Өткізу формасы: жеке дара жұмыс.
Мерзімі: дүйсенбі-бейсенбі күндері аралығында (СОӨЖ тапсыру кестесіне сәйкес).
Бағалау критерийлері: 90-100 балл алу үшін: студенттер екі мәдениеттің ортақ ұқсас белгілерін, бір-бірінен ерекшеліктерін көрсете алған жағдайда және негізгі еңбектерге сүйеніп тақырыпты толық аша алған жағдайда;
70-89 балл алу үшін:студенттер екі мәдениеттің ортақ ұқсас белгілерін, бір-бірінен ерекшеліктерін көрсете алған жағдайда;
50-69 балл алу үшін:студенттер екі мәдениеттің ортақ ұқсас белгілерін, бір-бірінен ерекшеліктерін ішінара көрсете алған жағдайда.
Әдебиеттер: 2,3,4,8,28,29,31 СӨЖ мазмұны: Күлтегін және Білге қаған ескерткіш кешені және бітіктасы. Деректанулық және ғылыми зерттелу туралы жазыңыз.
Әдебиет: 1. Абусеитова М.Х. Баранова Ю.Г. письменные источники по истории и культуре Казахстана и Центральной Азии в ХІІІ-ХҮІІІвв. Алматы «Дайк-Пресс» 2001.16-21стр. .
№5 ОЖСӨЖ мазмұны:1.Оңтүстік Қазақстан және орта Азияны монғолдар жаулап алуын зерттеудегі басты деректеме «Тарих –и джахангуша» еңбегіне талдау жасаңыз.
2. Мұхамед хавенд-шах Мирхондтың (1433-1498) еңбегінің мазмұнының деректемелік мәнін ашып көрсетіңіз.
Мақсаты: Студенттерге орта ғасырлық деректерді талдап мазмұнын ұғындыру. деректік маңызын анықтау.
Әдістемелік нұсқау:презентация, таныстырылым жасау
Орындалу мерзімі:дүйсенбі-бейсенбі күндері аралығында (СОӨЖ тапсыру кестесіне сәйкес).
Бағалау критерийлері: Рефератты бағалау критерийлері:
90-100 балл: студенттің жазба жұмысының құрылымы анық, логикалық бірізділікпен мазмұндалса, көзқарасы негізделген, деректер мен ғылыми әдебиеттерге сілтемелер көрсетілген, мәселе бойынша жеке өзі жасаған ой-тұжырымдары ерекшеленген жағдайда.
70-89 балл: жұмыстың құрылымы түсінікті және логикалық бірізділікпен мазмұндалған, алайда жеке көзқарастары нақты тұжырымдалмаған және жеткілікті негізделмеген болса.
50-69 балл: мазмұндауында логикалық бірізділік сақталмаған, жеке көзқарасын негіздеуде қателіктер орын алған жағдайда.
0-49 балл: тапсырма орындалмаған немесе плагиат болып табылса.