Білім беру бағдарламасы: 6В03111-«Әлеуметтік саладағы психология»


Курстық жұмысқа қойылатын талаптар



бет45/55
Дата15.03.2022
өлшемі132,25 Kb.
#135670
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   55
Байланысты:
Орг и план НИР Лекция
6 tazhiribe, 555
2.Курстық жұмысқа қойылатын талаптар.
1. тақырыптың көкейтестілігі.
2. тақырып бойынша ғылыми, оқу - әдістемелік және мерзімді басылымдарды оқу және талдау.
3. проблеманың тарихы мен практикадағы жағдайын мұғалімдердің озат тәжірибесі мен студенттің өз тәжірибесіне сүйене отырып зерттеу, талдау.
4. өз бетімен зерттеу жүргізу: зерттеу объектісі мен одан таңдалған салаға, мақсат, міндеттеріне, әдістеріне сипаттама беру, экспериментті талдау, сипаттау.
5. зерттеу нәтижелерін шығару, қорытындылар мен практикаға берілген ұсыныстардың ғылымилығын негіздеу.
6. курстық жұмысты стандарт талаптарына сай безендіру.
Курстық жұмыстың тақырыбын таңдамас бұрын зерттелетін объектіні, оны зерттеу әдістерін таңдап алу керек. Объектіні тұжырымдау және зерттеу өте маңызды жұмыс. Объект дұрыс белгіленбегенде зерттеуші басқа ғылым салалары объектісін зерттеуі мүмкін. Зерттеу пәні немесе құралы объектідегі проблеманы шешуге көмектеседі. Құрал мен таңдалған тақырып бір – біріне сәйкес келуі керек. Тақырыпты нақтыландырған соң зерттеуші ғылымды дамытатын, жаңа ғылыми заңдар ашатын, мәселені шешу жолдары туралы түрлі болжамдар - гипотеза құрастырады. Гипотезаны педагогикалық процестегі мәселе жауабы, жоба деп те анықтауға болады. Оны белгілі әдіс- тәсілдермен мәселені шешуге болатындығы туралы жорамал деп те айтуға болады. Бақылау арқылы жаңа құбылыс ашылып, оны бұрынғы педагогикалық әдіс – тәсілдермен шешу мүмкін еместігі анықталған соң тәжірибе барысында тиімсіздігі немесе мәселені шешуге көмектесетін, тиімділігі айқындалатын жаңа әдіс – тәсілдер жобаланады.
Гипотезада мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеті, оқушылардың іс - әрекетке қатынасы, оның нәтижесі – білім, іскерлікті меңгеруі көрсетілу керек. Зерттеуші гипотезаның проблеманы шешуіне көмектестіндігін дәлелдеп, педагогикалық, баланың психологиясы және физиологиясы туралы ғылыми білімдерге сүйенеді. Құрастырылған дәлелді гипотеза оны эксперимент арқылы тексеруге, түзетуге, тиімдісін қолдануға жағдай жасайды. Мысалы: «Егер оқытудың барлық кезеңінде деңгейлік тапсырмалар қолданылса, онда оқушылардың оқу үлгерімі жақсарады». Гипотезадан зерттеу мақсаты, міндеттері туындайды. Мақсат – зерттеу жұмысының қорытындысын санада жобалау. Педагогикалық зерттеулердің мақсаты – педагогикалық процесс қасиеттерін, құрылымын, бөліктерін, мақсат, мазмұн, әдістерін анықтау.
Зерттеу мақсаты – педагогикалық процестің бір бөлігінде жаңа жетістіктерге жету, жаңа ғылыми білім, атап айтсақ әдістеме, модель, өлшем, талап, негіз жасау. Педагогика тарихы бойынша курстық жұмыстың мақсаты: дәуір ерекшелігін ашу, тәжірибені талдау, оны қазіргі білім беру ұйымдарында қолдану мүмкіндіктері.
Зерттеу міндеттері курстық жұмыстың жалпы мақсатынан туындайды және зерттеу жұмысының негізгі кезеңдері болып есептеледі. Шешілетін міндет 4-6 дан аспау керек. Зерттеу міндеттері:
• анықтау;
•зерттеу;
• құрастыру;
• эксперимент арқылы тексеру.
Міндеттерді белгілеу үшін оларды анық, нақты қоюға ықпал ететін, оқушыларға қиын жағдайлар туғызу арқылы жеке тұлғалық сапаларын анықтайтын анықтаушы эксперимент өткізіледі. Қалыптастырушы эксперимент барысында оқушыларға білім және тәрбие беретін жағдаяттар жасалады.
Зерттеу әдістері арқылы ақиқат ашылады. Әдістер зерттеу принциптеріне, кезеңдеріне, мәселе, болжам, зерттеудің мақсат, міндеттеріне, жинақталған мәліметтерге, оқушылардың жан – жақты, үйлесімді дамуына ықпал ету деңгейіне сай таңдалып, зерттеу жұмысының жеке бөліктеріне іріктеледі. Зерттеу әдістері теориялық және практикалық деп екіге бөлінеді. Теориялық әдістер: талдау, жинақтау, нақтылау, индукция, дедукция, ұқсату, модельдеу, салыстыру, жіктеу. Практиканы зерттеу үшін қолданылатын әдістер: бақылау, әңгіме, рейтинг (білікті төрешілер бағасы), өзіне - өзі баға беру, педагогикалық консилиум, диагностикалық бақылау жұмыстары, педагогикалық тәжірибені зерттеу, педагогикалық тәжірибе жүргізу, экспермиент.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет