Білім беру бағдарламасы 6В04123 Қаржы, 6В04103 Есеп және аудит, 6В04122 Мемлекеттік және жергілікті басқару



бет9/55
Дата27.12.2021
өлшемі428 Kb.
#128815
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   55
Байланысты:
конспект лекции а қша несие банк(каз)
проф казахский язык, Салық және салық салу пәнінен есептері, Құқық негіздері-100, Лечебная физическая культура и массаж соответствие (70), Сабақ 4, Сабақ 4, Сабак 2, Сабақ 13, Сабақ 1, 1 дәріс, 26-sabak, Силлабус аза тілі 2021-2022. В1 4 года с инет, Документ Microsoft Office Word (3), takirov adebiet (1)
Биметаллизм – бұл ақша жүйесінде жалпы құндық эквивалент ролін заңды түрде 2 металл атқарады.

Монометаллизм – жалпыға эквивалент ролін бір ғана (не алтын, не күміс) атқаратын ақша жүйесі. Алтын монометаллизмі алғаш рет Ұлыбританияда 1816 қолданылды.
Өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар:

1.Ақша жүйесі дегеніміз не?

2.Ақша жүйесінің негізгі элементтері қандай?

3.Ақша айналымы мен ақша айналысының айырмашылығы қандай?


Тақырып 3. Ақша реформасы.

Дәріс мақсаты: Ақша, несие, банк әдістері мен функцияларын, олардың нарықтық ортадағы ықпалы жайында түсінік қалыптастыру


Глоссарий.

Монометаллизм – жалпыға эквивалент ролiн бiр ғана металл (не алтын, не күмiс) атқаратын ақша жүйесi. Сонымен қатар айналымда алтынға айырбастала алатын басқа да құнның өкiлдерi жүре алатын болды. Бұлар: банкноттар, қазына билеттерi, ұсақ монеталар.

Алтын монета стандарты. Бұл стандартта алтын ақшаның барлық атқарымдарын орындайды. Алтын монеталармен қатар айналымда көрсетулi құнымен алтынға айырбастала алатын алтынның белгiлерi жүретiн болды.

Алтын құйма стандарты. Бұл стандарт бойынша банкноттар (ақша билеттерi) алтын құймаға айырбастала алады.

Алтын девиз стандарты. Бұл стандартта жеке елдердiң банкноттарын (ақша билеттерiн) басқа елдiң алтынға айырбастала алатын валютасына ауыстыруға болады.
Қысқаша мазмұны мен негізгі сұрақтары:


  1. Қазақстан мемлекетінің ақша реформасы.

  2. Салық банктерінің құрылымы.

1-сұрақ. Қазақстан мемлекетінің Ақша реформасы.

Елдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуін жеделдету және ақша несие қатынастарының маңызын арттыру мақсатында Кеңес Одағы компартиясы Орталық Комитетінің Пленумы 1988 ж. 1 қаңтарынан бастап банк жүйесін қайта құру туралы қаулы қабылдады. Дамыған мемлекеттердің банк жүйесінің әр буыны атқаратын көптеген банктік қызметтерді бұл елдерде тек мемлекеттік банк атқарды.

2-сұрақ. Салық банктерінің құрылымы.

Бұл маманданған салық банктердің құрылымы әкімшілік территориялық принциппен ұйымдастырылған. Олардың әрқайсысының (КСРО сыртқы экономикалық банкісінен басқа) республикалық банкі (Алматыда 5 банк) және облыс орталықтарында сол банктердің облыстық басқармасы (Қазақстанның 19 облысында әр банктің өз басқармалары) құрылды. Аудан орталықтарында және қалаларда кейбір салалық банктердің бөлімшелері құрылып, маманданған банк өз клиенттерімен сол аудандағы немесе қаладағы басқа салалық банктердің клиенттеріне қызмет көрсетті. Сонда банктердің мамандануы облыстық басқарма деңгейінде жүріп, несие-банк жүйесінің төменгі сатысын өзгерткен жоқ. Бұл әрине банк реформасындағы негізгі минус еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет