Білім беру бағдарламасы: 6В03111-«Әлеуметтік саладағы психология»


Реферат, ғылыми баяндама, баяндама тезистерін, ғылыми мақала дайындау тәртібі



бет40/55
Дата15.03.2022
өлшемі132,25 Kb.
#135670
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   55
Байланысты:
Орг и план НИР Лекция

2. Реферат, ғылыми баяндама, баяндама тезистерін, ғылыми мақала дайындау тәртібі.
Ғылыми мақала жазу тек сауатты жаза білумен шектелмейді, ең әуелі ол ойлау дағдысын, сондай-ақ жазу барысындағы біліктілікті игеруден көрінеді және жазудан кейінгі атқарылатын жұмыстарды да жетік меңгеру қажет. Осылай еткенде ғана ғылыми мақала жазуды ұйымдастырудың басты тетіктері мейлінше кең көрініс таппақ, үйрету әдістемесі де неғұрлым толыққанды болмақ. Сондықтан ғылыми мақала жазудың басты әдістерін үш мәселе төңірегінде қарастырамыз. Біздің ойымызша, осы үш нәрсе бойынша студенттер қажетті дағдыларды қалыптастыра алса, ғылыми мақала жазу барысында ілгерілеушілікке ие болады. Олар: 1) Жазуға дейінгі дағдылар; 2) Жазу кезіндегі дағдылар; 3) Жазудан кейінгі дағдылар. Енді осылардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық.
1. Жазуға дейінгі дағдылар
Жазуға дейінгі дағдылар ойлау, есте сақтау, тақырыпты логикалық бөліктерге ажырата алу және ауызша жеткізе білу тәрізді әрекеттермен байланысты. Сондықтан практикалық бағытта орындалатын тапсырмалар осы мәселелердің айналасында іске асуы тиіс, солар бойынша дағдылар қалыптастыруды көздейді.
Жазылымның сөйлеу әрекеттерінің басқа түрлеріне қарағанда (сөйлесім, оқылым, тыңдалым) әлдеқайда күрделі және содан кейін, осы әрекеттердің негізінде жүзеге асатынын ескерсек, аталған дағдыны студенттің бойында қалыптастыру аса маңызды болып табылады. Ол студенттің белгілі бір тақырып бойынша оның логикалық сызбасын нақты көз алдына елестетіп, түсіне алуға, өз ойында ойша жинақтап алуға көмектеседі. Бұл дағды – нақты жазуға апарар жол болмақ, осы жолда шыңдалмаған үйренуші жазу барысында да кейбір қателіктерге ұрынуы әбден мүмкін.
2. Жазу кезіндегі дағдылар
Жазу кезіндегі дағдылар жазбаша ғылыми қарым-қатынас барысында қолданылатын әртүрлі мағыналық құрылымдарды үйретуге арналады. Құрылымдық-мағыналық топтарды функционалдық аспектіні негізге ала отырып, деңгей бойынша және негізгі, аралық, шеткері аймақтарда қолданылатын тілдік құралдарды ажыратып оқытқан дұрыс. Сонымен бірге ғылыми және ғылыми-көпшілік мәтіннің баяндалу типтерін де назардан тыс қалдырмаған дұрыс. Өйткені тәжірибе барысында таза ғылыми мәтіндермен қатар ғылыми-әдеби (көркем), ғылыми-публицистикалық, ғылыми-құжаттық мәтіндердің кездесіп отыруы заңды, осы орайда біздің міндетіміз – осылардың барлығына ортақ, оқыту өлшемдеріне лайық, типтік мәтіндерді дұрыс іріктей алуымызда болса керек. Бұған қоса әрбір тілдің ерекшелігі болатыны тәрізді, қазақ тілінің де ұлттық ойлау жүйесіне тән ерекшеліктердің тілдегі көріністерін және мұның ғылыми-көпшілік мәтіндерге де тән болып келетіндігін ескереміз.
Әрине, бір баяндаманың көлемінде осының бәрін кең көрсету мүмкін емес, сондықтан біз аталған мәселелердің кейбіріне ғана тоқталамыз.
Ғылыми-көпшілік мәтіндердегі баяндау типтері: сипаттау, хабарлау, талқылау болып келетіні белгілі, сондықтан олардың мазмұндық және тілдік ерекшелігін дәріс алушы өзінің санасына сіңіру керек, белгілі бір дәрежеде білім болуы шарт.
Мағыналық қатынастар қазақ тілінде көп, айталық, бағалауыштық, себеп-салдарлық қатынас, салыстыру, дәлелдеу, сілтеме, түсіндіру (санамалау), қорытындылау т.б. Соның ішінде, себеп-салдарлық қатынасқа тоқталып көрелік.
Себеп-салдарлық қатынас – ғылым, ғылыми-көпшілік тілде қолданылатын негізге мағыналардың бірі. Олай болатын себебі ғылымда себепсіз ешнәрсе жасалмайды, ешқандай салдар болмайды. Салдардың көрінуіне негіз болатын себеп те жасалу тәсілі жағынан, мағыналық реңкі жағынан әртүрлі болып келеді. Себеп-салдарлық қатынас себеп пен салдардың ара жігі айқын көрінетін құрмалас сөйлемдер арқылы ғана емес, жай сөйлемдердің де мағынасынан нақты көрініп тұрады.
3. Жазудан кейінгі дағдылар
Редакторлық жұмыстар, өз жұмысына басқаның көзімен қарай білу, жазба жұмыста кездесетін стилистикалық-функционалдық белгілерді нақты айқындау т.т. дағдылар – жазудан кейінгі дағдылар қатарына жатады. Бұл кезеңдегі жұмыстар негізінен дайын мәтіндермен жүргізіледі, дәріс алушы дайын мәтіндерді функционалдық және коммуникативтік белгілеріне қарай ажырата білу керек, бұл дағды әртүрлі редакторлық немесе стилистикалық өңдеулер негізінде дамытылады. Қорыта келгенде, жазу болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін, лингвистикалық сауаттылығын танытатын маңызды тұстардың бірі. Сауатты жазуды үйрену қандай мамандық болмасын дағдыланатын жалпы филологиялық мәні зор сапалық өлшем болып табылады. Сондықтан оған үйрету, баулу жолдарын жетілдіру – тілдік курстардың басты міндеттерінің бірі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет