Білім беру бағдарламасы: 6В03111-«Әлеуметтік саладағы психология»



бет48/55
Дата15.03.2022
өлшемі132,25 Kb.
#135670
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   55
Байланысты:
Орг и план НИР Лекция

Негізгі бөлім
Негізгі бөлімде тақырып жоспар бойынша баяндалады. Бұл бөлім бірнеше бөліктерден немесе тараулардан құрылады, онда жұмыста қолданылған әдістер мен материалдар, шешілген проблемалық есептер, ғылыми-теориялық (арнайы әдебиеттерді талдаудың қорытындысы) және есептеу-теориялық нәтижелер (мамандық және тақырыпқа байланысты) енгізіледі.
Теориялық бөлімге енгізілетін мәліметтер:
 тақырып бойынша әдебиеттерге шолу, мәселе тарихы;
 зерттеуші қолданған ғалымдардың еңбектеріне сілтеме жасау;
 зерттеу керек мәселені негіздеу;
 міндеттерді орындау үшін қолданылған зерттеу әдістері;
өткізілген эксперимент;
 зерттеушінің өз зерттеуі, оның мәселені шешуге қосқан үлесі, жаңалығы;
 зерттеу нәтижелерінің ақиқаттығы, отандық және шетелдік ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен салыстыру;
 зерттеу жұмыстарын жалғастыруды негіздеу;
 зерттеуді тоқтатуға мәжбүр еткен жағдайларды жазу;
 қазіргі уақытта шешуге мүмкіндік жоқ мәселені анықтау;
 әрбір бөлімнен кейін қорытынды жасау;
 озат тәжірибе.
Негізгі бөлімнің практикалық бөліміне енгізілетін мәліметтер:
 гипотезаны тексеріп, мәселені шешу үшін атқарылған жұмыстар;
 тәжірибе жұмысына дайындық;
тәжірибе жұмысының сипаттамасы;
 тәжірибе жұмысының нәтижелерін талдау;
 сынақтан өткен педагогикалық әдіс–тәсілдерді, құралдарды қолдану жөніндегі қорытындылар, ұсыныстар.
 қолданылған әдіс-тәсілдер: анкета, сұрақтар тізімі;
 өткізілген сабақтар мен тәрбиелік шаралар;
 жаттығулар, тренингтер.
Жұмыс мәтіні сипаттауы қажет:
 қарастырылатын сұрақтар бойынша автордың негізгі әдебиеттермен танысуы;
 мәселені анықтай және он шешу жолдарын анықтай білуі;
 қарастырылатын сұрақтардың мәнін тізбекті баян дай білуі;
 сәйкес тұжырымдамалық және терминологиялық аппаратты меңгеруі;
 тілдік сауаттылықтың, функционалдық ғылыми баяндау стилін меңгерудің орташа деңгейі.
Қорытынды
Қорытынды бөлімде жоспарда қойылған және негізгі бөлімде жазылған сұрақтардың түйіндері тұжырымдалады. Онда бөлім бойынша түйіндер сөзбе –сөз қайталанбау керек. Мақсатқа жету деңгейі, нәтижелерді практикада қолдану туралы ұсыныстар, жұмысты жалғастыру мүмкіндіктері туралы айтылады. Студент жауап беретін сұрақтар: - тақырыпты таңдау себебі; - тақырып бойынша атқарылған жұмыстар; - бөлім бойынша және жалпы қорытынды; - зерттеудің теория мен практикаға пайдасы, жаңалығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет