3-сұрақ. Ақша жүйесі және оның негізгі элементтері.
Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген елдегi ақша айналысын ұйымдастыру ақша жүйесi болып табылады. Әрбiр мемлекеттiң өзiнiң ұлттық ақша жүйесi бар. Қазақстан Республикасының ақша жүйесi 1995 жылы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысын ұйымдастыру негiзiн және нысандарын белгiлейдi, онда ресми ақша бiрлiгi, ақша белгiлерiнiң эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртiбi, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртiптерi қамтылады. Ақша жүйесi келесi элементтерден тұрады: 1) ақша бiрлiгiнiң атауы, 2) ақша белгiлерiнiң түрлерi. 3) эмиссия тетiгi. 4) ақша түрлерi. 5) ақшаның құнын белгiлеу тәртiбi.
Ақша жүйесі келесі элементерден тұрады:
Ақша бірлігінің атауы. ҚР-ның ақша бірлігі ретінде 100 тиыннан құрылған 1 теңге болып табылды.
Ақша белгілерінің түрлері. Егер 1991 жылы 1 қаңтарына дейін айналыста қазыналық билетер болса, онда қазіргі кезде ҚР ақша белгілері болып олардың өсу құны бойынша төлемнің барлық түрлеріне қабылданатын банкноттар мен монеталардан құралады. Олар Ұлттық банктің міндеттемесі болып табылады және барлық активтермен қамтамасыз етіледі.
Эмиссия тәртібі. Қолма-қол ақшаларды шығарып, олардың айналысын ұйымдастыру және айналыстан шығаруды Ұлттық банктің қолма-қолсыз ақша эквивалентін алумен банкнота мен монеталарды сату формасында жүзеге асырады.
Ақша түрлері. Заңды төлем құралы болып табылатын : қағаз және несие ақшалар.
Валюталық бағам – бұл басқа бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленген сол елдің ақша бірлігіінің бағасы.
Әлемдік тарихта ақша жүйесінің келесі типтері болған :
- металдық айналым, мұнда ақшалай тауар аұшаның барлық қызметін атқарады, ал несие ақшалар металға йырбасталады
- несие және қағаз қша айналысы, мұнда алтын йырбастамайтын банкнотамен айналыстан ығыстырылып шығарылды және қазынаға айналды
Металдық айналысқа қатысты аталып өткен 2 ақша жүйесі - биметаллизм және монометаллизмге тән.
Достарыңызбен бөлісу: |