6. Дәрістер кешені 1апта Тақырыбы: Кіріспе. Деректану теориясы.Деректанудың теориялық және әдістемелік мәселелері
Дәріс№ 1 Дәрістің мақсаты: Қазақстан тарихының деректері пәніне түсінік беру, басқа қоғамдық ғылымдар арасындағы байланыстар мен тарихи деректер құндылығын және курстың оқу-тәрбиелік бағыттағы маңыздылығын талдау жасау.
Тірек сөздер:Тарихи деректану, тарихи деректану объектісі, тарихи деректанудың зерттеу әдістері.
Дәрістің мазмұны: 1.Қазақстан тарихы бойынша деректер ғылыми пән ретінде. 2. Қазақстан тарихы деректері пәні мен обьектісі. 3. Курстың мақсаттары, мазмұны, құрылымы.
7. Практикалық (семинар)/ зертханалық сабақтарға арналған нұсқаулық.
7.Пәнді оқытуға байланысты әдістемелік нұсқаулар. Семинар № 1 Тақырыбы:Деректану теориясы. Деректанудың теориялық және әдістемелік мәселелері
Мақсаты:Деректанудың теориялық және әдістемелік мәселелері жөнінде түсінік қалыптастыру. Студенттердің берілген тақырып бойынша терең мағлұмат алуын қамтамасыз ету.
Практикалық сабақ мазмұны: 1.Тарих ғылымындағы деректердің ролі мен орны. 2.Қазақстан тарихының деректері пәнінің мақсаты мен міндеттері. 3. Деректермен жұмыс жасаудың методологиялық принциптері мен сатылары. 4.Деректану ғылымының қалыптасу тарихы. 5. Деректанулық ұғымдар мен терминдер және олардың анықтамасы.
Әдістемелік нұсқау:интер белсенді әдіс, ауызша баяндау.
Өткізу формасы:топтық жұмыс презентация.
Бағалау критерийлері: 90-100 балл алу үшін: Курстың мақсат-міндеттерін, кәсіби құзыреттіліктер жөнінде толық мәлімет берген жағдайда;
70-89 балл алу үшін:Курстың мақсат-міндеттерін, кәсіби құзыреттіліктер жөнінде жалпы мәліметтер берген жағдайда;
50-69 балл алу үшін: Курстың мақсат-міндеттерін, кәсіби құзыреттіліктер жөнінде ішінара мәліметтер берген жағдайда.
Әдебиеттер:1, 3,4,11, 26, 28, 50.