Білім беру бағдарламасы 6В01713 Қазақ тілі мен әдебиеті


«Ал, енді, алаштың азаматтары! «Әркім барына мә



бет18/40
Дата08.02.2022
өлшемі1,62 Mb.
#122214
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   40
Байланысты:
umkd 20 gas r bas ndag kazak adebieti.
Документ, Документ, реферат презинтация
«Ал, енді, алаштың азаматтары! «Әркім барына мәзір» деген ғой. Біз қолымыздан келген жұмысымызды алаш пайдасына жұмсаудан тартынбай: қазақ жұрты-мызға аз да болса, бір соқпақ жол болсын деп, бастап журнал шығардық. Мақсатымыз дүние жиып, байымақ, пайдаланбақ емес, тек қана жұрттың көзі, құлағы болмақ еді. Білгенімізді жаздық, айттық. Жазылған сөзімізде, ойлаған ойымызда жаңылыстырамыз көп болған шығар... Алайда, не жазсақ та таза жүрек, таза ниетпен жазып едік.
Соның үшін азаматтар бізді айыптамас деп үмі етеміз.
Журнал шығарғандағы мақсатымыз — халыққа жол көрсетпек еді. Газетшілік һәм журналшылықтың қазақ жігіттерінің қолынан да келетін жүмыс екендігін сипат етпек еді. Біз бүл мақсатымызға жеттік. Ендігі жұмыс оқыған жастардың мойнында.
Біз надан боп өсірдік
Иектегі сақалды,
Біз болмасақ сіз барсыз
Желкілдеп шыққан жас шөптей,
Үміт еткен достарым,
Сендерге бердім батамды»2
дейді.
Сонымен, «Айқап» журналының, онда Мұхаметжан Сералиннің алдымен қолға алған, кәп жазған негізгі, маңызды мәселесі — жер мәселесі, отырықшы болу, егін кәсібімен айналысу поселка, қала салу мәселелері болды. Бүл мәселелер жөнінде Мұхаметжан өзінің «Қазақ халқының мұқтаждығы», «Біздің бүрынғы һәм қазіргі халіміз», «Шәһр Троицкі, март 1912 жыл», «Келешек заманымыздың қамы», «Жер әңгімесі», «Отырықшы болған қазақтар туралы», « Троицкі, 15 февраль, 1914 жыл» «Ескі жыр» деген мақалаларында сөз етеді.
Мысалы, ол «Қазақ халқының мұқтаждығы» деген мақаласында, әуелі, «қазақ халкының қазіргі мүқтаж-дығы, тілегі не?» деп сүрау қойып, сол бұрауға басқа-лардың берген, беретін жауаптарын келтіреді. Қейбіреулер қазақ халқының қазіргі тілегі — бүрынғы қалпында көшпелі, мал өсіруші жұрт болып қала беру дейді; енді біреулңр қазақ халқының қазіргі тілегі өз алдына мүфтілік алу дейді. Бұл дұрыс емес дегенді айтады, дүрыс емес екендігін дәлелдеп керсетеді.
Ақырында, ол қазақ халқының қазіргі тілегі — «Қай қалыппен болса да жерге орналасып алу... Бізгд ең пайдалы болған іс тезірек қала салып, егін пайдасына іжарайтын жерлерді сақтап қалу-дүр. Бүлай істесек бізге келетүғын екі-үш түрлі пайда бар: әуелі, өзіміз сүранып қала салсақ,'аз да болса, егін салуға қолайлы жерлерге ие болып қаламыз... Екінші пайдамыз — қала салсақ, мешіт саламыз, мектеп, медресе ашып, бала-ларымызды оқытып, сүйікті отанымыз болған Россияның пайдалы жүртының бірі боламыз... Үшінші пайдамыз — қалалы халық болсақ, баяғы сүраған дін тура-сындағы тілектеріміз де орнына келеді.
Ау, жұрт! Ойланайық. Келешек заманымыз қалай болады? Заманға муафық іс істейік. Заманның соңы-нан біз қумасақ, заман бізді күтпейді», — дейді.
«Біздің бүрынғы һәм қазіргі халіміз» деген 1911 жылы жазған мақаласында Мүхаметжан осы пікірлерін тағы айтады: халықты отырықшы болуға, қала салуға, егін кәсібімен айналысуға үгіттейді; оянуға шақырады. Мақаласына қазақтың: «Заманың түлкі болса, тазы боп шал» деген мақалын эпиграф етіп келтіреді2.
Мүхаметжан Сералин, «Шәһар Троицкі, март, 1912 жыл» деген мақаласын оқушылардың сүрауларына жауап етіп жазған. Отырықшы болу, қала салу неліктен пайдалы деген сүрауға жауап берген.
«Біздің түсінуімізге қарағанда қала салып, мужик ретімен жер алу пайдалы болса керек... Қала салып,бір жерге қазақ басын қосып қалса, халық халықтығын жоғалтпас еді. һәм қазіргі қолда бар тәуір жерден жер
алып қалар едік.
Көшпелілік халықтың пайдасы болмаса керек. Пайдасы болмайтындығы — көшпелі халықтың пайдаланып отырған жері өзінікі болмай, һәман қазыналық болып хисап етіледі; мынау артық деген жер һәман қазына пайдасына алына береді. Ақырында, жер азғана қал-ған соң, сол көшпелі деген елдің өзі де шарасыз қала болып отырса керек. Ол уақытта жердің қолайсызына һәм азына ұшырар. Бүл — бір.
Екінші жер тілімденіп алына-алына, қазақ ауылдары мужик қалаларының арасында бытырап қалып, түбінде өздері бір общество бола алмай, мужиктермен бір обществолас болып кетер. Мұның қазақ үшін қанша қолайлы, қанша қолайсыз екенін мужикпен кершілес қазақтар білсе керек»3, — деген.
Мүхаметжан Сералиннін, осы үзінділердегі қала салып, жерлерімізді сақтіап қалайық, тәуір жерлерге ие болып қалайық, қазір қала болмаған казақтар кейін мужик қалалары арасында бытырап қалады, мужиктермен араласып кетеді деген сөздерін және Бақытжан Қаратаевтың мемлекеттік екінші думада сейлеген «Айқап» жариялаған , М. Сералин мықты қолдаған сөзін осы күні бір қатар жолдастар теріс деп біледі: олар Қазақстанға переселен келтіруге, қазақ халқы мен орыс халқының араласуына, достасуына қарсы болды, бүла-ры үлтшылдық еді дегенді айтады.
Біздіңше бүл дүрыс емес. Себебі, бірінші, Мұхаметжан Сералин де, Бақытжан Қаратаев та Қазақстанға переселендер келтірудің езіне карсы болған жоқ, патша екіметінің пөреселен келтіру әдісіне қарсы болды.. Мысалы, Б. Қаратаевтың Думада сөйлеген сезін алсақ,. онда Қаратаев:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет