3. Рефераттың, ғылыми баяндаманың, баяндама тезистерінің, ғылыми мақаланың мазмұны мен ресімделуіне қойылатын талаптар. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның ғылыми мақалаларын рәсімдеудің ережесі мен үлгісі
Конференцияға қатысу үшін ұсынылған ғылыми материалдар, «Журналдар, жинақтар, ақпараттық басылымдар. Жарияланатын материалдардың баспалық рәсімделуі» 7.5-98 МЕМСТ, мақаланың жанындағы библиографиялық тізімдер, «Библиографиялық жазу. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар мен жасау ережесі» 7.1-2003 МЕМСТ сәйкес мақалаларды рәсімдеу бойынша негізгі баспалық стандарттарға сәйкес рәсімделуі тиіс. Редакциялық алқа авторлардан мақалаларды дайындаған кезде келесі ережелерді басшылыққа алуды сұрайды.
1.Көлемі 3 беттен 5 бетке дейін, пішімі – А 4; тек doc және rtf пішімінде ғана, MS
Word редакторын пайдалану.
2.Шрифтің мөлшері 12 pt Times new roman (сyr), жоларалық интервал – дара,
барлық жағынан ашық шеттері 2 см, ені бойынша түзетілген, азат жолдың басындағы бос жер 0,8 см, кітаптық бағдар, автоматты тасымалдау, «әдеттегі» стиль.
3.Парақта мәтінді орналастыру:
1жол – жұмыстың атауы (БАС ӘРІПТЕР, ортасы бойынша түзету, жартылай қою шрифт);
2 жол – бос;
3 жол – автордың (лардың) тегі, аты, әкесінің аты. Ортасы бойынша түзету;
4 жол – мекеме, қала (егер де ол мекеменің атына кіретін болса, қала көрсетілмейді). Ортасы бойынша түзету;
Одан әрі бір интервалдан кейін, мақаланың мәтіні болады (ені бойынша түзету).
4. Мақала аңдатпадан (бос жерлерімен қоса 800-1000 белгі, 7-8 жолдан аспайтын) және қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі негізгі сөздерден тұруы керек. Аңдатпа оның тақырыбы және құрылымы туралы жинақталған ұғым беретін, ғылыми шығарманың мазмұнының қысқаша сипаттамасы болып табылады. Аңдатпа мәтіннен басқа, 3 т. сәйкес рәсімделген, тақырыпты, авторлардың тегін, атын, әкесінің атынан, мекемені, қаланы қамтуы керек. Негізгі сөздермақала мазмұнының барынша толық ашылуын қамтуы керек. Әрбір нақты материал үшін, олардың мағынасы тәртібімен, 5-6 негізгі сөзді (key words) беріңіз, яғни, мақаланың ең маңызды негізгі сөзі тізімде бірінші болуы керек. Тізімді салдыр-салақ немесе дұрыс жасамау, бұл сұраныстар бойынша, сайтқа сіздің жұмысыңызға қызықпайтын, бөгде адамдардың кіруіне алып келеді. Ұсынылған мақалаға қатысты, негізгі сөздерді (key words), көптеген заманауи ақпараттық жүйелердің, мәнмәтіндік іздеуді тек ғылыми жарияланымдардың атаулары мен аңдатпалары бойынша ғана жүзеге асыратындығын есте ұстай отырып, Abstract қосу керек.
5. Жалпы қабылданған қысқартулармен ғана шектелген жөн және оған жеткілікті түрде негіз болмаса, жаңа қысқартулар енгізуге жоламау керек. Енгізілген қысқартулардың мағынасын ашып жазған жөн.
6. Кестелерде, суреттерде, формулаларданышандарды, белгілерді белгілеген кезде әртүрлі оқылулар болмауы керек. Суреттер айқын, таза болуы керек. Мәтіндегі суреттерде және кестелерде сілтемелер болуы керек. Барлық суреттердің және кестелердің атаулары болу керек.
Өлшем бірліктерінің, физикалық, химиялық, техникалық және математикалық өлшемдердің қабылданған қысқартуларын қоспағанда, сөздерді, есімдерді және атауларды қысқартуға жол берілмейді.
Мәтінде формулалардың саны аз болуы тиіс. Формулалар сәйкес редакторда (математикалық және химиялық формулаларға арналған) терілуі керек. Кестелердің тақырыбы болуы керек, бос жолдардың қалуына жол берілмейді. Шартты қысқартуларды және нышандарды ескертуде түсіндіру керек.
Суретті материалдар мына пішімдерде ұсынылады: фотолар, суреттер үшін - tiff немесе jpeg (ақ-қара және түрлі түсті үшін 300 dpi); кескіндеме, диаграмма, сызбалар және т.с.с. үшін - exls, cdr. Суреттің артқы жағында немесе оның астында автордың тегі, мақаланың аты мен суреттің нөмірі көрсетіледі. Суреттер мәтін бойынша орналастырылуы тиіс және міндетті түрде жеке файлдар түрінде тіркелуі керек (ол кейін беттеу кезінде пайдаланылатын болады). Сурет астындағы жазулар, мақаланың соңында жеке тізіммен жазылады. Мақаланың соңындағы қолжазбаға барлық авторлар қолдарын қояды.
7. МЕМСТ сәйкес рәсімделген, пайдаланған әдебиеттің міндетті тізімі(10-нан 20-ға дейінгі дереккөздер). Әдебиеттер тізімі [12], тек шаршы жақшаларда ғана беріледі, авторлық мәтіннен дәйексөз келтіргенде немесе әңгімелегенде [12, 29 б] беріледі. Мақаладағы сілтемелердің нөмірленуі, мақала жанындағы әдебиеттер тізіміндегі дереккөздің тәртіптік нөмірі бойынша жасалады. Мұрағаттық материалдар тізімге енгізілмейді, олардың сілтемелері мәтінге дөңгелек жақша ішіне орналастырылады. Мақалада электрондық қорлардан немесе шалғайдағы қол жетімділіктен (Ғаламтордан) алынған дереккөздерді пайдаланған кезде, әдебиеттер тізімінде дереккөздің библиографиялық жазбасы мен Ғаламтордағы толық желілік мекен-жайы жазылған, желілік қорға сілтеме келтіріледі. Қорға жүгінген уақытты көрсеткен дұрыс.
МӘСЕЛЕН (библиографиялық мәліметтер шартты):
Кітаптар үшін: Авторлардың тегі мен аты-жөндерінің бірінші әріптері. Тақырыбы. — Басылымның қайталамалығы туралы мәлімет. — Басылып шығарылған орны: Баспахана, Басылымның жылы. — беттер саны.
Мәселен:
1. Ильин В.А., Позняк Э.Г.. Сызықтық алгебра. — 3-басылым. — М.: Наука, 1984. — 294б.
Журналдардағы мақалалар үшін: Авторлардың тегі мен аты-жөндерінің бірінші әріптері. Мақаланың аты. // Басылымның тақырыбы. (Сериясы). — Басылымның жылы. — Томы. — Нөмірі. — Беттері.
Мәселен:
2. Панчук Д.А., Садақбаева Ж.К., Пуклина Е.А. және т.б. Метал жабын-полимерлі төсем шегіндегі фазааралық қабаттың құрылымы туралы // Ресейлік нанотехнологиялар. — 2009. — Т.4. — №5-6. — 114–120 б.
Конференция материалдары, еңбектер жинақтары және т.с. үшін: Авторлардың тегі мен аты-жөндерінің бірінші әріптері. Мақаланың аты. // Басылымның тақырыбы. Басылымның түрі. — Басылымның орны, жылы. — Том. — Нөмірі. — Беттері.
Мысалы:
3. Приходько Н.Г., Лесбаев Б.Т., Ченчик Д.И., Нәжіпқызы М., Мәнсұров З.А. Төменгі қысым кезіндегі көміртекті наноқұрылымдардың синтезі // VI Халықаралық симпозиум: Көміртекті материалдардың физикасы мен химиясы / Наноинженерия. - Алматы, 2010. - 135-138 б.
Әдебиеттер тізімі орыс тілінде және жалпы қабылданған ағылшын транслитерациясында ұсынылуы тиіс. Мұны http://translit.ru/. сайтында көрсетілген, бағдарламаның көмегімен жасауға болады.