Білім беру бағдарламасы 6В01713 Қазақ тілі мен әдебиеті



бет6/40
Дата08.02.2022
өлшемі1,62 Mb.
#122214
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
umkd 20 gas r bas ndag kazak adebieti.
Документ, Документ, реферат презинтация
Пысықтау сұрақтар:
1.Жастарға бағыт-бағдар беру, ғибрат айту ыңғайындағы ойлары
2.Өлеңдерінде ел ішіндегі келеңсіздіктерді сынау
3. Жаңа ұғымдарды пайдаланғаны.
Әдебиеттер:
ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – Алматы: Ғылым, 1994жыл.
Қазақ әдеби сынының тарихы. Кәкішев Т.- Алматы.: Санат, 1994 жыл.


Дәріс-5.
Тақырыбы: Мақыш Қалтайұлы (1968-1916 жыл.)
Мақсаты:
1. Шығармашылық өмірбаяны.
2. Діни білімінің тереңдігі.
3. Айналасына, қоғам құбылыстарына қатысты көзқарасының күрделілігі.
Қаралатын мәселелер:
Діни білімдарлығы. Айналасына, қоғам құбылыстарына қатысты көзқарастарының күрделілігі. Әлеумет ортасындағы теңсіздікті кемшіліктерді сынау.
1.Шығармашылық өмірбаяны.
2.1907-1913 жылдар аралығында жарық көрген еңбектері.
3.Мысал жанрындағы еңбектері.
Мақыш Қалтаев Ақмола—Қараөткел, маңында туған. Жасынан мұсылманша оқыған, әбден жетілген молда, ғұлама болған. Меккеге барып қайтқан. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау облыстарында, Троицк жағында молда болып, бала оқытып жүрген. Бұрынғы Семей, Жетісу губернияларындағы қазақтар арасын әдейі аралап көрген.
Бірақ Мақыш Қалтаев дін фанатизміне ұйып, бой алдырмайды. Молдалардың әдеттегі кәсібін істемейді. Қайта шама-шарқынша халық ағарту қызметіне ат салысады, жазушылық жолына түседі, кітап бастыру ісі мен шұғылданады.
Өзінің айтуы бойынша Мақыш 1907 жылдан бастап жазушылықпен айналысады, кітаптар жазып, бастырады. Ол өз жанынан 6 кітап жазған да, татар тілінен кітап аударған, барлығы үлкенді-кішілі 10 кітап жазып бастырған. Көп еңбек, мол қазына.
Мақыштың өз жанынан жазған кітаптары: «Насихат қазақия» (1907 жыл), «Қалтай ұлыньщ қазақ ахуалын бәйіт еткен мәнзұмасы» (1909 ж.), «Мәшһүр Қалтаев» (1910 ж.), «Қазақтын, айнасы» (1910 ж.), «Тур жол» (1912 ж.), «Бар оқиға» (1913 ж.); татар тіліне аударған кітаптары: «Бұлбұл құс. Бірінші бөлім 1910 ж.), «Бұлбұл құс. Екінші бөлім» (1911 ж.), «Айна» (1913 ж.), «Сақ-сұқ» (1913 ж.) деп аталады.
Бұлар тоғыз-он жыл ішінде жазылған, басылған кітаптар. Революциядан бұрынғы қазақ ақын-жазушылары арасында Мақыштай көп кітап жазып, бастығандар кемде-кем десе болады.
Мақыш — ақын. Әлгі кітаптарын ол теріс өлеңмен жазған. Мақыштың өлеңдері, Шығыстың бұрынғы ауызша, жазбаша, әдебиеттерінің дәстүрінде өлең-жыр, дастан-қисса, назым-мысал, нәзира үлгісінде. Соларды ақын өзінше қиыстырған. Ол шығармаларында кітаби халықтық сөздерді, сөз тіркестерін әрі көп, әрі орынды пайдаланған. Қазақ халқының өлең мәдениетін игерген. Мақыш өлең-жыр, дастан-қиссамен қатар мақалалар да жазған. Қолдан жазып, «Тұрмыш» атты журнал шығарған. Оның мағыналы, көлемді мақалалары «Қазақ әйелінің бас бостандығы», «Қазақ тілінде газет шығарудың керектігі» туралы деп аталады.
М. Қалтаев — молда ақын. Оның дүние, қоғам тануы, көз қарасы көбінше діни, кей ретте мәсел^ні тал-дау, түсіндіру тәсілі шариғатша. Жүрегі — үлтжанды. Бірді-екілі өлеңдері либеральдықпен шектесіп жататын сәттері де бар.
Жалпы алғанда Мақыштың ізгілік, ағартушылық, демократтық пікірі басым. Қазақтың қазан төңкерісінен бұрынғы молда ақын-жазушыларынан қазақ өмірінің бірталай күрделі мәселелерін қозғаған, реалистік бағытқа бірталай көтерілген, сыншыл реализмге жақын келген осы — Мақыш Қалтаев деуге болады. Мақыш соңғы кітабын «Бар оқиға» деп атаған. Дүниеде, тұрмыста, елімізде, қазақ арасында бар, болған» болып жатқан оқиғаларды, өзі көзіммен көрген, іздестіріп білген, көңіліме түйген жайларды жазам:
Жоқты атпаймын, айтамын барды көріп,
Көп кердім жүргенімде елді кезіп,—
дейді.
Осы ретпен Мақыш қазақтың әлеуметтік хал-жайын, шаруашылық, мәдени тұрмысын, ғұрып-әдетін көп сөз етеді. Тағы бір үлкен кітабы «Қалтай ұлының қазақ ахуалын бәйіт еткен мәнзумасы»— қазақтың хал-жайын баян еткен өлең-жыры деп келеді.
Қазақ өмірін Мақыш таңырқап, қызықтап, дәріптеп баяндамайды. Көбінше, сын көзімен қарап, қоғамдық даму түрғысынан шенеп-мінеп баяндайды. Кейбір ескіні, кертартпаны сынайды. Жақсыны, жаңаны құптайды. Өз халім нашар, өзім айсыз түнде, қараңғыда қармалап жүрмін. Алайда қазақтың мінін, кем-кетігін сынаймын. Мақсатым қазақты сынау, шындықты, әділеті айту:
Айнадай көрсетемін жұрттың мінін
Қорқып ішке жимаймын сөздін, шынын.
Жақын, алыс, дос, дұшпан бәрін бірдей
Сөйлеймін жалтақтамай хақтың сөзін,—
дейді Мақыш.
Қысқасы, ақын өз кезіндегі қазақ халқыньщ отар халін, кенже қалып, қорлық көріп отырғанын, қараңғылын, надандығын, зәру қажеті оянып, ілгері ұмтылу, прогреске жету екендігін сезінеді, әлінше дәл бейнелейді.
Мақыш дүнияи ғылым-білімнің, өнер-кәсіптің, байлық-дәулеттің, мәдениеттін халық үшін қажеттігін, пайдасын ұғады; қоғамның, халықтың шаруашылық, мәдениет жөнінен ілгері дамуын көздейді. Жұртты оқуға, орысша оқуға, мәдениетке, ғылым, өнер, кәсіп үйренуге, Отанның өркендеуі жолында қызмет етуге үндейді.
Осы тұрғыдан қарап Мақыш қазақтың үйлену, ауру-сырқауды емдеу жөніндегі ескі, зиянды ғұрып- әдеттерін сынайды; бектік, феодалдық қалып сарқыны болған жалқаулық, мансапқорлық, даукестік, партиягершілік сияқты жаман, кертартпа мінез-қылықтарын шенейді; би-болыстарды, қожа-молдаларды балағаттайды.
Халықтың осы мінін, кем-кетіктерін Мақыш бір ретте дін негізінде, жалпы ізгілік жөнімен, низам жолымен түзеуге болар еді дейді. Енді бір ретте әйтеуір қазақ өмірінің жаңғыруын шын көңілімен көксейді.
Әсіресе соңғы өлеңдерінде Мақыш еліміздегі қалыптың, қазақ тұрмысының жаңғыратынына сенеді, соны арман етеді. 1913 жылы шыққан кітабындағы бір өлең: былай келеді:
Кетер бір заман шексіз бұл ақ қарлар,
Жылынар күн, болар желсіз шуақтар.
Көре алмаспын мен ол қардың кеткенін,
Болмаса халіме бір шипа хақтан.
Кетер боран, аяз бен жел, суық та,
Жауып жаңбыр, жері көктер жуықта.
Жасыл мақпал кілем болар қара жер,
Болармын мен көрде ол уақытта.

Болар дүние ол уақытта бір жеміс бақшадай,


Ағар сулар сылдырап, төгілген ақшадай.
Шаттықпен қызық көріп жүрер әркім.
Ол күнде тек болсын менің қабырым сарай.
Өсер, көктер жер үстінде толқындап,
Сайрар құстары неше түрлі мұңданып.
Болар ол күнде әркімге бостаншылық.
Тек мен жатармын топыраққа былғанып.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет