Білім беру бағдарламасы: 6В03111-«Әлеуметтік саладағы психология»


Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау тәртібі



бет55/55
Дата15.03.2022
өлшемі132,25 Kb.
#135670
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Байланысты:
Орг и план НИР Лекция

3.Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау тәртібі
Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау Аттестациялық комиссияның ашық отырысында және оның мүшелерінің кемінде жартысының қатысуымен өткізіледі. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау бітіртуші кафедра студенттерінің, оқытушыларының қатысуымен көпшілік түрінде ұйымдастырылады. Қорғауға ғылыми жетекші, дипломдық зерттеу жүргізілген ұйымның өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар да шақырылуы мүмкін. Бір дипломдық жұмысты қорғау ұзақтығы бір студентке 30 минуттан аспауы тиіс. Дипломдық жұмысты қорғау үшін студент мемлекеттік аттестаттау комиссиясының алдында баяндама жасайды және 15 минуттан аспау керек. Диплом қорғап тұрған студенттің аттестациялық комиссиясының төраға(йым)сына және оның мүшелеріне өзінің көрнекі материалдарын (сызбалар, аналитикалық кестелер, диаграммалар, қорытындылар мен ұсыныстардың қысқаша тізімін) көрсетуі құпталады. Диплом қорғап тұрған студентке аттестациялық комиссиясының төрағасы және оның мүшелері немесе отырғандардың кез келгені сұрақ қоюы мүмкін. Қойылған сұрақтарға студент қысқа, бірақ нақты жауап қайыруға тиісті. Диплом қорғауға қатысып отырғандардың жұмыс нәтижелерін талқылауға қатысу құқығы бар. Талқылау соңында ғылыми жетекші мен сын пікір берушінің пікірлері оқылады. Аттестациялық комиссиясының отырысында студенттің диплом жұмысына сипаттама беру үшін ғылыми жетекшісіне сөз берілуі мүмкін. Студентке пікірде, сын пікірде көрсетілген және баяндалған не болмаса сөз сөйлеудегі ескертулер бойынша жауап қайтаруға мүмкіндік беріледі. Диплом жұмысын бағалау аттестациялық комиссиясының жабық отырысында балдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша анықталып, қорғау біткеннен кейін сол күні комиссия төрағасы жариялайды. Бұл ретте теориялық, ғылыми және практикалық дайындық деңгейі, ғылыми жетекшінің пікірі және рецензенттің бағасы назарға алынады.
Дипломдық жұмысты қорғау нәтижелері әрбір студент бойынша жеке аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасымен рәсімделеді және олар өткізілген күні жарияланады. Диплом жұмысын белгіленген уақытта жазбаған немесе оны қорғамаған студент университеттің студенттер қатарынан шығарылады, бірақ оған диплом жұмысын келесі жылы немесе теориялық курсты бітіргеннен кейін үш жылдан аспаған уақытта қорғауға құқық беріледі. Аттестациялық комиссия бұл жағдайда сол диплом жұмысын қайта қорғау (өңдеумен немесе өңдеусіз) немесе студентке жаңа тақырыпты бекіту жөнінде шешім қабылдайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет