Білім беру бағдарламасы 6В01713 Қазақ тілі мен әдебиеті



бет25/40
Дата08.02.2022
өлшемі1,62 Mb.
#122214
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   40
Байланысты:
umkd 20 gas r bas ndag kazak adebieti.
Документ, Документ, реферат презинтация
Пысықтау сұрақтары:
1. «Кыз көрелік» шығармасы ?
2. Балаларды мектепке шақыратын өлеңдері?
Әдебиеттер:

  1. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – Алматы: Ғылым, 1994

  2. Қазақ әдеби сынының тарихы. Кәкішев Т.- Алматы.: Санат, 1994

  3. Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. – Алматы;Санат, 1994



Дәріс-13.
Тақырыбы: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы өлең, жырлар
Мақсаты:
1. 1916 жылғы көтеріліске туралы өлең жырлармен таныстыру.
2. Тақырыптық, идеясы жайлы ақпарат беру.
3. Стильдік ерекшеліктері.
Қаралатын мәселелері:
1. Кіріспе.
2. Көтеріліс туралы жырлар.
3. Көтеріліс туралы өлең, жырлардың көркемдік ерекшеліктері.
Қазақ халқының тариханда 1916 жылы ұлт-азаттық халық көтерілісі өзгеше орын алды. Өйткені халықтың бұл көтерілісі қазақ елін отаршылдық қысымда ұстап келген патша өкіметі мен жергілікті әкімдері қазақтың бай-феодалдары ел басқарушыларының зорлық-зомбылығына, еңбекшілерді аяусыз қанап, езіп келген әділетсіз істеріне қарсы оянып әділет үшін ұмтылған халықтың ыза кегінің ұшқынынан жалынға айналып бара жатқан көрінісінің тарихи бір кезеңі еді. Бұл көтеріліс сырт қарағанда, патша өкіметінің бірінші дүние жүзілік империалистік соғыс майданына қара жұмысқа қазақ, өзбек, тәжік, түркімен, қырғыз т.б. елдерден адам алу туралы 1916 жылғы 25 маусымда шыңғарылған жарлығына қарсылық ретінде туған тәрізді. Бірақ сырт көрінісі,
Мезгілі солай болғанымен, бұл көтерілістің саяси-әлеуметтік, экономикалық тамырымұнан әлдеқайда терең жатқан болатын-ды.
Ұзаққа созылған империалистік соғыста патша өкіметі армияны азық-түлікпен, қару-жарақпен қамтамасыз ете алмады. Қысқасы, соғысқа дейін де төмен болып келген патшалық Ресей экономикасы соғыс жылдарында мүлдем құлдырап кетті. Халықты ғасырлар бой қанап, есіп келіп, енді Ресейді соғысқа айдап салып отырған патша өкіметін бұқара көпшілік қолдаған жоқ, қайта, соғысқа барынша қарсы болды. Сондай-ақ майдандағы армия арасында да ауызбірлік болған жоқ, патша өкіметіне қарсы ала көздік туып жатты. Армиядағы солдаттардың көпшілігі үкімет жағында емес, халық жағында, халықтық Ресей жағында болды.
Осындй ауыр жағдай, қан төгіс соғыс елдің күллі көрініс қорын жалмап жатты. Тылда шаруашылар күйреді. Ер азаматтар, соғысқа кетіп, елде жұмыс істейтін адамдар қалмады. Майданда да тылда да тамақ, киім, отын т.б. жетпеді. Жол қатынасы тоқырады, фабрикалар мен заводтар тоқырады. Егін аз егілді, оның өнімі де төмен болды. Майданда солдаттар, елге жұмысшылар мен шаруалар аштықтың зардабын көп кешті. Ал буржуазия мен помещиктер баю үстіне байыды, олар қиын-қыстау кездегі ауыр жағдайды пайдаланып, еңбек адамын қанаған үстіне қанай берді.
Соғыс әскері патшалық ресейдің ұлт өлкелеріндегі езілген халықтарға аса ауыр азап әкелді. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде патша ұлықтары мен қазақ байларының жүгенсіздік, езушілік бұрынғыдан бетер күшейе түсті. Қазақ еңбекшілерінің жерін тартып алу арқасына түсіп, әдетке айнала берді. Соғысқа кректі көік, ат, киім, тамақ т.б. қажетті заттар мөлшерсіз түрде салық үстіне салық болып алынып жатты. Алым-салықтардың шексіз көбейуінен қаладығы жұмысшылар мен елдегі еңбекші халық қатты күйзеліске ұшырады. Бұрынғы жан салығы, мал салығы дегендердің үстіне арнаулы соғыс салығы деген шықты. Майдан пайдасына «ерікті түрде» деп аталатын жәрдем сұрау, жылау, жинау көбейді. Бұл аталғандар майданға, соғыс қажеттеріне керек деп жиналса, енді олардың үстіне елдегі ұлықтар мен би-болыстардың, молда-қожалардың халыққа салар үстеме салықтары да аз болмады. Сөйтіп, қазақ еңбекшілері капиталистік, орталық қанау мен қазақ арасындағы үстем тап өкілдердің бектік-феодалдық қанауының зардабын бірдей көріп, екі жақты езілді, екі жақтан бірдей ауыр қысым көрді. Осындай ауыртпалықтар мен асқынған қысымға тынысы әбден тарылып, шыдамы таусылған халықтың бойын ыза-кек кернеді.
Мұнымен ғана тынбай, жергілікті әкімдер майданға адам беру кезінде тағы да алуан түрлі зұлымдықтар жасады. Би-болыс, тілмаштар жұрттан именбей пара алды; би-болыстар, бай феодалдар пара беріп, өз адамдарын алып қалды. Майдан жұмысына тек жарым жақыбайлар, кедей-жалшылар ғана алынды.
1915 жылы Екібастұз көміршілері, Орынбор – Ташкент теміржолшылары, Спасск мыс заводының жұмысшылары ереуіл жасады. Бұл ереуілдер 1916 жылы Қостанай, Семей тағы басқа уйездердегі еңбекшілерді де қамтыды. Осыдан келіп бұрыннан асқынып тұрған жағдайды халық ьойын буып, кернеп тұрған ыза-кекті патшаның маусымдағы жарлығы шегіне жеткізді.
Патша өкүметінің империалистік соғыс үшін майданның қара жұмысшысына қазақтан кісі алу туралы указы шыққанда, оған қазақ қауымының қоғамдық, әлеуметтік өкілдері әр түрлі қарады, түрліше жауап берді. Қазақтың би-болыстары, байлар-феодалдары, буржуазиялық-ұлтшыл оқығандары, әдеттегісіндей, патша өкіметін барынша қолдап, соның қамын ойлады: «Ақ патшаның жарлығын екі етпеу керек, майдан жұмысына адам беру керек», - деп майпаңдады. Өйткені қазақтың бай-феодалдары мен Ресей капиталистік буржуазиясының мүдделері бір болатын, екеуі де қазақ еңбекші бұқарасының қанаушысы, патша өкіметінің сенімді тірегі еді. Ұлт буржуазиясының осындай опасыздық қасиеттерін сипаттай келіп, Ленин: «.... Егер біз езілген ұлттардың буржуазиясы ұлт көтерілісі туралы тек былшылдап, ал іс жүзінде өзінің халқының сыртынан және оған қарсы езуші ұлттың буржуазиясымен реакциялық келісім жасайтындығын жиі көріп отырсақ, онда мұндай реттерде ревалюцияшыл марксистердің сыны ұлттық қозғалысына қарсы бағытталмауы керек, қайта, қозғалысты бөлшектеуге, қор етуге, ұсақ жанжалсымаққа бұрмалауға қарсы бағытталуға тиісті», - дейді. Лениннің осы айтқанын қазақ буржуазияшыл-ұлтшыл оқығандарына да айтуға болады.
Қазақ большевиктері мен қазақтың алдыңғы қатарлы ағартушы-демократтары ұлы ленин бастаған большевиктер партиясының принциптері негізінде дүние жүзілік соғысқа қарсы шықты. Қызылжар, Орал большевиктері халық арасында патша үкіметін құлату жөніндегі ревалюциялық үгіт жұмыстарын жүргізді. Олар майдан жұмысына адам бермеуге, салық төлемеуге, патша саясатына қарсы шығуға, көтеріліс жасауға шақырды.
1916 жылы көтеріліс туралы поэзия, ең алдымен осы жағдайларды баяндаудан бастады. Бұл жағынан алып қарағанда, сол кездегі өлең-жырларды көтеріліске дем беруші үндеу, ұран есепті деп бағалауға да болады. Мысалы:
Пайда жоқ үйез бенен болысыңда,
Еліңжі жаудан аман қорысын ба?
Айдалып алтың басың қор болғанша,
Сүегің қалсын қазақ қонысында.
Бозбала елдің көркі майдандағы,
Қимылдар шағың болды жау жайдағы,
Еріксіз, қайнар ерлер, қор болғанша,
Атқа мін, жарақ асып, найза ал-дағы! –
деп ұран тастады.
Халық майдан жұмысына адам бермеуге бел байлады, үстем тап өкілдерінің азапты қысымына жауап ретінде маусым жарлығына, патша үкіметіне, қазақ би болыстары мен бай-феодалдарына қарсы көтеріліс басталып кетті. Сөйтіп, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі Ресей империализм қайшылықтарының аса бір шиеленіскен жағдайында, ревалюциялық қайта өрлеу жылдарында, Ұлы Октябрь социалистык ревалюциясы қарсаңында туды. Ол патшалық Ресейдің отаршылдық саясатының күйрей бастағанын танытты. Бұл көтеріліс империалистік отарлаушылыққа, езушілікке қарсы жасалғандықтан толық мағынасындағы ұлт-азаттық көтеріліс болды.
Бірақ көтеріліс бүкіл Қазақстан жеріне біркелкі, бірінғай жағдайда болмады: көпшілік аудандарда патшалыққа, соғысқа, бай-феодалдық элементтерге тікелей қарсы шықса, кейбір жерлерде көтеріліске дұрыс бағыт беріп басқарып отыратын ревалюциялық отарлық болмағандықтан, халық күш біріктіре алмай тоқталып қалды. Көтерілістің негізгі күші езілген қазақ шаруалары болды. Қайсібір жерлерде жұмысшылар да қатысты. Бірақ қазақ жұмысшылары ол кезде әлі аз еді және саяси ұйымдасуы жағынан да соншалықты шыңдала қоймаған болатын. Сол себептен де көтеріліс ревалюциялық биікке толық көтеріле алмады., демек көтерілістің саналы ревалюциялық сипатынан көрі стихиялық сипаты басым болды. Басқаша айтқанда көтеріліс, әр жерде, әр кезде шықты да, бытыраңқылық орын алды. Бірқатар жерлердегі көтерісшылер алдарына ревалюциялық саяси талаптар қоя алмады, тек майдан жұмысына адам бермейміз деген ұран мен күнделікті оқиғалар төңірегенде ғана қимыл жасады. Көтерісшілердің бар істегені: тізімдерді өртеді, кейбір болыстарды өлтірді,; бірқатар байлардан кек алды. Сарбаз құрып, ұста дүкендерде қару-жарақ жасады. Кей жерлерде қаланы қоршап, патша өкіметі әскерімен шайқасты.
Көтерісшілердің барлық жерлерде бірден шабулыға шыға алмаған бытыраңқылық жағдайын патша өкіметі қатты пайдаланды. Халық көтеріліске әзірленіп, қамданып жатқанда, патшалық өкімет орындары тегіс хабарланып та үлгерді. Олар қазақ арасындағы жазаланушылар отрядын, әскери бөлімдер шығарды. Патша әскерлері бейбіт отырған ауылдарды да – қару-жарақсыз көтерісшілерді де рақымсыз қырып жойды; қуғынға сүргінге ұшыратып азаптады. Мысалы, Түркістан облысының өзінде 1917 жылдың бірінші ақпанына дейін көтерісшілерден 347 адам өлім жазасына сотталған, 188 адам каторгаға жіберілген, 129 адам түрмеге жабылған. Ал жазалау отрядтарының қолынан қаза тапқандар да аз емес.
1916 жылғы көтерісшілер патшаның қарулы күштеріне төтеп бере алмады, көп ұзамай жеңілді. Тек Қостанай, Торғай жағындағы Аманглді Иманов басқарған көтеріліс қана жеңілмеді, партизандық сипатта батыл күрес жүргізе отырып, 1917 жылғы Ұлы Октябрь социялистік ревалюциясына ұласты.
Сөйтіп қазақ еліндегі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс империализм дәуірінде, империалистік соғыс кезінде, екі жақты бірдей қанауға шыдай алмай, әділеттік іздеу салдарынан туады да, халықтың ұлт-азаттық көтерілісі болып танылды. Көтеріліс патша өкіметіне, империализмге, байлар мен феодалдарға, империалистік соғысқа қарсы бағытталған. Ол – Ресейдегі үлкен ревалюцияға әзірлік дәуіріндегі жалпы демократиялық қозғалыстың бір көрінісі ретінде сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет