Өткізу формасы: үлкентоптық жұмыс.
Бағалау критерийлері: 90-100 балл алу үшін: тақырып бойынша өз ойларын дөңгелек үстелде ашық айтып, әр идеясына нақты дәлелдер келтіре алған жағдайда;
70-89 балл алу үшін: тақырып бойынша өз ойларын дөңгелек үстелде ашық айтып, кейбір мәселелер бойынша ғана дәлелдерін келтірген жағдайда;
50-69 балл алу үшін: тақырып бойынша өз ойларын дөңгелек үстелде ашық айтқан жағдайда.
Әдебиеттер: 2,6,7,10,11,12, 32,36,35.
Семинар № 5 Тақырыбы: :Қазақстанның орта ғасырлар дәуірі тарихы араб, парсы авторларының деректемелерінде (ХІІІ-ХҮІІғғ.)
Мақсаты:студенттердің берілген тақырып бойынша араб, парсы авторларының деректеріне талдау жасап, терең мағлұмат алуын қамтамасыз ете отырып, тұжырымды ойларын қалыптастыру.
Практикалық сабақ мазмұны:1. «Мунтахаб ат-таварих –и Му» еңбегінің деректемелік құндылығы. 2. Хафиз-и Абру дың 4 томдық еңбегінің Қазақстан тарихына қатыстылығы. 3. Мұхамед хавенд-шах Мирхондтың (1433-1498) еңбегінің мазмұнының деректемелік мәні.
Әдістемелік нұсқау: :«Кішігірім топтар» әдісі.
«Кішігірім топтар». Топ студенттері арасынан өздерінің қалауы бойынша кішігірім топтар құрылады. Әр топта «лидер» - топ басшысы анықталады. Әр кішігірім топтың семинар сабағындағы рөлі бөлінеді. Мәселен, «баяндамашы-топ», «оппонент-қорғаушы-топ», «оппонент-сынаушы-топ» болып бөлінеді.
«Баяндамашы-топ» - аудитория алдына қарастырып отырған мәселенің нақты, алдын-ала ойланған, аргументтелген негізгі мазмұнын береді, нақты мысалдармен және фактілермен ойларын дәлелдейді.
«Оппонент-сынаушы-топ» - «баяндамашы-топқа» сұрақтар қояды, олардың берген мәліметтеріндегі аргументтерді, мысалдарды, фактілерді, ой-қорытындыларын сынға алады.
«Оппонент-қорғаушы-топ» - «баяндамашы-топтың» позициясын қолдайтын және нақтылай түсетін жаңа фактілер береді.
Өткізу формасы:топтық жұмыс.