Пысықтау сұрақтары:
1. «Қалың мал» романындағы жағымсыз кейіпкер бейнесі?
2. Ақынның романдары?
3. Әйел теңсіздігін туралы жазылған шығармасы?
4. Ақынның оқу құралы қалай аталады?
Әдебиеттер:
ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – Алматы: Ғылым, 1994
Қазақ әдеби сынының тарихы. Кәкішев Т.- Алматы.: Санат, 1994
Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. – Алматы;Санат, 1994
Дәріс-11.
Тақырыбы: Сәбит Дөнентайұлы (1894-1933)
Мақсаты:
1. Шығармашылық өмірбаяны
2. Сәбиттің өлеңдеріндегі қозғалған тақырыптары
3. Мысал өлеңдері жайлы түсіндіру
Қаралатын мәселелер:
1.Шығармашылық өмірбаяны. Ағартушылық демократтық бағыттағы шығармалар.
2.Поэзия. Өлеңдердің тақырыбы.
3.Ащы сықақ түрінде, шағын өлең үлгісінде жазған мысал өлеңдері.
Сәбит Дөнентаев яғни ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі. Ол тек төңкеріс алдындағы әдебиетімізге ғана емес, сондай-ақ қазақ кеңес әдебиетіне де бірқатар еңбек сіңірген, дәуір әдебиетінде де өзіндік орны бар ақын.Басқаша айтқанда Сәбит –қазақтың төңкерістен бұрынғы әдебиеті мен төңкерістен кейінгі әдебиетінің арасын жалғастырып, қазақтың бұрынғы ағартушы демократ әдебиетінің жақсы дәстүрін бүгінгі ең озат, барынша терең идеялы қазақ әдебиетіне ала келген ақын.
Сәбит Дөнентаев 1894 жылы қазіргі Павлодар облысы, Ермак ауданында кедей шаруаның отбасында дүниеге келді. Сәбиттің әкесі Дөнентай өзі кедей болса да, еті тірі, еңбекқор, санасы ояу, шаруашылығына ұқыпты кісі болған деседі.Жалғыз баласын қатарға қосуға құштар болған Дөнентай Сәбитті оқытып, білімді етіп шығаруға барынша тырысады. Ол Сәбитті әуелі өз ауылындағы мектепке беріп оқытады; 1909 жылы Повладар қаласындағы Қасым қажы денгеннің медресесіне (татар медресесіне) оқуға береді.
Бұл кезде Қазақстанның көп жерлеріндегі мектеп, медреселерде оқу жаңа, төте оқу әдісімен жүретін еді.
Балаларға тек дін сабақтарды, құран, эфтиек ғана оқытылмай, дүниелік пәндер де: Ана тілі, есеп, жағырафия, тарих, орыс тілі пәндері оқытылатын еді.
Осыған сәйкес Қасым қажы медресесінде де оқу жаңа, төте оқу әдісімен жүреді. Бұл пәндердің оқытылуының шәкіртері үшін недәуір прогрестік мәні болды. Өйткені шәкірттердің діни-схоластика төңірегінде отырып қалмай, әлгіндей дүниелік пәндер негізінде ойлануына,ізденіп оқуына аз да болса әсері болатын-ды.
Сәбиттің медресе бітіргенде, әкесі ойлағандай молда болып шықпай, мұғалімдік жолға ойысуына да осы жайлар ықпал етсе керек.
Сәбит 1913-1916 жылдар арасында бұрынғы Павладар уезі, Ұрық болысында мұғалім болып істейді. Омы кезде Сәбит екі рет Семей, Омскі қалаларын аралап саяхат жасайды. Бұл оның ой өрісін кеңейтеді, заман жауын, ел тұрмысын аңғаруына себеп болды.
Сәбит медреседе оқып жүргенде, ауылда мұғалімдік қызметте болғанда сол кезде қазақ, татар тілдерінде шығатын «Айқап», «Шора» журналдарын, «Қазақ», «Уақыт» газеттерін алып оқып тұрады; сол кезде «Айқап» журналында істеп жүрген өзінің әрі ауылдасы, әрі досы Сұлтанмахмұт Торайғыровпен хат жазысып тұрады, өз тұсындағы қазақ, татар әдебиеттерімен танысады. Абай Құнанбаев, Абдулла Тоқай шығармаларын оқып, үйренді, Солардың ықпал, әсерімен өлең жаза бастайды. Сәбиттің «Қиялым» атты өлеңі тұнғыш рет 1913 жылы «Айқап» журналында басылады.
Осыдан былай оның өлеңдері, мақалалары «Айқап» журналында, «Қазақ» газетінде үнемі басылып тұрады. 1914 жылы «Уақ түйек» деген атпен алғашқы өлендер жинағын бастырып шығарады. Осыдан бастап Сәбит белгілі ақын аталып, есімі көпке әйгілі бола бастайды.Газет, журналдарда белсене қатынасып, олардын бетерінде көтерілген түрлі мәселер жайында өз пікірін бұл да айта бастады. Қазақ халқы өмірінің бірсіпыра түйінді мәселелері- халықты отырықшы ету, қала етіп орналастыру, егін шаруашылығына көшу мәселелері туралы айтыс болғанда, Сәбит прогресшіл бағыт ұстайды.
1916 жылы патша үкіметінің әйгілі июнь жарлығына сәйкес қазақтың 19 жас пен 31 жас арасындағы азаматтары бірінші империалистік соғыс майданының қара жұмыстарына алынуға тиісті болады. Бұл кезде жасы толып қалған Сәбит майданның қара жұмысына бариау үшін Екібастұз көмір кеніне барып, жұмысқа түседі, онда жалданып кенші, темір жолшы болып істейді.
Екібастұзда істеп жүргенде сәбит сондағы жұмысшылар тұрмысы, ел жайы, майдан жұмысына алынған азаматтаро туралы бірнеше өлең жазады. Ол «Екібаста» деген өлеңінде:
…Ауқаулап сиыр сауған әйел даусы,
Дәл бүгін атсаң да жоқ, шапсаң да жоқ.
Завод тұр көк түтіні аспанға өрлеп,
Отырсың шайға қанбай, көзің терлеп.
Достарыңызбен бөлісу: |