Пысықтау сұрақтары:
1. Ағартушылық, демократтық бағытта шығарма жазғандығы?
2. Қазақ еңбекшілерінің тұрмыс тіршілігін бейнеленуі?
3. Сәбит мысалдарының өзіне тән ерекшеліктері?
Әдебиеттер:
1.ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – Алматы: Ғылым, 1994
2.Қазақ әдеби сынының тарихы. Кәкішев Т.- Алматы.: Санат, 1994
3.Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. – Алматы;Санат, 1994
Дәріс-12.
Тақырыбы: Тайыр Жомартбаев (1884—1937).
Мақсаты:
1. Ақынның шығармашылығы
2. Ақынның өлеңдері тақырыбын түсінідіру
Қаралатын мәселелері:
1. Шығармашылығы
2. Балаларға арналған шығармашылығы
3. Аықынның романдары
Ол — қазақтың XX ғасыр басындағы әдебиетіне өзінің шығармалары арқылы үлес қоскан, халықты оқуға, өнерге, ғылымға, мәдениетке шақырып, прогрестік, үлкен мәні бар күрделі мәселелерге үн қосқан ақын, жазушылардың бірі. Тайыр — көрнекті педагог-ағартушы Ыбырайдың, ұлы ақын Абайдың шығармаларынан, осы алдыңғы ағалар арқылы орыс әдебиетінің классикалық үлгілерінен идеялық әсер алып өскен жазушы.
Тайыр 1884 жылы Семей облысының қазіргі Абай ауданында туған. Тайырдын әкесі Жомартбай — өте кедей, оның үстіне балалары да көп болған кісі. Кедейліктің салдарынан Жомартбайдың балаларының кейбірі байларға жалданып мал бақса, кейбірі қала маңындағы Венков, Яков деген орыс кулактары-ның жұмысын істеген.
Абай туып өскен елде туып, балалық шағы сонда өткендіктен Тайыр Абай шығармаларымен жасынан-ақ таңыс болады. Ұлы Абайдың жастарды оку – енерге, ғылымға шакырған, надандықты сынаған өлеңдері Тайырға зор әсер етеді. Жасында ауыл молдаларынан азын-аулақ оқығаны бар Тайыр есейе келе оқу оқуды, білім алуды арман етеді де, ауыл байларының жұмысынан шығып, 16—17 жасында Семей қаласына келеді. Қала маңындағы ауылда (қазіргі жаңа Семей) тұратын Жақия деген бай қажыға жалданады. Бір жағынан, ауылда оқыған аз білі-мін дамыта жүріп, медреседен сабақ алады. Кейін ағайьндарының көмегімен қаржы жинап алып, Уфа қаласындағы Медресе — Ғалияға түсіп оқып, оны бітіреді.
1910—1911 жылдарда Тайыр Семей қаласына келіп татар медресесінде мүғалім болып істейді. Бүл кезде Абайдың, Ыбырай Алтынсаринның, татар халқының ұлы ақыны Ғабдолла Тоқайдың және орыс классиктерінің шығармаларымен едәуір танысады, әдебиетке шын ынтасымен құмартып, өзі де өлең, әңгіме жаза бастайды. Л. Толстойдың, И. Крыловтың шығармаларын қазақ тіліне аударумен де әуестенеді. Сөйтіп, ол медресе мұғалімі ғана емес, демократиялық бағыттағы ақын, жазушыларды, орыс әдебиетінің озат үлгілерін насихаттаушы болады.
Тайыр өзінің жазғандарын жинақтап екі кітап етіп баспаға ұсынады. Бұл шығармалары: «Балаларға жеміс» атты өлеңдер жинағы, автордың өзі роман деп атаған «Қыз көрелік» атты ұзақ әңгімесі 1912 жылы Семей қаласындағы «Жәрдем» типографиясында жеке-жеке кітап болып басылып шығады.
Тайыр бұл шығармаларында тәлім-тәрбие, оқу-ағарту, өнер, ғылым мәселелерін кең сөз етеді, қалың мал сияқты ескілік әдетін, ел арасында әлі де лмай келе жатқан надандық көріністерін сынайды.
Тайырдың бұл сияқты жаңалыққа, прогресшіл іске ұмтылуы медресе басшыларына, ондағы діндар молдалар мен қажыларға ұнамайды. Осы сияқты жаңалыққа жаны қас дұшпандарының қастандығы ұлғая келіп, Тайырдың Семейден Зайсанға аусуына себеп болады. Зайсанға амалсыз қоныс аударған Тайыр онда өзі де, әйелі де мектепте бала оқыту жұмысымен айналысады. Ұлы Октябрь социалистік революциясының тарихи жеңістерін халықпен бірге куана қарсы алған Тайыр әйелі Әдігиямен екеуі ауыл мәдениетін жаңаша кұрудың жаршысы болады. Олар 1920 жылдары Зайсанда кедейдін, балалары мен қыздары үшін интернат ұйымдастыру жұмысына басшылық етеді. 1923—1928 жылдарда Зайсанда мектеп меңгерушісі әрі мұғалім болып істейді.
Тайыр 1928 жылы Зайсаннан семьясымен Семей қаласына ауысады. Алғашқыда 14-мектептің меңгерушісі болып істейді. 1933—1937 жылдарда Тайыр Семейдің ауыл шаруашылық, педагогикалық техникумдарында, жеті жылдық және орта мектептерде әдебиет және математика пәндерінен сабақ береді.
Тайыр Жомартбаев 1937 жылы кейбір асыра сілтеушілердің салдарынан жалған айыпқа душар болып, мезгілсіз қайтыс болады.
Тайырдың 1912 жылы басылып шыққан «Балаларға жеміс» атты өлеңдер жинағына, негізінде, ақынның балаларға арналған шығармалары енген. Әйтсе де автор бірқатар өлеңдерінде («Замандастарға қарап», «Біздің хал») замана жайын, қазақ елінің окудан, өнерден кенжелеп қалған халін сөз етеді.Халықты жаңа тұрмысқа шақырғанда, Абай сияқты, адал еңбек, өнер, ғылым жолын ұсынады. Халықты оқуға, енерге, мәдениетке шақырып:
Қылғанға еңбек,
Ақылға көнбек —
Әркімдерге ләзім іс.
Ғылымнан үйрен,
Залымнан жирен,
Іс қылмаңыз жолдан тыс. Надан болып бүтін ел,
Жалғыз білме, түп-түгел,—
дейді.
Тайыр замананың надан, халық мәдениетінің төмен болу себебін Октябрь революциясына дейінгі дәуірде оқу-өнердің кенже қалуынан деп түсінген. Сондықтан да ол өзінің шығармаларында оқу мен ғылымды барынша насихаттайды. Жастарды оқыту, балаларды дұрыс жолда үлгілі, өнегелі етіп тәрбиелеу мәселесіне зор мән береді. «Балаларға жеміс» аталатын жинағындағы шығармаларының басым көпшілігі осы мәселеге арналады.
Балаларды мектепке шақыратын өлеңдерінде («Мектеп ішінде», «Мектепке шақыру», «Балаларға насихат», «Балаларға өнеге») ақын жас ұрпақтарға оқу окудың, өнер үйреніп, ғылым меңгерудің зор пайдасы бар екендігін түсіндіреді. Мәдениетті елдердің өнерін, ғылымын үлгі-өнеге ретінде ұсынады. Осындай білімді, өнерлі болудың жолы оқып білім алу деп түсінген ақын жас ұрпақты:
Кел, балалар, мектепке,
Тырысып бақ жас шақта...—
деп, мектепке шақырған акын оларға өмірдің негізі еңбек екендігін, балалардың да өмірде өз үлестері, жас ерекшеліктеріне қарай атқарар міндеті бар: ол міндет — оқу, білім алу, жасынан өнерлі болу дейді.
Тырысайык, әзиз жас, Ғылым білген адамдар
Балалыққа болма мас. Кедей, мүқтаж, болмайды аш...
Оқып сабақ білсеңіз, Білсең сені мақтайды,
Есімің болар елге паш. Тәрбиелеп сақтайды.
Ойыншы жалқау баладан, Оқымаған, білмеген
Үйір болмай аулақ каш! Ешбір жанға жақпайды.
Тайырдың балаларды оқуға, өнерге шақыруы, өнер, ғылымды насихаттауы жалаң үгіт емес. Педагог ақын «Ыждаһатты бала», «Жалқау бала», «Ыждаһатты баланың надан атаға айтқан сөзі» сияқты өлеңдерінде баланың бойындағы жақсы қасиеттері мен жаман да жарамсыз әдеттерін қатар алып, біріне-бірін қарсы қоя отырып суреттейді. Ұқыпты, зейінді баланың ұнамды касиеттерін, қалыптасып келе жатқан жақсы дағдыларын жас ұрпаққа үлгі етіп ұсынады; жалқау баланың бойынан көрінген жалқаулық, өтірік, настық сияқты жаман да зиянды әдеттерді сынайды, балаларды мұндай жаман әдеттерден аулақ болуға, жаксылықтан, енегелі істерден үлгі алуға шақырады. Осының бәрінде де ақынның ұсынар жолы, көпке айтар үлгісі— еңбек, білім, ғылым, өнер жолы:
Басқа жұртта таң атты, Біз де үлт баласы,
Біздің қазақ тек жатты. Жетілсін ғылым шаласы.
Байқалық та біз-дағы, Ғылымменен нұрланған,
Ғылым дәнін кім тапты. Орыс, ноғай қаласы...
Тайыр акын бірқатар өлеңдерінде («Ыждаһатты баланың надан атаға айтқан сөзі», «Балаға атаның айтқан сөзі» деген өлеңдерінде) тек балаларды ғана емес, ата-аналарды да ғылым, білім, еңбек жолына шақырып отырады. Ондайда ақын ата-аналардың өздерін оқуға тікелей шақырмағанмен, оларға балаларыңды оқыт, өздерің оқусыз, өнерсіз қалғанмен, ендігі балалар надан болмасын, оку оқып, білім алсын,енбек етіп, өнер тапсын дейді. Мұндай пікірін автор өз атынан емес, надан атаға талапты, ынталы баланың атынан, кейде көзі ашық, көңілі ояу саналы атаның атынан айтып отырады:
Ғазиз атам, оқыт мені, Оқымасам білем нені? Мен ғылымның арқасында, Бек тәрбие қылам сені,—
дейді өз талабымен өрге ұмтылып, оқу-білімді арман еткен бала. Баласын оқытқысы келмеген надан атаға, санасы ояу, өнер, білімнен үміткер атаны қарсы қояды. Бұл ата — жақсылықтың жақтаушысы, бала өмірінің қамқоршысы ретінде оқудағы бала-сына ақыл айтады:
Қарашығы, көзімнің нұры балам, Сабаққа кеңіліңді қой, болма алаң. Мыс басың алтын болар ғылым білсең,
Біз мұнда қуанамыз ата-анаң.
Сабаққа көңіліңді қой, оқы, шырақ, Жалқау боп өз құрбыңнан калма жырақ. Осы күні тілімді алып оқымасаң, Өскен соң екінерсің сонда бір-ақ.
Тайыр шығармаларында адам тәрбиесі тақырыбының басты бір саласы — қайырымдылық, адамның адамға деген адамгершілік, аталық, аналық, жолдастық, достық қамқорлық. «Жетім баланың мұңы», «Рақымды кемпір», «Рақымды жолдас», «Үлкен әке және немере» атты өлеңдері адамгершілік, адал достық, шынайы камқорлық мәселесіне арналған. Мысалы, «Жетім баланын, мұңында» автор ата-анасыз, үйсіз-күйсіз қорлық көрген жетім баланың ауыр халін, аянышты зарын, арманды мұңын сөз етсе, «Рақымды кемпірде» аналық жүрегімен, зор адамгер-шілігімен әлгі жетім балаға аналық камқорлық жасаған мейірімді ананы көреміз. Ол ана тұрмыстың ауыр қасіретін тартып, жетімдік мұңын шаққан мүсәпірдің зарын есітеді де, ол баланы өзі тәрбиелеп өсіреді, оқытады. Бала білім алады, өнер үйре-неді.
Тайыр тек Абай шығармаларын ғана емес, педагог жазушы Ыбырай Алтынсаринның, орыстың үлы жазушысы Л. Толстойдың, И. Крыловтың шығармаларымен жақсы таныс болған педагог-жазушы. Революцияға дейінгі жылдарда Тайырдыд идеялық өсуіне осы аталған ақын, жазушылардың творчестволық зор ықпал жасағандығы оның біз жоғарыда таныстырып еткен елеңдерінен анық байқалады.
Тайырдың өзінің төл шығармаларынан басқа Л. Толстойдын, балалар үшін жазған әңгімелерінің дайын сюжетін пайдаланып жазған өлеңдері де бар. «Үлкен әке және немере», «Махмұт патша һәм қайыршы» деп аталатын кіші-гірім сюжетке құрылған көлемді өлеңдері — дәл осындай шығармалар.
Әрі педагог, әрі ақын Тайыр орыс әдебиетінде бұрын сөз болған тәрбиелік мәні зор, адам санасының өсіп жетілуі үшін соншалықты қажетті, сабақ боларлық мәселелерді кездейсоқ алып отырған жоқ. Өйткені бұл сияқты мәселелердін. адам тәрбиесі үшін үлкен көмекші құрал екендігі айтпай-ақ түсінікті. Сондықтан мұндай әңгімелерді бала тәрбиесі үшін XIX ғасырда ұлы педагог-жазушы Ыбырай Алтынсарин мол қолданса, XX ғасырдың оныншы жылдарында Тайырдың үлгі етуі — заңды да қуанарлық құбылыс.
Тайыр алдыңғы өткен ұстаз да ұлы ағалардан езінше үйреніп қана қоймай, сол үйренгенін өз заманында жаңғырта айтып, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа түсіндіруге талаптанғандығын көреміз. Сондықтан да Тайырдың өлеңдері идеялық жағынан Ыбырай мен Абайдың ағартушылық бағыттағы шығармаларымен үндес келеді. «Балаларға жеміс» атты елеңдер жинағының кейбір қайшылықтары мен кемшіліктеріне қарамастан, ез кезінде оқу, өнерден кенжелеп қалған қазақ елін мәдениетке шақыруда ағартушылық, прогрестік зор мәні болғандығын батыл
айта аламыз.
Бұл дәуірде Тайыр жазған тағы бір көлемді шығарма — «Кыз көрелік» (1912). Мұны автор роман деп атаған, бірақ нағыз роман емес, қзақ әңгіме. Тақырыбы — Ұлы революцияға дейін теңдікті аңсаған қазақ қыздары мен әйелдерін патриархал-дық-феодалдық тұрмыста аяусыз езіп келген ескі әдетті сынау; жастарды, қыздарды оқуға, өнерге, мәдениетке шақыру.
Автор осы мәселелерді өмірге өз көзқарасы тұрғысынан шешуде басты үлгі етіп шығарманың геройы Ғайынкамалды ұсынады. Ол — жанашыл адам. Сондықтан Ғайынкамал сыртқы сұлулығымен ғана емес, ішкі сұлулығымен де, ақыл, ойымен, адамгершілік парасатына сай жаңашыл қасиеттерімен де оқушы үшін әсерлі. Ол өзінің күнделік өмірін, қара басының жеке бақыттылығын ойлаудан аулақ.
Құрбылар, замандастар, ұл менен қыз, Тырысып жас күндерде оқылық біз. Алданып ойынменен қалсақ надан, Өткен соң бармақ тістеп өкінерсіз,—
деп өз құрбыларын ілгері ұмтылуға шақырады Ғайынкамал.
Ғайынкамалдың санасының оянып, талантының дамуына, оқу, өнерге ынтасының артуына, кейін де халықтық іске ұмтылуына зор ықпал етуші, өмірге деген оның, көзқарасын бағыттаушы үлкен үлгі бар: ол — ұлы Абай; данышпан ақынның мәңгі өлмес әсерлі шығармалары.
айынкамал шығармада тек оқу, өнерге шақырушы ғана емес, ол — әйел теңдігін, қазақ әйелдерінің бостандығын жактаушы, қазақ арасында кең орын алған қалың мал сияқты надандық салтын сынаушы; қазақ қыздарының қалың малдың катал бұғауынан босануын аңсаушы. Бір жағынан, қазақ қыздарын оқып білім алсын, еркін ізденіп өнер тапсын десе, екінші жағынан, өмірде, тұрмыста ерікті болсын, өмірлік жарды өзі таңдап тапсын дейді. Сондықтан да ол бірде малға сатылып шалға барған жас қыздың бойын басқан ауыр қайғыны көріп қиналады:
Шалдарға қатын болған сорлы қыздар, Солардың қайғысына біз де ортақпыз. Соларда шықпаған жан жұрттағы, Өтеді ойлағанда жүректен сыз.
Ай да жарық қыла алмас күн болмаса, Күндіздің рақаты жоқ, түн болмаса. Кемпірді жас жігіттер неге алмайды, Кәріні жас құшақтау мін болмаса?! — ...Күң орнына кыздарын сатқанында, Құл орнына сатпайды неге ұлын?! —
дейді, өзі ескімен алысып, арпалыса жүріп теңін тапқан Ғайынкамал қалың малдың дерті басқан қазақ қыздарының еткен өмірдегі ауыр қайғысына шын аяныш білдіріп, ескіліктен арыла алмаған ата-аналарға:
...Қыз туса, мал туды деп қуанбаңдар, Балаңды малға сатып қылмаңдар пұл. Не тапты кызды саткан ата-бабаң, Соны да кәсіп қылды бірнеше жыл,—
деп ақыл, кеңес береді.
Ғайынкамал бұл сияқты салт-сананың басқа мәдениетті елдерде жоқ екендігін түсіндіреді. Мәдениетті елдерде өскен өнерді, дамыған ғылымды қазақ еліне үлгі-өнеге етіп ұсынады.
Міне, автор шығарманың басты геройы Ғайынкамал образы арқылы XX ғасырдың басында казақ еліне қоғам дамуының заңдылығы арқылы келе жатқан прогрестік тарихи маңызы үлкен жаңалықтарға батыл кіріскен әйелдің өнегелі бейнесін көрсетеді. Ғайынкамал образы — қазақтың ұлы революцияға дейінгі керкем прозасында калың малға қарсы наразылық көрсетуші, оқу, өнерді, ұлы Абайдың идеясын насихаттаушы алғашқы көркем образ. Рас, Ғайынкамал образын жасауда автордың қиялынан туған кейбір сенімсіз жасандылықтар бар.
Ол — Ға-йынкамалдың өзіне ғашық болған надан үш жігітке Европаның
Лондон, Берлин, Париж сияқты қалаларын аралатуы, олардың ертедегі ертегілерде ғана кездесетін қиялдарға бой ұруы т. б.
Шығармада Ғайсы Ғайынкамалдың камқоршысы, сенімді сүйеніші де болып көрінеді. Рас, Ғайсы — ұзақ жылдар аңсап көрген перзенті Ғайынкамал жолында бар дәулетін аямаған камқор әке ретінде көрінеді. Шығармадағы Әділхан, Мұқаш, Сейітхан — окусыз, өнерсіз, ата дәулетіне, қорадағы малына сеніп надан өскен бай балалары. Осы ойсыз, өнерсіз бай балаларын аз суреттесе де, автор оларды байлардың өз ортасына тән етіп дәл, дұрыс көрсете білген.
«Қыз көреліктің» прогрестік жақтарымен бірге, кейбір кемшіліктері де бар. Әңгімеде суреттеуден гөрі баяндау тәсілі басым. Шығармада дін жолын насихаттамағанмен, кейбір діншілдік ұғымдар кездесіп қалады.
«Қыз көрелік» — қазақ көркем прозасының революцияға дейінгі тарихындағы әйел теңдігі, қыздардың бас бостандығы сияқты өмірлік маңызы бар күрделі мәселеге үн қосқан, ағартушылық бағытта жазылған алғашқы шығарма.
Сөйтіп, Тайыр Жомартбаев, негізінде, оку-ағарту тақырыбын көп жырлаған ақын. Әрине, бұған қарап Тайыр Жомартбаевтың шығармаларында кемшілік, көзқарасында идеялық қайшылықтар жоқ деуге болмайды.
Тайыр, әлгі айтқанымыздай, революцияға дейінгі дәуірде өзі дін жолына қызмет етпегенімен, тағдырға сену тәрізді кейбір діни көзқарастардан мүлдем қол үзіп, атеистік дәрежеге көтеріле алмаған. Ақын көзқарасындағы осы сияқты жекелеген қайшылықтар «Балалардың тілегі» тәрізді кейбір шығармаларында бой көрсетіп қалады. Бұл сияқты жеке қайшылық-кемшіліктер ақын творчествосындағы прогресшілдік идеяны жоққа шығара алмайды. Ақын өз шығармаларының басты нысанасы етіп еңбек адамын жырласа, елді қараңғыдан жарыққа бастайтын еңбек пен оқуды, өнер мен ғылымды ашық насихаттайды. Сөйтіп, ол демократиялық-ағартушылық бағытта дамыған прогресшіл әдебиетімізге өзіндік үлес қосты. Тайыр бүл бағыттағы әдебиетіміздің басты салаларының бірі балалар әдебиетінің Ыбырай Алтынсариннан соңғы көрнекті өкілінін бірі болды.
Достарыңызбен бөлісу: |