Білім беру бағдарламасы 6В01713 Қазақ тілі мен әдебиеті



бет26/40
Дата08.02.2022
өлшемі1,62 Mb.
#122214
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40
Байланысты:
umkd 20 gas r bas ndag kazak adebieti.
Документ, Документ, реферат презинтация
Көтеріліс туралы жырлар
Қазақ халқының ΧΧ ғасыр басындағы әдебиетінде 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі туралы проза жаныры жоқтың қасы еді. Ол осы көтерілістің тарихи сипатымен байланысты еді, кей жерлерде көтеріліс реакцияшыл, ұлтшылық бағытта болып, кейбір жазба әдебиет өкілдері де оны осы бағытта жырлады. Ал сол кездегі ауызға іліккен, алғашқы жиынға шағы бастаған демократияшыл жазушылардың өздері де көтеріліс жөнынде ештеңе жаза алмады. Олардың кейбіреулері оқиғаның саяси-әлеуметтік мәнін дәл барлай алмаса, біреулері қалай болады дегендей ақырын күтті. Мұны Көбеев, Торайғыров, Дөнентаев т.б. творчестволарынан аңғаруға болады.
ΧΧ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі бұл көрініс туралы өлең, жырлар тағы басқа көркем шығармалар тек ауыз әдебиет нұсқалары түрінде, халық творчествосы негізінде болып, сол күйінде әдеби мұраға қосылды.
Әдетте халық шығармаларын әуелде бір адам шығарады; халық оған өзінше өзгерістер енгізіп отырады. Сондықтан да олар халықтың ғасырлар бойы жасап келген поэзиясының дәстүріне шығарылып, әуелі қалаң бұқара ішінде, халақ арасына кең таралып бірден-бірге көшіп жүрген. Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі туралы жырларды түгелдей сол көріністің бас-қасында болған, ел ішінде бұрын ауызша өлең, жыр шығарып, ақын-жыршы, жырау, өлеңші аталған адамдар да, сондай-ақ бұрын ақындық өнері білінбеген талаптылар да шығарған.
1916 жылы ел басына қиыншылық күн туып, ел азаматтары көтеріліске шықанда, ақындардың кейбіреулері елмен бірге болды, майдан жұмысына барып, соғыс азаптарын тартып, бәрін өз көздерімен көріп отырып жырлаған. Бұл өздерінің көрген-білгендерін, түйген ойларын өлеңмен жырлап отырған.
1916 жылы көтеріліс туралы жырларды жазып алушылардың, жианушылардың материалдарына қарағанда, «Қарақойын көтерілісі» жырды шығарған Бозаев Қуанышбай деген кісі – сол Қарақойынның адамы: ескіше шала хат таниды екен; 1916 жылы көтеріліске сарбаз болып бастан-аяқ қатынасқан. Көтерілістен бұрын да өлең шығарып, домбыра тартып жүрген. Содан жұрт оны ақын деп атап кеткен. Көтерілліс туралы жырын Қуанышбай сол 1916 жылы көтерілістің соңын алға шығарған. «Маусым жарлығы» деген жырдың авторы Жиенбек Жүсіпбек – майданнның қара жұмысына барып қайтқан адам. Ол өзінің осы жырын 1926 жылы кітапша етіп бастырған; сондағы «Жазушыдан» деп аталатын кіріспеде былай дейді:
«1916 жылы 25 маусымда Николай патшаның қазақтан майданға жұмыскеірн аларда, мұндағы төрелері қазақты тұнғыш солдат боласындар деп қорқытқан кезде шығарылған өлең еді... Өлеңнің уақытындағы жазылғаннан артып, яки кеміп өзгергені жоқ». Сол сияқты, «1916 жыл» поэмасын жазған Біржан Берденов, «Қоштасу» деген өлеңді шығарған Асқар деген ақындар да 1916 жыл оқиғасына бастан-аяқ араласқан, майдан жұмысына барып қайтқан адамдар. Аманкелді туралы жырлағандар – Омар Шипин, Жолдыбаев, Есенбеаев. «Бекболат» жырын шығарған Дәукебаев. Олар – Амнкелді, Бекболат бастаған көтерілістердің ішінде болған ақындар.
Көтерілістің басы-қасында болған, бәрін көзімен көрген жыршы ақындар біразы өз жылдарын 1916 жылы маусым жарлығы жарияланғанда, көтеріліс кезінде, шықырылғанда, майдан жұмысында жүргенде шығарған. Ал кейбіреулері ұсақ жыр, дастандарын 1916 жылғы, көтеріліс кезінде бастап кйеінірек1917-1926 жылдар аралығында толықтырды. Енді біразы тіпті 1916 жылғы көтерілістің болғанына он бес, жиырма, отыз жыл өткен соң өткендегі тарихи оқиғаларды еске алу ретінде жазды.
1916 жылғы көтеріліс туралы, әсіресе Аманкелді туралы, кейінде көп өлең, поэмалар шығарды. Оларлың бірқатарының авторлары – жазба әдебиетіміздің өкілдері, қазақ совет ақындары. Жеке ақын, жазушылардың шығармашылығы да, халық шығармашылығ да өмірдегің оқиғаларды дәл, шындыққа үйлесімді және көркем түрде сипаттап береді. Бірақ олардың туындыларының жарыққа шығу кезіндегі тарихи жағдайлар мен көркемдік мәселесі түрліше болып келгендігін ұмытпауымыз керек. Ендеше, көтерілістің өз кезінде туған, сол көтеріліске қатысушылардың өздері шығарған, кейін халық шығармасына айналған өлең-жырлармен көтерілістен әлдеқайда кейін, жаңак тарихи жағдайда туған, көтеріліске тікелей қатыспаған мамани ақындар шығғарған өлең-жырлардың да стилі, көркемдік өзгешеліктері жағынан бұрынғы жырлардан , көтеріліс кезінде туған өлең-жырлардан айырмашылықтары да бар.
Таптық қоғамның пайда болуымен бірге халық шығармалары да таптық сипатта дамиды: халық мүддемінен туған көп жырлардың образ жасаудағы әдістері, сюжет желісі, идеялық мазмұны езілген халықтың арман-тілегін бейнелеп тұрады. Бұл жағынан алып қарағанда, Жамбыл мен Омардың Аменкелді жөніндегі соңғы кезде шығарған өлеңі, дастандары да 1916 жылғы көтеріліс туралы жырларға сарып қосылады. Бірақ 1916 жылждың өзінде шығарылған жырлар мен соңғы соңғы кезде шығарылған өлең, дастандардың арасында көркемдік, құрлысы мен идеялық мазмұны жағынан да айырмашылық бар. Жамбыл, Омар шығармаларының обрызы, сюжеті, тақырыбы, тылы 1916 жылдың өзінде шығарылған өлең-жырлардан гөрі айқын да көркем жіне елімізде социализм орнату жолындағы күреспен байланысып, бүгінгі өмірден жанаса түседі.
Тасаттық, жан садаға: мал шалайық,
Үш жүздің басына жар салайық!
Берсең де өлдің балаңды бермесең де,
Оданда жауға қарсы аттанайық!
Осы сияқты шумақты Жамбыл шығармаларынан кездестіре аламыз. Халық жырларының бәрі біркелкі жағдайда бір арнада жасала бермейді. Кейбір шығармалардың авторы мана ақын, жазушы болмауы да мүмкін, сол күйінде халық арнасына тарайды. Ал кейбір шығармалардың авторлары халық аузында айтылмай мүлде ұмытылады.
1916 жылғы көтеріліс жөніндегі өлең-жырларды жинақтаушылар мен зерттеушілер бұл жағдайларды естерінде мықтап ұстауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет