Білім беру бағдарламасы: 6В03111-«Әлеуметтік саладағы психология»


Курстық жұмысты орындау әдістемесі



бет46/55
Дата15.03.2022
өлшемі132,25 Kb.
#135670
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   55
Байланысты:
Орг и план НИР Лекция

2.Курстық жұмысты орындау әдістемесі
І кезең- дайындық кезеңі.

    1. Зерттелетін проблеманың әдіснамалық негіздерін анықтау.

    2. Зерттелетін проблема бойынша әдебиеттерді оқу негізінде тақырыпты таңдау.

    3. Зерттелетін объектіні анықтау. Объектіден бір үлескені алу.

    4. Зерттеу жұмысын ұйымдастырып өткізуге дайындық:

 әдістемелік әдебиет пен педагогикалық тәжірибені тақырыпқа сай оқып, зерттеп, «Әдістемелік әдебиет пен педагогикалық тәжірибеге шолу» деген тақырыпта мәтін құрастыру;
 тақырыпты нақтылау, жоспарын жасау;
 зерттеудің гипотезасын, мақсат, міндеттерін тұжырымдау;
 зерттеу әдістерін, зерттеу жұмысы жүргізілетін білім беру ұйымдарын таңдау.
ІІ кезең - тәжірибе жұмыстарын дайындау және жүргізу.

    1. Тәжірибе жұмысын жоспарлау.

 шағын эксперимент өткізілетін және бақылау тобын анықтау;
 диагностикалық әдістемені, зерттелетін объектіні бақылау және белгілеу әдістемесін нақтыландыру;
 зерттелетін тақырыпқа сай балалармен өткізілетін оқу сабақтарының, сыныптан тыс тәрбиелік іс – шаралардың конспектілерін жазу.
 зерттеу нәтижелерін талдайтын әдістемені жасау.
 мұғалімдерден кеңестер алу.
2.2. Тәжірибе өткізу.
 анықтайтын эксперимент өткізіп, оқушылардың бастапқы деңгейлерін анықтау; соған сай оқу сабақтарын, тәрбиелік іс шараларды өткізіп, гипотеза дұрыстығын тексеру;
 қалыптастырушы экспериментті талдау, гипотезаны нақтыландыру, тәжірибе жұмысының мазмұнына толықтырулар енгізу.
 тәжірибе жұмысындағы кемшіліктерді және жетістіктерді жазып, оған әсер еткен психологиялық – педагогикалық жағдайларды анықтау, келеңсіз құбылыстарды жою жолдарын белгілеу.
ІІІ кезең – курстық жұмысты безендіру.
3.1. курстық жұмысты аяқтау:
 дайын мәтіндерді бөлімдерге енгізу;
қорытындылар жазу;
 кіріспе жазу;
 соңғы сөзді құрастыру;
 әдебиеттердің тізімін құрастыру;
 суреттер тізімін құрастыру;
 қосымшалар құрастыру.
3.2. Курстық жұмыстың мазмұнын құрастыру
3.3. Мұқабасын безендіру.
І кезең. Дайындық кезеңі
Әдебиеттермен жұмыс. Курстық жұмыс таңдалған тақырып бойынша қажетті, маңызды әдеби деректерді талдап, әдебиеттерге шолу жасауды, мәселелердің жауаптарын анықтауды, мәселе тарихына қысқаша тоқталуды, ғалымдардың мәселе жауаптарын салыстырмалы түрде талдауды талап етеді. Әдебиеттерде тақырыпты ашуға керекті маңызды материалдар, кейбір мәселелердің шешімдері болады. Таңдалған тақырып бойынша әдебиеттерді оқудағы міндет ғалымдардың мәселені шешу әдіс – тәсілдерімен, оның маңызымен, жауаптың дәстүрлі шешімдерден айырмашылығымен, автордың дәлелді және дәлелдері аз пікірлерімен, ұсыныстарымен танысу. Тақырып бойынша әдебиеттерді алдын ала талдау ғылыми жұмыстың міндеттерінің жобасын тұжырымдауға мүмкіндік береді. Тақырыпты дұрыс және өз бетімен ашу үшін кітаппен жұмыс істей білу керек. Әдебиеттерді іздеу жұмыстары:
1. Іздейтін тақырыпты тұжырымдау.
2. Тақырыпты ашатын негізгі ұғымдарды анықтау.
3. Керекті құжаттардың шамасын белгілеу.
4. Кітапханадағы жүйелі каталогте жұмыс істеу.
5. Библиографиямен жұмыс.
6. Соңғы 5 жылда шыққан педагогикалық басылымдарды оқу.
7. Карточкалар жасау
8. Ұлттық кітапханалардағы басылымдарды қолдану.
9. Керекті әдебиеттер табылмағанда кітапханашыдан ақыл – кеңестер алу.
Курстық жұмыстың сапасына тікелей әсер ететін керекті әдебиетті табу өте қиын, маңызды жұмыс. Алдымен студент өз кітапханасындағы әдебиеттермен, содан соң білім алып жатқан білім беру ұйымының кітапханасындағы, басқа кітапханадағы әдебиеттерді оқиды.
Анықтама беретін әдебиеттер бөлімінде жұмыс істеуге уақыт бөлген жөн. Алдымен зерттелетін тақырып бойынша қысқаша мәлімет, негізгі әдебиеттер көрсетілген педагогикалық энциклопедияны оқыған тиімді. Содан соң зерттеу әдістемесі туралы әдебиеттер оқылады. Кітапты конспектілегенде ғалымның пікірлерін, ұсыныстарын, әдістемесін бөлек карточкаларға жазып, топтап, жүйелеуге болады. Кітаптағы мәліметтерді жеке парақтарға немесе дәптердің ортасын сызып, бір жақ бөлігіне өз сөзімен де, тырнақшаға алып, беттерін көрсетіп сөзбе – сөз көшіріп те жазуға болады. Студент конспектілерін қолданып, сын – пікірлерін, қорытындыларын бір жүйеге келтіреді, курстық жұмыстың жоспарын нақтыландырады. Шолуда курстық жұмыстың міндеттері және жоспарына сай кітаптың аннотациясы, кіріспесі, соңғы сөздері, авторларының негізгі ойлары және ұсыныстары жазылады. Сонымен шолуда әдеби деректердегі курстық жұмыстың таңдаған мәселесінің жауаптары анықталады. Кітап талдағанда қолданылатын етістіктер: Автор • баяндайды; • хабардар етеді; • талдайды; • түсінеді; • қарсы; • келіседі; • мынадай пікір айтады; • қосады; • ұсынады; • дәлелдейді; • сілтеме жасайды; • сұрақ қояды; • болған оқиғаларды жазады; • еске салады; • сенеді; • күдіктенеді; • табады; • жауап береді; • атап көрсетеді; • анықтайды; • жазады; • қайталайды; • мақұлдайды; • қорытындыға келеді; • мәселені шешеді.
2 кезең. Тәжірибе жұмыстарын дайындау және жүргізу
Бұл кезеңде құрамына анықтаушы, жасампаз, қалыптастырушы, тексеру эксперименті енетін тәжірибе жұмыстарының кезеңдері анықталады. Анықтаушы эксперимент зерттеу жұмысының алғашқы кезеңінде өткізіледі. Міндеті зерттелетін құбылыстың практикадағы жағдайын білу. Мысалы оқыту процесіндегі деңгейлік тапсырмалардың тиімділігін анықтау үшін зерттеуші сабақ жоспарларын зерттеп, сабақтарды бақылап, оқушылармен және мұғалімдермен әңгімелеседі, жеке оқушылармен сұхбат жүргізеді, оқушылардың өздік жұмыстарын тексереді. Осы нәтижелерден студент мәселелерді анықтап, оны шешу үшін ұсынған жорамалын тексеріп, жаңа жағдайлардың оқыту мен тәрбие тиімділігін көтеруге ықпалын зерттеу үшін эксперименттің негізгі кезеңі болып табылатын қалыптастырушы немесе жасампаз эксперимент өткізеді. Оның төрт кезеңі бар:
 эксперимент алдындағы кезең;
 экспериментке дайындық жұмыстары;
 шаралар жүйесінің тиімділігін тексеру;
 нәтижелерін шығару;
Бұл кезеңде тәжірибе жұмысының барысын және нәтижесін белгілеп отырудың, нәтижелерді талдау әдістемесін білудің, мәліметтерді сандық тұрғыдан өңдеудің, кесте, график құрастырудың зор маңызы бар. Бақылау эксперименті қалыптастырушы эксперимент нәтижелерін нақтыландыруға, гипотезаның дұрыс немесе қате жерлерін көруге мүмкіндік береді. Эксперименттен кейін сабақтар, сыныптан тыс тәрбиелік іс–шаралар, өздік жұмыстар талданып, зерттеу барысындағы жетістіктер мен кемшіліктер қорытындыға жазылады.
3 кезең. Курстық жұмысты безендіру
Мәтіндерді безендіруге қойылатын талаптар: Курстық жұмыс стандартты А4 форматтағы парақта орындалады. Сол жағынан – 3 см, оң жағынан – 1 см, жоғары және төменгі жағынан – 2 см қалдырылады. 15 Курстық жұмыстың негізгі мәтінінің көлемі компьютерде терілген 25 беттен кем болмауы керек. Мәтін Times New Roman шрифтісімен теріледі. Шрифт размері 12-14 кегль. Шрифт түсі қара. Мәтінді екі шету бойынша туралау, азат жол (абзацтың бірінші жолы) – 1,25 немесе 1,27 см, жоларалық интервал – біржарым, абзац алдында және абзацтан соң интервал салынбайды.
Бөлім, тарау атаулары, сурет пен кестеге қойылатын жазбалар жаңа жолда орналасады. Бөлім, тарау атаулары бас әріппен, қою, 16 – шы шрифтімен жазылады. Әрбір тарау жаңа беттен жазылады. Тарау атауы мағынасына сай болуы қажет. Оның атауы парақтың ортасына жазылады. Сөйлемнің соңынан нүкте қойылмайды. Егер тақырып бірнеше сөйлемнен тұрса араларына нүкте қойылады. Тақырыптардың аты мәтіннің жоғары және төмен жағынан 3 интервалмен бөлінеді. А4(210х297) форматының бір жақ бөлігіне баспаға шығарылады, 203х288 мм. форматты қолдануға болады, бір жолда 60-65 белгі болады, азат жол 5 белгіден тұрады, бір бетте 28 – 30 қатар болады. Мәтін беттерінің рет саны төменгі жақта, парақтың ортасында араб санымен белгіленіп, 3-беттен басталады. Титулдық парақ пен жоспарға реттік саны қойылмайды, бірақ ағымдағы түрде курстық жұмыстың бірінші және екінші парақтарына орналасады. ЖОСПАР, МАЗМҰН деген сөздер бас әріппен жазылады. Кестелер, суреттер мен сызбалар өздері бөлек нөмірленеді. Суреттер мен сызбалардың атаулары нысанның төменгі бөлігінде ортасына тураланып жазылады.
Сілтемелер мен ескертулер сол орналасқан парағында көрсетіледі. Кесте бір- бірнеше обьектілерді сандық және сөздік ақпаратты баяндау, көрсеткіштерді салыстыру үшін үшін қолданылады. Кестені мәтіннен кейін орналастыру қажет. Барлық кестелерге сілтеме беруі тиіс. Кесте атауы кестенің жоғарғы жағында ортасында орналасады. Келесі жолда кестенің жоғарғы оң жағында «кесте» сөзі және реттік номері көрсетіледі. Кесте араб сандарымен белгіленеді. Кестені басқа бетке ауыстырғанда оның атауы бірінші бетке түсіріледі, келесі бетке оң бұрышына “кестенің жалғасы...” деп көрсетіледі.
Курстық жұмыс көбінесе келесі құрылымда беріледі (жақша ішінде көлемі үлгі ретінде): Титулдық парақ (1 бет)
Мазмұны (1 бет)
Кіріспе (2-3 бет)
1бөлім (10-15 бет)
1.1
1.2
2 бөлім (10-20 бет)
2.1
2.2
Қорытынды (1-2 бет)
Әдебиеттер тізімі (1-2 бет)
Қосымшалар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет