Білім беру бағдарламасы 6В01713 Қазақ тілі мен әдебиеті



бет10/40
Дата08.02.2022
өлшемі1,62 Mb.
#122214
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40
Байланысты:
umkd 20 gas r bas ndag kazak adebieti.
Документ, Документ, реферат презинтация
Қаралатын мәселелер:
1.Ағартушы-демократтар тобындағы ақын-жызушылардың шығармашылардың шығармашылығы мен өзіндік көзқарас-түсініктерінің әралуандығы.
2. Бұл бағыттағы ақын-жазушылардың айналадағы тарихи оқиғаларға ілесе үн қатып, қоғам тынысына демократиялық идеяларды дарытуға күш салғандығы.
1. ДЕМОКРАТТЫҚ – АҒАРТУШЫЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ АҚЫН, ЖАЗУШЫЛАР.
ХХ ғасырдың бас кезінде демократтық – ағартушылық бағытта дамыған қазақ әдебиеті бір ғана белгілі кезеңнің жемісі емес, қайта, өткен ғасырда Ыбырай, Абайлар негізін салған прогресшіл демократиялық – ағартушылық бағытта дамыған жаңашыл әдебиетіміздің заңды жалғасы, жаңа кезеңдегі көрінісі болып табылады. Бірақ бұл кезеңдегі әдебиетіміз де, осы кітаптың өткен тарауларында айтылғанындай, кертартпашыл, буржуазияшыл- ұлтшыл сарынды уағыздауға тырысып баққан ескішіл бағыттағы әдебиет пен оның өкілдеріне үнемі қарама-қарсы күресу үстінде дамып өсті.
ХХ ғасыр басында демократтық-ағартушылық бағыттағы әдебиетіміздің кең өріс алып дамуына сөз болып отырған дәуірдегі саяси-экономикалық жағдайлар, әсіресе 1905-1907 жылдардағы буржуазиялық- демократиялық революция мен оныншы жылдардағы революциялық өрлеулер, барлық жерде де өзінің революцияшыл пәрменділігімен кең таралып жатқан марксизм-ленинизмнің ұлы идеялары, ұлы Россияда жаңа сатыға көтеріліп, революциялық күреспен ұштасып бара жатқан демократтық- ағартушылық озат ойлар прогрестік тұрғыдан зор ықпалын тигізді.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің көптеген өкілдерінің шығармалары өз кезінде баспасөз беттерінде, әсіресе «Айқап» журналында жарияланып немесе өз алдына жеке кітап болып басылып шығып, жарық көріп отырды. Мысал ретінде осы дәуір әдебиетінің көрнекті өкілдері болып табылатын Сұлтанмахмұт Торайғыров пен Сәбит Дөнентаевтың , Спандияр Көбеев пен Тайыр Жомартбаевтың, Мұхамеджан Сералин мен Әріп Тәңірбергеневтың, Б. Өтетілеуов пен Ә. Ғалимовтың шығармаларын атауға болады. Бұл аталған ақын, жазушылардың, демократтық бағыттағы әдебиет өкілдерінің шығармаларында ХІХ ғасырдағы классикалық әдебиетімізде, әсіресе, Ыбырай мен Абай творчествосы арқылы келіп қалыптасқан жаңашыл дәстүрлер әрі қарай дамыды. Халықтық бағыт, оның реалистік сипаты кең өріс алды. Сол сияқты бұл аталған ақын, жазушылардың творчествосында орыстың классикалық әдебиетінің идеялық, көркемдік әсері зор болғандығы айрықша байқалады.
Бұл дәуірдегі демократтық-ағартушылық бағыттағы әдебиет өкілдері, атап айтқанда, С. Торайғыров, С. Көбеев,М. Сералин, С. Дөнентаев, Ә. Тәңірбергенев, Т. Жомартбаев, Мұса Байжанов, Мұсабек Байзақов, Ығылман Шөреков, Бекет Өтетілеуов тәрізді ақын, жазушылар кезінде қазақша, орысша оқып білім алған, белгілі дәрежеде сауатты кісілер. Олар қазақтың әдебиетімен қоса Орта Азия, шығыс халықтарының әдебиетімен таныс болған, оның үстіне орыстың классикалық әдебиетінен де мол үлгі, өнеге алды.
Бұлар өздерінің шығармаларында қазақ тұрмысындағы ескілік қалдықтарын, патша үкіметі мен қазақ феодалдарының халыққа, еңбек адамына істеп отырған озбырлық істерін батыл сынады. Әйелдердің бостандығы мен теңдігін сөз ете отырып, қалың мал тәрізді ескі салт-сананы, қожа – молдалардың бойындағы теріс істерді әшкереледі. Халықты еңбекке, оқу- өнерге, мәдениетке шақырды. Егіншілікпен айналысып, қала салып көркеюге шақырды. Олар осы тәрізді қоғамдық, тарихи үлкен маңызы бар тақырыптарды кеңінен сөз ете отырып, жаңа өмірді, әділет заманын, бақытты тұрмысты болашақтан күтті, келер күнге үлкен сеніммен, зор үмітпен қарады.
Сөйтіп, ХХ ғасырдың бас кезіндегі, ұлы революция қарсаңындағы демократтық бағыттағы әдебиетіміз сол кезеңнің ілгерішіл сипатымен сана-сезімі ояна бастаған халқымыздың қоғам дамуы алып келе жатқан жаңалыққа барынша бой ұрып, еркіндікке ұмтылу талаптарымен тығыз байланысты болады. Қазақ халқы өзін ілгері ұмтылып іргелі, мәдениетті ел болуға, еңбекке, өнер-білім мен ғылымға шақырған демократ жазушылардың, ақындардың прогресшіл үніне қатты құлақ қойып, олармен бірге келер жаңа заманды, әлемге әділдіктің туын көтерер еркіндік заманын асыға, ынтыға күтті.
ХХ ғасыр басындағы демократтық-ағартушылық бағытта жазған ақын, жазушылар саны жағынан да, шығармашылық сапасы жағынан да біршама баршылық. Алайда солардың бәрін бірдей өз алдарына жеке-жеке тару етіп беруге оқу бағдарламасының көлемі де, ұсынылып отырған оқулықтың көлемі де көтере алмайтындықтан, жоғарыда аталған ақын, жазушылардың бірқатарын қысқа да болса шолу ретінде таныстырып өтуді дұрыс көрдік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет