа қарсы күрес жүргізудің күрес жүргізудің бірденн-біреуі- халықты ағарту, балаларды оқыту, халықты сауаттандыру деп, оны мәнедиет сатысына аяқ бастыру деп ұғынушылардың бірі мен едім. Бірақ сегіз-тоғыз жыл оқытушы болғаннан кейін феодалдық салтпен күресу үшін бір ғана балаларды оқыту жеткіліксіз екеніне көзім әбден жетті. Бұл күресте халық санасына күштірек әсер ететін басқа да құралдар сияқты көрінеді.
Іздене келе мен осы мақсатқа жету жолында ағартушыға ыңғайлы күрес құралының бірі көркем әдебиет екен деген ой түйдім. И. Крыловтың мысал-өлеңдері аудармасының мектеп оқушысы былай тұрсын, халық бұқарасына еткен әсері осы ойымның дерегі еді. Мен осы ойымды жүзеге асыру мақсатымен 1911 жылдан бастап «Қалың мал» романын жазыға кірістім- дейді Спандиярдың өзі.
Оқытушы, жазушы ретінде Спандияр едіміздің қоғамдық өмірдегі тарихи араласып жүрді. Ол 1905-1907 жылдардағы буржуазиялық-демократиялық революция кезінде большевиктерге көмектесіп, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі мен 1917 жылғы ақпан, Октябрь революциялары кездерінде халықпен бірге болды.
Ұлы Октябрь социалистік революциясы жеңгеннен кейін, Совет өкіметі жылдарында, Спандияр оқытушылық қызметте болды. Совет жастарына саналы тәрбие беруде өз өмірінің соңғы күжеріне дейін өз ісін берілгендік жалынмен ат салысты. өзінің негізгі нығайту, елімізді индустрияландыру, колхоздастыру мәселелесіне араласып, мәдениет революцияларына белсене қатынасып келді. Ұлы Отанға сіңірген еңбектері үшін Ленин орденімен, медалбдармен екі рет наградталды. Совет Жазушылары одағының мүшелігіне сайланды, 1942 жылдан бастап партия қатарына алынды. Халық Спандяирды өз қалаулысы ретінде Қазақ ССР Жоғарғы Советіне депутат, бейбітшілікті қорғаудың қазақстандық Комитетіне мүше етіп сайланды.
Соңғы он шақты жыл ішінде Спандияр өзінің өмірі мен қоғамдық қызметі, басынан өткен оқиғалары мен ойлары, көргендері мен білгендері туралы мемуарлық көлемді шығарма жазды. Онысы «Орындалған арман» деген атпен 1951 жылы басылды.
С. Көббев 1956 жылы 2 желтоқсанда 78 жасында ұзаққа созылған науқастан кейін қайтыс болды.
2. Ұлы орыс халқының озат мәдениетін, соның ішінде өнері, ғылымы мен классик әдебиетін қазақ халқының ХІХ ғасырдың екінші жартысында жасаған демократ-ағатушылары; Абай, Шоқан, Ыбырай өте жоғары бағалады. Туған халқын орыс халқымен дос болуға, озат өнері, өскен мәдениеті, ғылым бар алдыңғы қатарлы елдерден үлгі алуға, олардың өнерінен, ғылымнан, әдебиетінен үйренуге шақырады. Осы ізгі ниетпен Шоқан қазақ халқы ауыз әдебиетінен кейбір нұсқаларын орыс тіліне аударып, оларды орыс халқына таныстыруға, ғылым дүниесіне шығаруға әрекет істеді. Абай мен Ыбырай орыс халқы классик әдебиетінің ең маңдай алды өкілдерінің шығармаларын қазақ әдебиетінің ең маңдай алды өкілдерінің шығармаларын қазақ тіліне аударды; олардың мәдениет үлгілерін өз халқына таныстырады. Бұл өз кезінде тарихи жаңа бастама, зор игі іс болды.
Ұлы демократ-ағатушыларымыз бастаған бұл жаңа бастама, игі іс дәстүрге айналып, кейінгі ұрпаққа үлкен өнеге болды. бұл бастама ХХ ғасырдың басында, біздің заманымызда кең өріс алды. Әр кездегі әдебиетіміздің, мейлі идеясы жағынан болсын, мейлі шеберлігі жағына болсын, өсу, ілгері дамуының бір негізгі көзі болды. мысалы, қазақтың ХХ ғасыр басындағы ақын, жазушыларын алсақ, олардың А. С. Пушкиннің, М. Ю. Лермонтовтың, Н. В. Гогольдің, И.А. Крыловтың, тағы басқалардың шығармаларын қазақ тіліне аудармағандары жоқ десе де болғандай. Спандияр Көбеев, Бекет Өтетілеуов, Сәбит Дөнентаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мұхамтежан Сералин, Әкірам Ғалимовтар аударма ісімен біраз шұғалданып, осы арқылы творчесволық өсті. Осылардың ішінде орыстың классик әдебиетін, әсіресе И. Крылов мысалдарын, қазақ тіліне аудаған, оларды жинап, жеке кітап етіп шығарған Спандияр Көбеев болды. ол Крыловтың қырықтан аса мысал-өлеңдерін аударып, 1910 жылы «Үлгілі тәржіме» деген атпен өз алдына жеке кітап етіп бастырып шығарды.
Спандиярдың Крыловтан ауданған, «Үлгілі тәржіме» жинағында басылған мысал-өлеңдері: «Күйеу таңдаған сұлу қыз», «Өтірікші», «Аң ауласқан қосн», «Емен мен тал шыбық», «Шал мен өлім», «Қасқыр мен тырна», «Маймыл мен айна», «Қасқыр мен мысық», «Шымшық пен көгершін» т.б. Крылов мысалдарын Спандияр Көбеев те қазақ тіліне өлеңмен аударды И. Крылов өзінің мысалдарын орыс тілінің байлығын сұрыптап пайдаланып, аса шеберлікпен көркем етіп жазды. Бірақ Спандияр Кыровтың мысалдыран, Абай сияқты, ақындық зор шабытпен, асқан шеберлікпен аудара алған жоқ. Қарапайым өлең түрінде, кейде, еркін, кейде сөзбен аударды, көбінше мағына, мазмұнын ғана бірді. Мысалы; «Разборчивая невеста» деген мысалды «Күйеу таңдаған сұлу қыз» деп, «Лисица и виноград» дегенді «Түлкі мен жүзім жемісі» деп аударды. «Күйеу таңдаған сұлу қыз» деген мысалдың орысшасы 69 тармақ та, қазақша 52 тармақ. «Хакім тілеген көлбақалар» деген мысалдың орысшасы 71 тармақ та, қазақшасы 74 тармақ. Сонда Спандияр алдыңғы мысалды өзінше қысқартып, ықшамдап, кейінгі мысалға сөз қосып, оны кеңейтіп аудағна. Шынында, Спандияр ақындық өнер, өлеңінің үлгісін көрсетейін деген мақсатпен Крылов мысалдарын аудаған жоқ. Бұл шығрмалардағы ой мен идея жазушының бойын да, ойын да билеп, аудармасқа амалы болмағандықтан аударды. Халыққа орыс әдебиетінің үлгілерін насихаттау, олар арқылы қазақ оқушыларына игі ой салу мақсатымен аударды.
Мысал өлеңдерінде И. А. Крылов аңдар, құстар, өсімдіктер жайын кеңес етеді. Сырттай қарағанда, оның мысалдары жай ғана аңдар, құстар, өсімдіктер жөніндегі жеңіл, күлдіргі ертегі, әңгіме сияқты көрінеді. Ал анықтап, мағынасына үңіліп қарасақ, Крыловтың мысалдары адам жөніндегі, адам қоғамы жөніндегі күлдіргі, өткір сықақ болып шығады. Жазушы аңдарды, құстарды, өсімдіктерді адам бейнесі ролінде суреттейді. Адамның табиғаты, мінезі, қылығы, іс-әрекеті, ой-сезімі аңдар, құстар, өсмідіктер арқылы беріледі. Жазуышының кескіндеуі бойынша, өсімдіктер арқылы беріледі. Жазуының кескіндеуі бойынша арыстан, бүркіт- патша. Ал аққу, шортан, шаян, майлыл, есек, аю, серкелер- патшаның министрлері, уәзірлері. Қасқыр, тырна, түлкі, піл- патша өкіметінің әкімдері мен төрелері: ал бақа, қой, тышқан, аң, құс, өсімдіктер- бұқара халық. Ағаштың тамырлары- шаруалар, жапырақтары- ақсұйектер.
Автор аңдардың, құстардың, өсімдіктердің табиғаты, мінезі, қылығы, арақатынасы арқылы адамдардың арақатынасын, іс-қылығын, өз тұсындағы патшалық қоғамның жайын бейнелейді; сондағы теңсіздікті, озбырлықты, сұм-сұрқиялықты әшкерелейді; үстем тап өкілдерін, билеп-төстеушілерді өлтіре мазақ, сықақ етеді; бұқара халықтың орынсыз қиналып зәбір көргеніне, азулылардың аяусыз қысыман халықтың төзгеніне аяныш білдірді.
Крылов «Бүркіт пен көртышқан» деген өлеңінде патша мен бұқараны мысал етеді. Патшаға уәзірлеріңді тыңдама, бұқара халықтың үнін тыңда дейді. «Квартет» деген мысалдарында патшаның мемлекеттік кеңесін мазақ етеді..... «Аққу, шорттан һәм шаян» деген мысалында патшаның министрлерін әжуа етеді. « Жұрт кеңесі» деген мысалында арыстанның қасықрға қой баққызғанын айтады. Зорлықшыл, жемқор чиновникке облысты, өлкені билетіп қойған патшалықты мысқылдайды. Төре, әкім, сот атаулының пара жегіштігін, халықты қан қақстатын қорқау озбырлығын және кінәнің барлығын халыққа артатындығын «Аңдарға келген індет», «Түлкі мен суыр», «Піл әскер басы» деген мысалдарында мысқыл етеді. «Патша сұрғана бақалар» деген мысалда бұрын бақалардың патшасы дөңбек болады. Бақалар оған риза болмайды. Жаңа патша сұрайды. Жаңа птша болып тырна келеді. Ол келе бақаларды бытырлатып жей береді. Бақалар зар қағады, бірақ жаңа патша сұрауға батылдары бармайды. «Ағаштың тмаырлары мен жапырақтары» деген мысалында ақын ақсүйек мен крестьяндардың талас-тартысын бейнелейді. Тамырлар дегені крестьяндар, еңбекші халық, ол қараңғы қайрат етіп, бүкіл байлықты жасап жатыр. Ал жапырақтар- ақсүйек табы. Олар бұқараның тапқанын жеп жатыр дейді. Халықтың жоқшысы болады.
Орыстың ХІХ ғасырдың классикалық әдебиеті өмірді дәл, өз қалпына алып суреттеді, оның жаман, ескі, кертартпа жағын мазақтап, жақсы, жаңа, ілгерішіл жағын мадақтады. Ол- сыншыл, реалистік әдебиет еді. Орыс халқының классик әдебиеті адамгершілікті мадақтайтын озат идеяға, патшалықты, құүлдықты мансұқ етушілік ой-пікірге, өмірді өзгерту, азап революцияшыл санаға бай еді.
Орыс әдебиетінің осындай жақсы дәстүрлеріне насихаттаған, ХІХ ғасырдағы орыс ақын, жазушыларының – Пушкин мен Лермонтовтың, Гоголь мен Крыловтың- шығармаларын ауданған қазақ ақын, жазушылары нақты өмірді, халық өмірін жырлайды, оны дәл, өз қалпына көрсетуді, ондағы жаманды, ескіні, кертертпаны мазақтап, жақсыны, жаңаны мадақтап бейнелеуді, зияндыны жою, жақсыны дамыту жөнінде халыққа жетекші болуды, азамат, қоғам қайраткері болу идеясын насихаттады. Олар сөйтіп жаңа әдебиетімізді дамытты. Екіншіден, орыс классиктерінің шығармаларын аударып, қазақ ақын, жазушылары халық арасына олардың адамгершілікті сүйгіш, прогресшіл, бостандықшыл озат идеяларын таратты. Халықты ғасырлық ұйқыдан оятты; жаңа, төте жолға, саяси революция жолын өздері түсіне алмаса да, демократтық-ағартушылық ой-сананың бірден-бірі ұйтқысы, насихатшысы болды.
3. Спандияр Көбеевтің «Қалың мал» романы 1914 жылы жазылды. Оның қамтыған тақырыбы- әйел мәселесі: қазақ әйелінің хал-жайы, бас бостандығы, әйел теңдігі, олардың оқып, білім алып,, әлеумет қайраткері болуын көздеді. Қазақ әйелдерінің хал-жайы, бас бостандығы, теңдігі деген тақырыбы бір Спандияр ғана емес, ХХ ғасыр басындағы қазақ ақын, жазуышалырының бәрі дерлік жазды. Бұл мәселені жедел шешуді әрқайсысы іздестіріп, ойластырды. Қазақ арасында әлі бектік-феодалдық ескіліктің сарқыны, ескілік заңы тіпті күшті еді. Сондықтан ондай жа,дайда еркіндікке – сүйгеніне, теңіне тиюге, теңдік алуға- талпынған қазақ әйелі мақсатына жете алмады: олар не өледі, не ескілік құрбаны болады. Осы негізде кейбір ақын, жазушылар өздерінің роман, повесть, поэмаларын бас кейіпкерлерінің өлуімен немесе трагедиялық жағдайға ұшырауымен аяқтайды.
Бірқатар ақын, жазушылар қазақ арасына бектік-феодалдық тұрғыдан қалыптасып қалған есікілік заңы күшті, бірақ қазір оны жеңе алатын өсіп келе жатқан жаңа күш те бар деп білді. Сондықтан бұл ақын, жазушылар өздерінің роман, повесть, поэмаларының оқиға желісін осы тұрғыдан дамытып, шығармадағы басты кейіпкерлерінің ескілікті жеңіп, өздерінің негізгі мақсаттарына жетуімен аяқтап отырды. Әрине, соңғы көзқарасты ұстаған ақын, жазушылар шығармаларын шындыққа жақын етіп жазды. ХХ ғасырдың басындағы, яғни 1905-1907 жылдардағы революция дәуіріндегі, сонан кейінгі кезең мен 1917 жылғы Февраль. Ұлы Октябрь социалистік революцияларының қарсаңындағы қоғамдық, әлеуметтік жағдай олардың осылай түсінуіне толық тірек, азды-көпті материал болып табылады. Әйелдердің еркіндігі үшін, саяси және адамгершілік, азамматтық құқық үшін күреске ұмтылуы өмір талабының өзі тудырған шындық мәселелері еді.
Спандияр Көбеев те осы шындық жағдайды қару етіп ұстады. Өзінің «Қалың мал» романының бас кейіпкерлері Ғайша мен Қожашты шығармасында мұрат-мақсаттарына жеткізіп аяқтайды. Жазушы бұл романында тек қалың мал мәселесіне ғана сөз етіп қоймайды. Негізгі тақырыпқа байланыстыра отырып, халықтың әлеуметтік, шаруашылық жайын да, салт- санасын да, ғұрпын да едәуір әңгімелейді. Романда елі ішіндегі әлеуметтік таптардың өкілдері, олардың шаруа тіршілігі, жер дауы, жесір дауы, ру таласы, барымта, ас-той, ойын-саулық т.б. суреттеледі. «Қалың мал» романында жетпіс шамалы кейіпкердің аттары аталады. Олардың ішінде бірқатар кейіпкерлердің аттары аталады. Олардың ішінде бірқатар кейіпкерлер тек аталып, сол аталған жерінде қалып қояды: ал бірқатары әңгіме барысында, роман сюжетінің ұласуында жиі ұшырап, тартыстарға араласып, азды-көпті қызмет атқарады. Автордың мұндай кейіпкерлері: Тұрлығұл, Итбай, Ғайша, Қожаш, Құрымбай, Байғазы, Әбіш, Амантай, Жамантай, Серғазы, Ақсұлу, Балкүміс, Жүніс, Бірке, Әлке т.б. Шығарманың кейіпкерлері, әрине, біріне-бірі қарама-қарсы екі топқа- ұнамсыз кейіпкерлер тобы мен ұнамды кейіпкерлер тобына- бөлінеді. Бірінші топқа жататын кейіпкерлер: Итбай, Құрымбай, Байғазы, Әбіш, Амантай, Жамантай,; екінші топқа жататын кейіпкерлер: Ғайша, Қожаш, Серғазы, Ақсұлу, Балкүміс, Жүніс, Бірке, Әлке. Романда осы екі топтың тартысы суреттеледі. Спандиярдың ұнамсыз кейіпкерлері түгелдей бай, би, ақсақал, атқамінер, молда-қарттар. Олар ескіні: ру-ақсақалдық, бектік-феодалдық қалыпты, соның салт-санасы, заңы, дәстүрін, ғұрып-әдетін жақтайды. Ал ұнамды кейіпкерлері- түгелдей дерлік жастар. Олар ескіге, ру-ақсақалдақ, бектік- феодалдық қалыпқы. Оның салт-санасына, заң, дәртүріне, ғұрып-әдетіне, байлар мен билердің озбырлықтарына қарсы шығады, солармен күреседі. Қазақ әйелінің бостандығы, теңдігі, еңбекші бұқараның адамдық-азаматтық құқы, еркі тәрізді мәселелерге бостандықтың болуын талап етіп, қоғамда әділеттіктің орнауын көксейді.
Спандиярдың «Қалың мал» романының негізгі мазмұнынан ескішілдер тобы мен жаңашылдар тобының тартысын және жаңаның ескіні жеңуін көруге болады. Бұл жағдайлар «Қалың мал» романының сюжетінен айқын аңғарылады.
Қатыны өлген, жасы алпысқа жеткен ірі бай Тұрлығұл, сол елдің Құрымбай, Байғазы деген байлары мен билерінің ұйғаруы, кеңесі бойынша, Итбай молданың он бес жасар қызы Ғайшаны өзіне әйелдікке алудың қамына кіріседі. Атқамінер, пысық Әбіш құдалық мәселесін жүргізеді, қалың мал береді. Ал Ғайша Тұрлығұлды менсінбейді, өлердей жек көреді. Осыдан ол өз теңі, еті тірі, оқығандығы бар Қожашпен көңіл қосады. Шешесі Ақсұлудың, жан ашыр жеңгесі Балкүмістің, жігіт ағасы Серғазының кеңесі бойынша, Ғайша Қожашпен қашпақ болады. Оны әкесі Итбай біліп қалып, Ғайшаны Тұрлығұлға тез ұзатады. Бірақ Ғайша Тұрлығұлмен тұрмайды. Аз уақыттан кейін Қожаш өз елімен келісіп, өзінің туыстары, достары Жүніс, Бірке, Әлкелердің көмегі арқылы Ғайшаы Тұрлығұлдың үйінен алып қашып кетеді. Ғайша Қожашқа қосылып, үй-жайлы, бала-шағалы болып, мақсатына жетеді.
Романдағы негізгі ұнамсыз кейіпкерлердің бірі- Тұрлығұл. Жазушы әуелі оның портретін береді. Оны былай бейнелейді: «Тұрлығұл ұзын бойлы, мес қарын, түксиген қалың қабақты, көп сөйлемейтін, жалпақ мұрын, қарсы адам қаймыққандай, елге зәбірлі, көршілеріне мазаң, қатты мінезді адам еді»- дейді.
Тұрлығұлдың айналасындағылар ел ішінде жер дауын, жесір дауын, ұрлық, барымтаны, ру таласын қоздырып, солардың мал табады. Біреудің жақсы жер-суын, біреудің жақсы аты мен тазысын, біреудің жесірі мен қызын тартып алып, нек пара бергендерге тартып әперіп жүрген зорлықшыл жауыздар, қулар болатын.
Кескіні нашар, мінезі жаман, көршіге жайсыз, елге зәбірлі, залым Тұрлығұл ауыл арасында «ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс» болып тұрғанда Ғайша алып, қалың малдың күштілігін көрсетеді. Бірақ роман желісінде Тұрлығұлдың сипаттары, мінез-құлықтары түгел ашылмайды және Тұрлығұлдың Жүріс-тұрысы, өзінің қылығы, іс-әрекеті арқылы бейнеленіп көрсетілмейді, автор өз аузынан баяндайды.
Романның ұзына бойында Тұрлығұлдың ірі бай, феодал, би ретінде өзінің малшы, жалшыларына ұрысқаны, соларға істеген қаталдығы, зорлығы, арамдығы іс үстінде дамымайды, тікелей амал қолданып, озбырлығынан бірдеме шығармайды. Яғни романның негізгі ұнамсыз кейіпкері Тұрлығұлдың бейнесі жетілмеген, ісімен жан-жақты көрінеді. Романның негізгі ұнамсыз кейіпкерлерінің бірі- Итбай молда. Жазушы Итбайды жан-жақты, толық көрсеткен. Оны тек молда, шаруа, үй қожасы ретінде іс-әрекетін ғана көрсетіп қоймай, мінез-қылығын да, ой-қиялын, ішкі дүниесін де көрсете білген. Итбай- сараң, жарамсақ: қонақ асыны адамына қарай береді: би, атқамінер, өзіне 0 пайдал адам келсе, бүтін қазы асып, асты-үстіне түсіп, жақсылап қонақ етеді. Ол әйеліне: «Сен ит қымызды әркімге құйып, астың берекесін аласын. Енді қалыпты бәйбішенің салтымен асты берекелендіріп ұста»,- дейді.
Итбай- мейірімсіз, мал жанды адам. Оның есі-дерті- мал, баю, бай деген атақ алу. Итбайға өз баласынан да мал ыстық сондықтан малды адам басынан артық көреді. Малын бәйек боп бағады, құлындарын «айналайын» деп сүйеді. Ал өз перзенті Ғайшаға ешқандай жылы шырай бермейді, жылы сөз айпайды. Итбай- мақтаншақ, атақ, құмар. Бар да бай адаммен құда болғанына масайрайды; Тұрлығұлдың үйіндегі ішкен-жегенің, оның байлығын айтып мақтанады: қорасының мал көбейгеніне, қалтасына ақша түскеніне желігеді. Жазушы бұл кейіпкерін орын-орнымен, дәлме-дәл, жарасыт, көңілге қонымды етіп суреттейді: кей жерде Итбайды әжуашыл, мысқылшыл, сықаққой етіп көрсеткен. Итбайдың бейнесі, Тұрлығұлдың бейнесіне қарағанда толық, келісті жасалған.
«Қалың мал» романының негізгі жаңашыл, ұнамды кейіпкерлері – Ғайша мен Қожаш. Романда бұл екеуінің бейнелері тәуір шыққан. Ғайша – 14 – 15 жасар қыз. «Сұлу, ай десе аузы, күн десе көзі бар; киген киімінде бір кіршігі жоқ; бармақтары майысқан; бойы тал шыбықтай; шай құйғанда бір аяқты қағыстырмай; әдеппен отырып, тұрып - жүреді». Өзі аздап оқыған, хат біледі, аузының ебі бар: жанынан шығарып өлең де айтады.
«Қожаш – орта бойлы, талдырмаш, сабыр иесі, сұлу қара торы, бір сөзді, уәдеден таймайтын жігіт. Замандастары оның сол мінездерін өте жақсы көруші еді».
Осының үстіне Қожаш оқығны, тоқығаны бар ақылды, шешен, оның үстіне жанынан шығарып өлең де айтады. Оның бұл өнерлері ауылда әрдайым болатын той – жиында, өте - мөте Серғазының үйінде болған шілдеханада, айқын көрінеді.
«Қожаштың жанынан шығарып айтатыны да болатын. Бұл жолы «Қалқам шырақты» қояйын, түсінген кісі түсінер, түсінбеген кісі түсінбес деп, ол Гайшаның қазіргі халін, өзінің оған ғашықтығын жұмбақтап өлеңге қосып, ән шырқап қоя береді.
Қожаш өлеңін аяқтап, қолындағы домбырасын Ғайшаға қарай ұсына берді. Отырған бозбалалар да, Серғазы да: жарайды, дұрыс айтасың, жиен, десті».
Қожаш пен Ғайшаның жасы да, бойы да, ойы да тең; екеуі де сұлу, әдепті, ақылды; екеуі де оқыған, талапты, жігерлі. Осыдан бұлар бірін – бірі таниды, бірін – бірі лайықты жармыз деп біледі, сүйеді. Екеуі уәделеседі.
Қожашқа Серғазы, оның әйелі Балкүміс, Ғайшаның шешесі Ақсұлу көмектеседі. Қожаш пен Ғайша бі күні түнде қашқалы тұрғанда, Итбай біліп қалады. Ол Ғайшаны ұстап алады. Ұрып – соғып, біраз күн үйіне қамап қояды. Кешікпей Тұрлығұлға ұзатады. Қожаш жолдастарын ертіп Тұрлығұлдан Ғайшаны алып қашқан соң, Тұрлығұл Ғайшаны қайтарып алмақ болады. Бірақ Қожаш ел арасының ежелгі дау – шараларын, кек, барымталарын пайдаланып, Тұрлығұлдың сөзін іске асыртпай тастайды.
Жазушы романның ең соңында, эпилогы ретінде Есіл жағасында тігулі тұрған отауды, отау маңында ойнап жүрген балаларды, жайылып жүрген малдарды, үйде шай қойып жүрген әйелді, оның шөп шауып келе жатқан ерін суреттейді.. Әйел – Ғайша, еркек – Қожаш. Отау да, балалар да, малдар да солардікі дегенді айтады. «Жарайды жігіт, қайырлы болсын тұрмысың!» - деп автор жетістігіне риза болады.
Спандияр өзінің романын қазақ тілінде, қазақтың нағыз әдеби тілінде жазды. Қазақ тілінің негізгі сөздік қорын, оның сөздік құрамын, әдеби тіл мәдениетін сарқа пайдаланды. Бұнысы әдебиетке жаңалық болып енді. Кітабы оқушы бұқараға түсінікті болып шықты.
Спандияр романында қазақтың бұрынды-соңды тұрақты сөз тіркестерін, мақал-мәтелдерін көп пайдалаған. Мысалы, ол шығармасында мынадай мақал, мәтелдерді қолданған: «Ат сатсаң, аулыңмен», «Бәтуамен кескен бармақ ауырмайды», «Сен бір шіріген жұмыртқа» т.б.
Жазушы кейде өз кейіпкерлерінің ой-пікірлерін мақал, мәтелмен, түйдекті, өткір, әдеби сөздермен беріп отырады. Спандияр тек бірді екілі мақалды дұрыс келтірмеген. Мысалы, «Іш қазандай қайнайды, күресуге дәрмен жоқ» деген мақалды «Күш қазандай қайнайды, күресуге дәрмен жоқ» деп өзгертіп алады. Күші қазанда қайнаса, күресуге дәрмені де, күші де болады ғой. Ал іші қазандай қайнап, күресуге жетпеуі мүмкін. Бұл- логикалық жағынан да дұрыс байланысады.
Спандияр шығармасында жергілікті, кәсіптік сөздер мен сөйлемдерді көп кірістірген: мазаң, шілделік, біз Итбайдан тіл тартпай келдік, «Кімді қоюдың өзі бір сүре болды», кітабы, Рысбек торы, Кібіт.
Негізінде, көркем шығармаға жергілікті, кәсіптік сөздер мен сөйлемдерді кірістіру орынды да қажет. Ол шығарманы әшекейлеп, ашып тұрады, әдеби тілді байытады. Бірақ көркем шығармаға жергілікті сөздер мен мөйлемдерді тым орынсыз, шамадан тыс көп, қалай болса солай, кірістіре бермеу де керек. Себебі ол шығарманың жалпы жұртқа түсініксіз болып шығуына, тілдің шұбалаңқы болып кетуіне итермелейді. Спандиярдың романында да бірді-екілі жергілікті сөздер бар. Мысалы, «Шілделік» (Шілдехана), «Мазаң» (мазасыз, тынышсыз, жайсыз, мағынасында), «Сүре» (талас мағынасында), «Кібіті» (дүкен), «Сыпырып шықты» (санап шықты) деген сөздер оқушы қауымының барлығына түсінікті емес.
«Қалың мал» - қазақ тіліндегі тұңғыш романдардың бірі. Оны жазғанда Спандиярдың алдында үлгісі, жанында кеңесетін кісілері болмады. Бұл жөнінде ол кейінгі жазған «Орындалған арман» деген мемуарлық шығармасында былай дейді:
«Бұл романды («Қалың мал»- Б.К) жазу маған оңай тиген жоқ... Біріншіден, роман жазылған кезде баспа жүзін көрген қазақтың жазба түрдегі көркем әдебиет шығармалары тіпті аз еді ... Екіншіден, романның сюжеті, оның құрылысы (композициясы), кеіп-кескіндері жайында, пікір алысатын да адам жоқ еді. Мұны түсінер деген бірен-саран адам болса, оның да «қызық екен» дегеннен басқа айтары жоқ болатын».
4. Спандияр Көбеевтің «Орындалған арман» деген кітабы жазушының көрген-білгендері жайындағы естеліктері мен басынан өткендері және бір уақыттағы ойлары мен оның биографиялық, мемуарлық еңбегі болып есептеледі. «Орындалған арман» қазақтың мемлекеттік Оқу-педагогика баспасы тұңғыш рет 1951 жылы басып шығарған еді. Кезінде болған сындарды, айтылған пікірлерді еске алып, біраз түзетіп, толықтырып, оны 1945 жылы қайта басып шығарды. Кітаптың мазмұны былай: 1) Алғы сөз, 2) Балалық шақ, 3) Мен оқытушы, 4) Қилы кезеңдер, 5) Орындалған арман. Алғы сөзінен басқа төрт бөлімі ( «Балалық шақ», «Мен оқытушы», «Қилы кезеңдер», «Орындалған арман») тұтас бір шығарма.
Сапндияр Көбеев жазу жұмысын көптен бері қойып кеткен еді. Оның себебін өзі былай түсіндіреді:
«1913-1914 жылдары-ақ... бас ауруы пайда болды. сол кездің өзінде маған ой еңбегімен айналасу, әсіресе жазу жұмысымен шұғылдану қиын болған. Дәрігерлер тыйым салған еді... Міне, менің жазу жұмысын тоқтатуымның негізгі себебі осы болды»,- дейді.
«Орындалған арман»- Спандиярдың соңғы жазған, совет жазушысы ретінде, жер жүзіндегі ең идеялы әдебиет өкілі ретінде жазған тұңғыш шығармасы және мемуарлық еңбегі.
Совет жазушыларының шығармалық әдісі- социалистік реализм- тұғысынан қарап, Спандиярдың «Орындалған арман» атты мемуарлық шығармасын талдап қарайық. А. И. Герцен өзінің әйгілі «Былое и думы» деген мемуарлық шығармасын тарих соқпағына кездейсоқ түскен адамның басында болған тарих сәулесі, тарих көріністері деп атаған. Олай болса, мемуарлық шығарма тарих ізімен, тарихи шындыққа сай жазылады. Оның авторы, өзінің өзі үлкен талаптар қоя отырып, тарихи шындықты- өзінің басынан өткендерін, көрген-білгендерін, әр кездегі ойларын-жазады: олады бүркемей, боямай, бұрмаламай, ашық, дәл, нақты етіп көрсетеді. Мемуар авторы өзінің өткен тамаша, терең мағыанлы, ұлы оқиғалы өмірін, өмірінің тарихи кезеңдерін қорыта келіп, бұрынғыны әңгімелей отырып, болашақты мегзейді, болашақтың бейнесін елестетеді.
Қысқасы, мемуар автор- совет жазушысы- тарихи өмірді нақты, дәл, революциялық даму қалпында көрсетуге тиісті. Ол еңбекшілерді коммунизм рухында тәрбиелеу мақсатына сай келуге тиіс. Осы тұғыдан қарағанда Спанбияр Көбеевтің «Орындалған арман» кітабының алғашқы екі бөлімі- «Балалаық шақ», «Мен оқытушы»- дұрыс жазылған. Себебі кітаптың бұл бөлімдерінде жақсының, өршілдің өкілі жазушының өзі болып отырады. Ол мейлі өзінің оқу таңдап: ескі оқуды мансұқ етіп, жаңа, орысша оқуға түсуімен болсын, мейлі оқытушы болып. Кішіқұм сияқты шет-шалғай, қараңғы түкпірлерде мектеп ашып, бала оқытуымен болсын, мейлі орыс классиктерінің шығармаларын халыққа, жастарға әңгіме етіп айтып беруімен, қазақ тілінде аударып, оқып беруімен болсын, әйтеуір, ру-ақсақалдық, бектік-феодалдық қоғам қалдықтарын сынап, мінеп және жақсыны үгіттеп, жаңаны орнықтырып отырады. Жалпы алғанда, Спандияр кітабының бұл бөлімдерінде өмірді тарихи нақты, дәл, революциялық даму қалпында көрсеткен дәуір болады.
Ал кітабының соңғы екі бөліміне- «Қилы кезеңдер», «Орындалған арман»- келгенде, яғни 1905 жыл революциясы мен 1917 жылғы Февраль, Октябрь революциялары туралы, еліміздің Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейінгі гүлденген, сәнді өмірі туралы бөлімдеріне келгенде жазушыда кейбір кібіртіктеу байқалады. Өзі ауру болған себепті өмірден кейіндеп, елдің, халықтың саяси-әлеуметтік тіршілігінен шеттеп қалған, заман деңгейінде болып, елдің, халықтың саяси-әлеуметтік тұрмысына белсене араласып, өмірге өкшелеп ілесіп, ескіні сынап,, мінеп, жақсыны, жаңаны орнықтырып жүрген адамды көрсетеуі, өмірдегі жаңашыл, ілгерілегіш бағытты өз дәрежесінде нақтылы аңғара алмаған. Осыдан Спандияр кітабының бұл бөлімдерінде өмірді тарихи, нақты, дәл, революциялық даму қалпында көрсетуге тырысса да бірсыпыра кемшіліктер жіберген.
Жазушының 1905 және 1917 жылғы ақпандағы бурзуазиялық-демократиялық революциялар мен Октябрь социалистік революциясы туралы еске алулары, көрген-білгендері үзік-жұлық, кейде көңілге қонымсыздау болып та келіп отырады. Мысалы,, автор 1905 жыл революциясы туралы көрген-білгендерінен тек екі-ақ факт келтіреді:
Спандияр Омбыда оқып жүргенде Иванов деген біреумен танысады. Ол Спандиярды Беляков дегеннің үйіне бір рет ертіп барады. Беляков оларға «Русское слово» газеті, революция туралы бір-екі ауыз сөз айтады. Инавов Спандиярды Беляковтың үйіне екінші рет ертіп бара жатқанда, Беляковты полиция көшеде айдап келе жатқан болады. Осыны көріп қорқып, Иванов та, Спандияр да бет-беттеріне қашып кетеді. Спандияр қайтып Ивановты да, Беляковты да көрмейді. Ал осындай фактілерді Спандияр астыртын үйірмеде болдым деп көрсетеді. Бірақ бұл жайларды тереңдей суреттеп бере алмайды, тек қанағаттанады. Омбыдан кеткен соң, Спандияр Қызылжар жағынан барып, ел ішінде оқытушы болып істеді. Ол кезде Керей руының бастығы Торсан мен Матақай руының бастығы Наурызбай болыстыққа таласады. Матақай руының адамы Сүлеймен деген біреу Торсан болыспен жесірге таласады. Спандияр:
«Осы тартыс 1907 жылғы дейін созылып келіп, Керей руы бір болыс. Матақай руы бір болыс болып екіге бөлінеді. Бірақ Торсан осыдан кейін өз еліне де болыс бола алмай, орнынан түсіп, баласын болыс қойғызады.
Мен Омбыдан қайтып келген кездегі ел ішіндегі бір үлкен тартыс осы Сүлеймен бастаған ереуіл болды. мен мұны қазақ шаруаларының өкіметке қарсы ереуілдерінің жалғасы деп білдім»,- дейді.
Спандияр еңбегінде 1917 жылғы ақпан революциясы туралы былай деп жазады:
«1917 жылы март айының бас кезі еді. Бір күні таңертең мектепке келе жатсам, ескі алдында екі оқытушы тұр екен. олар мені көрді де:
- Ура! Спандиярды құттықтаймыз деп, менің қолымды қатты қысып амандасты да, екеуі мектеп бастығынын үйіне қарай жүгіріп кетті. Мен тіпті мұның не екенін де түсіне алмай, таңданып қала бердім. Бірақ кешікпей-ақ білдім: Николай патша тағынан түскен екен»,- дейді.
Жазушының Ақпан революциясы туралы, ол кез туралы бар көрген-білгені, айтатыны осы Спандияр кітабында Октябрь революциясы туралы да: «Ұлы социалистік революция таянып келе жатқан сияқты»,-деп дүдамалданады. Октябрь реолюциясының жергілікті халықтың хал-жайынан, тілегінен туғанын реолюцияға жергілікті халықтардың да қатынасқанын толық суреттеп бере алмайды. Ауыл большевиктері, олардың іс-әрекеттері жайлы ештеңе де айтпайды, тек ауылға большевиктер келгендігін ғана жай хабарлайды.
Оқтябрь революциясы туралы, оған қатынасқан жергілікті жұмысшылар, шаруалар, большевиктер туралы, қазақ ауылының Октябрь революциясы тұсындағы хал-жайы айтатыны тым аз.
Спандиярдың мемуарында, жанр заңы бойынша, көрген-білгендерін, басынан өткен оқиғаларын айтпайды; кейінгі уақытта газет, журналдардан оқығандарын, әркімнен естігендерін айтады; факт келтірмейді, жалаң сөздік басым. Мысалы, Спандияр «Айқап» журналы туралы жазады. «Айқап» журналының кенеттен қолына түскен бір санына қарап отырып, жору айтатын тәрізденеді.
Кітапта Спандияр «Айқап» журналы, «Қалың мал» романы туралы жұмған аузын ашпады»,- деп жазады. Ал, дұрысында, «Айқап» журналы «Қалың мал» романы туралы жазған, пікір айтқан болатын:
«...«Қалың мал» романында Спандияр мырза қазақтың қалың мал алу турасындағы бірсыпыра әдеттерін өте ажарлы қылып көрсеткен. Итбайдың Тұрлығұл байға қызын беріп, қалың мал алғандығы, мал алып келіп жүргендегі ойларын, мақсаттарын өте жіңішке, өте әдемі көрсеткен. Бұл романды кімге де болса алып оқуға кеңес береміз»,- деген болатын.
Осы сияқты, Спандияр Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы да жазады. Бірақ ол Сұлтанмахмұтпен заманында көрісіп, араласып, пікір алысып, сонан есінде қалғанын, түйгенін айтып жазбайды.
Спандияр шығармасында қазақ халқының Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейінгі жаңа, социалистік тамаша өмірі туралы көрген-білгендерінен маңызды, саяси-әлеуметтік мәні бар мәселелер да аз сөз болады. Тек өзінің 1939 жылы Москваға орден алуға барғанын, 1940 жылы партияға кіргенін, 1941 жылы бір рет балаларды егін жинауға бастап барғанын, 1949 жылы қазақ әдебиетінің Москвада болған декадасына қатынасқанын жетті деген. Бірақ сол арман еткен, қолы жеткен сәнді өмірді, социализм заманында көрген-білгендерін аз баяндаған. Бүгінгі советтік өмірді, көзімен көрген, басынан өткен саяси, тарихи мағынасы үлкен оқиғалар мен фактілерді келтіріп, тиісінше келісті етіп суреттемеген.
Қысқасы, Спандияр Көбеев көзімен көрген, басынан өткен көптеге тарихи оқиғаларды терең мағыналы, көркем суретті, қызықты етіп тгел толғап, кең жаза алмаған. Бірақ осы тәрізді атап өтуді қажет ететін кейбір кемшіліктері бола тұрса да, «Орандалған арман» атты меуарлық шығармасында С.Көбеев Ұлы революция қарсаңындағы қазақ елінің жайын, Совет өкіметі жылдарының ұлы өзгерістерін, жаңа заманның жаңалықтарын өз түсінігінше біраз баяндаған. Спандияр қазақ халқының ХІХ ғасырдың аяқ кезі мен ХХ ғасырдың алғашқы жартысы ішіндегі бүкіл әлеуметтік өмірді өз көзімен көрді. Қоғам қайраткерлері оны жай кісі, көптің бірі деп қарамай, саналы, білімді, оқытушы-жазушы ретінде тнаиды, белсенді ағартушы-демократ екенін анықтай түседі.
Көпті көрген жазушы Спандияр Көбеев артында бірқыдыру маңызды әдеби мұра қалдырды. Оның «Қалың мал» романы мен «Орындалған арман» мемуары, қазақ әдебиеті тарихында тиісінше маңызды орын алады. Сондықтан-ақ, Спандияр Көбеевтің өз заманында қазақ тілінде оқу кітабын жазып, бастыруы, орыстың классикалық әдебиетінің кейбір шығармаларын қазақ тіліне аударуы халық үшін сіңірген еңбегі еді. Спандияр Көбеевтің есмін қашан да құрметпен атай аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет