Мақсаты: Деректермен жұмыс жасауды үйрету, конспектіні дұрыс жазудың бағыттарын анықтау. Кітапханадағы каталогпен жұмыс жасауды үйрету.
Орындалу мерзімі:дүйсенбі-бейсенбі күндері аралығында (СОӨЖ тапсыру кестесіне сәйкес).8. Білім алушының өзіндік жұмысына арналған нұсқаулықтар мен материалдар:
Әдістемелік нұсқау: 1) Библиография құру үшін карточкілер қажет. Әрбір карточканың алдыңғы бетінде: автор, кітаптар немесе мақалалар атауы, баспаға шығу жері мен жылы, беттер көлемі көрсетіледі. Артқы бетінде еңбектің шағын мазмұны, оған берілген сын-баға және еңбектің кімдерге қолдануына арналғаны көрсетіледі. Библиография алфавиттік жүйемен құрылады. Мысалы.
1. Ислам Жеменей Парсы және түркі жазба деректеріндегі қазақ тарихы. Ежелгі және орта ғасырлық дәуір. – Алматы: «Сардар» баспасы. 2019. -224 б.
2. Қазақ қолжазбалары. І том. Ежелгі грек, көне қытай жазбаларындағы түркілік әдеби үлгілер. Түпнұсқа, жолма-жол аударма, әдеби аударма. Алматы. «Ел шежіре». 2011.
.
Оқулықта Қазақстан тарихының ежелгі тарихына қатысты деректері қамтылған.
2) Жасаған карточкаларын зум конференциясында ауызша тапсырады.
Өткізу формасы:Жеке дара жұмыс.
Мерзімі: дүйсенбі-бейсенбі күндері аралығында (СОӨЖ тапсыру кестесіне сәйкес).
Бағалау критерийлері: 90-100 балл алу үшін: пайдаланған әдебиеттер тізімінде көрсетілген, Қазақстанның ежелгі дәуірі мен ерте ортағасырдағы мемлекеттердің тарихына еңбектерге библиографиялық карточкілер құра алған жағдайда; оларды шатаспай ауызша тапсыра алған жағдайда;
70-89 балл алу үшін:пайдаланған әдебиеттер тізімінде көрсетілген, Қазақстанның ежелгі дәуірі мен ерте ортағасырдағы мемлекеттердің тарихы мен мәдениетіне қатысты еңбектерге және пайдаланған әдебиеттер тізімінде көрсетелімеген еңбектерге библиографиялық карточкілер құра алған жағдайда;оларды шатаспай ауызша тапсыра алған жағдайда;
50-69 балл алу үшін:пайдаланған әдебиеттер тізімінде көрсетілген, Қазақстанның ежелгі дәуірі мен ерте ортағасырдағы мемлекеттердің тарихы мен мәдениетіне қатысты еңбектерге библиографиялық карточкілер құра алған жағдайда; оларды шатаспай ауызша тапсыра алған жағдайда;