Қаралатын мәселелері:
1.Шығармашылық өмірбаяны. Сұтанмахмұт және «Айқап» журналы
2.Лирикалық өлеңдерінің тақырыбы
3.Поэмалар. «Адасқан өмір», «Кедей», «Қайғы», «Айтыс» поэмаларының тақырыбы.
4.«Қамар сұлу», «Кім жазықты» романдары.
Сұлтанмахмүт Торайғыров «Пушкин өзі өлгеннен кейін аты өлетін адам емес, мәңгі жасайтын, коғам санасында үнемі дами беретін адам. Ол жөнінде әр дәуір өзінің пікір-көзқарасын айтпақ. Бірақ қанша дұрыс айтса да, кейінгі дәуір ол жөнінде тағы да жаңа, тағы да орынды пікір тауып айтпақ. Алайда, ешқайсысы үдесіне шықпак, емес...», - дейді В. Г. Белинский.
Данышпан сыншының осы сөзімен айтқанда, Сұлтанмахмұт Торайғыров та қазақ халқының санасында мәңгі жасамак; ол туралы әр дәуір өз сөзін айтса, әр-қайсысы жаңалық тауып айтпак. Мұны ақын кайтыс болғаннан бері өткен уақыт айкын көрсетіп отыр.
Сұлтанмахмұттың шығармалары жиырмасыншы жылдардың басынан бері жинақ болып, бөлек кітап болып басыла бастады. Сонан бастап акынның өмірі, жазушылық кызметі, саяси бағыты, дүние, қоғам тануы, шығармаларының мазмұны, әдебиеттік құны туралы ірілі-уақты мақалалар үнемі жазылып келеді. Бұрынғы жазушыларымыздан бір қыдыру көп сез болған жазушылардың бірі осы Сұлтанмахмұт деуге болады.
Сұлтанмахмұт Торайғыров өзінің саналы, саяси, жазушылық өмірін:
Шындықтың аулын іздеп тустім жолға,
Разымын, не көрсем де осы жолда
Шаршармын, адасармын, шалдығармын,
Бірақ бір табамын деп, көңілім сонда,—
деп бастады. Өмір бойы осы сертін орындау жолында кызмет істеді: жарғақ кұлағы жастыққа тимей, өзіне, өз халкына өнер, білім, еркіндік, бақыт іздеді.
Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы, 28 қазан күні, қазіргі Көкшетау облысының Қызылту ауданында туады; бес-алты жасынан Павлодар облысының Баянауыл ауданында өседі. Ол анасы өліп, бір жасында жетім қалады. Сонан кейін жас нәрестені ұлы анасы алып тәрбиелейді.
Сұлтанмахмұттың туған әкесі Шоқпыт (шын аты Әбубәкір) кедей болады. Момын, қулық-сұмдыкты білмейтін, ақ көңіл, қолындағысын адамнан аямайтын жомарт, айтқанынан қайтпайтын қайратты, казақша хат білетін адам болған деседі.
Сұлтанмахмұт алты жасар күнінде әкесінен окып, хат таниды. Осыдан соң Шокпыт кейде өзі оқытып, кейде ауыл арасындағы молдаға беріп окытып, баласын оқудан үзбейді. Сұлтанмахмұт 1902—1903 жылдары Әлі деген молдада, 1904—1905 жылдары Торғай деген молдада, 1906—1907 жылдары Мұкан деген молдада оқиды.
Мұқан біраз оқыған, әдебиеттен хабары, ептеген ақындығы бар молда болса керек. Ол араб, парсы ертектерін қазакша өлең етіп жазады; біреуді мақтап, біреуді мазақтап өз жанынан өлең шығарады. Оқушыларын қазақ халқының ауыз әдебиетімен, шығыстың ертедегі үлгілі әдебиетімен таныстырады; өлең жазуға әуестендіреді.
Сұлтанмахмұт осы Мұқан молдадан оқып жүрген кезінде, он үш жасынан, өлең жаза бастайды. Оның түңғыш жазған өлеңі «Секілді өмір қысқа жарты тұтам» деп аталады. Онда Сұлтанмахмұт Торайғыров өзінің оқуы туралы, ақын болуға талаптанып жүргені туралы сыр айтады.
Мұнан кейін, Баянауыл қаласында медресе ашылып, Сұлтанмахмұт 1908—1910 жылдары сонда, молданың өз үйінде жатып оқиды. Сабақтан босағанда молда Сұлтанмахмұтқа шай қайнаттырып, отын жардырып, су әкелдіріп, малын күттіріп, малай етіп алады. Оның үстіне, бұл молданың өлең атаулымен жаны қас болады. Ол, өлең жазсаң, теріс батамды берем деп, Сұлтанмахмұтты қорқытып қояды.
Осыдан Сұлтанмахмұт Баяндағы медреседе оқып жүрген кезінде көбінесе тақуа болады. Тұла бойы толған тұмар, мойнында дұғалык, аузында зікір, оқығаны намаз болады. Қажы болам деп, «құранды» он үш парасына дейін жаттап алады.
1911 жылы Шоқпыттың көрші ауылы Нұрғали деген кісіні молда ұстайды. Бұл Троицкі қаласында оқып келген, жаңа тәртіппен оқыған кісі екен. Ол қазақ, татар тілінде шығатын газет, журналдарды, әдебиет, фән кітаптарын алдырып оқып тұрады.
Сұлтанмахмұт осы Нұрғалидан сабақ алады. Сол арқылы әдебиет, фән кітаптарын, газет, журнал оқиды. Қазак, татар әдебиетімен танысады. Дүниенің мәнін, заманның жайын аңғара бастайды. Сонан кейін Сұлтанмахмұт бойындағы тұмарлардың бәрін сыпырып отқа жағып, ескі оқуға лағнат айтып, өнер-білімге бас қояды, өлең, әңгіме жазуға белсене кіріседі.
Бүл кезде Сұлтанмахмұт «Дін», «Сарыбас», «Соқыр сопы», «Зарландым» деген ұзақ әңгіме жазады. Оларда жас ақын ескі оқу мен жаңа оқудың айырмасы, оқудың, өнер-білімнің пайдасы туралы, дін, байлык кедейлік, еңбек туралы сөз етеді.
Нұрғалида бір жыл оқыған соң 1912 жылы Сұлтанмахмұт шетке кетіп оқуға талаптанады. Оның бар ынта-тілегі шетке кетіп, үлкен қалаға барып, мол білім беретін мектепке түсіп оқу, білімді кісі болып шығу. Ол өзінің бүл талабын, ынтасын осы кезде жазған «Өмірімнің уәдесі» деген өлеңінде айқын айтады:
Оллаһи ант етемін алла атымен,
Орыс тілін білемін һәм хатымен.
История, жағрафия фәнді білмей,
Оллаһи тірі болып жүрмеспін мен.
Келгенше осыларды отыз жасқа,
Иншалла бәрін тугел ұғам басқа...
Сонымен, Сұлтанмахмұт 1912 жылы қараша айында, оқу іздеп Троицкі қаласына барады. Ақын бір хатында өзінің осы Троицкіге қалай барғанын, оқуға қалай түскенін былай баяндайды:
«...Мен өзім Семей облысына қарағаң Баянауыл маңындағы Ақбеттау болысындағы бір фақыр адамның баласы едім. Ғылым іздеуге арманым болса да дәрменім болмай жүрген жайым бар еді. Биыл өзіміздің болыстың бас адамдары... мені ескеріп, 90 теңге жинап беріп, Троицкіге жөнелтті. Биылша мұнда әзірлетіп, келешек жылы «Ғалияда» оқытуға уәде берді.
...Мен Троицкіге 25 қарашада келіп, басқа медреселерде оқу ертерек басталғандықтан, жаңарақ тәртіпке салынып ашылған ақын Рахманқұлинның медресесіне кірдім...».
Троицкіге барып, оқуға түскен кезде Сұлтанмахмұт: іздегенім табылды, енді дегеніме жетем, халқыма жүлдыз емес, ай емес, күн болам деген ойға келеді.
Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып күн болам
Қаранғылықтық кегіне
Күн болмағанда кім болам?
Мұздаған елдің жүрегін
Жылытуға мен кірем...
деп жазады. Оньң «Оқудағы мақсат не?», «Анау-мынау», «Қандай?», «Зарлау» деген сияқты бірсыпыра өлеңдері осы кезде жазылған.
Бірақ Сұлтанмахмұт бүл медреседе көп оқи алмайды, болғаны бір ғана қыс оқиды. Өйткені «аузың асқа тигенде мұрның қанар» дегеннің кебі келеді: көз ауру болып, медреседен шығып қалады. «Жығылған үстіне жұдырық» дегендей, осы кезде оған тағы жөтел пайда болады, өкпесін дерт шалғаны байқалады. Жадап, жүдейді.
Көзі жазылған соң, жазда Сұлтанмахмұт Троицкі маңындағы елге бала окытуға барады. Бұл елде жүргенде Сұлтанмахмұт бала оқытумен, кітап оқумен болады. Тек бірді-екілі өлең және «Ауырмай есімнен жа-ңылғаным» деген әңгіме жазады.
Күз Сұлтанмахмұт Троицкі каласына кайтады. Сондағы «Айқап» журналының редакциясына хатшы болып орналасады. Бұл жөнінде ол өзінің «Досыма хат» деген өлеңінде: «Бөлініп акылым алты, ойым онға... Редакцияның қызметін алдым қолға», — деп жазады.
«Айқап» басқармасында қызмет істеп жүрген кезде Сұлтанмахмұт «Қамар сұлу» деген романын, «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан», «Өлең және айтушылары», «Қазак ішінде оку, окыту жолы қалай?» де-ген мақалаларын, көптеген өлеңдерін осы кезде жазады. Бұлардан басқа ол «Тентектің жинаған шокпары», «Тамшы» деген кітаптар жазып, баспаға береді, бірақ ол кітаптары жоғалып кетеді.
Сұлтанмахмұт 1914 жылдың көктемінде «Айқап» редакциясынан шығады. Өз алдына «Заман» деген газет шығармақшы болады. Осы ретте ол кейбір журналистермен, атбекеттермен араласады. Бірақ бүл әреке-тінен нәтиже шықпайды.
1914 жылдың жазында Сұлтанмахмұт өзінің туған елі Баянауылына қайтады. Ондағы ойы ауылда біраз уақыт болып, қаржы жинап алып, үлкен қалалардың біріне тағы да оқуға кету болады. Осы оймен ол елде бала оқытады: ел жастарын оятпақ, оқуға, мәдениетке ұмтылдырмақ болады. Бүл үшін «Шоң серіктігі» деп ат қойып, мәдени-ағарту үйым ашады.
Сол 1914 жылдың күзінде Сүлтанмахмүт Семейге барады. Орысша оқуға түспек болады. Бірақ алдынан тағы да «Қорқыттың көрі» шығады: төменгі дәрежелі мектепке түсуге жасы дәл келмейді, жоғары дәрежелі мектепке түсуге білімі жетпейді, кісі жалдап, керегін оқуға қаржысы болмайды. Қатты қысылады. Сонан кейін Қотанқарағай жағына оқытушы болып келеді. Бұл сапары жөнінде Сұлтанмахмұттың өзі былай деп жазады:
« Қотанқарағайға кеткенім — ызаға шыдамадым, ең шыны күн көру үшін кеттім: қолымдағы қаражатым Семейде бірақ ай тұруға жететін болды. Семей қанша айтқанмен қалалы, сынды жер ғой, онда кем көрініп жүргенше, парықсыз қазақ арасына жетейін деп ойладым», — дейді.
Сонан Сұлтанмахмұт 1916 жылдың күзіне дейін Қотанкарағай, Зайсан жағында болады; бала окытады; мүмкін болған жерде оқытушы жалдап, өзі орысша оқиды. Бүл елде жүргенде Сүлтанмахмүт біраз нәрсе жазады, оның ең көрнектісі «Кім жазықты?» деген өлеңмен жазған романы.
Сұлтанмахмұт 1916 жылдың күзінде Томскіге барып, курсыға кіреді. Оқуға құшырланып, шұғыл кіріседі. Тиісті сабақтарынан баска орыстың классикалық әдебиетін, тарих, философия, жағрафия кітаптарын көп оқитын сияқты. Бүл кездегі хал-жайын Сұлтанмахмұт бір хатында былай баяндайды:
«...Жұмасына екі ғана обед етем (ет тағам); құр шай мен нан. Киім алғаным жоқ. Киноға, вечерлерге бір мартаба болсын барғаным жоқ. Күні-түні айналдырғаным ала қағаздың беті... Халым осы. Сонда да қайғырмаймын. Бір тиыным қалғанынша оқимын. Сонан соң, тұрмыс қандай жүк салса да көтерем. Бірақ көңілім оқуда болмақ...»,—дейді. Осылай, ол қыс бойы Томскіде оқиды.
1917 жылдың наурыз айында, Россияда Ақпан буржуазиялық-демократиялық төңкерісі болып, уақытша үкімет орнаған кезде, Сұлтанмахмұт Семей қаласына келеді.
Бұл кезде Семейде қазақтың буржуазияшыл-ұлтшылдары дәуірлеп түр еді. Олар бостандық болды, күніміз туды: қазаққа автономия аламыз, өз алдымызға мемлекет боламыз деп «Алаш» партиясын, алашорда үкіметін құрмақ болып жатыр еді.
Бұған дейін ағартушы демократ болып келген ол патшаның тақтан түсуін:
Құрт аурудай жайылған,
Құрытпаққа бізді ойлаған.
Қанымызға тоймаған,
'Қолымызды байлаған
Өшті залым қарасы,—
деп, мейлінше қуанып карсы алған Сүлтанмахмұт енді бүған, теңсіздік, қанау, мүқтаждық жойылады: барлық халық бостандық, теңдік алады; езілген, еңбекші ха-лықтың түрмысы оддалады, көзі ашылады деп түсінді, іған әбден сенді.
Осы ретпен буржуазияшыл-ұлтшылдардың ұранына ілікті, буржуазияшыл-ұлтшыл сарынға ерді.
Семейде Сұлтанмахмұт қазақ комитетінің кіші хатшысы болып істеді, «Абай» журналы редакторының бірі болды, «Сарыарқа» газетіне қатынасты. Алашорданы, оның басшыларын мадақтап бірнеше өлең мақала жазды.
Алайда, ақпан төңкерісінің нәтижесі Сұлтанмахмұт ойлағандай болмады. Алдымен, империалистік буржуазиялардың уақытша үкіметі патша үкіметінің мейлі қай жердегі болсын ұстаған жолын, жүргізген саясатын өзгертуді ойламады.
Төңкерісті өз қолымен жасаған жұмысшылар мен шаруалардың ауыр, аяныш халі, отар, бұратана ұлт-тардың халі бұрынғы қалпыпда қалды. Қүлдық, қанау, теңсіздік, зорлық, басымшылық жойылмады. Еңбекші халықтық бостандық, теңдік деген талабына үкімет кұлақ аспады, соққы берді.
Мүның үстіне, уақытша үкімет патша үкіметі бастаған империалистік соғысты соза берді. Соғысты созып, өзіне жаңа жер, жаңа ел бағындырып, соларды олжаламақ, езбек болды.
Осы сияқты, уақытша үкімет Россия бүрынғыша «бір тұтас», «бір ауызды» болу керек деді. Ұлт өлкелерінің, бұратана ұлттардың, олардың алашорда сияқты «жалпы ұлттық» ұйым-үкіметтерінің автономия сұрауы, Россиядан бөліну талабы уақытша үкіметтің саясатына қайшы келді. Россия уақытша үкіметі сондықтан ол «бөлінушілік» талаптың қандайына болсын жол бермеді, қайта қатты соққы беріп отырды.
Алашорданың автономия сұрауы жүзеге аспады. Енді олар шарасыздан бауырына барып кірді. Ниеттес болып, автономия жайлы ойларын жүзеге асырмақ болды.
1918 жылы, наурыз айында Кеңес өкіметі алашордаға ұсыныс жасады: жергілікті Кеңестермен бірігіңіздер, қазақ халқының Кеңестік автономиясын құруға кірісіңіздер, — дегенді айтты.
Бұл ұсынысты «Абай» журналы, «міне, алақай!» деп қуанып қарсы алған. Ал алашорда, оның бастықтары Қеңес үкіметінің ұсынысын қош көрмеді, қабыл алмады, жергілікті Кеңестермен бірігуді ойламады.
Олар жергілікті Қеңестермен бірігу орнына Колчак үкіметімен бірікті.
Елдегі саяси күрестер халықты қажытты. Халық қамын жеген ақын, жазушылар кімді қолдарын, қай жағына шығарын білмей торықты. Міне, сондай үміт сенімім алданды, адастым деген ойда болған ақынның бірі — Сұлтанмахмұт.
Анығында, Сұлтанмахмұтты торығушылық мұңан бұрынырақ тұманына орай бастаған еді. Ол 1917 жылдың ақырында жазған «Жас жүрек» деген өлеңінде өзінің адасқанын, сонан сұлық, құр сүлде болып жүргенін аңғарткан еді:
Жас жүрек қайда сенің ыстық каның?
Тап мұндай мұздауыңның айтшы мәнін?
Тәтті үміттің қиялы сәуле беріп,
Ұйықтатпайтын толқынның жолдың бәрін.
Қызған темір жатқандай көкіректе
Сыймайтын мезгіл қайда қанға жанып
Нанғыштык, құлай сенгіш, тәтті үміттер
Бүл күнде, айтшы, неге бет бұрғаның?
Жиреніп көргің келмей өзіңді-өзің,
Қамығып, неге осынша құрыды әлің?..
Жас жүрек айтты сонда, сезіме нан,
Сол себептен ішімде жылы емес қан:
Шындык, достық таппадым сандал қағып,
Өмір бойы алдандым тапқанымнан.
Бұл күнге адасудан көз ашпадым,
Не нәрсені көздесем тап баспадым
Дүниеден басқа рахат тілемеймін,
Кеш, арым, мен білместің адасқанын!— деп еді.
Осыдан Сұлтанмахмұт бұл кезде рухани күйреуге, рухани драмаға ұшырады; біраз уақыт дүние, тұрмыстан түңіліп, торығуға, үмітсіздікке түсті. Осы торығу үстінде Сұлтанмахмұт социализм жайын тексереді. Социализм жайында, соғыс, төңкеріс жайында көп кітаптар оқыған көрінеді. Утапист социалистердің (Жан-Жак Русснын, Шарль Фурьенің тағы басқалардың), Қ. Маркстің, Ф. Энгельстің, Г. В. Плехановтың, Н. Г. Чернышевскийдің, В. И. Лениннің шығармаларын оқыған. Бүл Сұлтанмахмұтқа зор әсер етеді: кеп ой салады. Осы кезде ол «Социализм» деген мақала, «Осы да әділдік пе?», «Неге жасаймын?» деген өлеқдер жасады.
Ақын бұл шығармаларында төңкерісті медеу етеді, дүниеге, заманға үміттеніп қарайды; оның алдағы мақсат елесі, жарқын болашақ күтетіні көрінеді; прогрес-піілдік, ағартушылық, демократтық ой-пікірі тіпті басым жатады.
Оның үстіне, бүл кезде елде Қазан социалистік төңксрісі жасалып, Кеңес өкіметі орнағалы бір-екі жыл болып қалған еді. Шет-шалғай өлке, облыстардың бірінен соң бірінде Қызыл Армия жеңіп Кеңес өкіметі орнатылып жатты.
Қызметті көп істеу, торығу салдарынан Сұлтанмахмұттың ертеде, Троицкіде жүргенде пайда болған ауруы күшейіп кетеді. Осыдан ол 1918 жылдың жазыпда, ауруымды емдетем деп, өз еліне, Баянауылға кетеді.
Өз елінде Сұлтанмахмұт әуелі, біраз уақыт тынығып, емделіп жатады. Осы кезде ол тағы да көптеген кітаптар оқиды. Әсіресе, саяси-әлеуметтік, философиялық мәселелер жөніндегі кітаптарды, орыс классиктерінің шығармаларын көп оқиды. Сонымен бірге, ол бір-сыпыра өлең, паэма жазады. Сұлтанмахмұттың ол елең, поэмаларының әрі күрделі, әрі әйгілілері «Адаскан өмір», «Кедей» поэмалары.
1919 жылдың басынан Сұлтанмахмұт өз елінде қызметке тұрады: Шідерті болысының үшінші ауылында мүғалім болып істейді. Осы жылы Сібірде, Павлодар, Баянауыл, Семей жағында Колчак үкіметі үстемдік жүргізіп тұрған кезде Сұлтанмахмұт елеусіз, жай мұғалім болып жүреді, Сол жылы, желтоқсан айында Колчак үкіметі құлап, Сібірде, Павлодар, Баянауыл жағында Кеңес өкіметі орнайды. Осы кезде Сұлтанмахмұт мүғалімдікті тастап, Павлодар қаласына барады. Сондағы уездік төңкеріс комитетінің бастығы Г. Жигаревқа жалығады.
Жигарев Сұлтанмахмұтты Шідсрті болысына төңкеріс комитетінің бастығы етіп жібереді. Оған ел ішінде Кеңес өкіметініц жолын, саясатын түсіндіруді, сайлау жүргізуді тапсырады.
Шідертіде болыстық төңкеріс комитетінің бастығы болып екі-үш ай істегеннен кейін, Сұлтанмахмұттың ежелгі ауруы мендейді; төсек тартып жатып қалады. Ауырып жатып, 1920 жылдың алғашқы айларында, ол «Айтыс» (кала ақыны мен дала ақыныньщ айтысы) деген поэма бастайды. Бірақ онысы бітпей қалады. Өйткені Сұлтанмахмұт, әлгі Шідертіде ауырғаннан үйінде ауырып жатып, 1920 жылы 21 майі күні, жасында пайда болған құрт ауруынан қайтыс болады.
Сұлтанмахмұт 27 жасында өлді, тіпті жастай өлді. Жапырағын жайып, гүлін аша алмай, қыршын кетті. Қыршын кетуі үстіне, Сұлтанмахмұттың осы қысқа; өмірінің бәрі кемшілікте, мүқтаждықта, азапта, тартыс-күресте өтті. Өйткені ол жасынан жетім, кедей, ауру болды. Бірақ Сұлтанмахмұт мұның бірде біріне қажып, мұңаймайды:
Тұрмыста үмітім көп жеңем деген,
Жеңуге жігеріме сенем деген...
Менде жоқ қажу деген, ашу деген,
Тарығып, болымсызға сасу деген,—
деп, үнемі, жарғақ құлағы жастыққа тимей, өнер, бақыт, шындық іздеумен болды.
Сұлтанмахмұттың іздеген шындығы: халықтың дертіне ем табу, «қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн бслу», «халықтың мұздаған жүрегін жібіту», «көз жасын тыю, теңсіздікті, мұқтаждықты жою», сөйтіп, халықты ерікті, мәдениетті, бақытты ету еді. Щындыктың ауылын іздеп жолға түскен ақын адасса да халық бақыты үшін ізденісте, күресте жүріп адасты. Қажымай-талмай халық бақыты үшін күресті.
Тек Сұлтанмахмұт бұл жолда істеген еңбегінің жемісін өз көзімен көре алмай кетті.
Сұлтанмахмұт осылай еңбегінің жемісін көре алмай бір арманда кетсе, айтатынын түгел айта алмай екі арманда кетті. Бұны өлері алдында ақынның өзі де айтты: «Тым болмаса, енді екі жыл тұрмадым. Іштегіні түгел жарыққа шығара алмай барамын», — деді.
Сұлтанмахмұт дүниені, табиғатты материалистік жөнімен түсінеді де, қоғамды, қоғам тарихын идеалистік женмен түсінеді, ол мейлі дүние, табиғаттың болсын, мейлі қоғам құрылысының қоғам өмірінің болсын үнемі өзгеріп, ілгері дамып, бір түр, бір қалыпта екінші қалыпқа көшіп отыратынын түсінеді — диалектиканы түсінеді.
Бірақ Сұлтанмахмұттың диалектиканы түсіну — стихиялық, қарапайым түсіну, оның диалектикасы сти-хиялық диалектика, сандай-ақ Сұлтанмахмұттың дүниені материалистік жөнмен түсінуі механикалық ме-тафизикалық материализм, қоғамдық өмірді тарихи ма-териалистік жолмен түсіндіре алмаған материализм.
Сүлтанмахмүт Торайғыров 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен бұрынғы шығармаларында қазақ халқының артта қалғандығын, қараңғылығын, жалпы саясат, шаруашылық, мәдениет жағынан тіпті кейін жатқанын керді. Оның себебі ақын қазақ арасындағы руақсақалдық, бек-феодалдық қоғам, қалдығы, патша өкіме-тінің отаршылдық ұлт саясаты деп тапты. Шығармаларында осы жағдайларды қатал сынады. Дін, қожа, молда ізденбе, әуре болма, төз, бүл дүниең болмаса ана дүниең болады деп, халыққа етек басты, рухани қысымшы, езуші болды деп, діншіл, надан, ашқарақ қожа-момданы шенеді.
Сұлтанмахмұт қазақтың әйел жөніндегі ескі, зиянды. ғұрып-әдеттерін: әйелді кем көру, қызды күйеуге жастай беру, зорлап ұзату қатын үстіне, шалға, малға беру, әмеңгерлік сияқты оңбаған, кертартпа ғұрып-әрекеттерін сынады.
Осы сияқты, Сүлтанмахмұт қазақтың өз тұсындағы би-болыстарын, басшы адамдарын қатты сынады. Олар — мансапқор, партияшыл, парақор, даукес, ел қамын ойламайды, өз қүлқынын ғана ойлайды; олар екі бірдей үстемшілігін: бір жағынан, ру басылық, феодалдық жолын, екінші жағынан, өкімет, заң өкілдігін пайдаланып, қалың бүқараны шексіз езіп, халықтың еңсесін түсіріп отыр дегенді айтады.
Сұлтанмахмұт «Кім жазықты?» романында қазақ арасында осы бектік-феодалдық қағам қалдығының өркен жайып отырғанын, оны патша өкіметі әдейі өркен жайғызып отырғанын патша өкіметінің отаршылдық қысымының шектен асьщ кеткенін суреттеді, осыларға кім жазықты деп сұрау салады.
Қысқасы, Сұлтанмахмұт Ақпан төңкерісі қарсаңындағы қазақ арасындағы бектік-феодалдық қоғам қалдығының, патша өкіметі отаршылдық саясатының батыл сыншысы болды.
Сонымен қатар, ол қазақ халқын ояту, ілгері бастыру жолдарын, халықтың теңдік алу, саясат, шаруашылық, мәдениет жағынан өркендеу, жетілу жслдарын талмай қарастырады. Бұл ретте ақынның бірден бір тапқан жолы — халықты, халықтың жаңа өспірім жастарын еңбекке, оқуға шақыру, халықты ағарту болды.
Сұлтанмахмүт заманында қазақ халқын, қазақ жастарын солай оқуға шақырғаы, үгіттеген адамдар, ақын-жазушылар көп еді. Бірақ олардың көбі халықты, жастарды жалпы оқуға шақырды: діни оқуға, тілмаштік окуға үгіттеді.
Сұлтанмахмұттың бір артықшылығы— ол діни оқуды, тілмәштік оқуды қатты сынады. «Зарландым» деген фельетон мақаласында: біз қазақ жастары тіпті оқымады дейміз. Олар ептеп ақыды. Оқығанда олардың, кейбіреуі молда, қожа, ишан болып, елден қайыр, пітір, зекет, үшыр жинап, неше түрлі өтірік айтып, халықты материалдық жақтан да, рухани жақтан да езу үшін, кейбіреулері тілмәш болып, қазақша-орысша шатып-бүтып пара алу, бұқараны жеу үшін оқыды. Қазакқа мүндай оқудың керегі жоқ дегенді айтты.
Сұлтанмахмұт халықты, жастарды дүниелік оқуға, өнер, кәсіп үйренуге, мәдениетке жетілуге, өркениетті елдерден үлгі алуға, сөйтіп, ілгері өркендеуге, басқалармен теңелуге шақырды:
Ұмтыл, ілгері аяқ басқан қандай!
Фән оқып, тараққиға асқан қандай!..
Қарасақ басқалардың жастарына,
Өнер, ғылым толып тұр бастарында.
Өзіне от, жел, суды жалшы кылып,
Алланың сайран етер аспанында!..
Сұлтанмахмұт көптеген шығармаларында, өте-мөте 1917—1920 жылдар арасында жазған «Осы да әділдік пе?» деген өлеңінде, «Кедей», «Адасқан өмір» поэмалары мен «Социализм» деген мақаласында еңбекші халықтың, — кедейдің, жұмысшының капитализм тұсындағы қайыршылық тұрмысын, ауыр азабын суреттейді. Елдегі бектік-феодалдық қанауды, қаладағы капита-листік қанауды, капиталистік қоғам қүрылысын сынайды. Соларды суреттеп, сынағанда өте дұрыс суреттеп, сынайды: ғылым көзімен көріп, әлгі еңбекші халыктың мұң-тілегі тұрғысынан қарап сыпаттап, сынайды.
Мысалы, «Кедей» поэмасының бас кейіпкері — қазақ кедейі өзінің туа-туғаннан жоқшылық, азап көргенін, ауыл арасында бай, феодал қанауынан, қалалы жерде саудагер, капиталистер қанауынан көз ашпағанын, діннің өтірігіне еріп, рухани жақтан езілгенін айтып зар жылайды. Тек өзі ғана емес, ата-баба, әке-шешесінің де осы күйде өткенін, өзі сияқты көп адамның осы күйде жүргенін баяндайды.
«Адасқан өмір» поэмасында ақын капиталистік қоғам құрылысын, капитализмді сынайды. Капиталистік қоғам негізі—жеке меншік, сенікі, менікі деуиіілік. Бұл адам баласына індет болып тиіп отыр. Жеке меншік жойылсын!
Жоғалсын «бұл сенікі, менікілік»,
Осы ғой адамзатты қырған індет..,— деді.
Осы жеке меншіктің үстемдігі жүріп жатқандықтан біреу бақытка жетсе, біреу бақытсыздыққа ұшырайды, біреу байыса, екінші біреу кедейленеді, біреу езуші болса, екінші біреу езілуші болады. Адал еңбек жанбайды.
Жоқ, байымас бұл күнде адал еңбек,
Біреу байыса, біреулер кедейленбек.
Кімде кім тез байыса, қолына ағып,
Кім кедей болса, соның малы келмек.
Капиталистік қоғамда біреулер арып-ашып, азып-тозып еңбек етеді де, екінші біреулер соның тапқанын, табан ақы, маңдай терін тек жатып жейді. Еңбек еткен өмірі еш нәрсеге жарамайды да, қарап жатқанның дүние, мүлкі асып-тасып жатады, Еңбек етпегеннің бір күн үстаған шығынын, еңбек еткен он күн істеп әрең табады. Еңбекшінің өмірі азаппен өтеді, еңбексіздің өмірі сайран-сауық, рахатпен өтеді.
Дүниенің дөңгелегі айналады,
Қімі устінде гулаяйттап, жиналады,
Кімі астында езілер саз балшыктан,
Білмеймін түбі неге айналады? —
Үстегіде не қасиет, астағыда
Не жазық — деп еріксіз ойланады.
Үстегі сындырмаған шөптің басын,
Сонда да тамағы тоқ, киімі асыл;
Жасаулы, зенттеулі палатада,
Қызметкер даяр қылар керек асын.
Он жыл қызмет бір кедем қылып таппас,
Қондырған бір жүзікке асыл тасын.
Бір кедей жылдық тамақ етер еді,
Өңдеген бояуына бет пен қасын...
(«Осы да әділдік пе?»)
Өнер-білімнің, жалпы адам баласы мәдениетінің игілігін кызығын аттың төбеліндей бай, бақытты, езуші көреді. Бүкіл адам баласын бақытты етеді деген өнер, ғылым, техника табысы адам баласыныц көпшілігім бақытсыз етуге жүмсалады. Өнер, ғылым, техника өскен сайын адамның еңбегі жеңілденіп, тұрмысы оңдалу орнына қарау, езу күшейіп, соғыс көбейіп, соғыста жұрттың қырылуы көбейіп барады.
Бірақ бүгін ғылымныц тапқандары,
Пайдасын көрсеткен жоқ кедейге әлі,
Аяусыз касқырларға азу болып,
Қой халін ауырлатты онан әрі.
Бұрып көл болса, енді теңіз болды,
Өнердің арқасында адам қаны.
Өкімет, әкім, төре дегендер, дін-қожа, молда дегендер, әділдік, ар, адамдық деген сөздер — бәрі де бардың, байдың, езушінің сөзін сөйлеп, сойылын соғады. Күштілердің күшсіздерге істеген зорлық, зомбылығын мақүлдайды, әлсіздерді алдап, арбап, қорқытып, күштеп әлсірете түседі.
Әкім деген күштіге шоқпар деген,
Зорлығын істегенде күшсіздерге...
«Дін», «әділдік», «ар», «адамдық» деген сөздер — күш-сіздерді алдауға қылған амал. Қысқасы, капиталистік когамда дүние толған бақытсыздық, дүние нахақ қан, нахақ көз жас дария болып ағады.
Бүл адамның надандығынан да, жерден тамақ табылмағандығынан да емес, жеке меншікті езушінің — «ет жейтін ауыздың» үстемдік жүргізуінен, әділдіктің жоқтығынан. Жеке меншік, — құрып, әділдік орнамай бүл жағдай өзгермейді, түзелмейді.
Сұлтанмахмұт қанауды —ет жейтін ауызды, жеке меншікті, мәдениет, өнер, ғылым, техника табыстарын — адамды бақытсыз етуге, қыруға жұмсап отырғандарды, бір сөзбен айтқанда, капиталистік кұрылысты сынайды, қарғайды, құрту керек дейді.
Ал капитализмді құртудың жолы қайсы? Қалай, не арқылы құртуға болады? Оны құртатын әлеуметтік күш қайсы? Бұл арасын Сүлтанмахмүт дәлелдеп, ашып айта алмайды. Расында XX ғасыр басындағы Россия, қазақ даласындағы капитализм сымақтың шын келбеті ақын жырлағандай мешеу халде еді ғой.
Сұлтанмахмұт капитализмді сынап, қарғап, мансұқ етіп, әділдікті, әділетті қоғамды дәріптейді. Ол әділдік деп ссциализмді түсінеді. Бұл, бірінші, оның сол әділ-дікті жалпы суреттеуінен ұғынылады да, екінші, оның «Социализм» деген мақаласында капиталистік қоғаш да әділеттіктің жоқтығын, болмайтынын айтып келе жатып, «әділдік туралы төменде, социализм мәселссіне келгенде жазамыз» деген сөзінен аңғарылады. Сүлтан-махмүт өз кезеңінде қанатын жайып келе жатқан жаңа қоғамнан зор үміт, асқан әділдік күткен еді. Социа-лизм адамзатты бақытқа жеткізер деген үмітте болған еді. Сол себепті де Сүлтанмахмүт поэмасында социа-лизм принциптерін айқындауға, обрызбен оны әділдік сипатында бейнелеуге тырысқан:
...Мен ғашықпын көруге әділдікті.
Тегіс қылып, көркейткен өмір түсін.
Ол өмірде бірді бір алдау болмас,
Жағынып, арды ақшаға жалдау болмас,
Ешкімнен достық таппай, кастық көріп,
Бар адамды сайтан деп, қарғау болмас,
Қара күштен жеңіліп, кайғы басып,
Өлгісі кеп, өмірден зарлау болмас,
Адамдығы жан, қуат, тапқыш талант
Гүл шашпай жеміс бермей қалу болмас.
Әркімнің қандай іске таланты бар,
Өмірін, күшін соған салмау болмас.
Жаратылыстан керегін әрбір адам,
Еңбегімен алуға бармау болмас.
Хәкіммін құдайшылмын, әскермін деп,
Енбексіз еңбекшілді жалмау болмас...
Аштан өлу, не байға арзан түру
Амалсыз бірін соның таңдау болмас.
Не кәрілік, не апат келген күні
Көшеде қайыршы боп сарнау болмас.
Бір тілім нан алуға банды мақтап,
Жалынып түр-тұсынан андау болмас.
Дене азыққа тоюдан жан ер жетер,
Өмірді бұл күнгідей акдау болмас.
Жан ер жетіп, дүниенің сырын табар,
«Өмірде мақсат жоқ» деп, зарлау болмас.
Таудай үміт һәм талап орындалар,
Еш еңбек бұл күнгідей жанбау болмас.
Жұмысқа кем көзбенен карау болмас,
Жұмыс қылу қорлық деп санау болмас.
Жұмысшылық құлға хас, біз мырза деп,
Еңбекшінің еккенін талау болмас.
Мен аз деймін керуге осы өмірді,
Келіңдер бақ іздеуші, болсаң жолдас,—
деген.
Сұлтанмахмұт асы әділетті қоғамның орнауы жақын тұр, тез арада жүзеге асады деген ойда. Ертең-ақ адам біткен әділдікке (социализм) бас иіп келеді, — дейді.
Ал әділетті қоғам орнатудың жолы қайсы? Не арқылы, қалай орнатуға болады? Мұны Сұлтанмахмұт теориялық жөнмен ашып айта алмайды.
Сонымен, Сұлтанмахмұт капитализмді құрту керек дейді. Бірақ оны құртудьың жолын айта алмайды. Сұлтанмахмұт социализмнің принциптерін дүрыс түсініп, тслық суреттейді, социализм орңайды дейді. Бірақ оның калай жүзеге асарын айта алмайды.
Ілгеріректе кейбіреулер Сұлтанмахмұттың өнер, ғылым, техника туралы мына айтқанын:
Бірақ бүгін ғылымның тапқандары
Пайдасын көрсеткен жоқ кедейге әлі,
Аяусыз қасқырлар азу болып,
Қой халін ауырлатты онан әрі.
Бурын көл болса, енді теқіз болды,
Өнердің арқасында адам қаны...—
дегенін іліп алып, сонан Сұлтанмахмұт Толстойдың кейбір жақтарын құлаш жайып қарсы алды. Сұлтанмахмұт Францияның атақты ағартушысы Руссоны аса сүйген, соның идеясын өзіне жақын түтқан. Сондықтан Сүлтанмахмүт цивилизациянын, есуін халыққа келген «індет» деп қарайды деген корытынды шығарды.
Сұлтапмахмұт аталмыш поэмасының тағы бір жерінде: адамзат, өнер, ғылым тауып, буды көлік етіп, аспанда қүстай ұшып, суда балықтай жүзіп, телеграф, телефон ойлап шығарып, алыстан жылдам хабар алатын болып отыр. Дегенмен, ол әлі надан, ертең аман боларына көзі жетпейді, қартаймаудың, өлмеудің амалын білмейді.
Білемін әлі күнге адам надан;
Көзі жетпес болуға ертен, аман,
Қартаймай жаннын. көбі көрге кірер,
Надандық білінбей ме осы арадан,— дейді.
Адам өнерді, техмиканы, ғылымды барған сайын өр-кендете беру керек. Ол адамның күн көруін жеңілдетеді, адамды бақытты етеді дегенді айтады.
Сұлтанмахмүт енер, ғылымға, техникаға, мәдениетке қарсы емес, енер, ғылымньщ, техниканың, мәдениет жемістерінің капитализм түсында адам баласы көпшілігін қанауды күшейтуге, адам баласын қыруға, сөйтіп, оны бақытсыз етуге жүмсалуына қарсы.
Сұлтанмахмүт айтады: «...Еуропадаағы ілімді мен екі жікке айырып ұғамын: бірі — дене азығы, екіншісі — ар азығы. Дене азығы дегеніміз — осы күнгі адам баласының жеңіл күн көруіне себеп болып жүрген саймандар ілімі. Мысалы, параход, отарба, телеграф, телефон, аэроплан, электр, пар қуатымен жүретін түрлі машина, тағы-тағылар.
Ар азығы дегеніміз — әділдік. Осы соңғы ар азығы табылмай, басқа дене азығы өнерлерінің көбеюімен жалпы адам баласының күн көрісі ауырламаса, жеңіл-демейді, бақытсыздығы көбеймесе, азаймайды.
Ар азығының ер жетпегендігінен Еуропадағы адам баласының күн көрісін жеңілдетеді, оны бақытты қы-лады деген өнердің бәрі адам баласының бірінің етін бірі жеуіне, бірінің қанын бірі үрттауға жүмсалып жа-тыр...
Жан-Жак Руссо, Толстой секілді данышпандардың «мәдениетті жер жүтса, е демеймін» деп, мәдениеттен көңілдері қарайған себебі осы неғүрлым дене азығы өнер өскен сайын адам баласының бақытсыздығы өскендіктен»\
Ар азығы өскен әділдік орнаған жерде ғылымды, техниканы, мәдениет табысын бұлай адамды езуге, қы-руға, бақытсыз етуге жүмсау болмайды, бәрі де бүкіл адамның игілігіне, бақытты тірлік етуіне жұмсалады.
...Мен ғашықпын көруге әділдікті,
Тегіс кылып, көркейткен өмір түсін,—
дейді.
Сұлтанмахмұт Торайғырсв көптеген шығармаларында дін, діни сенім, түсінік, ғүрып-әдет жөнінде, қожа, молда, тағы басқа дін басшылары, олардың іс-әрекет-тері женінде сөз қозғайды. Пікір айтады. Дін атын жамылған жемқорлық, надандықты аяусыз әшкерелеп шенеп-мінейді.
Сұлтанмахмұт Торайғыров — әдебиет, қазақ әдебиеті женінде де пікір айтқан, оған өзінше көзқарасы бар жазушы. Оны ақын өзі әдебиет майданына араласқан кезде-ақ 1913 жылы жазған «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайында», «Өлең мен айтушылары» деген мақалаларында-ақ айта бастаған. Онда Сұлтанмахмұт:
«Бұзылған қанымызды түзеп, қарайған көңілімізді жуып, жанымызға пайда, дертімізге шипа болады-мыс деген «Жарып сал жаңа әдебиетіміздің» нысана нұсқаған қолы, көрсеткен жолы жоқ, құр «қатын ойбайға» айналып, әркім соны сән көріп бара жатқан соң, қазақ жазушылары-ау, алдарыңа салып, айтып отырмын. Құр «ойбай» дегенмен, ойбайдың да ойбайы бар ғой; жылаудың да жылауы бар ғой.
Туыстағы тұрмыс дерті, зығырыңды қайнатып, бармағыңды ишйнатып, ықтиярсыз ызалы ызғарын төгеді; сай-сүйегің сырқырарлық ащы, зарлы бебеулерін нағып, көңіл толғағын, жүрек түйінін тарқатады. Мен анык, ақ сүйек, аты жоғалмайтын өлең деп, өнер деп соны айтамын. Сырт көрінісі «қатын ойбай» тұрсын «шайтан ойбай» болып көрінсе де дәмі бар, маңызы бар «ойбай» сол; қиналған қанның, қайнаған жанның, толғатқан көңілдің, толғанған жүректің сыгындысы сол.
Соның үшін ондай «ойбай», ондай «бебеу» табыла қалса, салған жерден өзі де дертке шипа бола кетеді... Соқыр кісі сыбырынан табарлық, аққұла ашық тұрады. Марқүм Абай өлеңдері секілді».
Бір халықтың сүтпен бірге байланысқан ірік-шірік қара көңілдерін ашып, жаңа рухпен жандыратын, таза пейілмен жандыратын машина шын жүректен шып-шып шырқырап шыққан өлең жыр, әдебиет деген нәрсе болады. Көңілді түзейтін машина өлең-жыр,— дейді.
Сұлтанмахмұттың бұл сөзін жинақтап, дәлелдеп айтсак, ол әдебиет 1) реалистік болсын, нағыз өмірді, халық, қоғам өмірін өмір шындығын жазсын; 2) халықтың, қоғамның, қоғам мүшесінің жарасын, дертінмінін, кем-кетігін, жайсыз мінез-қылығын, ескі ғүрып-әдетін сынап, мінесін, емдесін, түзесін; 3) халыққа, қоғамға, адамға ақыл үйретіп, кеңес берсін, жол сілтесін, емші, тәрбиеші, жетекші болсын дегенді айтады.
Екінші сөзбен айтқанда, Сұлтанмахмұт әдебиеттің мәнін, қызметін орыс халқының XIX ғасырдағы классик ақындары мен төқкерісшіл-демократтарындай түсінеді; оның эстетикалық көзқарастарына үқсайды.
Сонымен, Сұлтанмахмұт Торайғыров дүниені материалистік жолмен түсінді де, қоғамды идеалистік жолмен түсінді; дүниедегі, қоғамдағы диалектикалық дамуды түсінді. Бірақ Сұлтанмахмұттың материализмді, диалектиканы түсінуі метафизиктердің түсінуі сияқты, стихиялық, балаңдық түсіну болды.
Сұлтанмахмұт капитализмді өлтіре сынайды, жою керек дейді. Бірақ оны жоятын қоғамдық күшті көрмейді, қандай жол, нендей тегеурінді күштін, қажеттігін айта алмайды. Айту бәлкім ол кезең, ақын-жазушылары үшін мүмкін де болмады.
Сұлтанмахмұт социализмді арман етеді, социализм принциптерін дұрыс суреттейді. Бірақ оның қалай, не арқылы орнайтынын, қалай өрістерін, адамзат баласын бақытқа калай жеткізерін білмейді.
Сұлтанмахмұт дінді, діни көзқарастар мен ғұрып-әдеттерді, қожа-молдаларды әшкерелейді, сынайды, солар құрыса екен деп тілейді. Бірақ ол діннің таптық қасиетін, үстем таптың идеологиясына айналып кеткенін түсінбейді; діннің шығу, жойылу жолдарын халык-тың, адамның азаттык, тұрмысынан, шаруашылық жайынан іздемей, ой-санасынан іздейді.
Екінші сөзбен айтқанда, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың дүние, қоғам тануында, саясат-әлеуметтік кез-караста,рында бірсыпыра түсінбеушіліктері, қайшылықтары бар. Сұлтанмахмұттың бүл қайшылықтарының себебі — Оның қоғамды, қоғамның тарихын түсінуде идеалистік көзқараста қалып қоюы.
Қазақ халқының мейлі саяси, шаруашылық жақтан болсын, мейлі мәдени-ғылыми жөннен болсын артта калғандығы, өзінің мардымды оқуға түсіп, кенеліп оқи алмауы салдарынан Сұлтанмахмұт қоғамның тарихын, тұрмысын түсінуде материалистік көзқарасқа көтеріле алмады; дүниені материалистік жөнмен түсіне тұра қоғамды материалистік жолмен тани алмады.
Алайда, дүние, қоғам және олардың өзгерістері жайында философиялық пікірлер айтуы, капитализм, социализм жайында, қазақ халқының ілгері дамуы, еңбек, ғылым, техника, әдебиет жайында жаңа, прогресшіл пікірлер айтуы Сұлтанмахмұттың өз заманындағы түрлі ғылым табыстарымен азды-көпті таныс болғанын, көптеген философтардың шығармаларын оқығанын, өзінің қазақ замандастарының көбінен озық, прогресшіл, бұқарашыл болғанын айқын сипаттайды.
Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармаларының, бірі мен бірі тұтасып жатқан, екі түрлі негізгі қасиеті бар. Ол — ақын шығармаларының реалистігі мен халықтығы.
Жазушы шығармаларының тақырыптары түгелдей шын өмір, қазақ халқының Сұлтанмахмүт тұсындағы шынайы өмірі. Сұлтанмахмұт шығармаларының жиыны Казақ халқының Қазан төңкерісінен бүрынғы төңкеріс жылдарындағы қоғамдық тіршілігінің, дүние, ой-сана, ғұрып-әдеті мен мінез-құлығының әрі нағыз шындығы, орі әділ сын, халықтын. тілек-арманы.
Сұлтанмахмұт қазақ халқының қалың ұйқыда жатқандығына қайғырып, шерлі жыр толғады. Бірсыпыра өлең-жырларында қамығып, қайғырады, қайғы-шерді піертеді. Оның кейбір өлеңдері әдейі, арнай қайғы, шер тақырыбына жазылған. Мысалы, «Түсімде көрген бір аянышты хал», «Зарлау», «Жазғы кайғы», «Мұнды-лардың жолыққаны», «Нешелер көз жас төгілді», «Қай-ғы», «Мейірімсіз ажал» дегсн өлеңдері бастан-аяк зар, мұң, қайғы, уайым, өкініш, налу болып келеді. Ак.ын бұлардың бірінде жеке адамның басына түскен қайғы-қасіретті, мұң, шерді айтып, кайғырса, екіншісінде жал-пы халыктың, еңбекші бұкараның басындағы ауыртпа-лыкты, аяныш халді айтып зарлайды.
Сұлтанмахмұт тек бұл әдейі, арнай қайғы-шер тақырыбына жазған өлең, жырларында емес, баска да бір катар өлен, поэмаларында халық басындағы ау-ыртпалықты, жалшы, малшыныц жоқшылығын, аяныш халін, қайғы шерді, мұң-зарды көп сөз кылады. Дүниені, өмірді жаншылған, азап шеккен, кекті, шерлі адамдардың көзімен көріп, таниды. Мысалы, «Жапырақтар», «Туған еліме», «Жүрегім тулап шабасын», «Алты аяк», «Шал алған қызға» деген сияқты тақырыбы, аты қайғы-шерге жуыспайтын өлеңдерінін, өзі уайым, қайнғы, налу, қынжылу болып келеді.
Бірақ Сұлтанмахмұттың бұл дәуірдегі шығармаларындағы қайғысы әлсіз, күшсіз қайғы емес, яғни түрмыстан түңілу емес, қайта, болашақтан зор үміт күт-кен, жігерлі, күшті қайғы, жарқын болашақ кайғысы соны аңсау қайғысы.
Ақын, бір жағынан, өз тұсынан, өз заманынан жериді; оның кемкетігін, кертартпа, ескілік, теңсіздік зорлық-зомбылық сияқты дертін — бәрін сынайды, жерден алып, жерге салып қарғайды, сықак, мазақ етедіз соларға кектенеді. Мұны ол кейде ишаралап, аллегория, мысал түрінде, кейде ашыктан-ашык. мыскыл, сын қақ түрінде айтады. Сол үшін де Сұлтанмахмұттың революциядан бүрынғы шығармаларында өлеңнің мысал, аллегория, фельетон түрлері едәуір орын аладыі
Тек бүл өлеңі ғана емес, ақыиның тағы біркатар өлеңі осылай үміт, күш, жігер көрсету, азап тілеу, арпалысуға құлшыну болып келеді. Бұл ,ретте Сұлтанмахмұт Лермонтовтың қ ұ дайдан күні-түні бүлік, дауыл сұрайтын «Жалауы» сияқты, соны көзге елестетеді.
Тегі Сұлтанмахмұттың қайғы, шер туралы жыр шумақтарында уайымға салыну сарынымен жазылғам өлеңдерінің өзінде де шиыршық атып толғану, үміт, соны аңсау, соның жолында арпалысып, азап шегу сыры, ақын жанының ащы айқайы айқын аңғарылып, айқын естіліп түрады.
Сұлтанмахмұт өзінің төңкерістен бұрынғы шығармаларында заманынан жеруі, оны сынап, сықақ етіп жерлеуі жағынан жарқын болашақ үшін арпалысып, азап шегуге қүлшынуы жағынан Лермонтовқа біраз үксайды. Сондықтан М. Горькийдің Лермонтов туралы айтқан мына пікірін Сұлтанмахмұт жәнінде де айтуға болады. Горький айтады:
«Лермонтов Печоринді тонның ішкі бауындай жақын көреді. Өйткені Лермонтовта пессимизм ізі бар еді. Бірақ, Лермонтовта болған пессимизм әрекеттік сезім еді. Ол пессимизммен ақынның ез заманын мүқа-тып, жерлеу, жоққа шығару, күреске құлшыну, күресті аңсау үні, жалғыздығын, әлсіздігім сезіп, іші қайнау үпі аііқын сезіледі», — дейді.
Басқа сөзбен айтқанда, бұл прогресшіл, белсенді романтизм еді. Сұлтанмахмұттың төңкерістен бұрынғы шығармаларында осы прогресшіл романтизм сарыны күшті.
Бүл тағы да Сұлтанмахмұт шығармаларының реалистік, халықтығын айқындай түседі. Сұлтанмахмүт — реалист ақын. Оның әлғі қайғысы, заманынан жеруі, жарқын болашақ күтуі — бәрі күр қиялдан туған нәрселер емес, нағыз өмірден, қазақ өмірінің шындығынан туған нәрселер еді. Қазақ арасындағы надандықты, жалқаулықты, шаруаға қырсыздықты, "теңсіздікті, зү-лымдықты, жинап айтқанда, қазақ бұқарасының сол кездегі ауыр, аяныш халін дәл көріп, терең түюден ту-ған қайғы, жеру, үміт еді.
Сұлтанмахмұт — тек реалист емес, сыншыл реалист ақын. Ол қазақ қоғамы таптық-әлуметтік, мәдени-шаруашылық емірінің екжей-текжейін, шын бейне-сиқын, қазақтың тү.рмыс салтын, мінез-күлқын, нақты, дәл дұрыс көреді. Оның жақсысын, жаңасын қадірлеп, мақтап, жаманын, мінін сынап керсетеді.
Сұлтанмахмұт күшті реалист, сыншы. Реалистігінің, сыншылдығының күштілігі сол — ол қазақ қоғамы тіршілігінің болмашы, ұсақ, бірақ мағынасы үлкен жағдайларын дәл керіп, шебер сықақ етеді. Мысалы, «Айт» деген өлеңінде акын айт күнгі ауылдың, ауылдағы жас, кәрінің, бай кедейдің қалпын суреттей келіп:
Жалғыз-ақ дорба астында кедей коріп,
Аштықтан өңі кеткен әбден арып,
Әркімдер тиін-тебен беріп жатыр
Дегенде: «Құтты болсын айыт шәріп»,—
деп кеп ішінде кайыршының ауыр халін, жүдеу өдін көреді.
Ақын «Қымыз» деген елеңінде қымызға жан біткеннің құмарлығын, қымыз десе жұрттың үлкен-кіші демей, би-төре, қойшы-қолаң демей қырымнан жиналатынын, қымыз аузына тисе, лепіріп сейлейтінін, сөйле-генде қымызы барды қошеметтеп соның сөзін сөйлейтінін шебер мысқылдайды, дәл суреттейді.
Арам тер болма, достым, текке шауып,
Алғанша ауызынды бас қымыз тауып.
Қымыз тап та қырта бер, лепір, ақыр,
Жерде сөзім қалар деп қылма қауып,—дейді.
Қымыз байдың тек жұртка, әсіресе, би-болысқа сөзін сөйлету құралы ғана емес, сонымен бірге жалпы-кедей, жарлы-жақыбай көршілері мен ағайындарына тегін жұмыс істету, соларды астыртын қанау кұралы да екенін дәл көрсетеді. Кедей туғанына, кедей кершісіне бай: «...қүдық аршы, әне тұр жылқы жеріп» деп бұйырады.
Бармаса, ашуланып, үйіне ұрсар:
Ендігәрі көрші деп кымыз беріп...— дейді акын.
Қымыз, байлық, баю, үстем болу — би, болыс болу құралы деп қорытады.
Ақын қазақ бұқарасының басындағы екі бірдей қанаулы — бектік-феодалдық, капиталистік-отаршылдық қанауды — дәл көреді. Оны екі жақты қанап отырған бір адам екенін, яғни қазактың байы, феодалы екенін: Ол, бір жағынан, өзінің ежелгі ру басылык, ақсакалдық байлық хүқын пайдаланып қанаса, екінші жағынан, патша өкіметінің өкілі: Болыс, ауылнай, би ретінде канап отырғанын айна-қатесіз дәл көреді, суреткерлікпен бейнелеп береді.
Осы сияқты, Сұлтанмахмұт казақ арасында ескіні дс, жаңаны да айқын көрді. Ол қазақтың малға, шалға сатылып, шәриғат, әмеңгерлік жолын ұстап, ескіліктің, надандыктың күрбаны болып отырған Қамар сияқты әйелдері мен қатар оқу-білімге, бостандық-теңдікке үмтылған Аппақай сияқты әйелдердің де бар екенін айтады; қазақтың дала мен қаланың барлық жаман мінез, әдетін үғып, елге масыл болып жүрген Әжібай, Жүсіп сияқты жастарымен қатар Әнуар, Хасан сияқты талапты, жаңашыл, үлгілі жастары бар екенін де дәл байқап, типтендіріп бейнелейді.
Сөйтіп, Сұлтанмахмұттың төңкерістен бұрын жазған шығармаларында халық өмірінің шындығы дәл сурет-келеді — прогресшіл, белсенді романтизм мен сыншыл реализм ұштасып жатады. Бұл бұрынды-соңды өткен үлкен, күшті ақын-жазушылардың бәрінде де болатын жақсы қасиет еді.
Сүлтанмахмүт сыршыл-лирик ақын. Оның өлең-жырларының басым көпшілігі лирика болып келеді. Ақын өзінің өлеңдерін, өз сөзімен айтқанда, қайнаған қанның, қиналған жанның, толғатқан кеңілдің, толған-ған жүректің сығындысы етіп жазады; яғни ол өзінің дүние, қоғамда, түрмыс, тіршілікте сезген түйгенін, аң-ғарған-тоқығанын, көрген-білгенін, алған әсерін — бәрін өзінің ішкі дүниесі, жан сыры, өзінің қайғысы, шаттығы, арман мұңы етіп айтады.
Қазақ халкыньщ Абайдан бұрынғы әдебиетінде поэзияның (лирикалық поэзияның) тек бір жанры ғана; саяси лирика ғана болушы еді. Ол түгелдей насихат, үгіт, арнау, мақтау, жерлеу, сықақ ету болып, келісті кестесі жоқ, сырдан, шешен сөз, тақпак, мақал, мәтел болып келуші еді.
Абай қазақ поэзиясын байытты, оны көп жанрлы етті. Ол ең алдымен, қазақ поэзиясында бұрыннан бар саяси лирика жанрын ұстартып, дамытты. Оның үстіне, қазақ әдебиетіне лириканын. мәдениетті елдер поэзиясында болатын басқа жанрларын тыңнан, тұңғыш рет енгізді: махаббат, табиғат, көңіл күйі лирикасын косты
. Қазақтың XX ғасыр басындағы бірқатар көрнекті .акындары Абайдан үйренді. Абайдын, ізі, үлгісімен лириканың барлық жанрында да жазды. Соның бірі Сұлтанмахмұт Торайғыров. Сұлтанмахмұт өлеңдерінде саяси лирика да, махаббат лирикасы да, табиғат лирикасы да, көңіл күйі лирикасы да бар.
Сұлтанмахмұттың саяси лирикаға жататын өлендерінің көрнектілері — «Оқып жүрген жастарға», «Оқудағы мақсат не?», «Анау-мынау», «Зарлау», «Ендігі бет алыс», «Бір адамға», «Шәкірт ойы», «Сарыарқаның жаңбыры», «Осы да әділдік пе?», «Жас жүрек», «Кезек қашан келеді?», «Өң бе, түс пе?»; махаббат лирикасына жататын өлеңдері — «Альбомнан», «Сымбатты сұлуға», «Қыз сүю», «Гүләйім», «Жан калқам», «Орамалға», «Қүншіл ақ кірпік», «Қ...ға сәлем»; табиғат лирикасына жататын өлеңдері — «Гүл», «Жапырақтар», «кеш», «Жазғы қайғы», «Жылы кеш»; көңіл күйі лирикасына жататын өлеңдерінің маңыздары: «Көңілді кендіретін тағдыр», «Тұрмысқа», «Жақсылық көрсем өзімнен», «Туған еліме», «Жүрегім тулап шабасың», «Неге жасаймын?», «Алты аяк», «Көңілім неге жасыйсын?».
Сұлтанмахмұттың өлеңдерінде махаббат, табиғат лирикасынан саяси лирика мен көңіл күйі лирикасы әлде қайда басым жатады. Оның әлгі өлең-жырының тек он бес-жиырмасы ғана махаббат, табиғат лирикасы, калғандарының бәрі де саяси лирика мен көңіл күйі лирикасы.
Ақын өлеңдерінде көбінше саяси-әлеуметтік мәселелерді, халыктың көкейін тескен, мүң-тілегі болған мәселелерді сыр етіп, өз халы, өз арманы, өз мұңы, өз куанышы етіп айтады. Ол арнаулы саяси лирикасында ғана емес, табиғат, махаббат, кеніл күйі жөніндегі лирикалық өлеңдерінде де сөзді әлеумет өміріне, саяси мәселеге карай бұра береді.
Мысалы, «Жазғы қайғы» деген өлеңінде жазды, жазғы күнгі тірлікті, жайлауды келістіріп суреттеп келіп, қазақ елінің отырықшы болып қала салмағанын, соның салдарынан жерінен айрылып, мәдениеттен кенже қалып отырғанын айтады. Осы сиякты, «Гүләйім» — деген өлеңінде өзінің Гүләйімге ғашыктығын білдірумен қатар, қазақ қыздарының бас еркі жоқ екенін, әйел бостамдығы мәселесін сөз етеді.
Сұлтанмахмұттың лирикалық өлеңдері көлемді, ұзақ болып келеді. Поэмаға жуық, эпикалық жақрға шамалас жатады. Абайдың лирикалық өлеңдерінің көпшілігі 20>—30—40 жол болып келеді; «Масхұт» деген поэмасы 128 жол. Ал, Сұлтанмахмұттың лирикалық өлеңдерінің көпшілігі 40—50—60 жол болып келеді. Мысалы, оиың «Тұрмысқа» деген өлеңі — 65 жол, «Зарлау» деген елеңі — 84 жол, «Анау-мынау» деген өлеңі — 64 жол, «Кенілді көндіретін тағдыр» дегсн өлеңі — 50 жол, «Алты аяқ» деген өлеңі — 42 жол, «Жас жүрек» деген өлеңі — 44 жол, тағы басқа өлеңдері де осындай көлемділеу.
Сұлтанмахмұт өлеңдерінің бұлай көлемі ұзын болып келуінің екі түрлі себебі бар: бірінші. Сұлтанмахмұттың лирикалық өлендерінің көпшілігі акынның тәжірибесіздеу жас шағында, пісіп жетпеген шағында, лириканы әлі меңгеріп алмаған кезінде жазылған. Сондыктан оның лирикасының бәрі бірдей бас-аяғы жинақты, дәл болып келе бермейді.
Екінші, жоғарыда айтқанымыздай, Сұлтанмахмұтта саяси лирика басым, оның лирикасының көпшілігі саяси лирика болып келеді. Ақын табиғат, махаббат, көңіл күйі жөніндегі лирикалық өлеңдерінің өзінде кейде саяси лирикаға ауысып кетіп отырады.
Лирика ақынның ішкі жан дүниесін, ойын, табиғаттан, коғам өмірінен алған әсерін, жүрек күйін баяндайтын шағын, қысқа өлең, жыр ғой. Бірақ оның барлық түрі бірдей бүлай шағын, қысқа болып келе бермейді. «Мұртына қарай іскегі, сабасына карай піспегі» дейді казақ макалы. Сол айтқандай, әдебиеттік әрбір шығарманың мазмұнына карай түрлі түріне қарай мазмұны болады. Мазмұны мен түр тығыз байланысты, біріне-бірі сай болуға керек. Бірақ бастаушы, жетекші мазмұн болады. Түрге карай мазмұны пішілмей мазмұнға қарап түр пішіледі; түрге қарап мазмұн өзгермеп, мазмүнға қарап түр өзгереді.
Осы сияқты, жалпы лириканың, оның ішкі жанрларының түрі — құрылысы, көлем мөлшері оның мазмұнына карай қиюласады, мазмұнына қарай езгеріп отырады. Мысалы, ақын табиғат, көңіл күйі махаббат жөніндегі лирикада елес еткен бір ойды, бір сезімді, көңілдің бір сәттік күйін, бір картинаны суреттейді. Егер-де сонда бірнеше ой, бірнеше сезім, бірнеше картина суреттелсе, арасына бөтен сөз араласып ақын алдына қойған айқын мақсатына жете алмай калуы мүмкін. Ондай жағдайда лирика жанр табиғатынан айнып, әсерлі болмайды. Сондықтан махаббат, табиғат, көңіл күйі жөніндегі лириканың көлем-мөлшері шағын, кысқа болмағы абзал.
Ал, саяси лирикада ақын кебінекей үлкен, күрделі тақырыпты, заманның бір келелі мәселесінен сөз козғанды. Оны дәлдеп, бейнелеп жан-жакты суреттеу үшін ақын белгілі бір тарихи дәуір сипатын, ол кезеңде өмір сүретін адам жайында, олардың мінез-кұлқын, көзкарасын суреттейді, солардыц характерін жасайды. Соңдықтан елеңнің құрылысы өзгеріп, көлем мөлшері ұзарып кетеді. Өзінше бір лирикалық өлең, лирикалық баллада, әйтпесе кішігірім поэма болып шығады.
Сонымен, Сұлтанмахмұт лирик, көбінше саяси лирика жанрында жазған ақын. Оның лирикасы идеялы, терен, мағыналы болып, акынның өзі айтқандай, оқушының жанына пайда, дертіне шипа беретін болып келеді. Бұл Сұлтанмахмұттың өзіне тон ақындық бір өзгешелігі, өзіне тән әдеби стилі.
Сұлтанмахмұт бааяғы бес-алты поэма жазған ақын. Олар: «Адасқан өмір», «Кедей», «Айтыс», «Қайғы», «Қайғы» поэмасының үзіндісі, тіпті кысқа поэма деуге келмейді. Біз Сұлтанмахмұттың кейбір поэмаларына тоқталып, өзіндік ерекшеліктерін сөз етеміз.
Өмірбаянында айтылғандай, Сұлтанмахмұт 1917 жылдың күзінде жазған «Жас жүрек» деген өлеңінде өмір бойы алдандым, адасудан көз ашпадым, өмірім — адасқан өмір деп білді. Соның артынша, 1918 жылдың орта кезінде жазған поэмасын «Адасқан өмір» деп атады.
«Адасқан өмірдің» кейіпкері бірақ кісі, «Мен» деген лирикалық каһарман. Ол өзінің өмірін бес кезеңге бөліп: 1) мен бала; 2) мен жігіт, 3) мен тоқтадым, 4) мен кәрі, 5) мен өлік деген бөлімдерге жүйелеп баяндайды. Кісінің жарық дүниеге келгенінен өлгеніне дейінгі қалпын, сезімін, ойын, арманын бәрін жыр етеді, суреттейді. Адамның өмір кезеңі, жас шамасына орай дүние құбылысын құйылтып, езгертіп, дамытып, күрде-лендіре түседі.
Кейіпкер өз өмірінің, екінші кезеңін — «Мен жігіт» деген бөлімін айрықша мән беріп, толық суреттейді.
Мен жігіт, он бес-отыз арасында,
Бұл жаста көп: бересі, аласым да.
Алдымда толған мақсат, толған тақдау,
Алайын ба мынасын, анасын ба?..
Жалыны бойға сыймаіі сырттан көрініп,
Күн сайын тұрады артып кайрат, күшім.
Әр үміттің қиялы сәулеленіп,
Түн бойы ұйқы бермес, толқып ішім — дейді.
Осылай ол өнер, жол таңдайды. Әуелі, байлықты онан кейін, әкімдік, қолбасылықты, үшінші, ғалымдыкты, өнер тапқыштықты таңдайды. Бірақ осының бәрінен дәл орынды дәлелдер айтып, дәлірек айтқанда капитализм тұсындағы байлықтан, әкімдік колбасылықтан, өнер, ғылымнан халыққа: кедей, бейшараға келетін пайда жоқ деп, безіп шығады. Ақырында ол әділдікті таңдайды:
Ендеше мен жабысам негізгі іске,
Әділдікте бар негіз, бақ та, күш те,
Қаламан әділдіктен басқа жолды,
Өңім тұрсын, кірмесін түнде түске — дейді.
Қоғамдық өмір, әділдік, дін, адамгершілік, еңбек, кәсіп, тап, байлык, кедейлік, канаушылык, ұлт, соғыс, өнер, ғылым сияқты кептеген саяси-әлеуметтік күрделі мәселелерді, дүние қоғам, өлім сияқты бірсыпыра философиялық мәселелерді қозғайды, бәрі жөнінде маңызды, орынды қорытынды айтады. Ақын байламы халық, еңбекші бұқара мүддесі тұрғысынан қарап жасалады.
Поэманың, кей жерінде кейіпкер налып, қайғырып, торыққандық үн білдіріп отырады. Бұл заңды. Өйткені өмір бірыңғай қуаныш шаттықтан ғана тұрмайды ғой. Күн мен түн секілді адам өмірінде қуаныш пен қайғы праласып, алмасып келіп отырады. Ақын да осы болмысты бетке алып, лирикалық қаһарманын бірде қуанышқа кенелтсе, бірде кайғыға батырады. Поэма кейіпкердің елуімен аяқталады. Бүл да заңды. Тумақ бар. Өлмек хак. Адам өмірі жайлы поэманың лирикалық «Меннің» өлімімен аяқталуы ойға сиымды. Дегенмен, жалпы алғанда, поэмада жігер, қайрат, ілгері үміт, оптимизм күшті. Кейіпкер әділдік іздеуге, соның жолында қызмет етуге құлшынады. Өмір үшін арпалысып, бейнет шегуге әзір. Бақытқа жету шарты — күрес. Әділдік заманы орнауға жақын түр. Ендеше неге бақытқа талпынбасқа?! Ақынның:
Сол уақытты тездетуге қылмақ қызмет,
Бақ іздеген адамға парыз-міндет —
дейтіні сондықтан.
Сұлтанмахмұт «Адасқан өмір» поэмасынын, бір жерінде лирикалық кейіпкер атынан:
Бейшараны шын досқа санар едім,
Ол үшін оқ астына барар едім
Бай жағы жүз мың болса, кедей жалғыз,
Қорықпай жалғыз жакта қалар едім —
деп, ант еткен еді. Сол антына сай «Адаскан өмір» поэмасынан кейін, 1919 жылдың бас кезінде Сұлтанмахмұт, адасып келіп тапқаным осы, мен өле-өлгенше калың бүқара — халықпен бірге болам дегендей, «Кедей» поэмасын жазды.
Сұлтанмахмұттың бұл поэмасының кейіпкері де бірақ кісі — қазақ кедейі. Поэманың желісі, мазмұны сол кедейдің өмірі, көрген-білгені, сезген-түйгені, ой-арма-ны болып өріледі. Соның бәрін бастан-аяқ кедей өз аузынан баяндайды.
Кедей, әуелі, ауылда бай, феодалдың қызметін істеген: солардың отын жағып, күлін шығарған, суын әкеліп, асын пісірген, егінін егіп, пішенін шапқан, баласын қараған, қысы, жазы малдарын бакқан, әйтеуір күні-түні тыным көрмеген. Сонда да жылы сөз естімеген, бүтін киім кимеген, тойып ас ішпеген.
Онан кейін кедей қаладағы капиталистің жұмысын істеген: темір жолда, завод, фабрикада, шахтада күніне 14—15 сағат өліп-талып жұмыс істеген, шеккі көрген. Сонда да алған ақысы пәтер-үйіне, тамағына, киім-кешегіне жетпеген. Сондықтан ол саудагерден, алып-сатардан, өсімқордан несиеге мал, пұл, аэық-түлік алып, қарызға белшесінен батқан.
Бұл екі бірдей қанаудан кедей күйзеліп, жабырқайды, ойланып, толғанады, өзін мырзалармен салыстырады:
Анау Жақып, сен түзеп, сауық құрған,
Құрдасым емес пе еді бір күн туған...
Жақыптың қай еңбегі менен артык:
Етігін де шешкен соң біреу тартып?
Құдайға не жазып ем тумай тұрып,
Туғаннан мені жоқ қып, оны жартып?—дейді.
Осыдан ол қорытынды жасайды: өзін сол күйге түсірген сол замандағы қоғамдық құрылыс, капитализм екенін, байлықтың ұрлық жемісі екенін, үстем салт-сана рухани қысымшы екенін, өзінің қоғамдық қасие-тін; бақытқа, жаксы түрмысқа талпынатынын, сол жолда қызмет етуге талап, жігері, әл куаты бар екенін аңғартады.
Мұнан кейін кедей өзін ауыр күйге, өрескел теңсіздікке түсірген қоғамдық тәртіпке наразы болады, бақыт үшін күресуге бел байлайды:
Жоқ, мен бұған разы тіпті болман!
Бақытты іздеу керек басқа жолдан...
Бұған көніп жүргеннен өлген артық:
Іштен тынып, жанғаннан сөнген артық.
Текке өлмей, тауға-тасқа басын соғып,
Жолында не кез келсе көрген артық — дейді.
Акырында, кедей өз елінде көрген азабына шыдамай, бақыт іздеп басқа елге кетеді:
Шыдамай елден кетем, жерден кетем,
Бай мен бидің жеуіпе қаным сорып,— дейді.
Поэма осылай аяқталады.
Сұлтанмахмұт «Кедей» поэмасының ақырын сықақ етіп аяқтаған: акырғы бөлімі «Бақытқа жететін оңай жол (яғни елге масыл болу)» — деп атаған. Осыдан поэманық ақыры біраз түйық, күдгірт, екі ұшты болып шыққан.
Біздіңше, Сұлтанмахмұттың «Кедей» поэмасын бұлай аякталуының мынадай себебі бар:
Қапиталистік құрылыстан азып, теңсіздік көрген, оны мансұқ еткен кедей қоғамдық кұрылысты жаңартуға, жаңа, әділетті кұрылыс орнатуға, ақын бірінші поэмасында дәріптеген әділеті орнатуға кеттім деуге тиісті еді. Әңгіменің ұзына бойына, рухынан сол аңғарылады.
Бірақ автор кедейге оны ашық айтқызбайды. Оның, аузына тек:
Жүрегімді белгісіз нәрсе қысып,
Шақырып тұр, мінеки кеттім сонда —
деген сөздерді ғана салады. Өйткені алдыңғы ойды: жаңа қоғам орнату деген ой-мақсатты автор өзінің бұрынғы «Адасқан өмірде» поэмасында, айтып қойған, бұл поэмасында кайталап айтқысы келмейді.
Осы ойын аңғару үшін, екі поэмасының идеясы жалғас, бір екенін білдіру үшін ақын «Адасқан өмір» поэмасының асылын, негізгі идеясын орыс тілінде қорытып, «Кедей» поэмасына эпиграф етіп берген.
Алдыңғы поэмасындағы сияқты, бұл поэмасында да ақын көптеген күрделі саяси философиялық мәселелерді, қазақ халқының көкейтесті мәселелерін қозғайды, дол, орынды қорытынды айтады; бәрін де кедей, халық мүддесі тұрғысынан қарап, шешеді.
Алдыңғы поэмасы сияқты, Сұлтанмахмұттың бұл поэмасы да бір адамның аузынан айтылады. «Адасқан «өмір» әдебиеттік «Мен» деген біреудің өмірі, көрген, білгені, сезген, түпген сыры болса, бұл поэма кедейдің өмірі, керген білгені, сезген түйгені, сыры болып келеді.
«Адасқан өмір» поэмасы сияқты, «Кедей» поэмасының да кей жерінде қайғышер, торыққандық үн бар, акыры күнгірт болып аяқталады. Дегенмен, тұтас, жалпы рухын алғанда поэмада үміт, талап, күш, қайрат, оптимизм күшті, онан өмір, болашак, арпалыс лебі есіліп тұрады, кейіпкердің зығырданы қайнағаны, әбден ашынғаны, арпалысқа мықтап бел байлағаны айқын көрініп отырады.
Сұлтанмахмұттың «Адасқан өмір», «Кедей» поэма-лары философиялық мәселелерді, ақын заманның тү-йінді мәселелерін қозғайтын жаңа, революциялық идея-ны суреттейтін терең пікірлі, жаңа мазмұнды шығарма. Сонымен қатар, олар акынның қоғам, табиғат, өмірінен түйгені, алған әсері ішкі дүниесі, жүрегінің сығындысы, философиялық-лирикалық поэма, өзінше бір лирикалы эпос.
Сұлтанмахмұттың поэмалары өз тұсындағы қазақ әдебиетінде мазмүн, идея жағынан болсын, түр, жанр жағынан болсын зор жаңалық. Қазақтың жазба әдебиетінде Сұлтанмахмұттан бұрын, Сұлтанмахмұттың өз тұсында мұндай поэмалар болмаған. Ақын әдебиетте жокты жасады. Оның үлылығы да міне осында!
Сұлтанмахмұттың өлеңдерінде әлеуметтік лириканың басым болуы да, оның поэмаларының лирико-философиялық болып келуі де кездейсок емес. Ол, бір жағынан, акынның поэзияны өзінше түсінуінен: өлең дертке шипа болу керек, жүректің сиындысы болу керек деп білгенінен туындаған нәрсе. Екінші жағынан, ақын заманының өзгешелігінен болған нәрсе. Жойқын соғыстар, күрес-көтерілістер заманы ақынның алдына терең философиялык мәселелерді, түйінді мәселелерді қозғау-ды, сөз етіп, суреттеуді көлденең тартты. Ақын соған лайық жаңа идея, жаңа мазмұн, жаңа түр туғызды.
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың романдары: 1) «Қамар сұлу» (1914), 2) «Қім жазықты?» (1915). Бұлар қазақ тіліндегі тұңғыш романдардан саналады; қазақ әдебиеті тарихында маңызды орын алады.
«Қамар сұлу» романының тақырыбы әйел мәселесі: қазақ әйелінің бас бостандығы, теңдігі, әлеумет қайраткері болу мәселесі.
Қазақ әйелінің хал-жайы, еркіндігі, теңдігі XX ғасыр басындағы қазак, ақын, жазушыларының көп сөз еткен негізді, көкейтесті мәселелерінің бірі болды. Сол кездегі ақын, жазушылардың бүл тақырыпқа жазбаі ғандары болмады, бәрі де жазды. Осыдан XX ғасыр I басындағы қазақ әдебиетінде қазақ әйелі жөнінде алты-жеті роман, повесть, поэма жасалды. Олардың көрнектілері «Қалың мал», «Қамар сұлу», «Гүлкәшима», «Бишара қыз» деуге болады.
Қазақ әйелінің хал-жайы, еркіндігі, теңдігі туралы тақырыпты жазуда ғасыр басындағы қазақ ақын, жазушыларында мынадай екі түрлі көзқарас, арналы екі концепция болды:
Бірқатар ақын, жазушылар қазақ арасында әлі бектік-феодалдық қалып сарқыны, ескілік заңы тіпті күшті. Ол жағдайда еркіндікке — сүйгеніне, теңіне тиюге, теңдік алуға талпынған қазақ әйелі мақсатына жете алмайды. Өледі, ескілік қүрбаны болады деп білді. Сондыктан бұл ақын, жазушылар роман, повесть, поэмаларын солай, бас кейіпкерінің өлуімен аяктады.
Біркатар ақын, жазушылар: рас, қазақ арасында бектік-феодалдық қалып саркыны, ескілік заңы күшті. Бірақ, сонымен қатар қазір қазақ арасында көріне бастаған, өсіп келе жатқан жаңалықтар да бар: ескілікке қарсы тұра алатын, арпалысып, оны жеңе алатын жада күш бар деп білді. Сондықтан бұл ақын жазушылар роман, повесть, поэмаларын солай, бас кейіпкерінің ескілікті жеңіп мақсатына жетумен аяқтатты.
Әрине, соңғы көзқарасты, концепцияны, ұстаған ақын, жазушылар шындыққа жақын еді, өмір заңын, заман жайын, өз тұстарындағы қазақ тұрмысын дұрыс аңғарып, дәл түйген еді. Осыдан олардын, шығармалары да шындыққа сай, жарасымды, көңілге қонымды.
Сұлтанмахмұт Торайғыров алғашқы көзкарасты, концепцияны үстады. Өзінің «Қамар сұлу» романын оның бас кейіпкері Қамардың өлуімен аяқтайды. Содан оның романындағы бір қатар негізгі оқиғалар мен тартыстар жасанды, нанымсыз, ескілік күшті, басым, ұнамсыз кейіпкерлері анық, жіғерлі боллып шыққан да ұнамды кейіпкерлері тіпті ынжық, әлсіз болып шыққан.
Рас, Сүлтанмахмұт қазак қауымы тұрмысындағы жаңалықты да көре білді. Оның «Қамар сұлу» романындағы ұнамды кейіпкерлері: Қамар, Ахмет, Омар, Хасен — бәрі де ақылды, ұстамды, ескілікке қарсы жандар, сол кездегі қазақ ауылындағы жаңа адамдар.
Мысалы, автордың айтуынша, Қамар сұлу болуы үстіне ақылды, алды-артын ойлайтын пайымды, аздап оқыған, сөзге үста, ақындығы да бар қыз. Сол сипаттарымен ол көзге түседі, ауызға ілінеді, ел ішінде оның жаксы атағы жайылады: сұлу Қамар, ақылды Қамар, ақын Қамар аталады. Оны ата-ана, аға, ақсақал, қыз біткенге үлгі етеді.
Сол сияқты, Ахмет те оқыған, зерек, ақылды, ел аузына ерте ілінген жігіт. «...Ахмет ақыл-ой зеректігі үстіне, сұнқардың баласындай, бітімі жақсы, көзге түсерлік көркі де бар, сөзге шешен, ойдан шығарғыш ақын, жарып салма өткір еді. Той секілді жұрт жиналған жердө өлеқ болсын, ойын болсын, газет-журнал, кітап оқып, насихат айту болсын, ең арты, біреуді сы-қақтаған қулық болсын, бас бәйгі Ахметтікі еді. Тартынбай, тамылжыта сөйлеген сөзімен үлкен-кішілердің аузынан суын ағызып, көңілдеріндегі уын шығара жазушы еді. Сонын, үшін де елдің атқамінер, ақсакалда-ры: «Оқыды деп Жәукеніқ баласын айт. Қамарды , қызға үлгі кылатыны сықылды, боз балаға Ахметті үлгі қылып түруші еді...».
Осындай зерек, ақылды, оқыған, пайымды, үстамды болғандығынан олар — Қамар мен Ахмет — өздерінің , хал-жайларын айқын аңғарады; екеуінің екі тап өкілі ;, екенін; бірі байдың қызы, екіншісі кедейдін, баласы еке-нін бірін-бірі қанша сүйсе де екеуінің косыла алмайтындарын қосылуларына үстем тап, ескілік қалып, әдет заңы жол бермейтінін әбден біледі.
Бірақ, сол ақылдылардың, ескі тәртіпке, әдет заңына қарсы тұруға болатынына, сол жолда өздерініц табанды қүлшынып күресу керек екеніне ақылдары жетпейді, батылдары бармайды. Екеуіміз ғашықпыз, теңбіз, косылуға лайықпыз. Тек қосыла алмаймыз. Ескілік, әдет заңы жол бермейді деп, аһ үрып, тек отыра-ды. Ескілік: Нұрым, Қалтан, Оспандар өздеріне не іс-тесе соған көне береді.
Жазушы баста Қамардың әкесі Омарды да, агасы Хасенді де көзі, көңілі ашық, ақылды, жігерлі адамдар етіп, екеуін де Қамарды Нұрымға беруге карсы етіп суреттейді. Мысалы, Оспан мен Қалтан Қамарды Нұрымға беру керек дегенде, Омар шошып кетеді, жігерлі, ашулы сөздер айтып қарсы тұрады.
«...Сыпыра бұзылған иттер, дендерің сау ма? Мәжнүн болмасаңдар, кара жүрек болмасаңдар... Ұялмай-қызармай, періштедей, қарашығымды төрт аяқты малдан жаман, дөңкиген жауызға үйғардық деп не беттеріңмен айтып отырсыңдар? Түсіңе кірсе қоркатын қорқауға. Қамарды барады, мені береді деп ойладыңдар ма? Қысқасы, мойныма қапшық салып, қайыр тілеп, күн көрсем де, Қамарды оған беріп, жылата алмаймын» — дейді.
Бірақ, артынша, неліктен екені белгісіз, Омар ол бетінен, сөзінен қайтып қалады. Нұрымның, Оспан, Қалтандардың айтқандарына көніп, айдауларына жүре береді. Қамарды Нүрымға береді. Нұрым, қожа-молда қызына қанша азап көрсетсе де мыңқ етпейді.
Қамар мен Ахмет ақылды, оқыған, жігерлі, шешен ақын бола түрып, бәрін біліп, түсініп отырып, ескі тәртіпке, әдет заңына қарсы күресуге, оларды бұзуға ақылы жетпеуі, батылы бармауы нанымсыз, біріне бірі қайшы. Олардың не ақылды, жігерлі, оқыған болула-ры бекер де, не өздерінің тағдыры, еркіндік теңдігі үшін күресулері бөқер, яғни олар ақылды жігерлі бол-ған соң өздерінің тағдыры, еркіндік-теңдігі үшін күресу керек еді, өздерінің тағдыры, еркіндігі үшін күреспеген соң олар ынжық, жігерсіз. Ой жүйесінше осылай.
Сондай-ақ, Омардың Нұрымды сонша жек көріп, әшкерелеп, балағаттап отырып, Қамарды оған беруге сонша қарсы болып, жігерлі, ашулы сөздер айтып оты-рып, лезде, тектен тек жуасығаны, Нұрымның айтқанына көніп, айдауына жүргені нанымсыз, біріне бірі кайшы. Омар Нұрымды, Оспан, Қалтандарды сонша балағаттауға, Қамарды Нүрымға беруге сонша жігерлі қарсы түруға тиіс емес еді. Ал, балағаттап қарсы түрған соң, олардың айтқанына көнбеуге тиіс емес пе? Ой жүйесінше солай.
Екінші сөзбен айтқанда, жазушы үнамды кейіпкерлерін баста ақылды, жігерлі адамдар етіп суреттеп, кейін тсз, ешбір дәлелсіз божыратып жібереді, тіпті ынжык етіп шығарады. Мұны ол не олақтығынан, не әдейі, әлгі концепциясына бола солай істейді. Қалайда онысы тіпті қате.
Сұлтанмахмұттың «Қамар сүлу» романынан гөрі «Кім жазықты?» романы бірсыпыра жақсы шыққан. Әлгі кемшіліктері үстіне, «Қамар сұлуда» жазушы өмірді кең қамти алмаған, әйел еркіндігі мәселесі тө-ңірегінен үзап шыға алмаған. Ал, «Кім жазықты?» романында ол өмірді кең қамтиды, бірқатар күрделі әлеуметтік мәселелерді қозғайды; романның оқиға, тартыстары дәлелді, нанымды, кейіпкерлері, әсіресе, ұнамды кейіпкерлері анық, жігерлі, іс-әрекет адамдары болып келеді.
Бұл жағдайлар романның желісін қысқаша айтсақ, сонан да айқын көрінеді. Ал, романның желісі былай болып келеді:
Тасболат жері, малы көп бай, беделді адам: оны сол маңдағы қазақ, орыс тегіс сыйлайды. Ұлықтар сыйлайды. Сайлау кезіндегі дау-шардан кейін болыс-тық Тасболатқа тиеді. Бірақ, ол қазақша да, орысша да хат білмейді. Тасболаттың Жақан, Әжібай деген екі баласы бар, олар да оқымаған. Тек Тасболаттың кедей інісінің баласы Байбол қазақша, орысша оқыған, ылажсыз соны болыс қояды. Тасболат кандидат болады.
Осыдан кейін Тасболат кіші баласы он жасар Әжібайды оқуға береді. Ол жалқау, окуға ықылассыз бо-лады. Түк білмейді. Мұның үстіне екі жылдан кейін ағасы Жақан өледі. Онын, әйелі, баласы қалады. Тас-болат, үйде бол деп, Әжібайды оқудан шығарып алады. Оған келіншек алып береді, жеңгесін қосады. Кезекті сайлауда Әжібай болыс болып сайланады.
Әжібай жасында ерке, тентек, жалқау болады. Осы еркелік тентектік, жалқаулық қылықтарын ол өскен соң да қоймайды. Қою былай тұрсын касына жігіттер ертіп, салдық құрады, алыс-жақын елді тегіс аралайды. Көзге түсер қыз-келіншектің бәрімен ашына болады. Ашына болмағанының жаман атын шығарып, маска-ралайды.
Тасболат басылар деп, Әжібайға тағы бір қыз алып береді. Біраздан соң, бұрынғы әйелдерін місе тұтпай, Әжібайдың өзі бір қыз алып қашып алады. Үш-терт қатыны, баласы болады. Сонда да серілірін қоймайды. Әйелдерін мал есебінде ұстайды, оларға неше алуан азап көрсетеді.
«Қызыл су» деген қалада әл-ауқаты орташа, калаша тұратын Бейсен деген шал болады. Оның екі үлы, бір қызы болады. Үлкен баласы оқыған адам — учитель, жақында өлген екінші баласы Жүсіп оқымаған, маскүнем болады. Қызы Аппакай әрі сұлу, әрі ақылды, оқыған. Бұрынғы атастырған күйеуін ұнатпай, қаладағы бір фельшерге тигелі жүреді.
Қалаға қатынап жүріп Әжібайдың көзі осы Аппақ-айға түседі. Маскүнем ағасы Жүсіп арқылы үйіне катынап, Аппақайды айналдырып, алмақ болады. Анпақай оған елең етіп қарамайды. Әжібай қала жігіті сияқты болам, Аппақайға жақсы көрінем деп, насыбай атуды қойып, шылым тартады, қымыз ішуді қойып, арақ ішеді, қазақша киімін тастап, орысша киінеді. Аппақайға алуан-алуан сый әкеледі. Қендір деп онын. жақын, таныс адамдарына пара береді. Дәулетін тәгіп-шашады. Аппақайды көндіре алмайды.
Әжібайдың үлкен қызы Құлтай бойжетеді. Ол бала күнде атастырған күйеуін жаратпайды. Үйінде жүрген мұғалім Ануармен көңіл жақын болады. Мүны Әжібай біліп қойып, Ануарды қалаға айдатып жібереді. Құлтайды атастырған жеріне ұзатудық әрекетін істейді.
Осы кезде жұт болып, Әжібайдың малы қырылып қалады. Елі ашаршылыққа үшырайды. Әжібай салдықты қойып, шаруашылығымен айналысады. Құлтайдың калың малын алып, шаруашылығын қайтадан қалпына келтіреді. Елде даужанжалды көбейтіп, пара алып, байыған үстіне байиды. Енді Әжібайдың баласы Қобыш, әкесі сияқты тентек, жалқау осал болады.
Ануар Әжібайдың үйінде бірге болып, оған қазақша оқытып, онан өзі орысша оқып жүрген досы тілмаш Петка арқылы Құлтаймен кейін де хабарласып тұрады. Бірақ ақыры немен тынатыны мәлім емес. Өйткені роман бітпей қалған, біткен жағының біраз жері жоғалып кеткен.
Жалпы алғанда, бүл романында Сұлтанмахмұт қазақ халқының сол кездегі қоғам, әлеуметтік тіршілігінің қалпын, сүретін әдемі кескіндеген. Қазақ арасындағы түрлі тап, топ өкілдерінің тұрмысын, қазақ әйелдерінің ауыр хал-жайын, қазақ халқының мінез-құлкын, әдет-ғұрыпын, дүниеге көзқарасы бәрін дәл толық шебер көрсеткен. Сұлтанмахмұт бұл романында казақ халқының сол кездегі саяси-әлеуметтік өмірінің ең маңызды, ең түйінді мәселелері жөнінде, қазақ халқының тағдыры жөнінде сүрау салған.
Қазақтың баласы, жастары, Әжібай сияқты, ешбір тәлім-тәрбиесіз, өз бетімен шолжаң, ерке, тентек болып еседі. Мейлі елдің, мейлі қаланың барлық жаман сал-тын, жаман мінезін үғады. Істегендерінің бәрі бұзықтық болады. Осыған кім жазықты?
Қазақтың қыздары теңіне, сүйгеніне тие алмайды. Жаңыл, Зұлқия, Жәмила, Қамар сияқты, малға сатылады, сулы көз, өлік тән шалға сатылады, екі-үш қатын үстіне барып, күң болып азап көріп отырады, ескілік, надандық құрбаны болады. Осыған кім жазықты?
Қазақ арасында қараңғылық, нас-ластық, ауру-сырқау, талапсыздық, жалқаулық, шаруаға қырсыздық, ескі әдет-ғұрып, даужанжал күшті. Бұлар халықтың еңсесін басып отыр. Осыған кім жазықты?
Қазақтың би-болыстары, ақсақал-атқа мінерлері, кейбір оқығандары — бәрі алтыбақан, ала ауыз, ел қа-мын ойламай, өз қамын ойлайтын парақор, жалмауыз, шен құмар, не өнерге, не ел билеуге қыры жоқ. Осыған кім жазықты?
Қазақ халқы басқа бірқатар халықтарға қарағанда, саясат, мәдениет, шаруашылық жағынан мүлдем кейін жатыр, мешеу қалып отыр. Оның басында, малында, жерінде ерік жоқ; өзінікін өзімдікі дей алмайды. Қазақ бұкарасы екі бірдей қанау көріп — отаршыл үкіметтен, бек-феодалдан тепкі көріп отыр. Осыған кім жазықты?
Міне, Сұлтанмахмұт, «Кім жазықты?» деген романында осы мәселелерді қозғайды, осы зор, түйінді сү-рауларға жауап іздейді.
Роман аяқталмай қалғандықтан бұл сұрауларға ақын пәлен жазықты деп жауап береді деп, оның өзі сөзін келтіруге болмайды. Бірақ романның желісінен, әңгіменің жалпы сарынынан ақынның бұл сүрауларға беретін жауабы айқын аңғарылады. Ол мұның бэріне сол кездегі саяси-әлеуметтік күрылыс жазықты, патша үкіметінің отаршылық саясаты жазықты деп ашық ай-тады.
Сұлтанмахмұттың романдары туралы айтылғандардан, оның роман жазуға кабілеті бар акын болғаны, оған мейлі тақырып, идея жағынан болсын, мейлі түр, шеберлік жағынан болсын бірте-бірте төселе бастағаны көрінеді. Бұған алғашқы романынан кейінгі романның жақсы болып шыққаны дәлел бола алады.
Сұлтанмахмұттың публицистикалық шығармалары: 1) «Зарландым», 2) «Ауырмай есімнен жаңылғаным», 3) «Өлеңмен жазылмақ драманың материалы», 4) «Қазак ішінде оқу, окыту жолы калай?», 5) «Қазак тіліндегі өлең кітаптары жайынан», 6) «Өлең мен айтушылары», 7) «Социализм».
«Зарландым» деген шығармасын автордың өзі әңгіме деп атаған. Оған өлеңмен жазған кіріспесінде:
Роман деуге болады мұның өзі,
Фельетон тәртібінше әрбір сөзі, деген.
Дұрысына келгенде Сұлтанмахмұттың бүл шығармасы көркем очерк. Сондай-ақ оның «Ауырмай есімнен жаңылғаным», «Өлеңмен жазылмақ драманың материалы» деген шығармалары да көркем очерк. Ел ішіндегі ескі салт, жайсыз мінез-қылық, қараңғылық салдары, қазақтың үлы, қызының еркіндігі туралы очерктер.
Ақын солардың бәрінде де шын болған, езі көрген, білген факты, оқиғаларды суреттейді. Оларды дәл қал-пында, хабар ретінде айтпай, ептеген, белгілі сюжетпен келтіреді, бірсыпыра әрлеп, керіктеп сүреттейді, арасына кептеген келісті диалогтар енгізіп отырады. Әрбір сөзін әңгіме, фельетон тәртібінше қиыстырады.
Сұлтанмахмұттың бүл шығармалары мейлі факты, оқиғаны таңдап ала білуі жағынан болсын, мейлі оны сюжетпен, көріктеп қиыстыруы жағынан болсын жақсы шыққан, жақсы көркем очерктер. Ақынның очерктер, әңгіме, роман жазып кете алатын жазушы болғанын сипаттайтын шығармалар.
Сұлтанмахмұттың «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан», «Өлең мен айтушылары» деген шығармалары әдебиет, көркем өнер тақырыбына жазылған, библиографиялық, рецензия — әдеби сын ретінде жазыл-ған.
Жоғарыда айттық, ақын оларда қазақтын, бұрынды-соңды әдебиетіне, өз тұсында шыққан бірқатар әлең кітаптарына келелі, дәлелді сын айтады, әдебиеттің бет-бағыты, міндеті жөнінде қүнды, өз түсындағы қа-зақ публицистикасында жаңа пікір айтады. Оны Сұлтанмахмұттан бұрын ешкім айтқан жоқ еді.
Сұлтанмахмұттың «Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай?», «Социализм» деген шығармалары оқу, мәдениет, техника тақырыбына жазылған. Оларда автор қазақ халқының ілгері дамуы мәдениетті болуы, «Адам баласының жеңіл күн көруіне қажет ілімдерді» — техниканы тез үйреніп алуы туралы бағалы, өз кезінде озат пікірлер айтады. Онан сол кездегі қазақ ақындарынан Сұлтанмахмұттан басқа ешкім айта алған жоқ.
Жинактап айтқанда, Сұлтанмахмұттың соңғы төрт шығармасы («Өлең мен айтушылары», «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан», «Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай», «Социализм») газет-журнал материалдары шын мағынасындағы публицистикалық мақалатар. Сұлтанмахмұттың тек ақын, романист емес, сонымен бірге публицист болғанын да дәлелдейді.
Торайғыров публицистикасының өзіне тон кейбір деуге болады:
Тақырып, мазмұндарынан, жоғарыда келтірілген бірді-екілі үзінділерден көрдік. Сұлтанмахмұттың публистикалық шығармаларының бәрі де актуалды, күрделі, көкейтесті мәселелер жөнінде жазылған; бәрі де аса мазмұнды, терең мағыналы. Сонымен бірге, автордың ой-пікірлері жүйелі, дәлелді, сөз башіамдары, сөйлем құрылыстары нақ, қисынды, шешен.
Екінші сөзбен айтканда, Торайғыровтың публицистикасы әрі актуалды, терең мағыналы, әрі шешен тілді, көркем сүретті болып келеді.
Сұлтанмахмұт аз жасады; жазушылықпен небәрі он бір-он екі жыл ғана айналысты. Соның өзінде де тұрмыс қиыншылығын көріп, ауру азабын шегіп жүрді; жазу жүмысымен емін-еркін шұғылданып айналыса алмады. Алайда:
Жасамаймын еңбектің
Жемісін көзбен көрем деп,
Жасаймын бір қолкабыс
Қейінгіге берем деп.
Ол ұрпаққа бірсыпыра құнды мұра қалдырды.
Жастай өлген жалынды ақын өз тұсындағы қазақ әдебиетінде жаңа әдеби жанрлар туғызушы, жаңашыл жазушы. Ол: 1) Қазақ әдебиеті тарихында тұңғыш роман жазушылардың бірі болды; тұңғыш рет өлеңмен роман жазды; 2) Қазақ әдебиетінде сюжетсіз, философиялық-лирикалық поэма жанрын туғызды; 3) Қазақ әдебиетінде шын мағынасындағы публицистика жанрын жазушылардың бірі болды.
Сұлтанмахмұт шығармаларының тақырыптары түгелдей шын өмір, қазак халқының төңкерістен бұрынғы, төңкеріс жылдарындағы өмірі; ақын шығармалары қазақ халқы коғамдық өмірінің, дүние, қоғам тануының, ғүрып-әдеті мен мінез-қылығының әрі нағыз шындығы, әрі әділ сыны; халықтың тілек, арманы.
Сұлтанмахмұт өзінің тақырып-идеясы, жазушылық әдісі жағынан өз тұсындағы қазақ ақын-жазушыларының көбінен оқ бойы озық түрды; сыншыл реализм мен прогресшіл романтизмнің биік шықына шықты.
Жазушының стилі, көркем шығарманың тілі көбінше оның негізгі материалына қарай болады; яғни олардың басты, ұнамды кейіпкерлеріне, солардың заманына, саяси-шаруашылық хал-жайына, қоғам-әлеуметтік қызметіне, түрмыс-тіршілігіне, салт-санасына, дүние, қоғамтануына байланысты қалыптасады.
Ақын-жазушы кейіпкерлерінің, ол жасаған дәуірдің, ортаның күй-қалпын, келбет-бейнесін, сурет-картинасын айнытпай, дәл көрсететін сөздерді іздестіріп, табады, оларға лайықты, жарасымды сөздерді, солар айтатын, сөздерді көп қолданады.
Сайып келгенде Сұлтанмахмұттың негізгі, ұнамды кейіпкерлері — қазақтың кедей шаруалары, қазақтың ойел, қыздары. Басқаша айтқанда қазақтың кедей шаруалары мен әйел, қыздарының қайғышерін, мұң-арманын өзінің жыры еткен, зұлымдық пен надандыққа кектенген шындықтың ауылын іздеген ақын, Сұлтанмахмұт.
Қазақтың кедейі мен әйелі XX ғасыр басындағы қазақ қоғамының, капитализм тұсындағы екі бірдей қанау дәуірлеп тұрған кездегі қазақ қоғамының саяси-шаруашылық жақтан да, рухани-мәдени жақтан да мейлінше жаншылып, жапа көрген, түрлі соққы жеп, зар еңіреген жандары.
Бұлардың бірі қүл, бір күң. Бірақ бұлар осы күйіне риза болып, қүдай салды, біз көндік; қүдай бұл дүниеде басқаны жарылқаса, ол дүниеде бізді жарылқанды деп, шүкірлік етіп отырған қүл, күң емес. Қөрген азабы шектен асып, арқасына заманның аязы әбден батып, тақат, төзімі біткен, ашынған, қатуланып, қаһарына мінген, талап-арманы бар, соған сай жүрегі, жігері бар қүл, күн.
«Адамның дініндегісі тілінде» дейді қазақ мақалы. Сол айтқандай, құл мен күң аузын ашса, көрген аза-бын, өткен өкінішті өмірін сыр етіп шертеді, ендігі тілек-арманын айтады. Мұны олар өздерінің өмірі етіп, әңгіме-кеңес, айтыс, жар-жар, сыңсу түрінде айтады; ашынып, қызып, жылап, өксіп айтады.
— Жоқ, мен бұған разы тіпті болман!..
Буған көніп жүргеннен өлген артық,
Іштен тынып жанғаннан сөнген артық!
Текке өлмей, тауға, тасқа басты соғып,
Жолында не кез келсе көрген артық!—
деп сарнайды кедей.
Қоғамның екі бірдей қанауда езіліп, есінен танып жүрген мүшесі ашынған, булығып, қызып, ашуланып жылап, өксіп, сыңсып сөйлеген адамы сөзін келісті, қи-сынды етіп, көркем, шебер етіп айтып тұрмайды; ойына келген, аузына түскен сөздерін айта бередІ. Онысы қайнаған қанның, ашынған жанның, толғанған көңілдің сығындысы болып шығады, жатқан күш, жігер қаһар бслады.
Онан соң, жаншылып, жапа көріп жүрген адам •— күйінішті, шерлі, ызалы, көңілі жарым, жүрегі жаралы адам. Сондықтан оның аузына күйініш, жиреніш, жалыныш, жалбарыныш сөздері көп түседі; оның өзі кө-бінше жүрек сыры болып, адамның ішкі дүниесі болып, зар арман болып келеді.
Міне, шығармасының тақырыбы мен идеясына, ке-йіпкерлерінің заманына, әлеуметтік ортасына, қызмет-кәсібіне, хал-жайына, мұң тілегіне сәйкес Сұлтанмахмұт шығармаларының өзіне тән тіл, стильдік кейбір өзгешеліктері, қасиеттері бар. Олар мыналар деуге болады:
1) Сұлтанмахмұт шығармаларында жай, қарапайым, дөрекі, өрескел сөздер, үрыс-керіс, қарғыс-сөгіс сөздері көп қолданылады. Мысалы: ит, шошқа, қоңыз, доңыз, хайуан, қырт, қаншық, сұмырай, зұлым, оңбаған деген сияқты сөздер көп үшырайды. Оның «Мүның арты өш алу» деген өлеаін алсақ, ол бастан-аяқ осындай карапайым, дөрекі, өрескел сөздермен келеді.
Өлеңім айт дегенде шырылдаған,
Ісімнің бәрі түгел қырындаған,
Қолымда, қалай қылып корласам да,
Кешегі қызыл қаншық ырылдаған.
Шақпасам бит болмаймын,
Үрмесем ит болмаймын,
Қасымаса, бит те қоюшы еді,
Үндемесе, ит те қоюшы еді.
Жаман жалданса,
Қалай жүрерін білмейді,
Жаман адам әлденсе,
Әкесінің басын жара жаздайды.
Әйелін керсетем деп,
Абыройын тегіп,
Артын аша жаздайды.
Рас, Сұлтанмахмұтта мұндай өлең көп емес, бірак осы өленде қолданылған сөздер, қалын, бүкара көп қолданатын сөздер, Сұлтанмахмұттың басқа өлеңдерінде де кейіпкер тілі райында көп кездесіп отырады.
2) Сұлтанмахмұт шығармаларында жалыныш, жалбарыныш, күйініш, жиреніш сөздері, қайғы шердің сөздері, жүрек сезім, сыр сөздері көп қолданылады. Мысалы: Жүрек, жан, сыр, қайғы, шер, ол, нүр, сәуле, зәзіл, жын, шайтан, малғүн, арам, алла, қүдай, жүмақ, дозақ, періште, о дүние, бү дүние, пайғамбар, әулие, дұға, аяқ, парыз, ант, сезім, ар, намыс, сүю, махаббат, достық сияқты сөздер көп айтылады.
Тіпті бірқатар өлеңдерінің атының өзі тілек бата, зар, қайғы, алғыс, махаббат, достық болып келеді. Ұсақ өлеңдері былай түрсын. «Адасқан өмір», «Кедей» поэмаларының көп жерін күйініш, жиреніш, қайғы, шер, жүрек сыры, арман болып келеді. Олардың жеке сөз бастары: «Кәрілік», «өлік», «Аяныш хал», «үмітсіздік», «жақыннан айрылғандағы күйік» болып келеді.
3) Сүлтанмахмүттың өлең, поөмаларында лепті, әуезді сөздер, әсерлі, ұран, үндеу, арнау, беттеу сөздер, одағай сөздер, жігер, қайрат, қаһар, жеку сөздері, жауабы, шешуі сөзінен өзі түсінікті сұраулы сөздер көп кездеседі. Мысалы, ол бір өледінде:
Ей, махаббат, ей достық!
Алдама, сендер жалғансың!
Құр мазақтап, мәз кылып,
Бойды аулаққа салғансың —
дейді. Екінші бір өлеңінде:
Аһ, дүние! Берсе қанат тәцірім маған!
Ерік алып ұшып кетсем көкке таман!
Жер, күннің аймағынан үстін шығып,
Әлемге көз жіберсем сол арадан!—
дейді. «Қедей» поэмасының бір жері былай болып келеді:
Мен емес пе ас кылған, малын сауған?
Күндіз бағып, айырған түнде жаудан?
Ас пісірген, үй жылытқан мен емес пе?
Тезек теріп, отын ап, анау таудан.
Құлақтан бұрап отырып, асау малын,
Үйретуге қиналмап па ед менің жаным?
Күн көріске қан жұмыс керек болса,
Терлемеп пе ем мен істеп соның бәрін?
4) Сұлтанмахмұттың өлең, жырлары, поэмалары көбінше кейіпкерлердіқ өз аузынан әңгіме-кеңес, ше-шендік сөз, сыр, зар, арман болып айтылады. Сөз, өлең қаншама кейіпкердін. өз аузынан айтылса, соншама өткір, әсерлі болады. Оның некен-саяқ қарапайым, дөрекі, өрескел сөздері, мүкіс-кемісі байқалмайды, кей реттерде жарасып та тұрады.
Жалпы алғанда, Сұлтанмахмұт шығармалары аз сөзді, терең мағыналы; олардың тілі таза, нағыз әдеби жалпы халықтық тіл; сөз байламдары, сөйлем құрылыстары дәл, айқын. Осыдан ақын шығармалары исі қазаққа түсінікті.
Сұлтанмахмұт өз шығармаларында қазақ тілінің негізгі сөздік қорын шамасынан келгенше көп, дұрыс, шебер пайдаланған; соның негізінде өзі бірсыпыра сөз-дер, сөйлемдер, идиом, синоним, омоним, метафора, метонимия сөздер, сөйлемдер жасаған. Кейбір сөздерге жаңа, екінші түрлі, ауыспалы мағына берген. Олардың бір катары былай болып келеді:
1) Қалқам, жаным, қарағым,
Бетіңе келмес қарағым.
(«Сымбатты сүлуға»)
2) Керіп жүрсем күндеіімін,
Көрмей жүрсем түндеймін,
Қимақ түгіл жат жаннан
Көлеңкеңді күндеймін
(«Жан қалқам»)
3) Әділдік орнамасқа көзім жетті,
Дүниеден ет жейтүғын ауыз құрымай
(«Адасқан өмір»)
4) Бірақ бүгін ғылымның тапқандары,
Пайдасын көрсеткен жоқ кедейге әлі.
Азусыз қасқырларға азу болып,
Қой халін ауырлатты онан әрі
(«Адасқан өмір»)
5)Әкем, шешем, арғы атам есікте өткен,
Олардын да кеудесін есік тескен
(«Кедей»)
6)Кеше мал келмеді ме қайыр сұрап,
Белі аспанда, көзі ірің, мүкіс қулак
(«Кедей»)
7) Байларға өгіз болып өту үшін,
Дүниеге шынымен-ақ келгенім бе?
(«Кедей»)
8 Қартайғанда қайыршы болу үшін.
Жастықта жұмыс жаншып, солу үшін,
Сол бейнетке тастауға тағы да ұрпақ,
Осы үшін жасаймын ба, айтшы кісім? («Кедей»)
9) Бір сөзім бар шалдуар
Болмаса да тыңшысы
Бұ күнде жоқ, соң туар.
Роман мен сыншысы. («Кім. жазықты?»)
10) Бұл іске күндестері әдіс алған;
Оларда баяғыдан ар жоқ қалған.
Ұрысып, шаштасудан жалықпайды,
Әйтеуір, тоным ғой деп суға малған.
(«Қім жазықты?»)
11) Бір жақа шырай кірген денесіне
(«Кім жазықты?»)
12) Аз өмірден азынша пайдаланбай,
Қөкке қарау ісі екен ақымақтың
(«Адасқан өмір»)
13)Бай, кедей, сау, кем-кетік — бәрі бір бос...
(«Адасқан өмір»)
Бұл тізімдегі асты сызылып көрсетілген сөздер мен сөйлемдер бұрын, не ауыз әдебиетінде, не жеке ақын-жазушылардың шығармаларында, тіпті халықтың ау-ызша сөйлеу-кеқесуінде бүлай айтылмайтын. Бұларды тек Сұлтанмахмүт ғана осылай қолданып, жаңаша қиыстырып, жаңғыртып, жаңа мағынада, қолданып отыр.
Сұлтанмахмүт әйтеуір жаңалық ашу керек деп, сөзді, сөйлемді бет-алды өзінше, жаңаша қыйыстыра бермеген. Тақырыбы, халық өмірінде болған жаңалық ділгір, қажет еткенде бүрынғыны үстарту, өқдеу женімен жаңартқан, тапқырлықпен, шебер жаңартқан...
Жазушы шығармасынын. тілін зерттегенде анықта-луға тиісті екінші бір мәселе — жазушы өз шығарма-сында халықтың әдеби тіліндегі мақал-мәтел, шешен, фигуралы, кесек сөздер оияқты тұрақты, айшықты сөз тіркестерін қалай пайдаланды, өзі тыңнан, қандай жаца сөз тіркестерін жасады, олары қаншалықты завды, келісті деген мәселе болды.
Сұлтанмахмұт қазақ халқының ауыз әдебиетін, әсі-ресе мақал, мәтелін орынды, өте жоғары бағалаған:
Тілімде әдебиет жаныма азык,
Әм болардай көңілге наным казык.
Терең ойлар, дүниеге қарастар бар,
Кәнекей сынап, байқап, тапшы жазық — деген.
Осыдан да балуға тиісті. Сұлтанмахмұт өз шығармаларында қазақ тіліндегі ғасырлар бойы жасалған сөз әрекеттерін, халық мақал, мәтелдерін ақындардың шешен, кесек, өлең сөздерін өте көп пайдаланған. Санап шықтық, ол шығармаларда барлығы жүзге жуык мііқал, мәтел, кесек, шешен, өлең сөздер қолданыпты.
Сұлтанмахмұтты казақтың, бұрынды-соңды, ақың жазушылары ішіндегі өз шығармаларында мақал, мәтелдерді ең көп қолданған жазушы деуге болады. Себебі, басқасын былай қойғанда, кейбір зерттеулер бойынша, қазақтың классик ақыны Абайдың өзі дс шығармаларында тек елу шақты ғана халық мақал, мәтелін қолданған ғой.
Сүлтанмахмүттың шығармаларындағы мақал, мәтелдері тек, төркіндеріне қарап үш топқа бөлуге болады: 1) Қазақтың халық мақал, мәтелдері мен шешен, кесек сездері; 2) Абайдың мақал, мәтелдері мен макал сөз болып кеткен өлеңдері; 3) Орыс әдебиетінен келген мысал, мақал сөздер.
Қазақтың көп мақал-мәтелін Сұлтанмахмұт бастап-кы қалпында, тұлғасын өзгертпей қолданған да бір азын өзінше өңдеп, өткірлеп алған. Мысалы, мына макал, мәтелдерді былай алған.
1. «Түйедейді көрмейді түймедейді көреді» деген макалды:
2. «Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін» деген мақалда:
Малменен оқып жетіліп балалары,
Төре боп, ел билеп жүр олар бәрі.
Дәулеті енер табуға жол даярлап,
Болса да аузы қисық, сөзі дәрі —
деп өткірлеген («Қедей»).
3.«Әркімнід өз аузына қолы жақын» деген мақалды:
Әр кімнің өз аузына қолы жақын,
Бар законнан өзіне еркі мақұл.
Бәрінің де келеді «мен» болғысы
Оны күшпен жеңем деу бола ма ақыл?—
деп еңдеген («Адасқан өмір»).
4. Айран ішкен құтылды,
Шелек жалаған тұтылды —
деген мақалды:
Тұтылып шелек жалап тазам нашар, Әлділер қүтылысты айран ішкен — деп кныстырған («Қім жазықты?»).
Халықтың мақал, мәтелдерін, тағы басқа сөз тіркестерін Сұлтанмахмұт бет-алды ала бермей, іріктеп, таңдап алған. Өзініқ негізгі тақырыбына, ой-пікіріне сай келетін, саяси-әлеуметтік мәні бар мақал, мәтелдерді, өзі айтқандай, терең ойлы, халықтың, шығарған орта-ның дүниеге көзқарасын, түрмысын айқын білдіретін сөз тіркестерін алған. Және оларды орынды, келісті етіп қолданған, кей ретте заңды етіп, қазақ тілінің грамматикасына дәл етіп езінше жөндеген.
Сұлтанмахмұт Абайдан барлығы 10—12 сөз тіркестерін алған. Олардың кейбіреуін Абайдікі екенін айтып, қалпын өзгертпей алған да, біразын өзгертіп, өзінше алған; сол сияқты Сұлтанмахмұт орыс әдебиетінен де барлығы 6—7 сөз тіркестерін алған. Олардың да кейбіреулерін авторын көрсетіп алған да, кейбіреуле-рін авторын көрсетпей, халық мақалы ретінде, өзінше алған.
Сұлтанмахмұттың орыс әдебиетінен алған сөз тір-кестері деп отырғанымыздың төртеуі И. А. Крыловтың «Акку, шортан әм шаян», «Ала қойлар», «Есек» деген мысалдарынық аттары мен мазмүны, екеуі Сократ пен С. Я. Надсонның сезі. Оларды ақын былай келтірген:
1. Бізде бар аққу, шортан, шаян хақы. Біздің іс бүйтуменен еш оңбайды.
2. Крыловтын, мысалындағы есегіндегі үстінде алтын болғанды қалай желік.
Ақылмен ала қойды көбейтуге қойшы боп аю менен қасқыр баққан.
Қой қойды қасқыр бақпай, иесі бақса, тізгінін бермей тұрған кім бар сеніп.
«Адам құл өзін жеңіп ұстамаған» деген бір Сократтың бар нақылы.
Надсоннық айтқанындай: «Жауыз жолмен жүре алмай дымы құрып онан әрі...»
Жазушы өз шығармаларында жалпы халықтық тілдің негізгі сөздік қорын, жалпы халықтық тілдегі мақал, мәтел, шешен, кесек сөз тіркестерін пайдалану, ұстартумен бірге тілдің сөздік құрамын да пайдаланады, байытады. Оған заманында болған саяси-шаруашылық, ғылыми, мәдени өзгеріс-жаңалықтарға сай, солар туғызған, қажет еткен жаңа сөздерді енгізеді.
Сондықтан жазушы шығармаларының тілін зерттегенде айқындалуға тиісті тағы бір мәселе—жазушы жалпы халықтық тілдің сөздік құрамын қаншалықты пайдаланды, оған қайдан, қанша, қандай жаңа сездер енгізді, олары қаншалықты орынды деген мәселе болады. Соған лайық, біз енді Сұлтанмахмұт қазақ тілінің сөз құрамын қаншалықты пайдаланды, оған қанша, қандай жаңа сөздер енгізді, олары қаншалықты орынды, жарасты болды деген сұрауларға жауап беруге тырысамыз.
Сұлтанмахмұт тұсында қазак қауымы ортасында қазақтың өз әдеби тілінен басқа араб, фарсы, татар, діни кітап тілі бар еді; оның басқа ақын-жазушылармен қатар Сұлтанмахмұтқа да әсері тиді. Ол араб, фарсы, татар, діни кітап тілінің Сұлтанмахмұтқа әсері ақын шығармаларының тілінен, оның қазақ халқы әде-би тілінің сөз құрамына енгізген жаңа сөздерінен акгарылады.
Сұлтанмахмұт ез шығармаларында татар тілінен, діни кітап, араб, фарсы, сөздерін едәуір қолданғаи. Әдейі санадық, ол барлығы алпыс шақты араб, фарсы сөздерін қолданған. Мысалы, хашия, мантық, хатым-көр, мурид, хадим, хәдит, тараққи, жаһалат, батил, әбірет; мәжуж, нығмет, рушди, иғдади, синіф, медресе, хекмет, кәусар, балығ, назым, ғарасат, рисала, деғдар, микробы, пітнә, ғарип, шаһыбаз, туказзибен, хашарат, авжат, ағзам, суре, тәкбір, үсүлы, тәғлым. күластил масилін, қүлһуалла деген сияқты сөздерді қолданған.
Осы сиякты, Сұлтанмахмұт шығармаларында бір-сыпыра татар сездерін де қолданған. Сапап көрсеткен-де, татардыц бәліш, міллет, бек, тауфик, дауам, шат, змнһар, хикая, ғапу, жамағат, матбуғат деген сөздерін қолданған.
Айта берсең, Сүлтанмахмүт бір өлеқінің ұзын бір шумағып түгелдей татар тілінің нормасымен, ықпалымен құраған. Мысалы:
Төр алдында мырзалар,
Көп мақтаса ырзалар.
Міллет десе түксиіп,
Сайлау десе қызбалар.
Босағада нашарлар,
Одап әркім қашарлар.
Көзін салып, телміріп,
Кәсіп кылмай жасарлар.
Мұндағы асты сызылып көрсетілген сездердегі «лар» жалғаулары қазақ тілінің нормасы емес, қазак тілінде бүлай, есімшенің үшінші жағынан кейін көп-тік жалғау жалғанбайды: «қашады», «жасайды», «та-сады», «сасады» болып келеді. Есімшеніқ үшінші жа-ғынан кейін көптік жалғау жалғану қазақ тілінен бас-қа бірқатар түрік тектес тілдердің, әсіресе татар тілінің нормасы.
Бір қызығы: Сұлтанмахмұт алғашқы, кездеіі (1907—1911 жылдары) жазған шығармасында араб, фарсы, татар сөздерін қолданбаған, Ол араб, фарсы, татар сөздерін көбінше өмірінің екінші кезеңінде, Троицкіде болған кезінде (1912—1914 жылдарда) жазған шығармасында қолданған. Әлгі келтірілген араб, фарсы, татар сөздері түгелдей оның осы дәуірде жазған шығармаларында қолданылған.
Мұны Сұлтанмахмұттың біраз уақыт бүрынғы кей-бір ақындарға еліктеуі, кітап сезіне әуестенуі деуге болады. Бұл еліктеу, әуестенуінің қате екенін Сұлтанмахмұт тез аңғарды. Сонан кейінгі дәуірлерде (1915— 1920 жылдары) жазған шығармаларында ол араб, фарсы, татар сөздерін қалданған жоқ.
Мысалы, ол 1913—1914 жылдары жазған «Қамар сүлу» романында жиырмаға жуық араб, фарсы сөздерін қолданса, соның артынша, 1914—1915 жылдары жазған («Кім жазықты?») романында бірді-екілі ғана араб, фарсы сөздерін қолданған. Онан кейінгі шығармаларьшда бір де бір араб, фарсы сөздерін қолданбаған.
Сұлтанмахмұт қазақ тілінің сөздік кұрамын көбінсе орыс тіліндегі сездер, саяси-әлеуметтік, мәдеии-шаруашылық, ғылым-техникалык, атаулар арқылы байытуға тырысқан. Яғни ол өз шығармаларында орысша создерді көп қолданған. Орыс тілінен ол небары 130 шақты сөз алған.
Сұлтанмахмұт орыс тілі арқылы алған сөздерінің біразын өлең тармағына былай кірістірген:
1. Барлық бақыт, талабым,
Цифры жок, сенсіз, ноль
(«Жанқалқам»)
Бұл памятым ал еске,
Жүрегім сізден көшпеске
(«Орамалға»)
3. Дүниенің дөңгелегі айналады,
Кім үстінде голайттап, жиналады.
«...Жасаулы, зениттеуі палатада,
Қызметкер даяр кылар керек асын...
Жұма сайын бір модалы киім киер,
Сән-сауытың бәрі де табылады
(«Осы да әділдік пе?»)
4. Өнерлі ел бар муқтажын жерден ембек,
Өнер мен техниканы жұмсап еңбек.
(«Оқу»)
5. Қазаққа басшымыз дер шляпалар,
Очки сап, портфсль ұстап жүрген жандар
(«Қандай басшы?»)
Абай казақ халқынын, ертедегі, өзінен бұрынғы өлеңдерінің түр-түрлерін: өлшемін, шумағын, үйқасын түгел, сарқа пайдаланды. Соларды пайдаланып, жиһан ақындарынан көріп, өз өлеңдерінің шумағын, үйқасын түрлендірді; кептеген жаңа үлгілер шығарды, сол арқылы қазақ өлеңдерінін, құрылысын ұстартты, ілгері дамытты.
Сұлтанмахмүт Абайдың қазақ өлеңінің құрылысына енгізген жаңа үлгілерін өте жоғары бағалады — нағыз өлең деп Абай өлеңдерін ғана білді. Дегенмен ол өз өлеңдерінде көбінше қазақтың ежелгі кара, қайым өлеңдерінің, жыр-толғау өлшем, үйкастарын қолданған; Абайдың бір-екі үлгісін ғана пайдаланған.
Сұлтанмахмұттың 107 өлеңінен 68 өлеңі қара, кайым өлең өлшем, ұйқастарымен, 32 өлеңі жыр-толғау, тақпақ өлшем, үйқастарымен яғни 7 өлеңнің кей жері қара, қайым елең, кей жері жыр-толғау, терме-тақпақ өлшем, үйқастарымен жазылған.
Жалпы алып қарағанда Сұлтанмахмұттың алғашкы кездегі 1907—1912 жылдар арасындағы жазған елең-дерін көбінше қазақтың бүрынғы өлең үлгілерімен қиыстырып жазуға тырысқаны байқалады. Бүл кезде жазған өлеңдерініқ бәрі дерлік бірыңғай шумақ, өлшем, ұйкаспен келеді; көбінше қара, қайым елең үлгілермен келіп отырады.
Ал, мұнан кейінгі дәуірде, 1912—1920 жылдар арасында жазған өлеңдерінде Сүлтанмахмүттық шумақ өлшемі болсын, ұйкастары болсын әлінше еркін құрау, еркін келтіруге, Абай үлгілерін қолдануға, өзі жаңа үлгілер табуға тырысқанын көреміз: ақын елеңдерінің шумағы да; елшемі де, үйқасы да айнымалы, әр түрлі бөлып келеді.
Бұл кезде Сұлтанмахмұт бір өлең шумағын бірнеше түрлі етіп келтіреді. Мысалы, оның «Кедей», «Адасқан өмір» деген поэмаларының шумақтары әр жерде әр түрлі келген. Автордық айтайын деген ойына қарай олкейде 4—6 тармак, кейде 10, 14 тармақ, кейде 20, 30 тармақ болып келген.
Осылардың үстіне Сұлтанмахмүт Абайдың бір-екі үлгісін қолданады. Атап айтқанда ол Абайдың алты тармақты үлгісін «Қор болды жаным» үлгісін қолданды. Өлеңін «Алты аяқ» деп атады. Ол өлен үйқасы былай болып келеді:
Тұңғиық түпсіз ашулы а
Асау теңіз толқыған б
Бойымды топырақ басулы, а
Жүре алмаймын жол тұман б
Сұлтанмахмүт осы үлгімен тағы екі өлең жазған. Олар: «Шәкірт ойы», «Сымбатты сұлуға», деген өлеңдер. Тек Сұлтанмахмұт бұл өлеңдерінің қай қайсысының болсын өлшемі Абай өлеңінің («Қор болды жаным») елшемінен басқа. Абай әлеңі 5—7—6 буынды. Сұлтанмахмұт өлеңдері 7—8, 11—7 буынды.
Сұлтанмахмұт Абайдан көріп, бүрынғы жырларда кездесетін бес аяқты, айнымалы үйқастар ізімен өзі екі гүрлі өлең үлгісін шығарды. Олар: «Мейірімсіз ажал», Неге жасаймын?» деген өлеңдері.
«Мейрімсіз ажал» былай қиыстырылған:
Теңізден қайтып өтермін, в
Түссем батып кетермін. в
Көңілге қайгы у салып, а
Көзден жасты парлатқан б
Жүрекке жара дақ салып, а
Жанды ашытып зарлатқан, б
Уыты күшті ажал-ай! в
Дегеніне жеткізбей, г
Қанатым ұзын қайырган, д
Ондағысын өткізбсн, г
Бірді-бірдсн айырган д
Мейірімсіз, шіркін. ажал-ай! в
Жоғарыдағы Абай үлгісімен жазған өлеңін өзі «Алты аяк.» деп атағанына қарап, Сұлтанмахмұттын. бұл өлсцін «Бес аяк» деп атаса болады. Ал Сұлтанмахмұттың «Неге жасаймын?» деген өлеңі былай болып келеді:
Сусыз, шетсіз шөлдерден а
Туманды, тупсіз көлдерден. а
Адамдық. көші өткенше. б
Каскыр мен қой дос болып. г,
Достыксыз өмір бос болып, в
Шын өмірге жеткенше, б
іштен өсіп адамдық г
Сырттан түлеп жамандық г
Тазарып әбден кеткенше б
Талай шаштар ағарар. д
Талай тәңді жер алар, д
Талай буын куарар, д
Талай өмір суалар,
Жасамаймын еңбектің е
Жемісін көзбен көрем деп, ж
Жасаймын бір колқабыс. в
Кейінгіге берем деп.
Бұл әрі күрделі, әрі келісті үйқас. 17 тармақ, тармағы сонша көп болса да, үйқасы келісті болғанлық-тан мағынасы түйдік, айқын болып отыр.
Сонымен, 1) Сұлтанмахмұт өлецдерінің шумағы мен үйқасы бір қатар ретте айнымалы, аралас — автордын, айтайын деген ой-пікіріне карай ор жерде әр түрлі болып келеді. 2) Сұлтанмахмұт Абай үлгісімен, Абай үл-гілерініц ізімен өзінше 6 өлең ұйқастырған. Олар: «Алты аяқ». «Шәкірт ойы», «Сымбатты сұлуға», «Мейрім-сіз ажал», «Неге жаеаймын?».
Сұлтанмахмүттыц өлеңдері өткір тілді, көркем суретті. Онда адам өмірінің, болмыстың дәл, дағдылы, кеңілге қонымды көріністері, лирикалық кейіпкердің дүниедегі түйгені, алған әсері, кескіндері, кестелі, сырлы, өткір сөздер көп. Олардың көбін біз ақын шыгармаларының тілі туралы бөлімде келтірдік. Бұл жерде тек кейбіреулерін ғана көрсетіп өтеміз.
Сұлтанмахмұт бірқатар өлеңдерінде жылдын, кейбір мезгілдеріндегі түннің, түнгі ауылдың келісті сүреттерін жасайды. Мысалы: ол «Мұңдылардың жолыкканы» деген өлецінде жазғы түндегі аспанды суреттеп, келісті теңеу, салыстыру арқылы мынадай картина жасайды:
Жаралған қалай ғажап мынау аспан?
Қаз бауыр, ақ торғындай бұлт шашқан,
Жалтырап гауһар тастан көкте жұлдыз,
Караған мұндылардыц көцілін ашкаи.
Толқынды шөп бастары соққан желмен,
Ай дағы нұрын шашты шыгып белден,
Жолменен еміс-еміс естіледі
Дауысы төбеттердің үрген елден: — дейді.
Осы сиякты, Сұлтанмахмұт «Кедей» поэмасының бір жерінде күзгі түнді суреттейді. Бір шумак өлеңмен күзгі түннің. түнде үйықтап жатқан ауылдың, итпен бірге мал күзеткен қойшының күй-жайын бейнелейді:
Күзгі түн, шөптің басын қырау көмген,
Ызғар шашып, бұлт мынау жерге төиген.
Қараңғы, итпен бірге қой күзетіп,
Мен ояу, ел ұйкыда, оттар сөнген— дейді.
Сұлтанмахмұт бірсыпыра өлеңдерінде, кейбір поэмаларының әр жерінде Сарыарқаның, жазғы даланың сүретін, табиғат құбылыстарының сүретін жасайды. Оны да алуан-алуан айқындау, шендестіру, меңзеу арқылы өте келісті етіп, көркем етіп жасайды. Мысалы, ол «Айтыс» поэмасының бір жерінде Сарыарканы, жазғы даланы былай бейнелейді:
Көк күмбездің астында көк масаты,
Сәлімен алтындаған сары белім.
Қең дала, шаңсыз ауа, таза қоныс,
Исі аңқып, бетім сүйген самал желім.— дейді.
Әсем сурет. Әсем болып отырғаны сол — ақын аспанды көк күмбезге, көк басқан даланы, көк масатыға, күн сәулесін алтынға орынды тецеп, «кер» деген ай-кындауды бір тармакта екі жерде шебер қолданып, Сарыарқаныд дағдылы сүретін көзге айқын елестетіп отыр.
«Кім жазыкты?» романында ақын көктемді, көктемдегі сұлу, әсем көріністерді былай сүреттейді:
Жиырма тоғызы міне апрельдің
Көк торғын жамылғаны қара жердің...
Киініп ағаштар да жасыл тонын
Жоғалған жер жүзінен қысқа көрік...
Жасыл шөп, көз жасындай, аққан бұлак,
Бассан, да қай жерге аяқ, жүрген жолың...
Дүниеге күннін. көзі күле қарап,
Майда жел табиғатты сүйіп, жалап...
Көркіне табиғаттың көнілі босап,
Кел қылғап көз жастарын терен, сайлар — дейді.
Мұнда ақын Жер көк торғын жамылды, ағаш көк тонын киді деп, табиғат күбылыстарын адам әрекетіне ауыстырып, жер мен ағашты сәнденген, жасанған адам-ныц бейнесіне ұқсатады. Осы сияқты, ақын бұлактың суын адамның көз жасына, кар мұздың еруін адам көңілінің босауына, күннің жылуын адамның күле карауына теңейді.
Сұлтанмахмұттың өлеңдерінде осы үзінділерде кездесіп отырған айқындау, теңеу, ауыстыру сияқты сөздер, көрікті теңеулер көп ұшырайды, бәрі де өте орынды, өте шебер қолданылады.
Осыған қарап, Сұлтанмахмұтты жыл мезгілдерін, табиғат қүбылыстарын, ауылдың, даланың әр ксздегі калпын сүреттеуге, жарасымды пейзаж, картина жасауға шебер ақын деуге, Еуропа жұрттарының табиғат көріністерін шебер сүреттейтін лирик акын-жазушылары қатарындағы ақын деуге болады.
Сұлтанмахмұт бірқатар өлеңдерінде адамның күй-калпын, мінез-кылығын сүреттейді. Ол табиғатты сүреттегенде оның жеке құбылыс, көрінісін адам калпына, адамның мінез-қылығына ұқсатса, адамның калпы-на, мінез-қылығын, ісін сүреттегенде оны көбінше табиғат құбылыстарына теңейді. Сөйтіп табиғат кұбылыстарын шебер сүреттегені сияқты, адам мінездерін де шебер кестеледі.
Сұлтанмахмұт «Адасқан өмір» поэмасында адамның емірін: «мен бала», «мен жігіт», «мен токтадым», «мен кәрі», «мен өлік» деген түрлі кезеңге бөліп, соны тегіс суреттеп, айтып шығады. Ол адам емірін бастан-аяқ суреттегенде өте орынды етіп, көділге қонымды етіп суреттейді. Өмірдің әлгі айтылған кезеңдерінде қай адамның болсын, қай кездегі адамның болсын басында, бойында болатын мінез-қылықты, хал-жайды, ай-қиялды дәл, ете шебер суреттейді. Мысалы, ол адамның сәби шагын былай суреттейді:
Мен сәби, мейірімді ана құшағында,
Ақ мамасын сүйемін, құшамын да.
Алтын ана жек көрер шамасы жоқ,
Былғанам ба, мейлі құсамын ба?
Мен — ұжмақ періштесі, көңлім таза,
Қандай нәрсе білмеймін: бәле, каза;
Еркімнің үйғарғаны істеуіме,
Ұғынбаймын ешкімнен бар деп жаза:
Жастық деген не нәрсе?— көрішен дос;
Қайғы деген не нәрсе — көңілім хош;
Алдау, күндеу, айла не?—мен білмеймін;
Жүрегімде түкпір жоқ, сүюден бос.
Осы сияқты, Сүлтанмахмұттың «Қамар сүлу», «Кім жазықты?» романдары мен «Кедей» поэмасында да ақынның өз заманындағы бірсыпыра кісі бейнелері бар. Мысалы, Қамар мен Аппақай қазақтың оқыған, үнамды ақылды, көрікті қыздарының бейнесі; Нұрым, Тасболат қазактың ала аяқ, қу, өз қүлқыны үшін ешнәрседен тайынбайтын, ірі бай-феодалдардын бейнесі; Әжібай ерке өсіп, есер болған, шала оқып, қала мәдениетінің жаман жағын үққан, атаның бақ, дәулеті арқасында ел билеуші болған, ел билеуші болғаны сол, елге масыл болған, ел арасын бүлдіріп жүрген болыстың бейнесі. Бұлардан баска жаншылып жапа көрген қазақ кедейлерінің бейнесі, бай, болыстың, көп қатыннын бірі болып, күндік күнін көріп күндестікпен өмірі өтіп жүргең қазақ әйелдерінің бейнесі бар.
Қай ақын жазушының шығармаларында адам өмірінің болмыстың дәл, жарасымды, көңілге қонымды сурет-картиналары көп болса, қай шығармада адамның өмірден, дүниеден алған әсері келісті көрсетілген болса сол ақын-жазушы шығармаларының құны қымбат, өмір жасы ұзак болады. Сұлтанмахмұттың шығармалары осындай шығармалар.
Достарыңызбен бөлісу: |