Білім беру бағдарламасы 6В01713 Қазақ тілі мен әдебиеті



бет4/40
Дата08.02.2022
өлшемі1,62 Mb.
#122214
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
umkd 20 gas r bas ndag kazak adebieti.
Документ, Документ, реферат презинтация
Пысықтау сұрақтар:
1. Ақынның сегіз дастаны .
2. Халықты ояту, білім беру мәселелерін көтеруі.
Әдебиеттер:

  1. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – Алматы: Ғылым, 1994жыл.

  2. Қазақ әдеби сынының тарихы. Кәкішев Т.- Алматы.: Санат, 1994 жыл.

  3. Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. – Алматы;Санат, 1994жыл.



Дәріс-3.
Тақырыбы: Мәшһүр Жүсіп Көбейұлы (1858-1931)
Мақсаты:
1. Шығармашылық өмірбаяны.
2. Өз дәуірінің білімдар, парасатты адамы болғандығы.
3. Мәшһүр Жүсіптің дастандары туралы мәлімет.
Қаралатын мәселелер:
1.Мәшһүр Жүсіптің ауыз әдебиеті үлгіерін жинаудағы еңбегі. Ол жинаған мұралардың молдығы әрі сан алуандығы.
2.Шығармашылық өмірбаяны.
3.Замана мәселері тақырыбына түрлі мақалалар жазып, газеттерде жариялануы.
4.Еңбектерінің жарық көруі мен оларда заман шындығының бейнеленуі.
Мәшһүр Жүсіп Көбеев (1857;—1931) қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туады. Әл-ауқатты кісінің баласы. Жасынан мектепте оқиды. Орта дәрежелі білім алады. 29 жасында, 1886 жылы Бұхарға барып оқиды. Араб, парсы, Орта Азия әдебиетімен танысады. 1896 жылы Ташкент қаласына барып, тағы біраз уақыт оқып қайтады.
Мәшһүр көп жылдар ел қыдырып, серілік құрып жүреді. Еділ жағасындағы қалаларды аралайды: Горький, Қазан қалаларында болады, өлең жазады, ауыз әдебиет нұсқаларын жинайды: хабар, мақала жазады. Ақырында, өз елінде қайтыс болады.
Мәшһүр үш кітап жазып, бастырған. Олар: 1) «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» (1907), 2) «Хал-ахуал» (1907), 3) «Сарыарқаның кімдікі екендігі» (1907). Алдыңғы екі кітабы — өлең, жырлар, поэмалар жинағы. Барлығы 16 өлең, 5 поэма, кейінгі кітабы — ұзақ екі мақала.
Мәшһүр шығармаларының көпшілігінде заман жайын айтады, қазақтьщ жаман мінездерін, қазақ арасындағы феодализм қалдығын, би-болыстарды, патша үкіметінщ чиновниктерін сынайды. Сөйтіп, халықты оянуға шақырады:
Жатқандай тәтті ұйқыда қазақ халқы,
Айрылмай жақсы менен жаман фарқы.
Өнерге ұмтылайық, оқып жетіліп, мәдениетті, күшті ел болайық:
Білімге жабысайық көңіл қойып,
Ерлердің жұмысына жүрмін тойып...
Өнер-білімге жетілу арқылы теңдік, бостандық аламыз:
Өнерге, ғылым, білім болсаң, жерік,
Берілер ақыр бір күн басында ерік,—
дейді.
Жалпы алғанда, Мәшһүр өлеңдерінде қазақ халқының жай-күйін, заман жайын дұрыс аңғарады. Соған байланысты халықтың оқығандардың арманын, міндет, мақсатын дәл түсінеді, айқын білдіреді. Прогресшіл, ағартушы-демократтық жолда. Сонымен қатар Мәшһүр кейбір шығармаларында жағдайды, мәселені жете аңғара бермейді. Содан қате, қайшылыққа ұрынады: Ол бірде патша үкіметі құрған Думаға қуанады; 1905 жылы Қазанда шығарған манифеске сенеді.
Мәшһүр заманындағы әл-ахуалға, саяси-әлеуметтік жағдайларға құлақ түріп, соларды байқап отырған. Шығармаларының біразын күнделікті уақиғалар мен мәселелерге байланысты жазған. Солардың өрістеу, аяқталуына қарай ақынның ойы, көзқарасы толқып отырған.
Мәшһүр поэмалары — ертегі, аңыз негізінде жазылған сюжетті, әңгімелі шығармалар. Мәшһүрдің өлең-жырлары да көп ретте, қисынды, сюжетті, ойлы, кестелі болып келеді. Бәрі дерлік саяси, публицистикалық лирика.
Қысқасы, Мәшһүр Жүсіп Көбеев ағартушы бағыттағы, артында бірқыдыру құнды мұра қалдырған дарынды журналист ақын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет