Білім беру бағдарламасы: 6В03111-«Әлеуметтік саладағы психология»


Дәріс 12-13. Психология бойынша курстық жұмысты дайындау технологиясы



бет44/55
Дата15.03.2022
өлшемі132,25 Kb.
#135670
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   55
Байланысты:
Орг и план НИР Лекция

Дәріс 12-13. Психология бойынша курстық жұмысты дайындау технологиясы.

  1. Курстық жұмыс: тағайындалуы, мақсаты, міндеттері.

  2. Курстық жұмысқа қойылатын талаптар.

  3. Курстық жұмысты орындау әдістемесі

  4. Курстық жұмысты қорғау



1. Курстық жұмыс: тағайындалуы, мақсаты, міндеттері.
Курстық жұмыс – студенттің жыл бойына орындайтын оқу жұмысының міндетті түрі. Курстық жұмыс студенттің өзбетіндік зерттеу жұмысы боп табылады және педагогика, психология немесе жеке әдістемелер саласындағы бір мәселенің мәтін түрінде рәсімделіп, логикалық аяқталған ғылыми зерттеу түрін қамтиды. Студентте ғылыми-зерттеу жұмыстарының дағдыларын қалыптастыру, оның кәсіптік (теориялық, практикалық) дайындық деңгейін көтеру, оқу пәнін терең меңгеру, ғылыми дәне анықтама әдебиеттермен өзбетімен жұмыстану білігі мен қызығушылығы дамыту мақсатында жүргізіледі. Курстық жұмысқа дайындық кезінде студенттің алдында педагогика және мамандық бойынша оқыту әдістемелері саласындағы жаңа ғылыми жетістіктерді ашу міндеті қойылмайды. Студентке тақырыпты баяндау үрдісінде әдебиетті ғылыми пайдалану, баяндалған материалдың әдіснамасын түсіну, мәліметтерді жүйелей білу, жүйелеу мен қорытынды шығару, теория мен практиканы қазіргі өмірмен байланыстыру қабілеттерін көрсету керек. Курстық жұмысты орындау студенттерден тек қана педагогикалық және арнайы білімдерін жетілдіру ғана емес, жекелеген педагогтардың, білім беру ұйымының т.б. практикалық жұмыс тәжірибесімен танысу, тәжірибелік-практикалық немесе тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар арқылы мектеп қушыларын тәрбиелеу мен оқыту мәселелерін тиімді шешу тәсілдерін жасақтау және сынақтан өткізуді талап етеді. Курстық жұмыс студенттің оқу сабақтары мен оқу жұмысының бақылау формасының негізгі түрін көрсетеді, бұл студенттердің теориялық білімдерін және оларды қолданудың практикалық дағдыларын, олардың ғылыми бейімділігі мен қызығушылығының деңгейі анықталады.
Курстық жұмыстың тақырыптары
Курстық жұмыстың тақырыптары өзекті, ТжКББ жүйесін дамытудың қазіргі жай-күйі мен дамыту перспективаларына сай, кафедралар мен колледждің ғылыми зерттеу мәселелерімен сәйкес келуі тиіс. Курстық жұмыстың тақырыптары оның мазмұнын нақты тұжырымдауы қажет. Курстық жұмыс тақырыптары сәйкес кафедраның отырыстарында бекітіледі. Курстық жұмыс тақырыптарымен жұмыс студенттерге 1- қосымшада көрсетілген ережеге сай мерзім мен тәртіпте жүргізіледі.
Пәннің мақсаты мен мазмұнына сай курстық жұмыстар келесідей болады:
- берілген мәселе бойынша ақпараттық қорларға аналитикалықсинтетикалық шолу жасау; - нақты кәсіптік міндеттер (жағдаяттар) шешуді сипаттау;
- шынайы кәсіптік жағдаяттарда зерттелетін пәннің теориялық және әдіснамалық аспектілерін пайдалану практикасын талдау;
- студенттің ғылыми танымның нақты эмперикалық және теориялық әдістерін пайдалану арқылы жүргізген зерттеулерінің нәтижелерін сипаттау.
Курстық жұмыстардың тақырыптары, оларға қойылатын талаптар және оларды орындау туралы нұсқаулар студенттердің назарына семестрдің басында жеткізіледі. Курстық жұмыстың тақырыптары студенттердің таңдауына беріледі. Студент кафедраның ұсынған тақырыптарының бірін немесе өзінің таңдаған тақырыбын негіздеп ұсынуға құқы бар. Курстық жұмыс тақырыптарын таңдау білім алушының кәсіптік практикасы бағдарламасымен байланысты мақсатты негіздесе, сырттай оқу бөлімінде білім алушының кәсіптік қызметімен тығыз байланысты.
Студент практикада проблеманы көре отырып, оны шешу гипотезасын ұсынады, оны тексеру үшін өзбетімен жоспарланған эксперимент жүргізеді, эксперименттің жүру барысын талдайды, өзінің педагогикалық тәжірибесін талдауды жүзеге асырады. Бұл біліктер әдістемелік мәдениет сапасын көтереді. Осылайша практика жүзінде зерттеу міндеттерін шешетін біліктер қалыптасады. 2,3 курстарда студенттер курстық жұмыстың тақырыбын, ғылыми жетекшіні таңдайды. Студент өзі қызығатын, білімін тереңдетін тақырыптарды ала алады. Педагогикалық әдебиеттерді оқу, педагогикалық тәжірибемен танысу мұғалімдердің педагогикадағы шешілмеген мәселелер туралы студенттерді хабардар етіп отыруы тақырып таңдауға көмектеседі. Сәйкес кафедралардың ұсынуы бойынша білім беру ұйымының басшысының бұйрығымен курстық жұмыстың жетекшілері тағайындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет