Сақырыбы: Махамбет Өтемісұлы «Баймағамбет сұлтанға айтқаны», «Мен, мен едім» Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата14.04.2017
өлшемі66,03 Kb.
#13791
түріСабақ
Сақырыбы: Махамбет Өтемісұлы «Баймағамбет сұлтанға айтқаны», «Мен, мен едім, мен едім»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Махамбет өлеңдері отаршылдыққа қарсы көтерілістің айнасы екендігін оқушы санасына жеткізу, өлеңдерінің мазмұны мен маңызын ашу, Махамбет – дауылпаз ақын, күйші екенің түсіндіру.

Дамытушылық: Махамбет шығармашылығының тарихи негіздері туралы оқушылардың білімдерін арттыру, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Өз туған жерін Отанын сүюге тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру

18 ғасырдың 2 жартысы мен 19 ғасырдың 1 жартысында Қазақстанда отарлау саясаты жүрді. 19 ғасыр қазақ елі түгелдей Ресей отарына айналды. Алайда, қазақ халқы, оның ел үшін еңіреп туған ерлері отарлық қысымдарға оңайлықпен бас ие берген жоқ.



Сабақ түрі: ашық сабақ

Әдісі: Семантикалық карта,Венн диаграмасы,топтастыру, ББҮ, бес жолды өлең, Инсерт, поэзия минуты.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы,музыка

Көрнекілігі: интерактивті тақта, кестелер

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру

1.Оқушылармен амандасу

2.Сабаққа қатысымды тексеру

3.Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Зымыран сұрақ («иа», «жоқ» тестісін алу)

Олай болса, біз осыған дейін ХІХ ғасыр әдебиетін бастамас бұрын, ХҮІІІ ғасырға дейінгі жыраулар поэзиясын қорытындылап түйіндейік. Дәптерлеріңді ашыңдар. «Зымыран сұрақтар» арқылы «Иа», «Жоқ» тест арқылы өткен тарауға қорытынды жасайық

  1. Көшпенділер философы Асан қайғы ма? (иа)

  2. «Әй, хан мен айтпасам білмейсің?» Абылай ханға арналған толғау ма? (жоқ) (Жәнібек ханға)

  3. Тайпалар көсемі, ру таңбаларын жасаушы, отты би Ақтамберді ма? (жоқ) (Қазтуған)

  4. Азау қаласында туған жырау Доспамбет па? (иа)

  5. 1675-1768 ж.ж. өмір сүрген Жиембетжырау ма? (жоқ) (Ақтамберді)

  6. «Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту Бұқар жыраудың толғауы ма? (жоқ) (Үмбетей)

  7. «Еңсегей бойлы Ер Есім» Шал ақындікі ма ? (жоқ)(Жиембет)

  8. Көмекей әулие атанған Үмбетей ме? (жоқ) (Бұқар)

  9. Тілеуке Құлекеұлы Шал ақын ба? (иа)

  10. «Керей қайда барасың», «Ей, Абылай, Абылай» Бұқар жыраудікі ма? (иа)

2.Өткен сабақта біз сіздермен ХІХ ғасырдағы саяси-әлеуметтік жағдай, ұлт азаттық көтерілістердің белең алуы, көтерілістердің шығу себептерін өткен болатынбыз.

Тест алу, жаттау сұрау. Жауап кілті тақтаға ілініп тексеріледі, оқушылар бірін – бірі бағалайды, жұптық жұмыс.



Тест 1.1818-1881 жылдарда өмір сүрген,патшалы Ресейдің ел билеу жүйесін қатты сынаған реалист ақынды ата.

А) Дулат Бабатайұлы в)Шортанбай Қанайұлы с)Жиембет жырау. 2. «Жаңа низам» заңы қай жылы шықты? А) 1865 в) 1868 с) 1860

3. Әуелі қорлар зор болды,

Сондағы зорлар қор болды – қай өлеңнен алған үзінді?

А) «Бір насихат айтайын» В) «Жарлының жаны берік – ті»

С) «Қалықтаған сұңқар елі»

4. Заманда «Зар заман» деп атаған кім?

А) Дулат в) Жиембет с) Шортанбай

5. Қазақ даласының Ресейге бағынуы қанша жылға созылды? А) 120ж а) 130 ж с) 110ж

6. Қай жылы Ресейдің қазақ даласын билеу жөніндегі жаңа заңы шықты? А) 1822 в) 1820 с) 1819

7. ХVII ғасырдың аяғында отаршылдыққа қарсы шыққан курескер кім? А) Сырым Датұлы в) Махамбет с) Кенесары

8. «Кенесары - Наурызбай» атты тарихи дастанның авторы ? А) Нысанбай жырау в) Шернияз с) Шөже

9. ХІХ ғасырдың 30 – 40 жылдарында отаршылдыққа қарсы шыққан шаруалар көтерілісін бастаған кімдер? А) Кенесары в) Махамбет – Исатай с) Сырым

10. Қазақ поэзиясында күресшілдік бағытты нығайтқан дауылпаз ақынды ата? А) Шөже в) Шортанбай с) Махамбет


Жаңа сабақ:

Махамбет Өтемісұлы өмірі, шығармашылығы, өлеңдерін талдау

БББ стратегиясы

Білемін

Білдім

Білгім келеді









  1. Кестенің «Білемін» бөлімін толтырту

  2. Махамбет өмірінен қосымша мәлімет беру

А) Арғы атасы Мәлі Нәдір шахтың баласы екен. Дауыл кезінде кемелері апатқа ұшырап, 4-5 жасар баланы жағада жатқан жерінен беріш руының адамдары тауып алады. Баланың мойнында алқа болады. Сол алқада «Нәдір шах ұлы Мәлі» деген жазу болады. Жаубасар батыр Мәліні өз баласындай бағып-қағып өсіреді. Ержеткенде еншісін беріп, бөлек шығарады. Тек шыққан тегі кірме деп Мәлі емес, Құлмәлі атап кетеді. Құлмәлінің бәйбішесінен Шыбынтай, Өтеміс, тоқалынан Қобдабай, Айтбай туылады.

Өтемістің 4 әйелі болған. Өтемістен туған он едік деген осы 4 әйелінен туған балалары еді.



Ә) Ел ішіндегі қоныс дауына байланысты Сүйінішқали деген сұлтан 45 кісімен келіп, Өтемістің ауылын шауып, малдары мен дүние-мүлкін алып кетеді. Онымен қоймай» барымташы қашқындарды жасырды», - деп үстінен шағым түсіріпӨтемісті түрмеге қаматады. Ол сол түрмеде қайтыс болады. Бір қызығы Өтемістің ауылын шапқандардың ішінде Исатай да болған екен. Әкесінен айырылғанда Махамбет 14 жаста ғана болады. Өтемісәулеті алдындағы кінәсін түсінген Исатай оның отбасына қамқоршы болып өтеді. Сөйтіп, Махамбеттің өзі де , бауырлары да талай жыл Исатайдың қасында болады. Осы жақындық бара-бара ел теңдігін көксеген мұратқа ұласқан Махамбет қоңыраулы найзасын қолға алып, Исатай басшысының сенімді серігі әрі көтеріліс жылдарындағы асқақ үнді жыршысы деңгейіне көтеріледі.

3. Оқулықтан Махамбет туралы берілген мәліметті оқыту

4. Жылдар сөйлейді. 1829, 1803, 1836, 1837 1838, 1846

Жаңа Махамбеттің ерлікке, елдікке шақыратын және Исатайға арналған өлеңдеріне тоқталамын.



Махамбет Өтемісұлының өлеңдері.
Ерлікке, елдікке Исатайға шақыратын арналған
«Мұнар күн» «И. деген ағам бар»

«Ұлы арман» «Арғымаққа оқ тиді»

«Біртіндеп садақ «Тарланым», «Соғыс»

асынбай» «Мінген ер», «Мінгені

«Ереуіл атқа ер И-дың Ақтабан-ай»

салмай» «Исатай сөзі»

«Жалғыз дүние» «Арыстан одан кім

«О, Нарын!» өткен?»

Өлеңдерінің тақырыбы: Ел, Халық жайы, Замана, Адам, Ерлік.

Түр жаңалықтары: Шұбыртпалы ұйқас, Аралас ұйқас, Кезекті ұйқас.
Махамбет өлеңдерінде қолданылатын сөздер : Жер – су атаулары, Туыстық атаулары, Қару – жарақ атаулары, Қоғамдық – әкімшілік мәнге ие атаулар, Кірме сөздер, Ерекше сөздер, Сөз тіркестері

Шаруалар көтерілісі шығу себептері мыналар: Отаршыл патша өкіметі кедейлердің жерін күшпен тартып алып, сұлтан – билерге таратып берді. Оның үстіне шаруаларға алым – салықты да көбейтті. Ел еркінен айрылып, күйзелген үстіне күйзеле берді. Халық ереуіл атқа ер салды. Ол көтерілісті Исатай мен Махамбет басқарды. Махамбет поэзиясы ереуілге шыққан халықтың құдіретті үні болды. Исатай мен Махамбеттің ойлағаны өздерінің қара басының қамы емес, «қара қазан, сары бала қамы» үшін қылыш сермеді. Олар ел үшін «әділ жаннан түңіліп», қанды жорыққа атанды



  1. Оқулықпен жұмыс.

«Мен мен едім, мен едім» өліңін мәнерлеп оқып, идеясын ашайық. Өлеңді оқымас бұрын «Мен» - нің мағынасын ашайық. «Мен » сөзінің мағынасын өздеріңе қаратып, өздерің жайлы не айтар едіңдер?

Ендігі кезекте Махамбет өлеңіндегі «Мен» сөзінің мағынасын ашып көрейік. Осы өлеңі арқылы Махамбетті қай қырынан танимыз? Мұндағы «Мен» - Махамбеттің бүкіл болмысы, Махамбеттің күрескерлік әлемі, Махамбеттің батыр жүрегі. Осы «Мен» арқылы оның ісі, күрескерлігі, ерлігі, елге деген махаббаты, елдің тәуелсіздігіне деген жауапкершілігі, дұшпанына деген ыза кегі көрінеді.



  1. Өлең құрылысына қарай талдау.

  2. Көркемдік ерекшелігін тап.

4.Поэзия минуты

Махамбет шығармаларын жатқа оқу


5.Кестенің алған бөлімдерін толтырту.


Білемін

Білдім

Білгім келеді








«Синквейн» стратегиясы бойынша жұптық жұмыс түрін ұсынады.

1.Зат есім

2.Сын есім

3.Етістік

4.Сөйлем


5.Синоним

Бекіту: Бір тамшы ой

1.Махамбет поэзиясын оқығанда, көз алдымызға қандай тұлға елестеді? Кім қалай суреттеп берер екен?



Қорытынды: Махамбет - өмірдегі қасіреттің синонимі, өнердегі қасиеттің символы.Өзін есес, өзге жайын, ел қамын ғана ойлаған.Отбасынан баз кешіп, өз рахатынан өзі безіп ылғи ғана «Ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып» жүргендегі мақсат-мүддесі – елінің ертеңі дәлірек айтқанда, біздің бүгінгі күніміз, азат қазақ мемлекетінің егемендігі.

Үйге: «Мен , мен едім, мен едім» жаттау



Ой толғау «Махамбет рухымен сырласу»
Каталог: uploads -> doc -> 00bf
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
00bf -> Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов. «Көксерек» повесі Сабақтың мақсат-міндеттері: а білімділік
00bf -> Сабақ барысы : Өлеңнің бір неше түрі бар. Олар буын арқылы ерекшеленеді. Өлеғ 7-8 және 11 буынды болып келеді. 11 буынды өлең құрау үшін алдымен 5 буынды өлең құрап аламыз.
00bf -> Сабақ Мектеп №49 Мерзiмі: 24. 01 Тақырып: «Атамекен алтын бесік»
00bf -> Сабақ Тақырыбы: «Аккордтар еліне саяхат»
00bf -> Паспор т бастауыш сынып кабинетінің құжаты
00bf -> Сабақ жоспары Сабақ : 40 Күні: Сабақтың тақырыбы: Экскурсия жүргізудің техникасы Сабақтың мақсаты
00bf -> Бағдарламасында мынадай анықтама берілген. ««Қазақ тілі»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет