Дәріс 10-11. Реферат, ғылыми баяндама, баяндама тезистері, психология бойынша ғылыми мақала дайындау технологиясы. 1. Реферат, ғылыми баяндама, баяндама тезистері, ғылыми мақала: тағайындалуы, мақсаты, міндеттері. ҒЗЖ-ның басқа да өнімдері.
2. Реферат, ғылыми баяндама, баяндама тезистерін, ғылыми мақала дайындау тәртібі.
3. Рефераттың, ғылыми баяндаманың, баяндама тезистерінің, ғылыми мақаланың мазмұны мен ресімделуіне қойылатын талаптар.
1. Реферат, ғылыми баяндама, баяндама тезистері, ғылыми мақала: тағайындалуы, мақсаты, міндеттері. ҒЗЖ-ның басқа да өнімдері. Ғылыми зерттеу жұмысының нәтижелерін жазу және оны әдеби көркемдеу – зерттеу жұмысының негізгі элементі болып табылады. Зертеу жұмысы нәтижелерін баяндау немесе жазба түрінде орындауда олардың мәтінінің дұрыстығы, оның стилистикасы мен тыныс белгілері ережелерінің дұрыс орындалуына байланысты екеніне шүбә келтіруге боламайды.
Зерттеу жұмыстары мазмұнына сәйкес төмендегілерді болады:
Ғылыми стиль – ғылыми еңбектер, лекция, баяндамаларда жұмсалады. Сөйлеуде жалпылама дерексіз, логикалық, дәлеледеу жағы басым. Тіл тәсілдері: жалпы және дерексіз мәндегі бейтарап, ғылыми терминдер.
Публистикалық стиль – газет, журнал, митинг, жиналыстарда пайдланылады. Сөйлеу қызулы, ұранды болып, көпшілікке ықпал жасау, қоғамдық істерге адамдардың дұрыс қатынасын қалыптастыру міндетін атқарады.
Ғылыми жұмыстардың әдеби көркемделінуі төмендегі формалар түрінде орындалады.
Реферат – қандай да бір мәселе төңірегінде әдебиеттерге және басқа да ақпараттарға сыни көзқараста талдау жасалынған дүние.
Баяндама тезисі- баяндама мазмұнында айтылатын мәселелердің қысқа, логикалық нұсқасы.
Баяндама – негізінен ғылыми конференцияларда, ғылыми зерттеу жұмысының бағыты, барысы, нәтижесі т.с.с., жөніндегі хабарлама. Оның баяндалу ұзақтығы 10-20 минут. Көбінесе, аралығы 2 инетервалмен басылған бір беттегі материалды оқып шығуға 2 минут көлемінде уақыт кететіндіктен, оның кғөлемі 5-10 беттен аспағаны жөн.