Білім беру бағдарламасы 6В01713 Қазақ тілі мен әдебиеті


«Қостанайда қазақша әріптер болмағандықтан, «Ау



бет17/40
Дата08.02.2022
өлшемі1,62 Mb.
#122214
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40
Байланысты:
umkd 20 gas r bas ndag kazak adebieti.

«Қостанайда қазақша әріптер болмағандықтан, «Ауыл» газеті мұнан бір жыл бұрын Челябіде шыққан еді. Онда шығарып, мұнда әкеліп тарату өте қиынға түсті.
Сондықтан ол уақытша тоқталған еді. Биыл Мүхаметжан Сералин Қазанға барып, қазақша әріптер алып келіпті. Қостанайда баспақана ұйымдастырылды. Соның нэтижесінде бүгін «Ауыл» Қостанайда қайта шығып отыр. Енді үнемі шығып тұрмақшы. Оның мақсаты сіздерге көз, құлақ болу, басшы есебінде қызмет ету»,
дегенді айтқан.
Газеттің бұл нөмірінде: «Редактор жазушылар құрамасы» деп қол қойылған. Ал мұнан кейінгі нөмірлеріне редактор болып Мұхаметжан Сералин қол қойған. Ол осылай 1926 жылға дейін «Ауыл» газетінің редакторы болып тұрған. Бұл ретте оның көптеген мақалалары басылған.
Мүхаметжан Сералин 1928 жылы Қазақстан Орта-лық Атқару Комитетіне мүше болып өтеді; 1924 жылы қадтар айында Кеңест.ердіқ Бүкіл Россиялық II съезіне, делегат бо.лып сайланады. Деяегат ретінде В. И. Ленинді жерлеуге қатысады. Ол жөнінде «Қайғылы қара күн» деген очерк, «Ленин», «Жоқтау» деген өлеңдер, «Ленинді жерлеу» деген мақала жазады.
1926—1928 жылдар арасында Мұхаметжан Сералин біраз уақыт губерниялық атқару комитеті төрағасы орынбасары болып, біраз уақыт губерниялық партия комитетінде соның үгіт-насихат бөлімінің бастығы болып қызмет істейді. Осы жүмыста жүріп қаны тасу кеселімен ауырып, 1928 жылы өз еліне қайтады.
Өз елінде Мұхаметжан әуелі біраз уақыт емделеді, кейін, тәуір болған соң, қарыз серіктігін, жерді бірлесіп пайдалану серіктігін ұйымдастырады. Соларды өзі басқарып, өкіметтен шаруаларға ақша, тұқым, күш-көлік, соқасайман алып беріп, ауылының шаруашылығын жаңа, мәдени жолға салады.
1929 жылдын, басынан Мұхаметжан ежелгі кеселімен тағы ауырып қалады. Ұзақ ауырып, сол жылы жазды күні қайтыс болады. Оның сүйегі қазіргі Қостанай облысының, Қарабалық ауданындағы «Өрнек» колхозынын, жеріндегі «Үлкен зират» деп аталатын зиратқа қойылады.
Мұхаметжан Сералиннің ауылында туып, өскен, Қостанайда қызмет істеген кезінде онымен араласып жүрген, ақырғы рет оны 1929 жылы май айында көрген Жұмаш Еленов деген кісі Мұхаметжан жөнінде мынадай әңгіме айтады:
«Соңғы кездескенімде Мұхаметжанның айтқан бір сөзі менің әлі есімде. Ол: заманым келіп еді. Білімімді, қолдан келген қызметімді ел үшін аянбай жұмсайтын кезең туып еді. Бірақ, не қыласың, науқас айналдырды: басым айналады, көзім қарауытады, дәрмен жоқ. Төсекте жатсам да төңіректегі еңбекшілерге баскөз болып, әлі де шамам келгенше қызмет етудемін деген еді»,— дейді.
Тағы сол Жұмаш Еленовтың жазуы бойынша Мұхаметжан кентік әлпетті, аласа бойлы, толық, дембелше келген кісі болған екен. Ел оны көбінше Мұхаметжан демей, «Бақа қожа» (руы қожа болғаны үшін), «Мұқат» дейді екен. Газет, журналдарға жазған бірсыпыра мақалаларына Мұхаметжан «Мұқат», «Мыс» деп те қол қояды екен.
II
Мұхаметжан Сералиннің бізге жеткен әдеби шығармалары сонша көп емес. Небары үш поэма: 1) «Топжарған, 2) «Гүлкәшима», 3) «Рүстем—Зорап» (аударма); бес-алты өлең («Бай, патша һәм кедей», «Бай, касқыр, аңшы», «Ленин», «Жоқтау»), бір очерк, бір әңгіме «Жусан» (аударма), «Қайғылы қара күн».
Кейбіреулердің айтуына қарағанда, Мұхаметжан Сералиннің Қазан төңкерісінен бұрын жазған «Бай, патша һәм кедей», «Бай, қасқыр, аңшы» деген өлеңдері баспа жүзін көрмеген; тек гектограф арқылы көбейтіліп, ел арасына қолдан-қолға таратылған; олар байлардың зұлымдығын әшкерелейтін мысал өлеңдер болған. Ал ақынның басқа әдеби шығармаларының бәрі де өз кезінде газет, журналдарда және кітап болып басылған.
Мұхаметжан Сералиннің бірінші поэмасы —«Топжарған». Ол 1900 жылы Троицкіде бөлек кітап болып шықты. 1903—1907—1915 жылдары қайта басылды. 1936 жылдан бері орта мектептерге арналып шығып жүрген әдебиет хрестоматиясында үнемі басылып келеді.
«Топжарған» поэмасының тақырыбы қазақ халқының өмірінде XIX ғасырдың отызыншы, қырқыншы

Ж. Еленовтың Мұхаметжан жөніндегі қолжазбасы Қазақстан Республикасы улттық Ғылым академиясы кітапханасының қолжазбалар қорында сақтаулы.


2 С. Ужгин, М. Сералин туралы есімде қалғандар. Қолжазба. Қазақстан Республикасы ұлттық Ғылым академиясының тарих ннституты.
жылдарында болған оқиғаға байланысты: Кенесары, Наурызбай бастаған ұлтазаттық қозғалысқа байланысты.
Автор поэмасының басында Кенесарының және оның, алдына жиналған топтың, кәсібін, ісәрекетін былай суреттейді:
Қатарда Жыланшықты қыстау еткен,
Жайлауға Торғай суын көктей еткен.
Қарасай, Қошалактың қара отына,
Наурызбай, Кенесары мал семірткен.
Касывда төленгіті жүз қаралы үй,
Жігіттің айтқаны өлең, тартқаны күй.
Ханынан жақсы ат тартқан алады сый,—
дейді.
Поэманың бас кейіпкері жас Адай жігіт өз елінен ғашықтық жөнімен немере ағасын атып өлтіріп, кашып шығады; бірекі жыл Теке мақын, Жайық бойын кезіп жүреді; тама, шекті, шеркес руларын аралайды. Ұрлық істеп күн көреді.
Осылай жүріп кейіпкер бір күні Қенесарының шекті руына мал ұрлау, ел талауға келген үш жігітіне кез болады. Олар адай жігіті ұйыктап жатқанда ұстап алып, атымен тұтқын олжа етіп Қенесарыға алып барады; олар бара жатып адай жігітке:
Біз елден апта болды шықтьж, шетке,
Шектіден мал алуға келсе епке.
Талғанда аттың мойны сен кез келдіқ,
Құлақ сал, олжаладық, мына кепке,
Біз сені Кенеханға апарамыз,
Құл кылып бірімізге біз аламыз.
Қоқаннан саудегер сарт келген шақта,
Құл сатып, олжалы боп біз қаламыз,—
дейді.
Хан алдына барғанда жортуылшы жігіттер мақтанады: тұтқын жігітті қуып жетіп ұстадық, ат үстінде сайысып жеңіп, байлап-матап алдық дейді. Адай жігіт мұның бәрі жалған екенін, ұйықтап жатып қолға түсіп қапы қалғанын айтады.
Тақсыр-ау, астымда атым жүйрік желден,
Жарыста озушы едім қалың елден.
Қашсам да кұтылар ем қолға түспей,
Үшеуін ат үстінде болсам көрген,—
дейді.
Сонда жортуылшы жігіттер ханға түтқыннын, сиықсыз, жаман, жауыр атын әкеп көрсетеді. Хан тұтқын жігіттің әлгі сөзіне сенбей және шын жүйрікті тани алмай, оған ертең осы атыңмен қашып көр:
Бұл торың жүйрік болса құтыларсың,
Немесе қуғыншыға тұтыларсын.
Найзасы жеткең жерде қаза болып,
Мұны біл қара жерге жұтыларсың! —
деп қаһарланады хан.
Ақын мүнан кейін бауырынан жараған тұлпар мініп, кашқанды қууға әзірленіп, құнығып тұрған хан жігіттерін куғыншыларды суреттейді:
Бәрі де өңшең бөрі ішкендей қан,
Тиындай көрінбейді көзіне жам.
Жігіттер қатар түзеп тұрған шақта
Ордадан нөкер ертіп шығады хан,..
Сәлемін берген көптің құп алады,
Кене хан жан-жағына көз салады,
Сәулетін батырлардың көргеннен соң,
Ішінен мақтаныш қып қуанады.
Поэмада, мұнан ары, қашқалы тұрған тұткын жігіттің қалпы суреттеледі. Ол жалаңдап түрған қанішерлердің найзасының ұшында тұрмын деп сезінбейді. Салмақтана түседі. Өтетілеудің күміс шақшасын сұрап алып насыбай атады.
Шуу деді сонда жігіт амандасып,
Болсын деп сіздің шақта бізге нәсіп,
Әр жерде көзіңіздей Көремін деп,
Жөнелді сонда жігіт көптен қашып,—
дейді.
Кенесары жігіттерінің бірі де қашқанның шаңына ілесе алмай қалады. «Пері ме, адамзат па, шайтан ба»,— деп, ертеңіне жиналған топ қашкан жігітті әңгімелеп отырғанда, ол есіктен сәлем беріп, кіріп келеді. Өтетілеудің шақшасын өзіне қайырып береді. Кенесары жігіттен оның, кім екенін сұрайды. Жігіт оған өзінің әлгі тарихын баяндайды. Ақырында ол өзінің сол өңірге Кенесарыны іздеп келгенін айтады. Өз ықтиярымен Қенесары тобында калады.
Поэманы оқып шыққанда Қенесары төңірегіндегілер ұрықарылар, ел тонаушылар, кісі өлтірушілер еді, кісі өлтірген, елінен қашқан ұры жігіт сол ұрылар, кісі өлтірушілер, ел тонаушылар тобына косылды деген пікір айқын аңғарылады. Поэманың негізгі идеясы да — осы. Хан төнірегіндегі жігіттер шығармада әшкерелене сынай баяндалады.
Поэманың әр жерінде Қенесары мен Наурызбай жөнінде хан, мырза, батыр деген сияқты мадақ сөздер кездеседі.
«Топжарған» поэмасын жазуда Мұхаметжан Сералиннің орыс халқы классик әдебиетінен, атап айтқанда, Н. В. Гогольден, онық әйгілі «Ревизор» пьесасынан өнеге алғаны айқын көрінеді. «Ревизордағы» сияқты, «Топжарғанда» да аты аталып, жөні, қызметі суреттеліп көрсетілген ұнамды кейіпкер жоқ. Оның ұнамды кейіпкері тақырыпты, оқиғаны белгілі желімен, халық көзқарасы, халық мүддесі тұрғысынан баяндап отырған автордың өзі.
Осы сияқты, поэманың сюжеті мен композициясын құруда да ақынның орыс әдебиетінен нәтижелі үйренгені байқалады. Өйткені ол поэмасын, бұрынғы ертек, қиял-ғажайып қиссалардағы сияқты, кейіпкерлердің туғанынан бастап, ерлік ісін түгел баяндап, ақырында оны мұрат-мақсатына жеткізіп аяқтамағаны; оқиғаны орта жерінен кілт бастаған: Басқасын шегіну, жалтару, кейін аңғарту ретімен баяндаған, қиықты киыстырған. «Топжарған» адай жігіттің қолға түсуінен басталады; тез өрбіп, оқушыны тартып әкетеді. Ал ол жігһтін, кім екені, не кылып жүрген адам екені, ниет— бәрі поэманың ақырына дейін жүмбак, болып отырады; тек акырында бірақ ашылады.
«Топжарған» поэмасында Мұхаметжанның тілі та-за; акын бүрынғы діни кітап сөздерін, татарша сездерді аз қолданған, тіпті қолданбаған десе де болады. Тарихи шындықты, реалдық өмірді таза қазақ тілінде, нағыз реалистік сөздермен, реалистік, жарасты теңеу, салыстырулармен суреттеген. «Топжарған»— тарихи-реалистік, көркем поэма.
Мүхаметжанның екінші поэмасы «Гүлкәшима» (1903) — қазақ халқынық сол кездегі өмірінен алынып жазылғаи реалистік-романтикалык, сюжетті поэма. Оның негізгі идеясы — адамның бас бостандығы, әйел теқдігі; Ізгі тілектеріне жете алмай арманда еткен екі жастьщ, бір-біріне шын ғашык, қазақ қызы Гүлкәшима мен қазақ жігіті Баймағамбеттің әңгімесі.
Поэ,ма үш өлімді: бірінші бөлімі — жазушынын, көргенбілген бір оқиғасы; екінші бөлімі — Гүлкәшима мен Баймағамбеттін ғашыктық әңгімесі; үшінші бөлімі — автордын қорытындысы.
Бір жылы акын Қостанайда болған Покров жәрмен,-кесіне барды; бара жатып жолда Тілеуберген деген шалдың үйіне қонады. Тілеуберген Сыр бойынан көшіп келіп отырған жалғыз үй: кемпір-шал екен, тек Баймағамбет деген жалғыз баласы ғана бар екен. Ақын қонған күні бала бір жаққа кетіп, келмей қалады. Жәрменкеде бірнеше күн болған соң, ақын бір күні Тобыл бойында бір кісі езінөзі бауыздапты деген хабар есітеді.
Аяғын жәрмеңкенің тарқар шақта,
Ғажайып естілмеген хабар білдіғс.
Өліктің. өзге жері сау-саламат,
Болғаны бауыздауда жалғыз жара.
Тобылдың алабында, тал ішінде,
Жанында пышақ қалам, сыя-қара.
Киімін ол байғұстың ақтарғанда,
Бір қағаз іқалтасынан шықкан және.
Сұрастыра келсе, ол әлгі кемпір-шалдың баласы Баймағамбет болып шығады. Қазақ әдетінше бата окып, көніл айтайын деп кайтарда ақын Тілеубергеннің үйіне тағы келеді. Кемпір-шал қатты қайғылы; баласының ақын екенін, білімді екенін айтып, сандықтан оның оқыған кітаптарын, жазған өлеңдерін алып көрсетеді.
Ішінде кітаптар бар, қағаздар бар,
Тексердім бастан-аяқ көп ақтарып,
Жігіт емес Баймағамбет зейіні тар,
Жел сөзге болған екен аруағы жар.
Ғалымдық һәм ақыядық бір өзінде,
Ғылымнан неше турлі кітабы бар.
Сандықта өлендер бар неше түрлі,
Аралап пақырыңыз бәрін көрді.
Жазыпты Баймағамбет өз қолымен,
Бір дәптер тауып алдым өлең-жырды,
Дәптерде өз ахуалын баян еткен,
Өлеңге шебер екен болмай кеткен.
Ғашықтық саудасына душар болып,
Ақыры ол саудада каза жеткен.
Акын кемпір-шалдан Баймағамбеттің өлең жазған дәптерін сүрап алып кетеді. Келесі жылы барып Баймағамбеттің моласын көреді.
Тобылдын, суы терен, жары биік,
Корғалар алабында кащқан киік.
Басында биік шыңның тамды мола,
Молаға шоқ тал біткен басын иіп.
Басына кек тас қойған жылын айтып
Марқумның қабырдағы сырын айтып,—
дейді, Тастағы жазуды келтіреді. Ақырында, автор:
Міне, мен көргенімді айтып болдым,
Неше кун қалам альш бейнет кердім.
Сандықтан шыққан дәптер, қалтада өлен,
Барлығын тіркей жазып қнсса қылдым...
Қиссаға «Гүлкәшима» есім бердім,
Бір ғибрат заманға бола ма деп,
Қызыл гүл тау аралап, тастан тердім,—
(5-бет) дейді.
Қиссаның — Баймағамбет дәптерінін, мазмұны былай: Көктемде Сыр елі Арқаға көшіп келеді. Олардың, ішінде Тілеубергендердің жақындары, таныстары болады. Баймағамбет амандасуға Сырдан көшіп келген ауылға барады. Сонда Медетбай деген байдың үйінде болып, оның Гүлкәшима деген қызын көріп, соған ғашык, болады. Себебі, ол әрі ақын, әрі молда, әрі ақылды, әрі сұлу болады:
Таранған тоты қустай бір асыл зат,
Меңзесем қур қызына болмайды ұят.
Ак, жүзді ақылы кәміл, шырын сөзді,
Үстіне сәндік үшін киген манат.
Көп артық узын емес, орта бойлы,
Аса көп сөйлемейді, терең ойлы,
Күлгенде екі беті шуқырайып,
СүйкімдІ көрінеді жүзі нұрлы.
Ақ екен ақ інжуден отыз тісі,
Болғанда маңдай жазык, қызыл жүзі,
Татиды шекер-балдай айтқан сөзі,
Жігіттік тұла бойын балқытады,
Қараса жаудыраған қара көзі,
Төгілген кірпігі оқтай, жайдай қасы,
Өрілген он екі тал желке шашы, ,.
Үзілген мойны алманың сабағындай,
Көрініп тамағынан ішкен асы,
Аққудай келге жүзген көлеңдеген...
Буралған тал шыбықтай, қумыроқа бел,
Оң бес пен он алтыға келген жасы.
Баймағамбет бұл сырын Сүлеймен деген жігітке айтады. Ол қыздың айттырған күйеуі бар, бірақ ол қызға тең емес. Сен хат жазып көр, менің інім апарып бероді дейді. Баймағамбеттің Гүлкәшимаға ғашыктығы арта береді. Ақыры ол хат жазады. Хатты лоблып, толықсып, қолы калтырап, қайта-кайта жазьш, жыртады. Ақыры хат жазады, оның басын дұғай сәлем деп бастайды .«Күйген соқ ғашық отына алдым қалам», — дейді.
Қыз Гүлкәшима жігіттің сөзіне жауап қайтарады. Өзініқ басы бос емес екені, ойнап күлудің реті жоқ екенін айтады:
Мал берген мен біреудін жесірімін,
Қос жүртты әзіл сөзге кылам ба мерт,
Той қылып, қуда болып, құйрық жесіп,
Мал сізге, қыз бізге деп айтылған шарт,
— дейді.
Жігіт бұған тодтгамай қыздың ауылына барады, кызбен оқаша сейлеседі. Қыз айтқанынан қайтпайды. Ақыры ол: «Тойша кел», — ақырғы пікірімді той үстінде хатпен айтайын деп уәде бередІ.
Күзде Гүлкәшиманьщ тойы болады. Баймағамбет соған барады. Той, бәйге, жарыс, палуан күрес, ойын-сауык, ларжар айтулар суреттеледі.
Гүлкәшима уәдесі бойынша, той үстінде Баймағамбетке хат жазып жібереді. Хаттың басын «ІшкІ сырын» — деп қояды. Онда Гүлкәшима өзІнің Баймағамбетке ғашық екенін, күйеуін тең көрмейтінін, бірақ ендІ бәрі кеш екенін, амалсыз айттырған күйеуіне тиіп, Баймағамбетті ойлап, емір бойы жылай-жылай жүретінін айтады.
Мұнан кейін жазушы Тобыл бойында өзін-өзі өлтірген кісінің қалтасынан шыққан қағаздың сөзін келтіреді, ол — Баймағамбеттің өлерде жазған хаты. Ғашықтық зарынаы өлгенін, ата-анасынан айыптамай, еске алып жүруін өтінген.
Ғашығы Гүлкәшима басқа түсіп,
Келмеді көтеруге оны шамам...
Мақсатқа уйғарылған жетпеген соң,
Дүниемен коса қурсын жиналған мал...
Қайғылы тіршіліктен өлген артык,
Алдында жоқ болған соң ешбір алаң,—
дейді (25—26).
Осыдан кейін «Сөз соңы». Ол — автордың қорытын-дысы. «Ғибрат бар екі-үш түрлі бул қиссада» деп келеді. Баймағамбеттіқ әлуіне, Гүлкәшиманың өз теқі емес адамға тиіп, мәңгі мұңды болып жүруіне: 1) Қа-зақтың ескі әдеті кінәлі: сол бойынша халық теңі емес, сүймеген жастарды зорлап, байлап, матап қосады; 2) ата-ана өз баласын өзІ малға сатады, мал орнына беріп, азапқа салады, баладан малды жақсы көреді. Осылардан қазақтың жас, білімді, акылды, сұлу қыздары гүлдей солады.
Баймағамбет пен Гүлкәшима әңгімесін қазақтың кыздары, жігіттері сабақ алсын: олар ескі ғұрып-әдетке көнбесін, қайта оған қарсы күрессін, өнер-білім іздесін, қазақтын, аруағын көтерсін:
Жас күніқ өнер іздер нақ дер шағың,
Халқыднын ойлай берші оңар жағын,-
Мұхаметжан Сералиннің «Гүлкәшима» поэмасы — қазақ әдебиетіндегі түңғыш реалистік поэмалардың бірі. Жазушының бір жағынан, реалдық өмірді, шын тұрмысты, болған, өзі көрген уақиғаны суреттеп, сол аркылы жастарға ескіден жирен, оған карсы күреС, өнер, білім ізде, халыққа қызмет ет, халықтық аруағын көтер деуі, екінші жағынан, оқиғаға өзі араласып отыруы, әңгімені көбінше хат ретімен, кейіпкерлердіқ хат жазысып, сөйлесулері ретімен келтіруі, сюжст құруы оның орыс халкының бұрынғы, өз тұсындағы үлгілі әдебиетінен біраз үйренгенін көрсетеді. Бірақ бүл жолы онысы әлі жеткілікті, айнығысыз деп айтура болмайды.
Поэманын. идеялық максаты мақызды да; оқиғасы, сюжеті қызык; құрылысы композициясы кисынды. Бірақ жазушы негізгі идеясын, көңіліндегі көрікті ойын сюжетке, композицияға кірістіре алмаған, Ойын оқиға, сюжет арқылы, кейіпкерлердің ІсІ, мінезІ, ойы, сезімі, үғымы аркылы суреттеп, көрсетпей, ақырында жалаң сөзбен үгіт-насихат етіп айтқан; қызықты сюжеттІ, жақсы материалды керіктІ етіп шығара алмаған; публи-цистикаға айналдырып жіберген.
Жазушы стилінде, тілінде ертедегі шығыс әдебиеті-нің, ертек қиял-ғажайып қиссалардың әсері едәуір. Ол ете-мөте жаазушы кейіпкерлердің келбеттерін, портрет-терін суреттегенде айқын аңғарылады. Автор Гүлкә-шиманы көзІ — жүлдыз, кірпігІ — найза, қасы — жай, мойны алманық сабағындай, тамағынан ішкен асы кө-рінеді, тісі — інжу, — деп бейнелейді; Баймағамбеттің Гүлкәшимаға ғашық болуын, ынтызарлығын суреттеуінен Мәжнүнніқ Ләйлаға ғашық болуы сезіледі. Автор бүрынғы кітап атауларын, татар сездерін бір қыдыру қолданады.
Жазушы поэмасында тек ғашықтык әқгімесін ғана екі жастың арасындағы әңгімені ғана баяндап коймайды. Сонымен қатар, тиісінше халықтық түрмыс-салтын, шаруашылық-тірлігін, табиғат көрінісін де суреттеп отырады. Мысалы, Сыр елінің арқаға көшіп баруы, Арка елінің егін салатыны, той ойын-сауық, жазушынық базар шығуы, Тобыл бойын, моланы суреттеуі, тағы-тағылар.
Осы суреттеген реалистік жағдайларына лайық жазушы шығармасында іреалистік теқеулер мен эпитеттер жеке сөздер мен атаулар қолданылады.
Арқа елі соқа суырып, дем алғанда...
Миуа сізге нәсіл бүл шарбақта.
Іздеқіз ол миуаны басқа бақтан...
Мепдағы арақ ішкен мас адаммын...—
деп келеді. Тұрмыс, шаруашылык, қажеттігі бойынша қазақ тіліне еніп, сіңісіп кеткен кейбір орысша сөздерді кірістіріп отырады.
Сонымен, тақырыбы, идеялық мазмұны жағынан болсын, сюжеті мен композициясының, қисынды, қызықты болып келуі, реалистік жайларды көрсетуі жағынан болсын «Гүлкәшима»»,— бір қыдыру жақсы, көркем шыққан поэма, өз заманында жаңа керініс, үлкен та-быс.
Жоғарыда көрдік, Мұхаметжан «Топжарған» поэмасынын, да сюжеті мен композициясын, осы сияқты, кисынды, қызықты етіп, орыс әдебиетіндегі реалистік роман, поэмалардың сюжеті мен композициясы сияқты етіп келтірген еді. Тегі Мүхаметжанды шығарманық сюжеті мен композициясын құруға шебер акын деуге болады.
Мүхам.етжан СералиннІң үшінші поэмасы «Рустем— Зорап». Ол орыс тілінен ауда.рылып, «Айқап» журна-лыиың 1914 жылғы 22, 23, 24-сандары мен 1915 жылғы 2, 3, 4, 5, 9-сандарында басылды, белек кітап болып шықпады.
Мүхаметжан поэмаға үзақ түсінік жазған. Онда әуелі поэманы кімнен, қалай аударғанын хабарлаған: «Қадірменді оқушыларымыздың алдына салып отырған мына «Рүстем—Зорап» қиссасы — фарсы тілінде жа-зылған атақты «Шаһнама» деген кітаптың бір саласы. Рюккерт деген немістің бір шайыры «Рүстем—Зорап» қиссасын «Шаһнама» деп алып, бір жағы тәржіме, бір жағы ұйқастыру секілді қылып немісше жазған... Соны орыс шайыры Жуковский 1846—1847 жылдары орысша өлең қылып, арттырып, кемітіп, қолына лайықты Істеп шығарған. Мен оны шамамнан келгенше қазақ тіліне ЖуковскийдІң шығарған қалыбынан дым алыстатпай аударуға тырыстым»,— деген.
Мұнан кейін ол «Шаһнама» және оның авторы, жазылу тарихы, қай тілдерге аударылғаны, соның ішінде қазақ тіліне де аударылған («Мұнан жиырма, жиырма бес жыл бүрын Ақмешіт шэһэрінде молда Ораз деген бір найман «Шаһнаманы» қазақшаға аударған екен. Баспа болып шыққан шықпағанын білмедім», — дейді), жер жүзі әдебиетіне тигізген әсері туралы қысқаша мәлімет бөреді:
«Шаһнама» жыры дүниеге таралған соң мұның шайырларға зор әсері болған... Осы күнде қарасақ Фердаусидін, астамдықпен айтқаны:

Ақылы барлар оқырлык
Жыр жазған кітап қалдырдым
Өмірге өшіп кетпестей»,—

Мен өзімнің жырымнан


Биік сарай салдырдым,
Жел, жаңбыр оған жетпестей.
Өлсем де тірі болармын,
деген сөзі түп-түгел расқа шығып отыр», - дейді (301-бет).
Ақырында, Мұхаметжан поэмаға ұзақ түсінік жаз-ған мақсатын ақғартады: «Мақсат кейбір сыншылар бүл — баяғының мылжыңы. Мұны несіне жазып маша-қатланған. Мұнан халыққа келер түк пайда жоқ деп айта қалса, соларға... қарсы жауап орнына тұрсын де-ген. Жоғарыда аты аталған жұрттар адасса, мен де адасқаным дегім келгеиІ»,— дейді.
В. А. Жуковский аударған, жазған «Рүстем—Зорап» он кітап: 1) «Рүстемніқ аңға шығуы», 2) «Зорап», 3) «Хеджир және Гүлдаферид», 4) «Рүстем және Кейқу-ат», 5) «Ақ сарайдағы той», 6) «Зорап және Хеджир», 7) «Рүстем—Зорап» (бірінші үрыс), 8) «Рүстем—Зо-рап» (екінші үірыс), «Рүстем—Зорат» (үшінші урыс), 10) «Рүстем» деп аталады.
Мұхаметжан қазақ тіліне аударғанда осыдан тек бірінші кітаптың атын койған да, басқаларының аттарын қоймаған, «Екінші кітап», «Үшінші кітап» деген сиякты кітаптың ретімен атаған.
Поэма кішкене кіріспемен басталады. Онын, орысшасы былай:

Из книги царственной Ирана,


я повесть выпишу для вас
О подвигах Рустем и Зораб.

Осыны Мұхаметжан былай келтірген:





Ау, азамат, мырзалар,
Жыр жырлауға азырақ, Сіздерден жауап сұраймын. «Шахнамадан» көшіріп,
Иран жұрттың ерлері
Рустем мен Зорап жайьшан,
Жалықпай құлак салыңыз,
Азғана кеңес кұрайын,—

деген. Поэманың басы орысша былай басталады:


Заря едва на небе занялася


Когда Рустем, Ирана богатырь
Проснулся, встав с постели, он сказал...

Осыны Мұхаметжан былай


Бір заманда, бір күнде, Төсегінен тұрыпты.
Таң сарғайып атқанда, Өзі мен өзі ыңыранып,
Иранның ері Рүстем ер, Әңгіме кеңес құрыпты, -
деп қиыстырған. Поэманың екінші кітабының басы орысша былай басталды:

Пора пришла — и у Тамины


Родился сын, прекрасный,
Как месяц. Радостно горостно его
Прижала к сердцу мать и со слезами
Им любовалась: Он был вылитый Рустем.
Осыны Мұхаметжан:

Араласқан анасы
Баласын басып жүрекке Шалқар көлдей шалқыған,
Нағыз Рүстем сипаты,—

Күні жеткен шагында,
Тамиден бір ұл туған,
Толған айдай балқыған,
Иісі жұпар аңкыған.
Қуанышы мен қорқынышы.
деп аударған.

Осы келтірілген мысалдардан Мұхаметжан Сералин «Рүстем—Зорап» поэмасын орысшадан дәлме-дәл, сөзбе-сөз аудармай, еркін аударған: оның кей жерін кеңейтіп, кей жерін қысқартып кетіп отырған: кей жерін дәл аударып, кей жерінің мағынасын ғана берген деуге болады.


Оның устіне, Мұхаметжан елең аударуға онша шебер емес; тегі өлеңге шебер емес. Оның өлеңдерініа кейде өлшем, ұйқасы жетпей жатады, кейде көрікті кестесі болмайды. Сондықтан біз «Шаһнама» жақсы аударылған деп айта алмаймыз.
Бірақ, қалай аударса да, бір саласын ғана аударса да, жер жүзі әдебиетінің асыл қазыналарының бірі болған «Шаһнаманы» ол заманда қазақ тіліне аудару — әрі үлкен ерлік, әрі тарихи, мәдени мәні зор жұ-мыс.
Мұхаметжан Сералиннің орыс тілінен аударған екінші шығармасы «Жусан». Ол қазақ тұрмысынан көптеген әңгіме, очерк, мақала жазған Сібір жазушысы Антон Сорокиннен (1924 жылы қайтыс болған) аударыльш, «Айқап» журналының 1915 жылғы бірнеше санында басылды. Онда қазақ даласының суреті беріледі.,
Міне, Мұхаметжан Сералиннің Қазан төңкерісінен бұрынғы езі жазған, орыс тілінен аударған әдеби шығармалары осылар. Бүлар ақынның сол заманда-ақ колынан келгенінше халыққа, қазақ әдебиетіне қызмет етуге тырысканын байқатады.
Мүхаметжан Сералиннің Қазан төңкерісінен кейін жазған әдеби шығармалары: 1) «Ленин», 2) «Қайғылы қара күн», 3) «Жоқтау» — бәрі де В. И. Ленин туралы, ақын бәрінде Ленинді жоқтайды, дәріптейді.
Мұхаметжан «Ленин» деген өлеңін 1924 жылы, Ленин қайтыс болғанда жазған.
«Қайғылы қара күн» — очерк. Онда автор өзінің съезд делегаты ретінде Ленин денесін Горкадан Моск-ваға алысып келуге баірғанын, сондағы келе жатқанда көргенін, ойын, сезімін баяндайды.
«Жоқтау» деген өлеңін Мұхаметжан 1924 жылы жазып, сол жылы көкекте, В. И. Лениннің туған күніне байланысты жариялаған.
III
Мұхаметжан Сералиннің журналистік қызметі екі дәуірде публицистік шығармалары екі топқа бөлінеді: бірі — оның Қазан төңкерісінен бүрынғы журналистік қызметі, «Айқап» журналында басылған мақалалары; екіншісі — Қазан төңкерісінен кейінгі журналистік қызметі: «Үшқын», «Еңбекші қазақ», «Ауыл» газеттерінде басылған мақалалары.
«Айқап» журналында Мүхаметжан Сералиннің, ірілі-уақты, қырықтан аса мақаласы басылған. Бәрі де қазақ халқы әлеуметтік өмірінің сол замандағы бірқы-дыру маңызды, ділгір мәселелері: Саяси, шаруашылық, мәдени жайы, халықтың тарихи, болашағы туралы болып келеді.
Журналдың кейбір бас мақалаларына қол қойылмаған. Олардың бірді-екілісі Мұхаметжандікі болуға да ықтимал. Сондай-ақ, Мүхаметжанның бүркеншек атпен жазған мақалалары да болуы мүмкін. Оларды біз аша да, айта да алмадық. Қырықтан аса мақаласы басылған дегенде, біз оның тек өзі «М. С», «Мыс», «Басқарушы», «М. Сералин» деп қол қойған мақалаларын ғана айтып отырмыз.
Онан соң, Мүхаметжан Сералиннің публицистік стилінің бір ерекшелігі — ол мақалаларының көбіне сара-лап, арнай ат, тақырып қоймайды; көбін күнделік, хат сияқты етіп, жазған жерін, айын, жылын тақырып етіп қойып, мысалы, «Шәһр Троицкі, февраль 1911 жыл» деген сияқты ат қойып жазады: Бірқатарын «Басқару-шылардан», «Оқушыларға», «Сүірауларға жауап» деген сияқты бірыңғай, үқсас аттар қойып жазады.
Яғни Мүхаметжан Сералиннің бір мақаласында бір-неше мәселені сөз ететіні де, әр түрлі тақырыпқа жазылған бірнеше мақаланың бір аттас болып келетіні де болады. Сондықтан оларды талдағанда бір мақаланың бірнеше ірет аталуы, бір аттас мақалалардың әр жерде кездесуі мүмкін.
Мүхаметжан Сералиннің «Қызмет иесі мырзаларға», «Қадырман оқушыларға!», «Басқарушыдан», «Айқап» деген сияқты бірқатар мақалалары — «Айқап» журна-лы, соның аты, мақсаты, жылдық жұмысының қорытындысы, алдағы уақыттағы міндеттері туралы.
Мысалы, ол «Қызмет иесі мырзаларға» деген мақаласында: «Журнал шығарудағы мақсат—атақ шығару, білім сату емес, халыққа қызмет ету болды... Журналымызға «Айқап» деп есім бердік... Біздің қазақтың «Ай, қап!» демейтұғын қай ісі бар? «Қап» дегізген, қапияда еткен істеріміз көп болған соң журналымыз да өкінішімізге лайық «Айқап» болды»1 деп жазады.
«Құрметті оқушылар!» деген мақаласында ол: «Он екі айдан бері «Айқап» жұрттың біразын оқуға үйір қылды; қазақша ойлауға, ойлаған ойын қазақша жазуға бірсыпыра адамды үйретті. Заманымыздағы халық басында түрған ен, керекті болған мәселеміз жер әңгі-месі турасында азды-көпті жұрттың ойын қозғауға себеп болды... Народный суд, әйел теңдігі, балаларды оқыту, сайлауға таласудың залалы қақында аз да болса, сөз қозғап жатыр»?,— дейді.
Журналдың 1912 жылғы бірінші санында басылған «Қадырман оқушылар!» деген бас мақаласында «Айқаптың» алдағы уақыттағы міндеттерін санап көрсет-кен:
«Биылғы жылы «Айқап» журналының алдымен қолға алатүғын мәселесі, былтырғыдай, жер мәселесі болады. Яғни алты алаштың баласына егін шаруашылы-ғына қолайлы жерлерде қала салуды қуаттап, халық-қа шамадан келгенше соны түсіндіру.
Жерден соңғы журналымыздың көп жүргізетін мә-селесі таласу һәм партия болуды жоғалту қақында бо-лады... Үшінші мәселеміз — оқу һәм оқыту қақында болады...
Төртінші — қатын, қыздарымыздын, кемшілікте түр-ғандықтарын халыққа ескерту. Бүл мәселе біздің қа-зақ халқында қозғалмай, тың жатқан мәселенің бірі болғандықтан, бүл туралы ащы-түщы әр түрлі сөздер
«Айқапта» өткен жылы да біраз жазылып өтті, тағы жазылашақ.
Осылар сияқты мүң-мұқтаждарымыз толып жатыр. Барлығы тізе беірсек, қағазға сыймас. Әйтеуір «Айқап» қазаққа жұмысы болған қай мәселені болса да шама-сынан келген қадарлы үндеусіз босқа жібермеске тырысады деген.
1915 жылы, тамыз айында, «Айқап» тоқталғанда, «Бесқармадан» деген мақала жазып, Мұхаметжан жур-нал жұмысының барлық нәтижесін қорытқан. Соғыс, қымбатшылық себепті енді журналдың тоқтайтынын айта келіп:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет